Материалдар / Отаншылдық жарқын болашақ кепілі!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Отаншылдық жарқын болашақ кепілі!

Материал туралы қысқаша түсінік
сабатан тыс іс шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2021
172
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape2 Shape1


«БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ – САУЫҚТЫРУ

ОРТАЛЫҒЫ ФИЛИАЛЫ

ФИЛИАЛ РЕСПУБЛИКАНСКОГО УЧЕБНОГО – ОЗДОРОВИТЕЛЬНОГО ЦЕНТРА «БАЛДАУРЕН»




Shape3














Picture 12


Shape4

ОТАНШЫЛДЫҚ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ!





Picture 5



Shape5

7 «Ә» сынып жетекшісі: Абуов Ж. А





Picture 6





Picture 1





Түсінік хат


Патриотизм деген сөзге еліне, халқына, жеріне деген сүйіспеншілік ұғымдары сыйысып кетеді. Ал рухани бай адам – еліміздің байлығы. Патриотизмнен Отанды бөліп қарауға болмайды. Біздің тарихымыздың өзі патриотизмнен басталған тарих. Патриот адам ең алдымен, өз Отанының тарихын білуі керек. Өткенге көз жүгіртсек, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сияқты қазақ даласындағы көптеген батыр бабаларымыз осы ұлтарақтай жер үшін жан қиюға дайын болған. Олар осы ұлан байтақ жерді ұрпақтарының алақанына салып кетті. Қазір Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғысыншы, Азияда үшінші орын алады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел атанып, рухани-мәдени дамудың жаңа сатысында саяси-әлеуметтік экономикалық және мәдени өрлеуі тұсында әлемдік қауымдастық шеңберіне енуіне ұмтылуына орай, халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақталған рухани мұраларын, ой санасын жаңғырту мен оларды жүйелі түрде зерттеуі – Қазақстанның мәдени дамуының алғы шарты болып отыр. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен елімізде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы қазақ халқының тағлымы мол рухани мұрасының, жаңаша тарихи танымдық бағыт-бағдарын айқындауға мүмкіндік берді. Кеңінен танылмаған тарихи-мәдени мұраларды этнопсихология, этнопедагогика, этнология ғылымдары салалары тұрғысынан зерттеп, қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық рухани мұралары зерделеніп, әлемдік руханиятпен ұштастыру осы кезеңдегі қоғамдық ғылымдардың міндетіне айналды. Қазақ халқының тарихи даму үрдісіне зер салатын болсақ, әр дәуірдің, әр ғасырдың қоғамдық – тарихи дамуына байланысты ірі қайраткерлердің болғанын білеміз.

Әрбір қоғам өзінің даму барысындағы зиялы қайраткерлерінің педагогикалық ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп, пайдаланып отырған. Сондықтан ғылыми практиканың бастауы деп санайтын орта ғасырлық ұлы ойшылдар Әл-Фараби, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни т.б тарихи педагогикалық мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлері ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұнын кеңейтіп, жас ұрпақты елжандылыққа, имандылыққа, патриоттық рухқа тәрбиелеуде тірек болуда. Бұл идеяларды ХІХ ғасырда Ыбырай, Шоқан, Абай сияқты ағартушылар, кешегі кеңестік жүйенің солақай саясатының құрбандары болған А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, С. Асфендияров, Ә.Бөкейханов сынды т.б. белгілі қоғам қайраткерлері одан әрі жалғастырды.

Халық батырының ақыл – ойынан, ақын жанды шабытынан сұрапыл жылдарда туған, қазір де халықтық мұраға айналған қанатты сөздер мол.

Қорыта келе, патриоттық тәрбие беру барысында жастардың бойында Отансүйгіштік, тарихымыздың біртуар ұлдарының ерліктерін талдау, оған терең үңіліп, сүйсіну, талдау жасап қана қоймай, Бауыржандай өз отанының жанашыры болуға талпынуға деген құлшыныс туары хақ!



«Отаншылдық – жарқын болашақ кепілі»



Тақырыптар

1

Менің Қазақстаным – менің болашағым!

2

Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышым!

3

Ана тілім – айбыным!

4

Тәуелсіздік тұғырым!

5

Табиғат – туған анамыз!

6

Салт-дәстүрім – алтын қазынам!

7

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

8

Ата Заңым – айбарым!

9

Ауылым – алтын бесігім!

10

Білімді ұрпақ – ел болашағы



Мақсаты:

Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу;


Міндеттері:

Жас ұрпақты отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін ояту;


Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата-бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;


Өз ана тілін қадірлеу, қасиеті қазақ тілінің қасиетін ұғындыру, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету, оқушыларды қайсарлыққа, табандылыққа тәрбиелеп, оқушы этикасы мен эстетикасына тәрбиелеп, патриоттық сезімдерінің оянуына үлес қосу.







Менің Қазақстаным – менің болашағым!


Қазақ халқы – ежелден дана, батыр халық. Біздің аяғамыздан тік тұрып, басқа егемен елдерге қарағанда мерейіміздің үстем болуы сол ата-бабаларымздың еткен еңбегі, айтқан сөздері медеу болғандығынан. Біз өткенді саралап, Ұлыларды ұлағаттау арқылы келешекке қадам басамыз. Сонымен қатар сендер өздеріңнің қандай мәдени мұраға, байлыққа ие болғандарыңды түсініп, қорғай білулерің керек.

Біз қандай жасампаз елміз! Бірақ бақытымыздың баянды болуы сендерге байланысты. /Мұғалім: М.Мақатаевтың «Барлығы да сендердікі» өлеңін оқып береді. Оқушылардан болашақта кім болатынын және ұрпағына қандай мұра қалдырайтынын сұрайды./ Ойтолғау жүргізіледі. Оқушылар өз армандарын ортаға салады./

Қазақ елі, бақыттысың сен бүгін,

Бөбегімнің жан дүниесін сен түсін.

Қобыландының даңқын сыйла ұлыңа,

Отқа күймес Алпамыстың бар күшін.


Қазақтың жанды, міне, бақ жұлдызы,

Көркі күн, көңілі көктем ұл мен қызы.

Даңқыңа төрткүл дүние құлақ түріп,

Таңданды аспн асты жердің жүзі.


Оқушылар:

1-оқушы:

Қазақстан – елім менің, Отаным.

2-оқушы:

Қазақстан - еркін елім, еңселім.

3-оқушы:

Қазақстан кірлетпейік атағын.

4-оқушы:

Қазақстан ата заңым бүгінгі.

5-оқушы:

Қазақстан болсын мәңгі ғұмырлы.

6-оқушы:

Қазақстан – жері қазақ атамның.








Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышым!


Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Қандай қиялға, алысқа кетсе де сол сезімі сағынышқа ұласып, жүрегімен мәңгілік жіпсіз байланыста болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріңе оралғанда тауы да, тасы да даласы да саған ыстық болады. Адамзаттың парызы – туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.


Балаларға сұрақ қойылады.

  1. Мемлекеттік Тудың нышандарын білесіңдер ме?

Авторы кім? ( Шәкен Ниязбеков ) 1992ж 4 маусым

  1. Біздің Елтаңбада не бейнеленген? 1992ж 4 маусым

Авторы кім? ( Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов )

  1. Әнұранымыздың авторлары кім? ( Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Н.Назарбаев, Әні: Шәмші Қалдаяқов ) 2006ж 6қаңтар

Еліне деген шексіз махабаты үшін, халқының ой-арманын жырлап, қазақтың өзіне ғана тән эпосы мен фольклорына, әдебиеті мен тарихына, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне қанық аақындардың поэзиясының құдіреті өмірді шынайы бейнелеуінде. Ақын поэзияларының аясы уақыт өткен сайын кеңейіп, кемелденіп, еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін жатталып осы күнге жетті. Шығармашылықтағы тетілігі, өнердегі тазалығы, эмірдегі білімділігі, сезім терендігі – ақынның да, сазгердің де даналығы деп білеміз.

Қазақ елі – көп ұлтты мемлекет. Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір сүріп жатыр.


Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан»- деп сыбырлаған.

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан, Отан!

Бәрінен биік екен.









Ана тілім – айбыным!

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы.»

Н.Ә.Назарбаев


Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.


Сенімен Махамбетті, Абайды ұқтым,

Сенімен Жамбыл жыры – арайды ұқтым,

Сенімен мейірімді ананы ұқтым,

Сенімен мейірімді даламды ұқтым.


«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі»

«Қазақстан Республикасының

Тіл туралы Заңы» 1997 ж .11 шілде


Ана тілім – абырой, ар-намысым,

Тілім болса болады қолда күшім.

Тіл болмаса қалайша орындалар,

Арман – ойым, мақсатым, алдағы ісім.


Халықтығым – біртұтас алыптығым,

Ана тілім – алдағы жарық күнім.

Төбем көкке жеткендей қуанамын,

Тілімнің құдіретін танып бүгін.


О, менің қасиетті Ана тілім,

Жебей гөр астына алып қанатыңның

Қазақ деген бойымда қаным барда,

Өзіңсің көтеретін дара туым.


Ана тілде ата – баба сыры бар

Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.

Өсе келе құстың тілін білсең де,

Ана тілсіз оның қандай құны бар.






Тәуелсіздік тұғырым!

Ғасырлар бойы азаттық аңсаған ата- бабалардың жолы азапты, тағдыры ауыр болғаны анық. Қазақ халқы талай зорлық, зобалаңды бастан кешірді. Ата-бабаларымыз «Азаттық ақ таңы атса екен, Тәуелсіздік келсе екен» деген армандары ХХ ғасырдың соңында келіп жетті. Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бостандықтың көк туын желбіретті. Демократиялық жаңару жолына батыл түскен еліміз әлемдік өркениетке ұмтылып, бүгінде халқының әлеуметтік тұрмыс жағдайы жақсарған, экономикасы өркендеп дамыған іргелі елге айналды. Күндер өтті кешегі, Жігер құм боп жасыған, Несіне оны жасырам? Әнұраным бүгінгі Баға жетпес асыл ән

1-оқушы:

Тәуелсіздік –он бір әріп құралған, Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман. Талай дара, даналардың көз жасы, Қаныменен атты таң боп алдан.

2-оқушы

Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл, Ей, келешек, жан тәніңмен ұғып, біл!

3-оқушы Т-әріпі –білдіреді теңдікті

4-оқушы ә-әріпі – әдептілік, әлдікті

5-оқушы у-әріпі – уайымсыз уақытты

6- оқушы е-әріпі – егемендік елдікті

7-оқушы л-әріпі – дейді лағып, лепірме

8-оқушы с-әріпі - сенімділік секілді ең

9-оқушы і-әріпі – ілтипат пен ізет қой

10-оқушы з-әріпі- зиялық тілек қой

11-оқушы д-әріпі –шақырады достыққа

12-оқушы і-әріпі- ілкімді боп сақтыққа

13-оқушы к-әріпі- дейді күн боп көктегі

Қазақстан, кең байтақ өлкем менің, Талай кезең артта қап өркендедің. Отан сүйер ұланның бауырында, Дарқан елім, кең жерім көркей менің!

Туған елдің жырын жырлап ғарыштан, Қазағыммен бүкіл әлем танысқан. Келешегі кең өрісті, кемелді. Жайна мәңгі – Қазақстан -Гүлстан



Табиғат – туған анамыз!

Адамның табиғатқа сарқылмас байлық деп қарауы табиғи ортадан тепе – теңдіктің бұзылуына жол береді. Мұның келеңсіз әсері соңғы онжылдықта күшейіп, енді адамзат экологиялық мәселелерді шешуді белсенді түрде қолға алды. Түрліше табиғат қорғау ұйымдары құрылып, қоғамдық акциялар ұйымдастырылуда, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар шығарылуда. Табиғатымыз адамға баға жетпес байлық.

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді, – деп ақын ағамыз жырлағандай табиғат тазалығын сақтайтын да, ластайтын да адам.

1. Ақыл-дария алсаң да таусылмайды,

Жер-қазына... (саусаң да таусылмайды.)

2. Атасы жер жырта білмегеннің.... (баласы тұқым себе алмас.)

3. Алтын болмаса зергер қор болар...

(Жер болмаса диқан қор болар.)

4. Жері азған елде... (тоқшылық болмайды).

5. Көлдің көркі – құрақ...(Таудың көркі-бұлақ.)

6. Тары жеген... (тарықпас.)

7. Сөз анасы – құлақ,

(Су анасы – бұлақ.)

8. Орманшы...(отынға жарымайды.)

9. Дауылды күні құс салма...

(Жауынды күні жылқы алма.)

10. Диқан еккенін жейді...

(Жылқы тепкенін жейді.)

11. Дауылдың алды – жел...

(Жаңбырдың арты – сел.)

12. Ағаш жапырағымен, жер... (топырағымен.)

13. Атына қарай тұрманы...,

(Егініне қарай қырманы.)

14. Биік таудың басы – қыс ...(баурайы – жаз.)

15. Бұлт – ... (жаңбыр жаршысы.)

16. Балық аулай алмаған... (суды лайлар.)

17. Ақсақ қойдың аузына... (жел айдаған қаңбақ түсер.)

18. Мезгіл жетсе...(мұз да ерір.)

19. Батар күннің... (атары бар.)

20. Қой семірсе – құт... (ешкі семірсе – жұт.)

«Қоршаған орт

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!