ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕП АРАСЫНДАҒЫ ЫНТАМАҚТАСТЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕП АРАСЫНДАҒЫ ЫНТАМАҚТАСТЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл әдістемелік құралда 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар «Жас мамандар мектебі» жобасы аясында жүргізілген жұмыстары. Материалдардың мазмұны психологиялық тәжірибелер ата-аналардың бала тәрбиесінде жағымды жағдай тудыратын құралдарын қолдануға көрсетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

1



«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ
Қостанай облысы әкімдігі білім
Басқарамасының «Қостанай дарыны» ӨҒПО
«Synergy» ғылыми білім беру орталығы» ҚҚ




Құлмағанбет Ә.Қ., Тлебаева Д.А., Алиева Г.Р.,
Сеилханова А.А., Жақсыбайқызы А.






ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕП
АРАСЫНДАҒЫ ЫНТАМАҚТАСТЫҚ
ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ














Қазақстан Республикасы
Қостанай қаласы
2017 жыл


Page 2

2




УДК 370.182.6
ББК 74.200

Отбасы мен мектеп арасындағы ынтамақтастық жұмыстары туралы
(әдістемелік құралы) – Қостанай қ., - 60 бет.


Құрастырушы - авторлар:
Құлмағанбет Әсем Қайнолдақызы -Қостанай облысы әкімдігі білім
басқармасы әдістемелік кабинетінің тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбиелеу
бөлімінің сектор меңгерушісі. Тлебаева Дана Аманжоловна, - Қостанай қаласы
әкімдігі білім беру бөлімінің № 9 орта мектебінің педагог-психологы. Алиева
Гульнар Расуловна, психолог, Таран ауданы, Тобыл орта мектебі,Сеилханова
Асем Амангельдиновна, психолог, Мендықара ауданы, Введен орта мектебі.
Жақсыбайқызы Айнагуль, психологы Арқалық қаласы, «Алпамыс»
балабақшасы.



ISBN 978-601-80636

Бұл әдістемелік құралда 2016 жылы сегіз ай бойы өткізілген 3 жылға
дейінгі еңбек өтілі бар «Жас мамандар мектебі» жобасы аясында жүргізілген
жұмыстары. Материалдардың мазмұны психологиялық тәжірибелер ата-
аналардың бала тәрбиесінде жағымды жағдай тудыратын құралдарын қолдануға
көрсетеді.
«Жас мамандар мектебі» жобасы аясындағы (педагогикалық озық
тәжірибиелер тарату Кеңесіндегі 1 хаттамасы 22.12.2016 ж Куәлік №152)
жұмыстар оң тәжірибе берді.
Әдістемелік құрал мектеп пен отбасының ынтымақтастығын нығайту үшін
білім беру мекемесіндегі психологтарға арналған көмекші құрал.



УДК 370.182.6
ББК 74.200


ISBN 978-601-80636


© «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ
© «Synergy» ғылыми білім беру орталығы, 2017


Page 3

3



Мазмұны


Түсінік хат...........................................................................................................3
Отбасы мен мектеп арасындағы
ынтамақтастық жұмыстарын жүргізу...............................................................7
Оқушылармен жұмыс..........................................................................................8
Ата –аналармен жұмыс.....................................................................................16
Ұстаздармен ......................................................................................................31
Тәрбиешілерге арналған баяндама.
Ойын – балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы......................................44
Психологиялық әдістемелер.
Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты зерттеуге арналған
психологиялық әдістемелер жиынтығы..........................................................51
Қорытынды........................................................................................................59
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................60








Page 4

4


Түсінік хат

Бүгінгі күнгі педагогтардың, отбасы мен жұртшылықтың күш-жігерін
үйлестіріп отыру – сынып жетекшісінің міндеті. Баланың алғашқы тәрбиешісі
ата-ана десек, баланың көзқарасы және нанымы, мінез-құлық дағдылары мен
әдеттері отбасында қалыптасады. Ал бала тәрбиелеуде, оқытуда мектеп шешуші
роль атқарады. Мемлекет балаларды тәрбиелеуде отбасыға мектеп арқылы
көмектесіп, отбасылық тәрбиенің мазмұны мен ұйымдастырылуына әсер етіп
отырады. Яғни мектеп мемлекеттік мекеме есебінде жасөспірімдер мен
жастарды дұрыс тәрбиелеуде отбасына жәрдемдесуге, ата-аналар арасында
педагогикалық насихатты белсене жүргізуге міндетті. Мектеп пен отбасы
бірлесіп күш-жігер жұмсамай отырып, жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына
ат салысулары тиіс. Кемелденген ел жағдайында мектептің отбасы өміріне
белсене араласудың үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен балалардың
адамгершілік кемелдігін қамтамасыз ету үшін керек. Ендеше білім ордасының
отбасымен және жұртшылықпен байланысы, негізінен, сынып жетекшілері
арқылы жүзеге асады. Төменгі сыныптарда мұғалімдер ата-аналармен, қоғамдық
ұйымдармен үнемі байланыста болады. Ата-аналармен кездескенді оларды
мектептің талабымен таныстырып, оқушыларға әсер етудің формалары мен
әдістері жөнінде келісіп алады. Олар көпшілікке педагогикалық білім таратып,
ата-аналарға олардың жаңа адам тәрбиелеу жөніндегі өздерінің ізгі міндеттерін
жақсы орындауына көмектеседі, барлық ата-аналардың өз балаларының
қамқоршы ұстазы болуы үшін тырысады. Егер ата -аналар мұғалімдердің
талаптарын жақсы түсініп, қолдап отырса, балаларының дұрыс тәрбиеленуіне
ықпал етіп, сондай-ақ мектепке зор көмек көрсетеді. Бірақ кейбір ата-аналар өз
отбасыларының аясынан шыға алмай, қоғамдық тәрбие талаптарына өзінің жеке
бір ерекше бағытын, балалармен қарым-қатынастығы дара әдісін қарама-қарсы
қояды. Кейбірі балаларын еркелетіп, шолжыңдандырып жібереді, барлық
тілектерін орындауға тырысады, еңбектен қол үздіреді. Мұндай отбасыларда
балалар тіпті жеңіл үй жұмысына да араласпайды. Бұл бірте-бірте оқу еңбегіне
де теріс әсерін тигізеді. Нәтижесінде балалар нашар оқып, үйге берілген
тапсырмаларды орындамайтын болады. Мұндай кемшіліктерді көрісімен сынып
жетекшісі педагогикалық сипаттағы шаралар қолдану керек. Яғни балаларға
сезімталдықпен қарау, олардың бастамаларын және дербестігін тұншықтырмау
керек екенін ата-аналарға ескертіп отырған жөн. Кейде отбасы мен мектептің
арасында келіспеушіліктер болып қалады. Бұл балалардың сана-сезімі мен
мінез-құлқын қалыптастыру үрдісін қиындатады. Ал мектеп пен отбасының
тығыз ынтымақтастығы талап пен тәрбиелік ықпалдың бірлігін қамтамасыз
етеді. Бірақ отбасы бұрынғысынша тәрбиенің маңызды ұясы болып қала береді.
Ал мектептің отбасымен ынтымақтастығы оқушыға беретін тәрбие жұмысы ең


Page 5

5

алдымен оқушыны, оның отбасы жағдайын зерттеуден басталады. Ол сынып
жетекшісі тарапынан төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады. Зерттеу
жұмысын жүргізе отырып сынып жетекшісі балалар тәрбиесін тиі мді
ұйымдастыруда ата-аналармен байланысады. Олар әр түрлі формада
ұйымдастырылады. Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтасқан
бірліктегі еңбектерінің бағыттары іс жүзінде іске асырылса, онда тәрбиелеу
тиімді болады, тәрбие сағаттары, кәсіптік бағдар, экскурсиялар, сайыстар,
олимпиадалар мақсатымызға жете түсуге негіздеме бола алады. Ата-ананың
баласына қалдыратын ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеу.Мектептің
отбасы тәрбиесіне ықпалын арттыру үшін ата-аналарға мектеп есігін айқара
ашып, балалармен өткізілетін әр түрлі тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтарға
қатысуына мүмкіндік туғызуы қажет. Тіпті кейде ата-аналар арнай дайындықты
талап ететін үйірмелерді басқаруға саяхаттар мен серуендерді ұйымдастыруға
шақырылады. Оларға оқушылар тарапынан концерттер мен қойылымдар,
көрмелер ұйымдастырылады. Мұғалімдер мен сынып жетекшілері қажет
болғанда отбасына оқушы арқылы баласының сабақтағы үлгерім жетістіктері
мен ұнамды әрекеттері жайлы хабарлап, хаттар жолдайды.Мектептің ата-
аналармен жүргізілетін негізгі мақсаты: ата-аналар мектепті балаларының шын
жүрегімен қабылдайтын үйі деп санап, өздері де мектеп жұмысына көмектесуге
дайын болуын қамтамасыз ету; ата-аналарды отбасында балаларымен өзара
ынтымақты қарым-қатынаста болуға үйрету.
Осындай мақсатпен мектептің әдістемелік бірлестігі отбасы тәрбиесі мәселелері
бойынша ата – аналар семинарларын ұйымдастырады. Онда ата – аналар
балалардың дамуға, есеюге, бостандыққа ұмтылуының табиғатын және баланың
бойында рухани байлықты қалыптастырудың маңыздылығын, ол үшін қоршаған
ортадан сүйіспеншілік сезімін, мейірімділік пен сыпайылықтың қажеттілігін
біледі. Ата – аналар балаларымен ынтымақты қарым – қатынас нақтылы
әдістерін үйренеді, отбасында пайда болған өзара түсініспеушіліктерге
байланысты жеке дара кеңестер беру ұйымдастырылады.
Отбасы-саналықпен ынтымақтастықтың және болашақтың бастау алар негізі.
1. Балаға дұрыс тәрбие беру-ата-ананың моральбық қана емес, заң жүзінде
міндеті.
2. Бала тәрбиесі мәселесіінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс. 3.
Бала бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін , оның үлгі болуға тырысқан
талабын көтермелеп отыру керек.
4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата – анасы үлгі болуға тиіс.


Page 6

6

«Отбасы мықты болса, Отан да мықты». Яғни өнегелі отбасының мәуелі жемісі –
саналы тәрбиеленген өскелең ұрпақ болары даусыз. Ендеше тәрбиенің ең тамаша
мектебі – отбасы екендігін әрбір тәрбиелі азамат өзінің өміріне талдау жасап,
мол мәліметтер жинақтап байқайды. Ата-аналар мен мектептің бірден-бір
мақсаты жан-жақты жетілген, үйлесімді дамыған, адамгершілігі мол парасатты,
ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру. Баланы тәрбиелеуде әр ата-ана өздері білімді
болуы керек. Ол үшін ата-ана мұғаліммен тығыз байланыста болып, түсінбегенін
сұрап, пікірлесіп отыруы керек. Осындай жағдайда ғана балалардың жағдайын
түсініп, олардың адами қасиетінің дамуына ықпал жасай аламыз деп ойлаймын.
Бұл әдістемелік жинақта 2016 жылы сегіз ай бойы өткізілген 3 жылға дейінгі
еңбек өтілі бар «Жас мамандар мектебі» жобасы аясында жүргізілген
жұмыстардың қорытындысы, білім беру мекемелеріндегі психологиялық
тәжірибелер ата-аналардың бала тәрбиесінде жағымды жағдай тудырады.
Әдістемелік құрал мектеп пен отбасының ынтымақтастығын нығайту үшін
білім беру мекемесіндегі психологтарға арналған көмекші әдістемелік жинақ


Құлмағанбет Ә.Қ-
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы
әдістемелік кабинетінің тұлғаны
әлеуметтендіру және тәрбиелеу
бөлімінің сектор меңгерушісі




Page 7

7




«Отбасы мен мектеп арасындағы ынтамақтастық
жұмыстарын жүргізу»


Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан,
қоғам өркениетілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді
ұйымдастырудан басталмақ. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында
алады. Салауатты отбасында ғана салауатты ұрпақ қалыптасады.
Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің «Ел боламын десен,
бесігінді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни, болашақ тізгіннің
ұстары, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де
саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отырады. Осы ұлы мақсаттарға
жету жолында киелі де қасиетті екі түсінік бар.
Бірі, баланың бастапқы тәрбие мектебі алтын бесік - отбасы болса,
екіншісі, алтын ұя - мектеп. Бұл екі ортанында мақсат- мүддесі ортақ. Отбасы,
ата-ана адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам
бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бұл киелі жерде
қызмет ететін мұғалім мен ата- анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылған.


Оқушылармен

Тақырыбы: «Дос боламыз бәріміз»
Мақсаты:Балаларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор
болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлікпен пен татулыққа
баулу.Балаларға достық сөзінің мәнің түсіндіру, зейінін, есте сақтау, ойлау,
сөйлеу қабілеттерін дамыту, эмоционалдық еріктік аумағын дамыту, сюжеттік
рөлдік ойын ойнауға дағдыларын дамыту. Ойынға деген қызығушылықтарын
арттыру.
Көрнекілігі: слайдтық көрсетілім, саңырауқұлақ макеті, үнтаспа,
васкобович, кюзенер таяқшалары, геоконттақтайшалары, майлық қағазда
оралған печение, суреттер.
Тренингтің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңберін жасау
Қайырлы таң досым
Қайырлы күн блсын
Жұма күннің сәті
Сәттілікке толсын
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекепен
Амандасып алайық
Келіп қалған қонақтар
Иеліп сәлем салайық


Page 8

8

Балалар орманға саяхат жасағыларын келе ме? Олай болса біз орманға
саяхат жасайық. (балалар ақырын орманға келеді)
Психолог: Көктем келді, жер көгерді, табиғат әсем күйге енді, дала гүлге
бөленді, көгерген жер қойнына енді. Ой, балалар жаңбыр жауып кетті. Енді не
істейміз?
-Олай болса бізге не керек?
Балалар: Қолшатыр
Психолог:Воскобовичтің геоконт тақтайшасы арқылы біз қолшатыр
жасайық.
(балаларды үстел үстіндегі геоконт тақтайшасы арқылы қолшатырды
құрастырғызу, осы кезде аспан түнере бастайды , слайдтан жаңбыр жауғалы
тұрған сурет көрсетіледі, құмырсқа кіріп келді)

Құмырсқа: Бұлттыр бәрі жылжыпты
Жаңбыр сірә төгеді
Мына саңырауқұлақ пана болса,
Бізге тиер көмегі
Психолог: Құмырсқа жорғалап барып, саңырауқұлақтың астына
жасырынады. Жаңбыр жауа бастайды. Шалғынға көбелек келеді.
Көбелек:
Сәлеметсің бе құмырсқа досым.
Күшім кетіп әлсіреп,
Қанатым су боп жабысып.
Ұша алмадым, құмырсқа
Алшы мені қасыңа
Пана берші басыма
Құмырсқа: Жарайды егер сен менің тапсырмамды орындасан мен сені
кіргіземін
Психолог: Балалар біз көбелек досымызға көмектесеміз бе?
Балалар: Әрине көмектесеміз
Психолог: Олай болса балалар біз «Сөйлемді жалғастыр» ойының
ойнайық.

«Сөйлемді жалғастыр» жаттығу ойыны
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Балаға қарама-қарсы отырып, балаға допты лақтырып, сөйлемнің басын
айтамын. Допты тосып алған бала сөйлемді аяқтап, допты маған қарай кері
лақтыру қажет. Егер бала екі рет сөйлемді аяқтай алмаса, ойыннан
шығады.Жылдам орындалуы қажет Сөздердің нұсқауы:
Лимон ащы, ал қант ...
Шөп жасыл, ал аспан ...
Ағашты аралайды, ал шегені ...
Құстар ұяда тұрады, ал адамдар ...
Құс ұшады, ал жылан ...
Кеме жүзеді, ал машина ...
Шиені жейді, ал шәйді ...


Page 9

9

Әнші өлең айтады, ал құрылысшы ...
Түнде қараңғы, ал күндіз ...
Балалар құмырсқаның тапсырмаларын мүлтіксіз орындадық.
Құмырсқа: Көбелек досым сен менің тапсырмамды достарыңмен
орындадын рахмет, енді менің саңырауқұлағыма кіре ғой.
Психолог: Жаңбырда қанатты су болып ұша алмаған соң, ара да
саңырауқұлақтың саясына жасырынуға келді.
Ара:
Сәлеметсіңдерме достарым
Жаңбыр қандай күшті еді,
Ұша алмадым, мені көр!
Бас сауғалап келіп ем
Жандарыңнан орын бер
Көбелек: Жарайды егер сен менің тапсырмамды орындасан мен сені
кіргіземіз.
Психолог: Балалар бізге жаңбырдан тонып, су болып келген ара
досымызға көмектесеміз бе?
Балалар: Әрине көмектесеміз
Психолог:Олай болса біз, Кюзенер таяқшалары және Дьенеш блоктары
арқылы «Көңілді көктем», «Көбелек», «Құстар», «Көңілді шошқалар»суреттерін
құрастырайық.
Құмырсқа мен Көбелек: Ара досым сен менің тапсырмамды достарыңмен
орындадың рахмет.
Психолог:Балалар біздің ара досымыз су болып тоңып қалыпты, көңілін
көтеріп бір сергітіп, жылынып алайық.
Сергіту сәті:
Армысың, досым! (қолдарын жоғары көтереді)
Кел, маған қосыл (қолын бұлғайды)
Алақанға салып алақан, (алақандарын бір бірінің алақанының үстіне
қояды)
Шеңберге бірге тұрайық. (шеңберге тұрады)
Әлемге жылу шашайық (айналады)
Күннің нұрын алайық, (қолдарын созады)
Қасымызда досымыз
Құшақтасып алайық (құшақтасады)
Психолог: Сол кезде торғай ұшып келеді.
Торғай:
Қарға қуып есім кетті
Айналайын достар-ау
Маған пана болыңдар
Жасырындар, қорындар
Үшеуі қосылып: Тұра ғой, қосыл да, жасырамыз осында
Қарға:
Шиқ-шиқ еткен торғайды көрдіңдерме?
Меннен қашып қайда тығылды?
Бәрі: Жоқ, жоқ көрген жоқпыз.


Page 10

10

Қарға: Әлі-ақ қолға түсерсің. Көрсетермін сонда саған, сазайынды
берермін. Ой,
шиқ-шиқ еткен, торғай.(ол ұшып кетеді)
Психолог: Міне, жаңбыр да басылды,
Аспан шайдай ашылды
Достар саңырауқұлақтан шықты
Бір-біріне қарасты,
Таңдана былай таласты.
Құмырсқа: Біз бәріміз қалайша бір саңырауқұлақтың астына сыйып
кеттік? Таң қалып тұрмын.
Көбелек: Біз бәріміз сонша кішкентаймыз ба?
Ара: Жоқ, өйткені біз татумыз, «Көңіл сыйса бәрі сыйады» деген сөз бар
емес пе?
Торғай: Дұрыс айтасыңдар, достарым, себебі шыныменде достар емеспіз
бе?
Барлығы бірге: Әрине, доспыз!
Психолог: Осылайша бір саңырауқұлақтың астына жиналған орманның
кішкентай иелері бір-бірімен жақын болып кетіпті.
Міне, балалар, бүгінгі біздің тренинигіміз «Достық» біз бір-бірімізбен
доспыз ба? Әрине, олай болса бүгінгі тренингімізді «Жасырынған құпия»
ойынымен жалғастырайық. Алдарыңызда салфеткада бір нәрсе жасырылған,
алақандарымызбен сипап сезу арқылы не екенің ажыратып білуіміз керек.
«Ұяшықты таңда» ойынмен қорытындылайық
Шарты: Экранда көрсетілген ұяшықтарда балалар өздеріне ұнаған суреті
бар ұяшықты таңдайды. Ұяшықтың бетінде көрсетілген тапсырманы
орындайды.
1. Бүгін біз қайда саяхатқа бардық?
2. Не жаууды? (жаңбыр)
3. «Достық» әңгімесінде саңырауқұлақ астында нелер бірге
тығылды? (ара, құмырсқа, көбелек, торғай) араның қимылын салшы?
4. Шиқ-шиқ еткен торғайды не қуып келді? (қарғаның дауысын
сал)
5. Дос дегенді қалай түсінесіндер?
Рахмет балалар«Дос болайық бәріміз» әнің айтып аяқтайық.












Page 11

11





Page 12

12


Танымдық дидактикалық ойындар

Баланың тілін дамыту мақсатында ауызекі сөйлеу мәдениетіне
тәрбиелеу, байланыстырып сөйлеуді дамыту мен сөздік қорын дамыту үшін
сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың
маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдаланып ойналатын
дидактикалық ойындар арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға
болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады. Өзін-өзі
бақылауға үйретеді. Дидактикалық ойындарды іріктеуде баланың ойынды
саналы түсініп, ол ойын шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір
нәтижеге жету мақсаты көзделді. Бала ойын мақсатына сай ойын шартын
орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады.
Ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы жолдастарын тыңдай білуге,
олардың қатесін түзетуге белсенділік көрсетуге ынталандырылады.
Жолдасының қатесіне көмектесуде, оған ойын шартын түсіндіріп ойынды
жалғас тыруға, жаңа ойын ережесін ойлап табуға, оны басқаларға түсіндіре
білуге, ойынды ұйымдастыруға жаттықтырылады.
Дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың
тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген
материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл
байлығын молайту үшін дидактикалық ойындар сабақтың тақырыбына,
мақсатына сай таңдалып алынады. Ұсынылып отырған дидактикалық
ойындардағы тапсырмалар: сөйлеудің екі түрі: монологтық және диалогтық
сөйлеуге арналған. Мысалы: Телефон ойынында бір нәрсе жайында сұралып,
оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.
Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес,
шарты нақты көрсетіледі. Бұл ойындарды сабақта және сабақтан тыс
уақытта пайдалану арқылы баланың тілін дамытумен қатар ойынды өз
шығармашылығымен жалғастыруға, ойын шартын дұрыс орындауға, он да
белгілі бір нәтижеге жетуге, ұжымдық мақсатқа бағынуға, үлкендер мен
балалар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға болады.


3 жастан 4 жасқа дейін
Білім беру саласы: Таным
«Ұқсастарын тап»
Мақсаты: Балаға көлемі мен пішіні әр түрлі заттарды салыстыруға, көлемі
мен пішіні ұқсас заттарды және жұп заттарды таба білуге үйрету.
Ойын барысы: Тәрбиеші қуыршақты үстелдің үстіне қояды. Балаға
көрсетіп: Қарашы қуыршақ әдемі екен дейді, соңғы сөз интонациялық жағынана
біршама ерекшеленіп тұрады. Содан кейін келесі жұбын табу ұсынылады. Сөзі
түсініксіздеу болсада, оны өз қимылдарын түсіндіруге ұмтылдыру қажет
«Ойыншықты үйшігіне орналастыр»
Мақсаты: Ойыншықты үйіншігіне орналастыру. Оларды жылдамдыққа,
тапқырлыққа үйрету.


Page 13

13

Ойын барасы: Балаға үш бос қорап және шарик, машиналары бар қорап
ұсынылады. Тәрбиеші балаға әр әр қорапты көрсете отырып, мынау кубиктердің
үйі, мынау машиналардың үйі деп түсіндіреді. Содан соң ойыншықтарды өз
қораптарына жинауды өтінеді.
«Орнына отырғыз»
Мақсаты: Түстерді айыра білуге үйрету.
Ойын барасы: Бұл ойынды өткізу үшін өлшемі бірдей болып келетін сары
және қызыл түсті қағаз керек. Бала тиісті түсті таңдай отырып, қоңыздарды гүлге
отырғызуға көмектесуін ұсыну қажет.


Бөлімі: Құрастыру.
«Кубиктерді жина»
Мақсаты: Түспен пішінді бір мезгілде салыстыру.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға үш түсті кубикті көк, қызыл, сары
ұсынып, түсті қағаз жапсырылған үш қорап ұсынады. Алдымен кубиктерді түсі
бойынша жинап, қайсы қорапқа қызылын, қайсысы көгін, қайсысына сарысын
салатынын көрсетеді. Содан кейін кубиктерді қайта араластырып балаға енді
кубиктерді өзі жинауға тапсырма береді.



«Қуыршаққа арналған ойыншық»
Мақсаты: Қуыршаққа үй тұрғызу. Балаларды шапшаңдыққа үйрету.
Ойын барысы: екі қуыршақ қажет, біреуі көк көйлекте, екіншісі жасыл
көйлекте. Баламен бірге сары түсті кубиктерден сары үй, қызыл түсті
кубиктерден қызыл үй құрыңыз. Қуыршақ қай үйде тұратынын түсіне сай бала
өзі өзі шешу дқажет.


Page 14

14



Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет

«Ұқсас түсті тап»
Мақсаты: Түр-түсті ажырата білуін, қоршаған ортаны түсініп сезіну
қабілетін дамыту.
Керекті құралдар: Дөңгелек ойыншықтар, түрлі-түсті ойыншықтар.
Ойын барысы: Ортаға түрлі-түсті ойыншықтар қойылады. Енді олардан
дөңгелектерді түстеріне қарай топтау талап етіледі.



«Бұл қандай түс»
Мақсаты: Түс туралы ұғымын дамыту және заттармен қарапайым қатынас
жасау.
Керекті құралдар: Қапағы бар щелек, түстері әр түрлі ұсақ заттар:
қызанақ, қияр т.б.
Ойын барысы: Балалар, мына шелектің ішінде әр түрлі заттар бар,- деп
тәрбиеші шелектің ішіне салынған заттарды алғызып, түсіне қарай бөлек-бөлек
қойғызады және қандай түстегі заттар екенін айтқызады. Содан кейін қандай
шелекке салғанын сұрау.



Бұл не зат?»
Мақсаты: Затты атап, сипаттап үйрету.
Керекті құралдар: Әр түрлі заттар.
Ойын барысы: Бала сиқырлы қапшықтан ойыншық немесе бір затты
шығарады да айтады. Мысалы: доп. Тәрбиеші алдымен сол затты спаттап береді,
содан соңбала қайталайды. Мынау- доп. Ол дөңгелек. Оның түсі көк



Page 15

15


Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Тіл дамыту.

«Ұқсастарын тап»
Мақсаты: Балаға көлемі мен пішіні әр түрлі заттарды салыстыруға, көлемі
мен пішіні ұқсас заттарды және жұп заттарды таба білуге үйрету.
Ойын барысы: тәрбиеші қуыршақты үстелдің үстіне қояды. Балаға
көрсетіп: Қарашы қуыршақ әдемі екен дейді, соңғы сөз интонациялық жағынана
біршама ерекшеленіп тұрады. Содан кейін келесі жұбын табу ұсынылады. Сөзі
түсініксіздеу болсада, оны өз қимылдарын түсіндіруге ұмтылдыру қажет.



«Қарап алда есіңе сақта»
Мақсаты: Балаларды көрген суреттерді есіне сақтап, көз алдына елестете
отырып, әрқайсысын ретімен атап шығуға, үй жануарларын, аңдарды және
құстардың жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға, қамқоршы болуға
тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Үй жануарлары, аңдардың, құстардың суреттері.
Ойын барысы: Әр түрлі суреттерді теледидардан көрсетіп шығады.
Балалар бірінші суреттен үй жануарларын, екінші суреттен жабайы аңдарды
айтады. Үшінші суреттен құстарды атап шығады.




«Ойыншықты тап»
Мақсаты. Затты оның сипаттамасына қарай табу біліктілігін қалыптастыру.
Керекті құралдар: Әр түрлі ойыншықтар.
Ойын барысы: Ойыншық балалардың алдына қойылады. Тәрбиеші былай
дейді:
- Балалар мен қазір бір ойыншықты сипаттап беремін, ал сендер
не ойыншық екенін айтып берулерің керек.


Page 16

16


Ата-аналармен

Психологиялық тренинг
«Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам»
Мақсаты: Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы
түсініктер беру арқылы ата - аналардың білімдерін көтеруге көмектесу.
Психолог: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, оқушылар .
Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті
бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды
біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып
өтейік.
Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп
дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.
Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп
бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш
рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз,
екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі
сабағымызға қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың
қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз!
Психолог: Балаларымызды қаншалықты жақсы білетінімізді іс жүзінде
тексерейік
І. Жаттығу.«Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»
Мақсаты: Ата - анамен баланың ортасындағы қарым - қатынасты анықтау.
1. Балаңыздың жақсы көретін түсі қандай?
2. Қандай тағамды сүйсініп жейді?
3. Балаңыздың атын еркелеткенде қалай атайсыз?
4. Балаңыздың ең жақын досының есімі кім?
5. Сүйіп оқитын пәні?
6. Балаңыз мектепте нешінші кабинетте оқиды?
Нұсқау: Берілген сұрақтарға ата - ана да, бала да бірдей жауап жазып
отырады. Соңында жазылған жауаптарды өзара сәйкестендіру. Дұрыс сәйкес
келген жауапқа бір ұпайдан беріліп отырады.
Қорытынды: Көп ұпай жинап алға шыққан ата - аналарды мадақтау. Ал, аз
ұпай жинаған ата - аналарға болашақта балаларымен тығыз байланыста болу
керек екеніне ұсыныс беру.
ІІ. Жаттығу. Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық
құндылық ағашыңыз. Бірнеше берілген отбасылық құндылықтарды ағаштың
тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық
құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал,
бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл
аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. 7 - 10 мин
1. Мықты денсаулық


Page 17

17

2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік.
3. Ауызбіршілік.
4. Ортақ қызығушылық.
5. Бір - біріңіздің жұмысына араласпау.
6. Қамқорлық.
7. Тәртіп.
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу.
9. Сенімділік
10. Ата - ананың сөзі заң.
11. Ата - ана отбасының үлгісі.
12. Әлеуметтік жағдай.
13. Отбасылық қарым – қатынас.
14. Махаббат.
15. Мейірімділік.
16. Шынайылық.
17. Сырт көзге үлгі болу.
18. Береке.
19. Үлкенге - ізет, кішіге – құрмет.
20. Көп бала.
Соңында үлкен бәйтерек ағашы шығу керек. Шыққан суретті қорғап
шығамыз.
ІІІ. Жаттығу. Ата - ананың балаға қаншалықты көңіл бөлуін анықтайтын
әдістеме.
Сұрақтар ----------------------------------------------------------ия -------жоқ.
1. Мен балама өз балалық шағымды айтып отырамын жасыл сары.
2. Баларыммен сирек ойнаймын сары жасыл.
3. Менің балам әрдайым маған өз сырын айтуға дайын жасыл сары.
4. Басына түскен қиындықтарымен менімен бөлісетіне сенімдімін жасыл
сары.
5. Мен ойлаймын, кез - келген баланың ісіне үлкен мән беру керек себебі,
оның барлығы ұйымшылдыққа тәрбиелейді қызыл.
6. Айына екі рет баламмен бірге қыдырамын жасыл сары.
7. Егер менің балам үй тапсырмасын орындауға көмек сұраса, мен
көмектесуге әрдайым дайынмын жасыл сары.
8. Баламның қандай оқулықтарды сүйіп оқитынын жақсы білемін жасыл
сары.
9. «3» немесе «2» баға алса, міндетті түрде жазалаймын қызыл.
10. Баламды мақтау үшін әрдайым сылтау іздеймін жасыл қызыл.
11. Бірге сырласып, әңгімелескенді жақсы көреміз жасыл сары.
12. Кейде мен уақытымды, тек балаға ұрысуға ғана жұмсайтын сияқтымын
қызыл.
13. Әрқашан баламның басынан сипап, құшақтаймын жасыл сары.
14. Менің дауыс ырғағым тек бұйырып, қатаң сөйлеу қызыл.
15. Балаларыммен бірге үйге берілген тапсырмаларды орындауым керек,
себебі, олар өз еріктерімен орындамайды қызыл.
16. Баламның қандай арманы бар екенін жақсы білемін жасыл сары.


Page 18

18

17. Басқа біреудің балаларын немесе өзімді өнеге тұтамын қызыл.
18. Балам ашуланып бір нәрсе бүлдірсе, міндетті түрде жазалаймын қызыл.
19. Оқыған кітаптарды немесе көрген киноны бірге талқылаймыз жасыл
сары.
20. Үйдегі келеңсіз жағдайларды балаларыма айтып отырамын жасыл.
21. Мен ауырғанда немесе шаршағанда балам оны сезеді және көмектеседі
жасыл сары.
22. Менімен бірге жие болғанды жақсы көретінін әрқашан айтып жүреді
сары.
23. Баламмен сөйлескенді өте жақсы көремін жасыл сары.
Қорытынды: әр түстерді жеке - жеке санап, әр түске бір ұпайдан беріледі.
Әр түстің өз ұпайларын санаймыз..
Жасыл түсті шаршылар:.
А) 0 - 5 ұпай аралығында - балаңызға сіздің көңіл бөлуіңіз жетіспейді.
Әрдайым жұмыстан қолыңыз тимейді бірақ, бала сіздің көңіл бөлуіңізді күтеді.
Балаға көп көңілдің саны емес, сапасы маңызды. Жұмыстан кейін тамақ
әзірлеудің үстінде немесе ыдыс жуып тұрып балаңызбен сөйлесіңіз.
Б) 5 - 10 ұпай аралығында - балаңызға көп көңіл бөлінбейді. Тек
тамақтандырып, киіндіріп және күнделікті қарау, ол көңіл бөлінген болып
есептелмейді. Балаңыздың ішкі жан - дүниесіне көбірек көңіл бөлгеніңіз жөн.
В) 10 - 15 ұпай аралығында - балаңызға көп көңіл бөлесіз. Балаңыз сізге
әбден сенеді және арқа түзейді. Барлық қиындықтарда сіздің алып шығатынына
үлкен сеніммен қарайды. Болашақта жеке тұлға ретінде жақсы азамат болып
өсуіне кепілдік береді.
Сары түсті шаршылар:
А) 1 - 4 ұпай аралығында - сіздің балаңызға көп көңіл бөлінеді. Мүмкін ол
көп те шығар. Ойланыңыз, балаңыздың бос уақыты жеткілікті ме? Мүмкін оның
келеңсіз жағдайларын сіз шешетін шығарсыз? Осылай қалыптаса берсе, баланың
жеке тұлға болып өсуі тоқтатылады, балаңыз кейбір жағдайларды өзі шеше
алмай, өзіне деген сенімін жоғалтып, сізге тәуелді болып қалуы мүмкін.
Б) 5 - 9 ұпай аралығында – мүмкін сіз жасыл шаршылардан да осындай ұпай
жинаған шығарсыз, ол балаңыздың сізден өзіне деген көңіл бөлетінін күтеді.
Балаға күнделікті үйдегі жағдайларда көбірек көңіл бөліп, оның өзіндік
пікірлерін тыңдап, ақылдасыңыз.
В) 9 - 13 ұпай аралығында - сіздің көңіл бөлуіңіз балаға өте қажет. Егер де
сіз жұмыстан қолыңыз тимесе, күнделікті әр бос минутыңызды балаға арнауға
тырысыңыз. Уақытында балаңызды мақтауды, басынан сипауды ұмытпағаныңыз
жөн. Уақыт өте келе сіздің балаңызбен тіл табысуға қиындық туғызуы мүмкін.
Қызыл түсті шаршылар:
А) 0 - 2 ұпай аралығында - сіздің отбасында барлық жағдайлар жақсы:
балаға жеткілікті көңіл бөлінеді. Баланың өзіне - өзі бағалауы дұрыс
қалыптасқан.
Б) 2 - 4 ұпай аралығында - сіз балаға өте қатал қарайсыз немесе сіз балаға
көп көңіл бөлмейсіз. Сондықтан, ол сізді өзіне қарату үшін әр түрлі жағымсыз
істер жасауы мүмкін. Кез - келген нәрселерге ұрса бермеңіз. Баланы көбірек
қолпаштап, келесіде барлығы жақсы болатынына сендіріңіз.


Page 19

19

В) 4 - 8 ұпай аралығында – Балаға үнемі ұрсып, ақыл айтқандықтан балада
да тәрбие саласы бойынша дәл осындай пікір қалыптасқан. Сондықтан бала
әрдайым сізді ашуландырып, айқайлауыңызды күтіп тұрады. Өзіңізді өзгертуге
тырысыңыз, Ешқандай себеп болмаса да, баланы көбірек мадақтауға, басынан
сипап жай сөйлесіп үйреніңіз. Дәл осылай қалыптаса берсе, күнделікті үйдегі
айқай - шу азайып, балаңыздың сабағы да жақсарып, ара - қатынасыңыз
дұрысталғандығыңызға көзіңіз жетеді. Жай сөйлесіп, түсіндірудің сізге де,
балаға да жақсы қасиет екенін ұмытпағаныңыз жөн.
ІV. Жаттығу. Медитация. «Өз жұлдызыңызды табыңыз»
Әдемі әуен ойнап тұрады.
Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық
және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін
сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын
орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз.
Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің
бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға
сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде
сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.
а) ата - ана алдарында жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап алады
ә) жұлдыздарға болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестететінін
жазады.
б) тақтаға іледі.
Психолог: Осы сабақтың алдында біз балалармен бірге «Отбасындағы
қарым - қатынас» тақырыбында тренинг сабақ өткізген едік. Сол сабақта «Бала
сіздерден не күтеді және сізге деген көзқарасы қандай?» сұрақтарына жауап
алған едік. Өз балаларыңыздың жүрегін алып, оқысыңыз болады.
V. Қорытындылау.«Тілек шамы»
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
- Міне, қоштасатын да сәт жетті, ата - аналар, оқушылар. Біз сіздермен
жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі
жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя -
жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер
болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы,
ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге
тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі
кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған
ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады.
Психологтың қорытынды сөзі
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және оқушылар! Жел бесіктен,
жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп.
Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген
соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік
абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен
тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп


Page 20

20

пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне
мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне
осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық -
қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық -
парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен
нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен
адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе,
ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз
балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз
сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен
қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!


Тренинг: "Жүрек жылуы"

Мақсаты:
-ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт
беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. .
- ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы
түсіндіру..
індеті: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге
шақыру.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, практикалық
тестілеу.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты нақыл сөздер жазылған слайд ,
маркер, әдістемелік бланк, үлестірме қағаздар, тесттер.
Тренинг ережесі:
1. Сөзді бөлмеу
2. Бір-біріне кедергі жасамау.
3. Бірігіп жұмыс жасау.
4. Күлімсіреу.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Тренингке қатысушыларды шеңбер жасап отырғызу.Тыныштық сәті. Әуен
тыңдату..
II. Барысы:
1. Психологиялық ойын.
«Мен сенімен сұхбаттасқаныма қуаныштымын» атты жаттығу.
Барлығы бір - бірінің қолынан ұстап шеңбер құрады. Ойынды бірінші
отырған адам бастайды. Кейінгілер осы бірінші ойыншының есімін шеңбер
бойымен жылжыта отырып, түрлендіре атау. Әркім өзін таныстырып, өзі жайлы
бір - екі ауыз сөз айтып, онан соң оң жақтағы көршісі де солай жалғастырады.
Қатысушылар түгел танысып болған соң, топтағы көңілі қалаған екі - үшеуіне
ата - аналардың есімін ретімен атап шығу .
- Өз есімдеріңізді түрлендіре естігенде қандай сезімде болдыңыз?.


Page 21

21

Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі ең керемет әуен секілді. Сондықтан
бұдан былай үнемі бір-бірімізге қарап сөйлегенде есімімізді еркелете, жағымды
атаудан бастайық.
2. Топтастыру.
Ата - аналарды үш топқа бөлу. Әркім өзі қалаған жеміске барып отырады.
Ата - аналарды тренинг ережесімен таныстыру.
Тренинг ережесі:
1. Сөзді бөлмеу.
2. Бір-біріне кедергі жасамау.
3. Бірігіп жұмыс жасау.
4. Күлімсіреу.
2. «Ми шабуылы».
1 топ.
1) «Сіздер дәрігерсіздер» Қолыңызда жүрек біреу. Ол жүрекке мұқтаж 4
науқас жатыр.
1. Нәресте 6 айлық.
2. Үйі жоқ бомж.
3. 60 жастағы көп балалы ана
4. Дарынды бала. Қайсысына өмір сыйлар едіңіз?
2 топ. Ұлыңыз немесе қызыңыз мектептен қатты қуанып келді. Пән
бойынша сайыстан жүлдеге иеленген екен. Сіздердің келесі әрекеттеріңіз қалай
болмақ?
3 топ. Балаға өз жеке басыңыз арқылы қалай үлгі - өнеге көрсетесіз?
3. Ата - аналарға сауалнама тест тарату.
Сіз қандай ата - анасыз?
«Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата - ана бола аламыз ба?» деген сауал төңірегінде
ойланып көрдік пе?
Сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап беру арқылы өздеріңізді
тексеруге болады.
3. «Ән айтайық» жаттығуы.
Балаларыңыз жақсы көретін әнді айтасыздар.
4. Шығармашылық жұмыс: Бала жаны гүлдену үшін не істеу керек?
Топқа тапсырма:
І топ. «Менің баламның жүрегі» Бұл жүрекке не керек?
ІІ топ. Өмірде сіздер үшін не маңызды?
ІІІ топ. Бала келешекте белгілі бір мамандық иесі болу үшін?
Плакатқа тапсырманы орындап, әр топ қорғайды.
Біз бүгін сіздермен ең қымбатты бала жаны жайлы ой бөлістік. Ол
маңызды,өйткені ол енді ғана өмір деген ұзақ жолға сапарын бастады. Бұл жол -
оны рухани байлыққа бастайтын таза және негізгі жол. Бұл жолды барлық
нәрсенің басы болып табылатын үлкен әріппен жазылған МАХАББАТТАН
бастау керек.Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана құдайдан перзент
тілеген. Перзент көргенде, жүрегі жарылардай қуанған. Содан кейін «Баламның
табанына кірген шеңге менің маңдайыма кірсін»,- деп әлпештеп өсірген перзенті
ауырып, не басқа бір қатер төнгенде «Өзімді алып, баламды аман қалдыр»,- деп


Page 22

22

құдайға жалбарынған. Перзентсіз ананың ой-қиялы сұрқай, күзгі бақтай көңілсіз,
сұрғылт түздей жабырқау.
Өз кезінде Шал ақын былай деген екен:
Босағасын алтыннан соқсаң дағы
Перзент сүймей, адамның мейірі қанбас
Әсіресе, Ана тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің
кәусар бұлағы. Ана баланы тоғыз ай бойы көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп
қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік
тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын
сіңіретін, балбыратып уілдететін, жылауын қойғызатын халықтың
халықтығының басты нышаны - туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын
да - Ана. Ана жүрегін, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты бақыт пен
қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты сезе біл!
«Жүрек жылуы» жаттығуы.
Қатысушыларға кішкене жүрекшелер таратылады.
Тренингке қатысушы аналар....
«Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім!». ..... деген ойды
жалғастырулары керек. Бір-біріне деген жақсы лебіздерін білдіреді.
«Тілек білдіру» тренингі. Мұнда бір - біріңізге тілек айтасыздар, яғни айту
кезінде ол адамды құшақтап тұрып немесе басқалай да іс - қимылмен тілек
білдіресіз.
Талдау: - сізге тілек білдіргенде қалай сезіндіңіз?
- сізге тілекті шынайы айтты ма?
- сіз айтылған тілекті қалай қабыл алдыңыз?
5. «Түйінді сөзді мен айтамын» стратегиясы
«Бала көңілін қалай табуға болады?» деген сұрақты әр ата - ана
топтарында талқылап, бір байламға келіп, ой түйінін ортаға жеткізіп, айтып
береді.
6. Ата - аналарға кеңес.
1. Отбасындағы психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары
қабақ, бейіл береке - оның барлық мүшелерінің ырысы ойға алған істерінің өрге
басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
2. Бала - ата - анасының физиологиялық, психо - әлеуметтік көшірмесі. Ол
бойындағы барлық нышандарды ата - анасынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал
дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде ең алдымен, бала
тұлғасының дамуына оның ата - анамен қарым - қатынасы әсер етеді.
3. Жанұяда балаға орынсыз ұзақ әңгіме айтып, шұбалаңқы ақыл айта беру
де пайдасыз.
4. Бала ісіндегі кездейсоқ болған бір сәтсіздікті қазбалай бермей, ескерту
жасаса жеткілікті.
5. Балаға аса байыппен қарау керек, мейлі ол әлжуаз немесе дәрменсіз
болсын, болашағынан үміт үзбеген жөн.
Жүректен жүрекке (Ата - аналар шеңберге тұрып, бір шоқ гүлді кезек -
кезек бір - біріне беру арқылы жылы - жылы тілектерін айтады)
8. Қорытынды. Бүгінгі тренингке қатысқан ата - аналарға алғысымызды
білдіреміз.


Page 23

23

Нәтиже: Ата - аналар өз сезімдерін өзгелерге көрсетуге, өз - өзін сыйлауға,
баланың көңілін табуға, еркін пікір бөлісуге үйренді және бала тәрбиесі жайлы
көп мағлұмат алады.
8. Қорытынды. Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген
үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.
Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және
біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе
жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық:
«Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең
балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала
тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол,
білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен балабақша өзара тығыз
байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл -
қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз Адам өмірінің мәні
мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ
тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас
ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының
белгісі.
Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің
маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер
төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!»
деп құдайға жалбарынған ата - аналарымыз аман - есен жүрсін деген тілекпен
бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.
Ананың кезі бар ма кекті болған,
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек:
«Құлыным,байқасаңшы»,- депті оған ...
Адамның бауыр еті, жүрегі бала. Сондықтан да осы жүректі аялы
алақандарыңызбен ұстап балаларыңызға деген ақ тілектеріңізді жеткізіп бір-
бірлеріңізге беріңіздер
Сол бағдарламаның артында жүрекше, күн, жапырақ бейнесіндегі
жапсырмалар бар.
- Осы белгілер бойынша оқушыға,ата -анаға,мұғалімге өз
ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады.

Тақырыбы: «Отбасы өмір аясы»
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын
арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі
мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала
тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу. Ата-ана мен бала арасындағы
қарым-қатынастарды жақсартуға мотивация қалыптастыру.
Көрнекілігі: экран арқылы слайд


Page 24

24

Керекті құрал – жабдықтар: орамал, ақ қағазы, салфетка, қайшы,
маркер, түрлі-түсті қағаздан жасалған гүлдер, желім
Әдісі: топпен жұмыс (ата-анамен жұмыс)
Психолог сөзі:
Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Сіздерді бүгінгі «Отбасы
өмір аясы»атты психологиялық тренинг жаттығуларына қатысып
отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Бүгінгі біздің отырысымыз
ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі
тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіздер болып пікірлесе отырып,
ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - Адам баласының
алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап,
осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы -
адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша тәрбие-білім алып, балабақша табалдырығын аттағанымен,
оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата -
ана, өміріңізде үш рет балабақшаға баратыныңызды әрқашан естен
шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет –
немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі тренингімізге қатысып отырған ата -
аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп
балабақшамызға келе беріңіздер демекпіз! Олай болса, бүгінгі тренингімізді
бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.

1. Танысу «Қуыршақ терапиясы»
Құрметті ата-аналар! Бүгінгі тренингімді
мен «Танысу» жаттығуымен бастағым келіп отыр.
Ата-аналармен танысуды «Қуыршақ» терапиясы
арқылы жүзеге асырамыз. Бұл қарапайым
салфетка, бірақта бұның сиқырлы қасиеті бар.
Яғни қазір әрбір ата-ана осы салфеткадан қуыршақ
жасайды. Жасап болғасын ол сол қуыршақ арқылы
өзін таныстырады. Олай болса, қуыршаққа есім береміз, яғни ат қоямыз. Оны өз
қалауыңызша атауға болады. Ол Сіздің атыңызбен аталуы мүмкін немесе сізге
ұнайтын, әлде сіздің бала кезіңіздегі өзіңізге ұнайтын ат болуы да мүмкін. Ол өз
қалауыңызға байланысты.
Танысқанда «Бір кезде бір қуыршақ дүниеге келіпті…» деп ертегісін
бастайды. Яғни сол жасаған қуыршақ арқылы өзі туралы айтып, қайда туып-
өскені, неше баласы бар екені, жанұясы туралы шағын баяндап береді.

2. Пікірлесу «Гүл теру»
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған
гүлдер
алқабына бару)
Барлық ата-аналар орындарынан тұрып, гүл
теруге шығады. Бір- бір гүлден алады. Сол гүлдерде
сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде
пікірталас өрбиді.


Page 25

25


1. Балаңызды
еркелеткенде қандай сөздер
айтасыз?
1. Балаңыз сіздің ең қымбат затыңызды
байқамай сындырып алды,
2. Балаңыз сізді
ренжітті, сіздің іс-
әрекетіңіз?
сіздіңәрекетіңіз?
3. Сіздің бойыңызда,
сіздің ойыңызша қандай
жақсы қасиеттер бар?
2. Балаңыздың тәртібінен көп ескертпе
аласыз, сіздің әрекетіңіз?
4.
Балаңыздыңсүйіктімультф
ильміқандай?
3.
Досыменойнапжүргенбалаңызбасқабаланыңой
ыншығынүйгеалыпкелді, сіздіңәрекетіңіз?
5. Бала тәрбиесі үшін
отбасы жауапкершілігі
басым ба, әлде
балабақшаның
4.Сіз асығыс қонаққа жиналдыңыз,
балаңыз ертегі оқып беруді
жауапкершілігібасым
ба?
өтінді, не істейсіз?
6. Балабақшаға неше
жасында келді? Таңертеңгі
балабақшаға
5.Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп
келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
жинақталуды
көрсетіңіз, қандай жылы
сөздер айтасыз?
6.Сізге балабақшадағы тәрбиешілер
“Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады деген
шағым айтылды”, тағы да көрші ата –
аналардан “біздің баланы ұрды” деген сөз
естуге тура келді дейік. Не істейсіз?
Балаңыздықалайтәрбиелейсіз?
7. Балаларда
қызғаныш, өзімшілдік
мінездің қалыптасуы
неден?
7.Балаңыз немесе қызыңыз
балабақшадағы болған жағдайларды үйге
айтып келетінді шығарды? Сіз не істейсіз?
8.
Балаңыздыңеңжақындосы?
8. Жұмысқаасығыптұрғандабалаңыз,
ұйқыдантұрмайқырсығыпжатыпалды .
Қалайтұрғызасыз?
9. Бала дегенкім? 9.Балаңыз
сабақберетінтәрбиешісінеренжіп,
ендібалабақшағабармаймындеді?
Ондайжағдайдасіз не істейсіз?
10. Балаларыңыз
игілік істер істесе оларды
қалай мадақтайсыздар?
10. Балаңыз үйде компьютерден бас
алмай ойын ойнап бас алмай қойды делік?
Сіздіңәрекетіңіз?
11.
Балаңыздыңсүйіктітағамы
?
11.
Үйдебалаңызғажайғанаанасыретіндеұрсыпқалд
ыңыз, олбірденәкесіне (әжесіне)
шағымданыпжылапбарды ?сізосындайсәтте не


Page 26

26

істейсіз?
12. «Өнегелі отбасы»
дегенді қалай түсінесіз?
12. Балаңыз сіздің ең жақсы көретін
фильміңіз басталғанда, «Балапан»
арнасындағы өзінің мультфілмін көремін деп
отырып алды? Сіз не істейсіз?

3. «Аңдар мен жәндіктер»көңілді тест
Ата-аналарға қағаз бен қалам таратылады. Әр қатарға өздеріңе ұнайтын аңдар
мен жәндіктердің аттарын жазасыңдар. Саны алтау. Осыдан кейін әркім менің
оқыған сөйлемімді тыңдайды, оқылған сөйлем арасында үзілісте өзі жазған
сөздерді рет - ретімен оқып отырады, яғни өзінің кім екендігін анықтау.
Қорытынды:
1. Мені жұрт........деп ойлайды.
2. Мені.........деп ойласа екен деп ойлаймын.
3. Дәл өзіңіз.........
4. Сіз жұмыста..........
5. Жарыңыздың алдында.........
6. Негізі..........
4. «Бала мүсіні» көрініс
Психолог: баланың роліне ата-аналардың бірін шақырамын.
Қатысушыларға әр топтан көрініс кезінде айтылатын тыим сөздерді естерінде
сақтап, орамалмен байлап тұру тапсырылады.
Менің кішкентай балам балабақшаға барады. Біз екеуміз балабақшаға
асығып келеміз, автобусқа үлгеріп келуіміз керек. Менің балам өте
қозғалғыш,бәрін білгісі кеп тұрады,тіпті автобусқа асығып келе жатқанда да
көп сұрақтар қояды. Мен баламның қолынан алдым да, жүгіре жөнелдік.
- Анашым, анау не,қарашы!-деді балам.
- Уақыт жоқ, аяғыңның астына қара, сүрінесің де жүресің! Неге жан-
жағыңа алақтай бересің? Жолға қара. ЖАН-ЖАҒЫҢА ҚАРАМА! -деп
жауап бердім мен.
- Сол сәтте балам сөздерді тура мағынасында түсініп, менің
бұйырғанымдай көзін жұмды. (орамалмен көзін байлаймыз) Біз әрі қарай
балабақшаға асығып кетіп барамыз. Автобусқа мініп, мен онда өзімнің
құрбымды кездестіріп қалдым. Екеуміз кешегі күнді талқылай бастадық.
Балам мұхият тыңдап, содан соң былай деді.
- Анашым, анашым, құстың сайрағанын естимісің? Асхат деген ағай
кім?-деді.
- Мен, неге сен үлкендердің әңгімесіне жағаласасың? Құлағыңды
түріп алыпсыңғой, үлкендердің әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? ТЕЗ
ҚҰЛАҒЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен баламның құлағын байлаймыз)
Біз а втобустан түсіп, жолмен жүгіріп келеміз. Мен кешігіп қаламыз
ба деп қайта-қайта сағатыма қарап келемін. Бүгін қандай
күн, тамаша болады! Анам менКарина күтіп отырған шығар мен оған
алма әкелемін дегенмін, анау ше..... –деді.
- Қойшы! Не былшылдап кеттің, уақыт жоқ, онсызда кешігіп келеміз.
Осы сен үндемей жүре алмайсың ба? ТЕЗ АУЗЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен


Page 27

27

аузын байлаймыз). Баламды қолынан ұстап алдымда, әрі қарай жылжыдық.
Балам үндемей келеді, бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оның
тілазар екенін айтып,қолынан салып жібердім.
- Осы сенің қолдарыңа тыным жоқ екен. Таста дедім мен саған. ТАРТ
ҚОЛЫҢДЫ!(орамалмен қолдарын байлаймыз) Осы кезде секеңдеп,
аяғын жан-жаққа сермей бастады. Менің төбе шашым тік тұрып, оған
айқайладым.
- Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Бұл немене тағы?Секеңдегеніңді
қой! ТҮЗУ ТҰР!(орамалмен аяқтарын байлаймыз) Мен сағатыма қарап,
кешігетінімізге ашуланып, баланы сілкілей бастадым.
- Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек, жүруді де ұмытып
қалғансың ба, Бол тез! Әкел қолыңды! Қолы қол емес имек сиақты, не
дұрыс жаза алмайды, не дұрыстап ұстай алмайды. Жолыңа қара, сүрінбей,
соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы! Неғып үндемей қалдың мен сенімен
сөйлесіп тұрмынғой керең неме! Қызым жыламсырай бастады. Мен одан
сайын даусымды көтеріп айқайлады.
- Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған. Жылайтындай не
болды? Мені ұятқа қалдырдың ғой ! Мен кімге айтып тұрмын.
ЖЫЛАМА!(осы сөздерден кейін ішін қатты байлаймын) Сөйтіп, әрі
қарай баламды қолынан дым келмейтіндігі үшін сөгуді жалғастыра бердім.
Яғни мен оның бала екенін және оған менің көмегім керек екенін ұмытып,
оның істеген істеріне көңілім толмай жүре бердім.
Ата-аналардың ой пікірлерін тыңдау
- Сіздердің осы оқиғадан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер?
- Ата –ана бала көзімен болғанда қандай әсер алдыңыз?
- Кішкене болсада бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді
түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздар ма?
Жақсы! Керемет ой білдірдіңіздер! Негізінде балаңыздың дұрыс
қалыптасуына күніне бірнеше рет құшақтаудың оң әсер беретінін білесіз бе?
Яғни балаңыздың өмір сүруі үшін 4 рет құшақтау өте қажет болса, ал өзін
жақсы сезіну үшін кем дегенде 8 рет құшақтау керек екен. Ал баланың
интеллектуалдық жағынан дамуы үшін- күніге 12 рет құшақтау қажет. Бала өзі
ата-ана құшағынан өзі шықпайынша итеріп жіберуге болмайды. Бала өзін
риясыз қабылдайтынын сезініп өсу керек.
5. «Мен және менің балам»қызықты сұрақтар
1. Балаңыздың туған күні?
2. Тәрбиешісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың досы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
8. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
10.Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
11. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?


Page 28

28

12. Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
13. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
14. Балаңызды болашақта кім болады деп елестетесіз?
15. Балаңыздың тәтті қылықтары?

6 . Күн шуағы (Рефлекция)Ата-аналар ортаға шығып шеңбер бойымен
дөңгеленіп тұрады. Тренингке қатысушыларға күннің шуақтары таратылады.
Олай болса, әрқайсымыз мына ғажап кішкентай бүлдіршіндеріміздің
алақандары арқылы балаларымызға деген
сүйіспеншіліктерімен, тілектерімізді, өз ой-пікірлерінізді
жазып күннің бейнесін құрастыра отырып жылуын
қабылдайық. Күннің жылуын қабылдаған оң қолымызды
жүрегіміздің үстіне қоялық. Күннің мейірім жылуы біздің өн
бойымызға тарап, біздің жылуымыз көбейді. Енді осы
жылуды қолдарымызды ұстасып, бір-бірімізге беріп үлкен
шеңбер жасайық. Міне көрдіңіздер ме, кішкене күннің
мейірім жылуын бір-бірімізге беру арқылы үлкен жарық күн
де пайда болды. Әрдайым осындай күн шуағындай бір-
бірімізді жылытып, бір-бірімізге мейірімді, сүйіспеншілікте
болайық. Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп
рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін
дегім келеді. Сау болыңыздар!
Ата-аналарға арналған тренинг «Ренішті қалай кешіруге болады?»
Ата-аналармен сәлемдесіп, тренинг тақырыбымен таныстырамын.
- Біздің бүгінгі сіздермен өткелі отырған тренингіміздің тақырыбы
«Ренішті қалай кешіруге болады?»деп аталады. Ең әуелі біз «реніш» пен
«кешіру» туралы ойымызды топтап алайық.
2. Ой шақыру.










-Міне, ата-аналар сіздер «реніш» пен «кешіру» туралы өз ойларыңызды
топтадыңыздар.
- Сіздер қалай ойлайсыздар, ренішті қалай кешіруге болады?
-Дұрыс айтасыздар ренішті кешіре білудің өзіадамгершілік қасиетке
жатады екен. Өзгені кешіре білу үшін адам әуелі өзін өзі тани білу керек.
Олай болса келесі бөлім.


Page 29

29


3. Өзіңді өзің тани біл.
-Қазір сіздерге үлестірмелі қағаздар таратылып беріледі, ондағы «Мен
кіммін, қандаймын және мен туралы басқалар не деп ойлайды?» деген
сұрақтарға жауап жазасыздар.
Мен _____________________________
Мен______________________________
Мен туралы басқалар не деп ойлайды?
Сіздер өздеріңіздің қандай екендеріңізді, сонымен қатар сіздер туралы.
Өзгелер не деп ойлайтынын айтып өттіңіздер.
Адам баласы кез келген нәрсені оқығанда немесе көрген де одан ғибрат
алу керек екен.Олай болса келесі бөлім:
4. Оқып, талдап,ғибрат қыл.
-Мен қазір сіздерге әңгіме оқып беремін, мұқият тыңдаңыздар. (Баяу
музыка ойналады.)
Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп,еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы,
есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына
ешкім жүрмеуге тырысады.
Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір
жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша
шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады.
«Балам,өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің
сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да
күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:
«Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір
шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы
шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс
адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы
адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай
тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша
кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің
түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен
жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», -дейді.
-Бұл әңгімеден сіздер қандай ғибрат алдыңыздар, оны сұрақтар арқылы
талдап көрелік.
-Әкесі неге қарапайым талап қойды?
-Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс па?
-Тақтайдың бетін немен бітеуге болады, көңілде қалған сөздерді немен
өшіруге болады?
-Осы баланың орнында өздеріңіз болсаңыздар не істер едіңіздер?
-Жақын достарыңызды, әріптестеріңізді, балаларыңызды ренжіткен
кездеріңіз болды ма?
-Сіз өзіңіз біреуге ренжідіңіз бе?
Яғни, біреуді ренжітпеу,оны кешіре білу үшін бойымызда жақсы қасиеттер
басым болу керек екен. Ендеше келесі бөлім:
5. Жақсы мен жаман қасиеттер.


Page 30

30

Не нәрседе де жақсы мен жаман бар. Мысалы, адамның өмір сүру
белестерінде, қоғамның пайда болуында, өмір сүріп жүрген, тіршілік жасап
жатқан табиғаттың өзінде де «жақсылық» пен «жамандық» кезек-кезек кездесіп
отыратын бәрімізге белгілі. Осы жерде Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп
басталатын жұмбағы еске түседі.
Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр.
Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып,
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.
Міне, осы жұмбақтың жауабы, сегіз батырдың біріншісі «жақсылық»
болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез-келген адамның мінезінде де дәл осы екі
батыр бар. Ол екеуін табу үшін өзіңіздің айнадағы бейнеңізге қарап ойланыңыз.
- Маған қарап тұрған кім?
 Ол қандай адам?
Сіздерге таратылып берілген параққа оң жағына «жақсы» «жаман»
қасиеттеріңізді тізіп жазыңыз. Ол үшін алдымен өзіңіздің бойыңызды қандай
қасеттер бар соны ойланып алып, екі бағанға бөліп жазыңыздар. (3минут уақыт
беріледі)
Қандай қасиетеріңізді көп жаздыңыздар?
Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?
Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?
Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба?
Бұл жаттығуды жүргізудегі негізгі мақсатымыз біріншіден өзімізді, екіншіден
басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойымыздағы жаман
қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерімізді асыру болатын.
Олай болса, келесі бөлім:
6. «Тазарту».
Терең дем алып, барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз.Өзіңізге
былай деңіз: «Мен өмір сүруіме кедергі келетін барлық өкпе реніштен тазарғым
келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш,
өкпелерімнен құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбырақаттылықты
сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені
ұмыттым, кештім».
Осы жаттығуды үш рет қайталаңыз. Бір қиын жағдайға тап келсеңіз, осы
жаттығуды қайталаңыз. Осы жаттығу – сіздің тазарту құралыңыз. Шынайы
түрде орындап үйреніңіз, сіздің өкпелегештік қасиетіңіз жоғала бастайды.
Жайланып, жақсылық жайлы ойлаңыз.
7. Қорытынды.
Қорыта келгенде, адам бойында екі сәуле пайда болады екен. Ол ақ сәуле
адам бойында басым болса,жақсылық пен мейірімділік көп жасалады. Ал қара
сәуле басым болса, жамандықты көп жасайды екен. Сондықтан бойымызда ақ
сәулені басым ұстап, ешкімді ренжітпеуді, ренжітсек кешіре білуді басты
мақсат етіп қояйық. Өмірдегі болып жатқан нәрселерге екі жақты көзқараспен
қарап, бір бірімізге кешірімді, мейірімді, иманды болайық.Тренингке келіп
қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
18.10.2018
678
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі