ОТБАСЫЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
Зинулллина Жанар Қайратқызы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы «Болашақ» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК тәрбиешісі
Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде көретіні ата - ана, ал ата - ана өмірінің жалғасы - бала. Өмірінің жалғасы баласының керемет ғалым болмаса да, тәрбиелі, ақылды, бауырмал, мейірімді болып өсуін ата – ана қадағалайды. «Тәрбие басы - тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтылған дана сөздер текке айтылмаса керек. Отбасы баланың тұлғалық қасиетіне негіз қалайды. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі: ата – ананың бір – біріне деген қарым - қатынасы, қалай сөйлесетіндігі, туған – туыспен, көрші - көлеммен қалай араласатындығы, келген қонақты қалай сыйлайтыны, тіпті ұсақ-түйек болса да қалай тамақтанатыны, дастархан басындағы әдептілігі, қалай киінетіні бұның барлығы балаға әсер етеді. Бала үлкенге қарап өседі. Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі.
Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп келген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен жастарға оқу-білім беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Сондықтан да Елбасымыз XXI ғасырды «Білім жарыстыратын ғасыр» деп атады. Тәрбиенің мақсаты – пәнді керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысы Адамды тәрбиелеу. Бүгінгі күні біз – әлем халқы, бір кісідей жаңа дәуір, жаңа ғасыр - жаңа мыңжылдыққа аяқ басып отырмыз. Шәкәрімнің: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді»- деген сөзі бар. Адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейді. Сондықтан қазақ елінің жаңа тұрпаты халықтық тәрбие жүйесінде ең алдымен өз халқының ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесіне арқа сүйері және оны қастерлеп ұрпақ бойына сіңіруі – басты қағида болмақ. Мұндай негіздерді білмей, өз халқының, ұлттық ерекшеліктерін сезінбей, басқа халықтың өзіне тән ерекшеліктерімен салыстырмай, бағаламай өз байлығын байыта түсу мүмкін емес.[1]
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген ата-бабаларымыз балаларына алдымен отбасындағы тәрбие өнегесін үйреткен. Ұлттық салт-дәстүрлеріне елуден астам тәрбие үлгілерін қолданған ата-бабаларымыз әдеп, ырым-тыйым, жөн-жосық, қалып-қағида ережелерін жасаған. Дана халқымыз «Балаңды бес жасқа дейін хандай сыйла, он екі жасқа дейін құлыңдай жұмса, он үш жастан кейін ақылшыңдай кеңес» деп айтқан. Бұрынғылар жастарға сенім артып, оның есеюіне, отаншыл, көпшіл, халықшыл, ұлтжанды болып тәрбиеленуіне мақал-мәтелдер арқылы ықпал еткен. Сол арқылы тәрбие мен тіл қалыптасқан.[2] Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Ұлттық тәрбие біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін үлкен тәрбие кітабы. Ал тәрбие тамыры тереңде-халық қазынасында, оның қадір-қасиеті мен бітім- болмысында. Бұл қазына ұлттық құндылықтар арқылы бала бойына сіңетіні даусыз.
Әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін - отбасы. Осы тұрғыдан отбасын ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы тасымалдаушы орта ретінде қарастыруға болады. Халықтың өзі жасаған бастауларға сүйенген тәрбие ғана өз күшінде бола алады. Бұл тәрбиенің артықшылығы ол адам ең алдымен өз халқының перзенті екендігін сезінуі, екіншіден, өз халқының болашағы сол жекелеген адамдарға байланысты екендігін сезінеді.
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде отбасында атқарылатын жұмыстың орны ерекше. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»деген қанатты сөз де осы ойдың дұрыстығын меңзейді. Отбасылық тәрбие арқылы қалыптасатын құндылықтар мен таным көкжиегі балада жүйелі қаланып, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жағдайда ғана ол ұлт мүддесін ойлайтын,елжанды азамат бола алады.[3]
Қазақ халқының тағы бір нақылы «Ата балаға сыншы» дейді. Әр әке өз балаларының жеке ерекшеліктерін, яғни қандай іске, өнерге бейімділігін ерте аңғарып, шамасы келгенше әрқайсысының бойындағы табиғи қасиетін дамытуға тырысқан. Мәселен, сөз ұғарлық ойлы болса, ел адамы етуді көздеп, жақсыларға жанастыратын, ән мен күй өнерінің нышаны болса, өнер қуған сал – серілерге ертеді, ал шаруа қуарлық қана мүмкіндігі болса, үй шаруасының тізгінін беріп соған меңзеген. Парасатты әке балаларына ата-бабаларының іс-әрекетін, үлгі боларлық өнерін айтып, ағайынның туыстық, жақындық қатынасатын түсіндіріп отыруды өзінің парызы деп біледі. Балаларын да осыған баулып, әркім өзінің ата-тегі туралы әңгімелеуді, оның өнегелі жақтарын уағыздауды дұрыс деп біледі. Ал қыз баланы келешек ана, нәресте тәрбиешісі, әулет ұйытқысы деп түсінген халқымыз оның өнерлі де әдепті, еңбекқор да сымбатты болып өсуіне, сәнді киінуіне көңіл бөлген. Сондықтан ұлттық тарихымызда ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан осындай салтымызды кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету – бүгінгі күннің өзекті міндеті. [4]
Әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпы, ата дәстүрі болады. Сонымен бріге жалпы қазақ отбасына ортақ ұлттық дәстүрлер де бар. Оларды атап өтсек: жасы кішілер үлкендердің атын атамай, ата-әже, әпке,аға, әке деп сыйлап қарым-қатынас жасауы, сондай-ақ жасы кішілер үлкендердің, әсіресе қариялардың алдын кесіп өтпеуі, отбасы мүшелерің бірін-бірі ренжітпеуі, әрқайсысының шама шарқынша іс атқаруы. Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тəжірибесін, бай рухани қазынасын жас ұрпақты тəрбиелеуді пайдаланған бала тəрбиесіне ерекше мəн бере, үміт арта, сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына асқарлы мақсат қойылып, келелі міндеттер жүктеген. «Болашақ ел қамқоры», «Отан қорғаушысы», «Шаңырақ иесі», — деп жақсы сөзін қазақ халқы баласына арнаған. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым- қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше үлгісі болып қалыптасқан. Сонымен қатар, үйге қонақ шақырғанда келген кісілердің аяқ киімдерін реттеп тұруға, ет турап беруге, кезегімен сәлемдесуге, қолға су құюға баланы бекітіп қойған. Бұл әдет баланың кішіпейіл болуына, алғыс алып батамен жолы ашылуына себеп болған.[5]
«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлттың тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» – деп, кезінде ғалым М. Жұмабаев айтып өткеніндей, ұлт тәрбиесін білім алушыға дұрыс деңгейде бере білсек, бүгінде белең алып жатқан жастар арасындағы келеңсіз оқиғалардан арылуға жол салған болар едік. Халқымыздың сан ғасырлардан келе жатқан ұлттық мұрасын оқу-тәрбие ісімен сабақтастыра отырып тәрбиелеу, ұмыт қалған салт-дәстүр, ұлттық ерекшелігімізді насихаттап, олардың бойына ұлттық психологияны қалыптастыру – әрбір ұстаздың міндеті.
Тәрбиелі білім – қазына, тәрбиесіз білім – қасірет екендігі баршамызға мәлім. Сондықтан кез келген сатыда тәрбиелі білім беру – міндеттіміз. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында ұлттық салт-дәстүр, рухани адамгершілік құндылықтарын дамыта тәрбиелеуді ұстануымыз керек. Ұрпақ тәрбиесі бір күндік немесе бір уақытта аяқталатын әрекет емес, тәрбие отбасынан басталады және өмір бойы жалғасады.[6]
Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналарға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, ар-ожданы мол, парасатты, еңбекқор бойында басқа да ізгі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу-деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында Отбасы тәрбиесінің негізі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады .
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз