Материалдар / «Отаным-қасиетті туған жерім» атты ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Отаным-қасиетті туған жерім» атты ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:Туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту,отанын құрметтеуге тәрбиелеу
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









Авторы: Гафурова Зухра Асылановна 7ж сынып







Тақырыбы:


«Отаным-қасиетті туған жерім» атты ғылыми жоба







Жетекшісі: Сарманов Е.А

Тарих пәнінің мұғалімі

















Мазмұны

І.Кіріспе

..............................................................................................................................5 -6

ІІ. Негізгі бөлім

2.1Ақбота-Сәнкібай шоқысы............................................................................7-10

2.2. Аққұм-Сағыз

...........................................................................................................................11-12

2.3. Үйтас

.........................................................................................................13-14

2.4 Ақтолағай қырқасы 15-16

ІІІ.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................................................................17







































Мақсаты:. Мақсаты:Туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту,отанын құрметтеуге тәрбиелеу

Жобаны зерттеу барысындағы ғылыми болжам:

- -Отанын туған жерін сүю,келешекке сеніммен қарау;

-Туған жердің тарихын білу,тарихын құрметтеу;

-Туған жердің байлығын қорғауға,үлесін қосуға бейімдеу;


Күтілетін нәтиже:

-Туған жерге саяхат жасау арқылы мәселенің қаншалықты тереңде екенін анықтау;

Саяхат жасап зерттей отырып,ғалымдарымыздың ғылыми зерттеу, мақалаларын негізге ала отырып, қоғам назарын аудару;

-Зерттеу қортындысы бойынша үлес қосу



Зерттеу әдістері :

-Экскурсия жасау

-байқау өткізу;

-Сауалнама;

-Әңгімелесу;

-Сұхбат алу























«Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас»

І. Кіріспе

Мен өзімнің ғылыми жұмысымды «Отаным-қасиетті туған жерім» тақырыбында таңдап алдым. Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім, туған жерім Байғанин ауданында киелі қасиетті ,табиғаты әдемі ,тарихы зерттеліп үлгермеген жерлері көп.Осыны әлемге танытып,болашақта әлем таң қалатын аймаққа айналдырғым келеді. Мені де осы сұрақ қатты толғандырды. Өйткені, қазір адамдар шет елдердің әдемілігін тамашалауды жақсы көреді, туған жердің әдемілігін көзге ілмейді.Не үшін туған жеріміздің жақсы жерлерін көрсетпеске?- деген секілді сұрақтарға жауап іздеп, өз жұмысымды бастап кеттім. Енді сол зерттеулеріме тоқталайын.


Туған жер… Туған ел… Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Әдебиеттен туған жер туралы оқығанымызда әркімнің өз туған жері сондай ыстық,жақын екенін сеземін. Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы  қасиетті ұғым дер ем.  Әр адам,әр балаға сенің жерің  көріксіз десе, ол өз жерін қызғыштац қорғап жақсы жақтарын тізбектей жөнелер еді

Байғанин ауданы —  табиғи пайдалы қазбаларға бай, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы жақсы дамыған аудан. Байғанин ауданының жер көлемі  облыстың жер көлемінің 20 пайызын алып жатыр

  

Кез-келген адам баласы қазіргі қоғамдағы өмірін географиялық атаусыз елестете алмасы сөзсіз. Сондықтан да болмасын топонимдердің адам өмірінде алатын орны айрықша. Ықылым заманнан бері осы күнге дейін тасқа қашалғандай халық жадында қатталған топонимдердің түрлі сыр шертері баршаға аян. Осынау байтақ қазақ елінің батыс өңірінде орналасқан Ақтөбе облысымыздың жер көлемі жағынан екінші орынды иеленер Байғанин ауданының да ойы, қыры, тауы, даласы, көлі, өзен-бұлақтары, қысқасы сан-саналы табиғат көрінісінің әрбір аттамы да өзіндік өрнекке толы.











ІІ. Теориялық бөлім

2.1. Ақбота — Сәңкібай есімді сан мыңдаған жылқы айдаған байдың қызы. Ауыл азаматтары Әбілқайыр хан ауылына маңызды жиынға кеткен кезде, ауылды қалмақтар шауып, намысқой Ақбота серіктерімен бірге жаудың соңынан қуады. Сол ұрыста қаза табады. Кейін ата-анасы, елі батыр қызға мәңгілік мекен ретінде алыстан көзге шалынатын аппақ төбе басын таңдаған деседі, — деп әңгімесін түйіндеді мұражай директоры. Ақбота-Сәңкібай шоқысы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында орналасқан. Ол-екі бөлек үлкен ақ бор тау. Табиғат өз қолымен жасаған ғажап ескерткіш. Жем өзені жағынан алыстан аппақ болып көрініп тұрады. Көлемі, биіктігі аса үлкен болмаса да, тылсым сырымен, қатпар-қатпар жота, ертегідей пішін-сипаттарымен, өсімдік шықпайтын тауымен еріксіз баурап алады, кісіні таңғалдырады.

       Жергілікті тұрғындар кие тұтып, қадірлейтін бұл жердің атауында екі адамның аты аталды. Бірі-ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Сәңкібай батыр. Екіншісі –Ақбота. Аңыз бойынша бұл жерде ХҮІІ ғасырда өмір сүрген, ақтабан шұбырынды жылдары қалмақтарды Еділ мен Жайықтан асыра қуу кезінде Әжібай би мен Арал батыр бастаған сарбаздарға қолдау көрсеткен Сәңкібай батырдың қызы Ақботаның қорымы жатыр деседі.

       Аңызда былай дейді: «Сәңкібай батыр Әбілқайырға сәлем бере кеткендде оның ауылын қалмақтар шауыпты деседі. Сол кезде төтеннен келген жауға тойтарыс беру үшін Сәңкібай батырдың 16 жастағы қызы Ақбота ауылдан қалған туған-туысты, малшы-жалшы жігіттерді жинап алып, өзі ер жігіттерше киініп, жауға қарсы шапқан. Сәңкібай Әбілқайырға барып келе жатқан тұста ауылына тиген жаудың жеңілгені туралы хабардар болады. Алайда қызының жазым болғанын батырға көшіп келе жатып, дөңнің басында жолыққан ауылдастары естіртеді.

       Сонда батыр: «Қызымның сүйегін адам мен мал аяғынан аулақ, сонау ақ тау басына тапсыралық»- депті. Содан бері биік шоқының төбесінде зират Ақботаның бейіті аталыпты деседі».

       Ақбота-Сәңкібай шоқысы теңіз деңгейінен 200 метр биікте тұр. Аумағы 10 гектар жерді алып жатыр. Шоқы табиғаттың өзі қолмен салған әдемі сурет сияқты. Алдынан қарағанда кең етек киген әдемі әйелді көз алдыңызға әкеледі. Бір қырынан қарағанда, шөгіп жатқан бота тәріздес. Тіпті, кейде теп-тегіс жерде тұрған борлы тау су бетінде жүзген аппақ ақ кемені елестетеді. Бүгінде Ақбота-Сәңкібай шоқысы дүние жүзі геологтары арасында «Шахмат ханшайымы» атауымен белгілі.




2.2 . Үйтас

Биіктігі үйдің көлеміндей болатын тастарды көргенде, жапан да жазық далада бұл тастар қайдан пайда болған деген сұрақтың мазалайтыны рас. Бірақ оның жауабын әлі ешкім нақты таба қойған жоқ. Тастар халық тұрып жатқан жер бедерінен 40 метр тереңдікке орналасқан. Көлемі жағынан әртүрлі алты тас әлі де ғылыми жағынан зерттелмеген. Біреулер құлаған метеорит десе, енді біреулер теңіз түбіндегі тастар деген болжам айтады. Не десе де, бұл тастарды ауыл адамдары ерекше құрметтейді. Жаңадан отбасын құрған жас жұбайлар осы жерге соғады. Бұл тасқа келгендер тез арада баспаналы болады деген сенім де қалыптасқан.

Осы жолдың бойында Күлдірдің тақыры атты жер де бар. Туристерді туған өлкенің тау-тасымен таныстырып келе жатқан облыстық өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі Күнзия Үмбетова бұл жерге байланысты халық арасында айтылып жүрген аңыз



2.3. Аққұм-Сағыз (Алтай батыр Аққұмы)

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының Сартоғай және Көлтабан ауылдық округтеріне қарасты құмды алқап. Тұмса табиғаттың бір көрінісі.

Сағыз өзенінің оң жағалауында орналасқан. Ұзындығы 60 км, ені 5,7 км. Биіктігі 10 м. Өзеннің бойында орналасқандықтан қолға жұқпайтын таза құм. Маңайында шағырлы, құмсағыз, жусан шөптері өседі.

Құмның етегінде Қызылтаң, Қамысқора, Аққұдық, Қарабұйрат, Мұйындықияқ қыстаулары бар.

Ауылдықтар мұнда қасқыр, қабан, түлкі, қоян, қосаяқ, қүзен, қарсақ көп кездеседі дейді.

Біз білмейтін тамаша жер!

дардың көп екендігін айтты.


Алтай Ебескіұлы — еліміз бен жерімізді жаудан қорғаған, халқымызға көзін алартқан бөгде ойлы шапқыншыларға қылышын кесе ұстаған ерен батыр, беделді би, сөзі дуалы дипломат.

Алтай батыр есімі Ақтөбе облысының жұртшылығына жалпы таныс болғанымен, ол туралы деректерді көпшілік тереңдеп біле бермейді. Оның себебі, бәлкім, зерттеуіміздің әлі де болса кемшіндігінен, одан кейін үгіт-насихатымыздың көздеген межеден шықпай жатуынан да болса керек.

Оқырман қауым Алтай Ебескіұлы туралы мәліметті ең алдымен «Ақтөбе» энциклопедиясынан таба алады. Онда батырдың ХVІІІ ғасырда өмір сүргені айтылады. Осында берілген мағлұматтарға сүйенетін болсақ, оның әкесі де қалың елге батырлығымен танылған.

Алтай батыр біздің жерімізді жоңғар шапқыншыларынан қорғаған және Атырау, Жем, Ойыл бойында сырттан ентелеп келіп, қазақ жерінен оңай олжа тапқысы келген, сондай-ақ елдің намысын аяқасты еткісі келген зұлым жауға — қалмақтарға қарсы шыққан.

Біздің батырларымыздың көп деректері бізге аңыздар арқылы, аңыз болғанда бабадан атаға, атадан балаға дейін дегендей сатылап жетеді. Сондай желімен бүгінгі күнге дейін халық арасында айтылып жүрген әңгімелерге қарағанда, Алтай батыр сонау ХVІІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында елге жұт секілді тиген жоңғарларға қарсы шайқастарға белсене қатысқан. Әсіресе, оның Сауран шаһарын жаудан азат ету кезіндегі ерекше ерлігі аңыздай айтылады.

Өмір-тіршілігін малмен байланыстырған қазақ халқы қашанда жайылымның ретімен көшіп-қонып жүрген. Мұндайда өзен бойын жағалап, алыс жерлерге дейін қоныс аударатын болған. Содан кейін қыс қыстауына қайтып оралады. Қазақтың байлығы да, баршылығы да сол қолындағы малы арқылы көрінеді. Сондықтан төрт түлікті өз төлі есебінен көбейтуді мақсат тұтқан елдің алдындағы малын қызғыштай қорып, ит-құстан қорғауға ұмтылатыны сөзсіз. Ал ол кезде дала тағыларын айтпағанда, ел асып, қыр асып, қаруын асынып, қабағы қатулы болып келетін сырт жаулардың аяусыз шабуылы қауіп төндірмей қоймайтын. Сондықтан да қазақ жасақтары да сайланып отыратын.

Кіші жүздің Жем, Сағыз және Ойыл өзендері бойы қазақтың малын өсіру үшін таптырмас қоныс еді. Қалмақтармен болған шайқастардың осы өзендер бойында өтуі де жаңағыдай заңдылық реттерінен болатын. Қазақ жасақтары арасынан жиырма жасар Алтай бастапқы шайқастарынан-ақ көзге түсіп, білек күшін, жүрек жалынын танытады.

Алтай батырдың Әбілқайыр ханның басқаруындағы қазақ жасақтарының құрамында Ойыл, Құмдария өңірлеріндегі жан беріп, жан алысқан шайқастарда алғы шепте жүргені туралы деректер бар. Бұл ел қорғау жорықтарында ол Бөкенбай, Есет батырлармен бірге жүріп, қалмақтың қарақшыларының бетін қайтарады. Бетін қайтарғаны сол, ентелеп келген Еділ қалмақтары Жайықтың арғы бетіне дейін шегінеді.

Оның 1731 жылы ауыр шайқастар кезінде қалмақтардың қолына тұтқынға түскендігі айтылады. Алайда арада екі-үш жыл өткен соң елге оралады. Осы кезеңнің батыр үшін оңайға соқпағаны белгілі. Алайда ол өзінің сағын сындырмайды, кеудесін көтеріп ұстап, жаудың алдында сыр бермейді. Қазақтар мен қалмақтардың арасындағы ұзақ келіссөзден кейін батырды босатудың сәті түседі.

Бостандыққа шыққасын ол қаруын қайта қолға алады. Бұрынғыдай сергектік қалпын танытып, күні-түні ат үстінен түспейді. Қалмақтың ханы Омбы Дондыққа қарсы жорықта Алтай батыр соңынан екі мыңдай сарбазды ертеді. Ол Бөкенбай батырмен бірге топ бастайды. Қазақ батырлары қалмақ шапқыншыларынан Жем бойынан Еділдің оң жағалауына дейін ығыстырады.

Кетеден шыққан Алтай батыр Ебескіұлының өмір жолын, ерлік жолдарын зерттеп-зерделегенде оның балаң шақтағы ел қорғауға ұмтылыс кезеңінен бастап, бірте-бірте шынығып, ұрыстың айла-тәсілдерін меңгеріп, сонымен бірге жаудың психологиясын терең ұғынуға ұмтылғанын байқаймыз. Ол осындай жетілумен үлкен стратег болып қалыптасады. Яғни ел шетіне жау тигенде де, оларға қарсы шығып, бетін қайтаруда да бет алды ұмтылмай, мақсатты түрде қимылдауға көшеді. Сондай тәсілдерді жетік меңгеруі нәтижесінде ол көп жағдайда жеңістерге жетіп отырған және қаруластары арасында беделі артып, көш бастаушылық дәрежесі көтеріле бастаған.

Алтай батырдың дәрежесінің артқандығының бір дәлелі мынадай. Он сегізінші ғасырдың отызыншы жылдарының орта тұсында ағылшынның суретшісі Джон Кэстль Әбілқайыр ханның ордасын бетке алып сапарға шығады. Оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көздеген жеріне дейін аман-есен жету жауапкершілігі ханның құзіретінде болады. Хан бекіткен күзет құрамында Алтай батырдың да болуы оған деген сенімнің нәтижесі болса керек.

Атап айтар бір жайт, күзет құрамындағы адамдардың аты-жөндері қағазға түсіріліп қалған екен. Олар: Байбек батыр, Шағырбай батыр, Жандәулет, Құрманбай, Ақмолай, Лақа, Мамыт, Алтай, жасауыл Қалыбек және елші қызметін атқаратын Лепес делінеді.

Ежелгі қариялардан жеткен әңгімелерде Алтай батырдың қарақалпақтың қас батыры Қарақ баһадүрмен арадағы достық қарым-қатынасы, олардың бір-біріне деген риясыз көңілі үлкен сүйіспеншілікпен айтылады. Өз елінде «қырғи батыр» деген атаққа ие болған Қарақтың Алтаймен тіл табысуына дәрежесі тең батырлардың бірін-бірі бағалауы да себеп болса керек.

Сол бір қиын-қыстау кезеңдерде Ақтөбе өңіріндегі кетелердің арасына келіп қоныстанған қарақалпақтар жайлы тұрмыс, алаңсыз тіршілік кешеді. Бірақ күндердің күні болғанда, айнала аз-кем тынышталғандай сәтте қарақалпақ бауырлар туған жерлеріне — атамекендеріне көшкісі келеді. Сол кезде Алтай батыр жолға шыққан мұсылман бауырларға барынша қамқорлық жасап, жолай ішетін азық-түлігіне дейін қамдап беруге көмектеседі. Үлкен көштің иесі Қарақ батыр осы тұста Алтай досына ырза болып, шын ниетпен алғыс сезімін білдірген деседі.

Батыр болу екінің біріне бұйыра бермейді және ол атақты біреуден сұрап ала алмайсың. Алтай батыр да осы деңгейге жету үшін қанды шайқастарға сан рет кіріп, жан беріп, жан алысқаны айқын. Ол алғашқы кезеңдерде ондықты басқарады. Бірте-бірте оған жүздікке жетекшілік ету тапсырылады. Ал он сегізінші ғасырдың отызыншы жылдарының басында ол мың басы дәрежесіне жетеді.

Әбілқайыр ханның заманында Алтай батырға үлкен сенім артуының бірнеше мысалдары айтылып келеді. Мәселен, қалмақтармен кескілесіп шабыса бермей, жер дауын бейбіт келісім арқылы шешу мүмкіндіктері де қарастырылады. 1742 жылы көктем шыға екі ел арасындағы тартысты шешу үшін қазақ жағынан елшілік аттандырылады. Бармақ батыр бастаған қазақ құрамында Алтай батыр да болады. Бітімгершілік шарасында Алтай батыр қазақ халқының тыныштығын көздеп, сонымен бірге елге тиімді мәселелерді алға тартып, соны қорғап шығуда ұтымды қимылдар жасайды. Осындай ерен еңбегі арқасында ол батыр ғана емес, би ретінде де мойындала бастайды.

Алтай батырдың өмірін, тіршілік-тынысын ғылыми тұрғыдан зерттеп, деректерді салыстыра, замана үнімен сәйкестендіре оның тұлғасын жасауда тарих ғылымдарының кандидаты, ғалым Беркін Құрманбеков көп еңбек сіңірді. Ол осындай ізденістері нәтижесінде өмірге «Алтай батыр» деп аталатын кітапты әкелді. Кітап 2008 жылы баспадан шығып, қалың оқырманына жол тартты және көпшілікке батырдың бет-бейнесін, қоғамдағы алатын орнын ғылыми тұрғыдан байыптаған, тарихи баға берген елеулі еңбек болды деп санаймыз.

Кітап аннотациясында жазылғандай, автор бұл еңбегінде ХVІІІ ғасырда Кіші жүз өңірінде болған саяси-экономикалық түбегейлі өзгерістерді кеңінен баяндай отырып, қазақ халқының мүддесін ту етіп көтеріп, саяси және әскери күрестерге белсене қатысқан, ұлтымыздың баянды болашағы үшін тыным таппай күрескен Алтай Ебескіұлының өмір кезеңдерін көз алдымызға әкеледі.

Алтай батыр өмірін әдеби дүние арқылы сомдауда қаламгер Құрал Тоқмырзин да біраз еңбек сіңіргенін білеміз. Еңбек жолын ауылда тракторшы болып бастап, кейін аудандық, облыстық газеттерде қызмет істеп, өмір тәжірибесін жинақтаған соң әдебиетке мол дайындықпен келген қаламгер ел өмірін жақсы біледі. Оның «Әулие Әжібай би немесе дала данышпандары» атты кітабында өңіріміздің өткені туралы жан-жақты баяндалады. Осы кітапта Алтай батыр туралы да айтылады. Демек, Алтай Ебескіұлы туралы әңгіме кешелі-бүгін айтылып жүрген жоқ. Оның батырлығы, ержүректігі туралы аңызға бергісіз әңгімелер ел аузында молынан сақталып қалған. Жазушы Құрал Тоқмырзин еңбегінен де біз осы ойымыздың анық дәлелін таба аламыз.

Жалпы Алтай батыр туралы бұған дейін де біраз дүниелер әр жерде жарық көріп жүргенін айтуымыз керек. Бізге бұл жөнінде батырдың ұрпақтарының бірі, өзінің азаматтық ісімен көп құрметіне бөленіп жүрген Сағынай қажы Құсайынов біраз жайды баяндап берді. Бұл ретте жазушы Жұбатқан Мұратбаевтың «Алаштың жұлдызы» атты екі томдық тарихи романын алға тартуға болады. Қарақалпақтық жазушы өткен ғасырдың соңғы бір тұстарына таман Ақтөбе өңіріне келіп, көнекөз қариялармен әңгімелесіп, ескі мұраларды зерттеп, ел аралағаны мәлім. Сол кезде ол көп деректер жинаған екен. Сол қатарда оның Алтай батыр ғұмырнамасына да көп көңіл бөлгені байқалады. Қаламгер жоңғар қалмақтарына қарсы 1720-1758 жылдары қазақ, өзбек, қарақалпақ халықтарының азаттық үшін күресі туралы кеңінен баяндайды. Біз «Алаштың жұлдызы» туындысынан Алтай батыр туралы біраз мағлұмат ала аламыз. Оның қол бастаған ерлігі, елге қорған, халыққа қамқор абзал қасиеттері қаламгер еңбегі арқылы айқын көрініс табады.

Әдетте жазушыны біз бірыңғай шығармашылық иесі деп білеміз. Ал аталған еңбегі арқылы Жұбатқан Мұратбаевтың қайраткерлік қасиетін де бағамдауға болады. Өйткені ол тарихи оқиғаларды тереңдетіп зерттеп, оқиғаларды зерделеп, ресми деректерді ел аузындағы әңгімелермен шебер байланыстырып, белгілі бір кезеңнің келбетін жарыққа шығарады. Ал біз сол ауқымда өзіміз әңгімелеп отырған Алтай батыр Ебескіұлының келбетін жақсы тани аламыз деуге болады.

Кешегі күндері облысымыздың Байғанин ауданында «Алтай» кеңшары болғанын аға буын өкілдері жақсы біледі. Қазір сол жердегі ауылды Алтай батыр есімімен атайды. Осы өңірдегі Алтай бұлағы суын жергілікті тұрғындар емдік қасиеті бар деп біледі.

Ал Ақтөбе қаласындағы Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі «Алтай» базары қазір көпшілікке танымал. Осы шаруаның басында жүрген, уақытында шаруашылық басқарып, елге іскерлік қабілетімен танылған, қай кезеңде де өзінің көпшілікке қайырымдылық істерімен мәлім Сағынай қажы Құсайынов бүгінде имандылық істердің де ұйытқысы. Ол батыр бабасының есімін үнемі ардақтап айтып жүреді, жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге сөзімен де, ісімен де үлгі көрсетіп келе жатқан азамат.

Біздің тарихымыз бабаларымыздың қанымен жазылған. Мынау байтақ даламызды олар ат үстінде түн қатып жүріп, қолдарынан қаруларын тастамай, ел шетіне жау тисе, қарсы шауып, ерлікпен қорғаған. Сондықтан да біз олардың ерлігін де, елдікті сақтауға қосқан үлестерін де ешқашан ұмытпауымыз керек. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де сол күндерден бастау алғанын есте ұстаған жөн, — дейді Сағынай қажы.

Алтай батырдың ұрпақтарының бірі Боранбай Құсайынов еліміз Парламентінің депутаты болып, тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы жолындағы жаңа заңдарды шығаруда белсенді еңбек етті, осы жолда қызмет ете жүріп өзі туып-өскен Ақтөбе өңірінің экономикалық дамуына жанашырлық танытып жүрді. Еліміздің беделді азаматына айналды, өзінің әріптес депутаттары мойындаған, құрметтеген беделді тұлғаға айналды. Ол осындай биік деңгейде көрінгенімен, өкінішке қарай, өмірден ертерек озып кетт

Батырдың шыққан тегі және ұрпақтары туралы өз алдына бөлек әңгіме айтуға болады. Көнекөзден жеткен деректер бізге Ебескінің үш ұлы, бір қызы болғандығын айтады. Оның осы балаларының есімімен бұл күнде Алтай кете, Жұлдыз кете, Құттығай кете және Құндыз кете деген рулар бар. Енді осыдан әрі қарай таратсақ, Алтай батырдан алты бала — Есей, Қосай, Барлыбай, Нұрлыбай, Нарынбай, Төлен туады. Ал Жұлдыз батырдан — Орай, Телқара, Өтен, Тиес, Сары, Көлбай, Теңізбай, Есқара, Құрмысы, Қашқын, Бекше, Боздақ, Өткінші, Қатпа дүниеге келген. Құттығай батырдың Дауыл, Дайыр, Айпай, Баяу, Киікбай, Құлет деген алты перзенті болғандығы мәлім болып отыр.

Сонымен, тарихымыздың тереңіне үңілгенде біздің алдымыздан асқақ тұлғалы Алтай батырдың айқын көрінуі — заңды жағдай деп білеміз. Өйткені өз заманының өр тұлғасы болған ол туған елін қорғады, халықтың намысын биік ұстады.

Алтай батыр Ебескіұлының есімі ертеңгі күнге өзіне лайықты құрметпен жол тарта беретіндігіне күмәнсіз сенгіміз келеді.

2.4 Ақтолағай — борлы үстірт

Мұражайдан шыққан соң аудан орталығынан 200 шақырымдай жерде орналасқан борлы тауларды бетке алдық. Халықаралық маңызы бар оңтүстік Ақтолағай үстірті — геологиялық және геоморфорлогиялық объект. Республикалық  табиғи қорықтар қоры қатарына енген Ақтолағайдың сұлулығы барлық зерттеушілерді таң қалдырған. Тіпті, бұл жерге АҚШ-тан, Германиядан  мамандар арнайы келіп зерттеу жүргізген.

Борлы үстіртке адам барып жарытпайтындығын жолдың жоқтығынан-ақ байқауға болады. Біз мінген автобус жыраларды жағалай отырып, түн ортасында таудың етегіне әрең жетті. Жолшыбай көлігіміз құмға батып, шақырымдап жаяу жүрген кездеріміз де болды. Бірақ аппақ болып созылып жатқан жоталарды көргенде жол бейнетін ұмытып кетесің. Әр таудың өзіне тән атаулары бар. Мәселен  арасындағы ең биігі — Құлшардың шоқысы. Бұлай аталуының өз тарихы бар. Бізге келіп жеткен аңыз бойынша Адай руынан шыққан Құлшар есімді  жігіт әділетсіздікке, патшаның қанауына қарсы болған. Сол кезде  қуғын-сүргінге ұшырап, қамауға алынады. Кейін құрсаудан қашып шығып, осы борлы тауларды паналайды. Ол шыңның басына жасырынып, артынан келген қуғыншыларды атып өлтіріп отырған. Тауға шығатын бір ғана жол бар. Біздер де сол жалғыз аяқ сүрлеумен таудың басына шығуға тәуекел еттік. Жан-жағы тік жар болып келген таудың төбесінен қарағанда айналадағы көрініс тіпті керемет. Ал таудан түсу мінуден де  күрделірек болып шықты. Тік жартастан аяғың тайып кетсе, жерге түскенше  домалай беруің хақ…

Таудың екінші біреуін халық Алатау деп атап кеткен. Енді бірінің пішіні үлкен, қатпарлы тортқа ұқсаса, екіншісі түйеге, үшіншісі Хеопс пирамидасы секілді..

Ақ таулардың тізбегі ашық күні айналасына аппақ нұр шашып тұрғандай әсер қалдырады. Ал күн еңкейген сәтте кемпірқосақ тәрізді түрлі-түрлі түске боялады. Әсіресе, көктемде, айнала дала гүлдеріне толған шақта, бұл жердің әсемдігі көз тойғысыз. Таулардың етегінен басқа өңірлерде кездеспейтін  алуан түрлі өсімдіктерді көруге болады. Бір барған адам тағы көргісі келеді де тұрады.

Атырау және Ақтөбе облыстарының шекарасында орналасқан борлы үстірт бір кездері теңіздің түбі болған. Сондықтан да дәл осы жерлерде тасқа айналған ұлулардың, кораллдардың, теңіз кірпілерінің және басқа ондаған миллион жыл бұрын тіршілік еткен теңіз фаунасы өкілдерінің көптеген қалдықтарын табуға болады. Ежелгі акулалардың, ихтиозаврлар мен динозаврлардың сүйектері мен тістері, бүгінгі күні табиғатқа беймәлім өсімдіктердің қалдықтары, тасқа айналған ағаштар — бұл сан алуан түрлерді тізбектеп өту мүмкін емес. Бұл бір уақытта осы жерде қайнаған тіршіліктің болғандығын аңғартады. Ал қазір Ақтолағай даласы  адам аяғы сирек басатын мекен. Шөлді және сортаң топырақты ұшыра соққан жел мен күннен қорғайтын көлеңкелі орын табуға болатын таңданарлық тұрпаттағы аққарлы жартастар — қызықты оқиға іздеушілерге таптырмайтын орын.

Кең байтақ Ақтолағай бір кездері туристердің дамылсыз ағылатын ертегі әлеміне айналарына сенгіміз келеді.  Сол уақытта бұл жер Байғанин ауданының экономикасын көтеруге үлкен септігін тигізері сөзсіз.

 

















Қорытынды

Президентіміз Қасымжомарт Тоқаев Кемелұлы «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі.» Осы жұмысымды жүргізу барысында мен өзімді мазалаған сұрақтарға жауап таптым деп ойлаймын.

Туған жердегі бағалы, құнды , өлшеуі жоқ табиғаттың ерекше сырларын танытқым келді.

1.Саяхат жасау арқылы, сауатты үнде­ген жарнамалар, жастардың патриоттық се­зімдерін арттыратын ақпараттар мен суреттер жиі берілсе;

2. Адамдар бір-біріне қарап түзеледі, сондықтан жастарға үлгі болатын қоғам бел­сен­ділері жарнамадан бөлек, сөз мәдениетіне қатысты игі істерді атқаруға атсалысса, туған өлкесіне қатысты түрлі танымдық мақалалар жарияланса;

3. Ақпараттық қажетті мәліметтер, жұмыстар жүргізіліп, кеңінен ­насихатталуы керек;

Ұсыныс:

  1. Мектептегі оқушыларға «Отаныс-қасиетті туған жерім » тақырыбында насихаттайтын еріктілер тобын құру.

  2. Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында ата-аналармен , ұстаздармен түрлі іс-шаралар, экспидиция ұйымдастыру.


























Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Бияров Б. Б61 Қазақ топонимдерінің типтік үлгілері / Бияров Б. - Астана: Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, 2013.

2) А7-Ақтөбе: Энциклопедия-Ақтөбе, «Отандастар-Полиграфия» ЖШС, 2001

3) Жанұзақ Т. Ж27 Жер-су атаулары (этимологиялық анықтамалық).-Алматы:«Өнер»,2011

4) Ақтөбе облысының топонимикалық кеңістігі(Атаулардың пайда болу тарихы). Ақтөбе қаласы 2007 жыл

5) Туған жерім Байғанин. энциклопедия



































.

12


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!