Материалдар / Өзін өзі басқару ұйымының хаттамасы
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

Өзін өзі басқару ұйымының хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі басқару ұйымының хаттамасы
Авторы:
21 Қаңтар 2025
120
4 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

« Ақой жалпы білім беретін мектебі»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Хаттама № 1

Күн тәртібінде: 1. Өзін-өзі басқару органдарының жұмысын жоспарлау.

2.Мектеп оқушыларына Өзін-өзі басқару органдарының жұмысын таныстыру.

Қатысқандар: Фракция мүшелері, 8-11 сынып білім алушылары.

Мерзімі : 04-08.09.2023ж.

Бірінші мәселе бойынша « Ақой жалпы білім беретін мектебі» 7-11 сынып оқушыларының бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу мақсатында өзін-өзі басқару органдарының жұмысын жүргізу жоспары құрылып, мектеп директоры С.К.Сәкен бекітті.

Екінші мәселе бойынша оқушыларға Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында білім алушылардың «Мектеп парламент» өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, «Қазақстан 2020: болашаққа жол» 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы (екінші кезең - 2016-2020 жылдар), Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасы негізінде әзірленді.

Парламент – оқу-тәрбие процесінің проблемаларын шешуде мектеп, колледж, жоғары оқу орны әкімшілігінің таптырмас көмекшісі.

Парламентте оқушылар, студенттер мен педагогтер бірлесіп ынтымақтасуға үйренеді, маңызды мәселелерді шешуде толық құқылы әріптес болады.

Парламент – бұл білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуге қатысу нысаны.

Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.

Парламенттің міндеттері:

- білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, мектепте, колледжде, ЖОО-да бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру;

- ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру;

- әрбір білім алушыны білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту;

- өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту.

Парламент өзара көмек және сенім, дамуға ұмтылу, барлық оқушылардың тең құқылығы, шешімдер қабылдаудың ұжымдылығы, оқушылардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығы, әрбір жеке тұлғаға қатысты ізгілік, ашықтық, еріктілік, адалдық және серіктестерді құрметтеу қағидаттарына негізделеді.

Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:

1. Құқық және тәртіп фракциясы.

2. Ақпарат фракциясы.

3. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы.

4. Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология).

5. Қамқорлық фракциясы (еріктілік).

6. Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық).

7. Дебат қозғалысының фракциясы.

8. Экология және еңбек фракциясы.

Парламенттің жоғарғы органы – фракциялар көшбасшыларының жалпы жиналысы.

Парламенттің мектептегі қызметін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, колледж бен ЖОО-да Жастар ісі жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – ЖІК) төрағасы үйлестіреді.

Білім беру ұйымының әр сыныбында, әр тобында барлық 8 фракцияға депутаттар сайланады.

Парламент Президенті қажет болған жағдайда білім беру ұйымының түрлі алқалы органдарының отырыстарына қатысады.

Парламентті басқарудың негізгі нысаны – жобалық менеджмент тетіктерді тиімді басқарудың әмбебап технологиясы.

Мектеп оқушылары, колледж, ЖОО студенттері Парламент депутаттары бола алады.

Парламенттің жобалық қызметінің бағыттары: экологиялық, еріктілік, өлкетану, туристік, зияткерлік, экономикалық, спорттық, дебаттық, этномәдени, көркем-эстетикалық, музыкалық және басқа да шығармашылық жобалар.

Парламенттердің жобалау қызметін жүзеге асыру үшін мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындары базасында жобалау кеңселері (бұдан әрі – жобалау кеңселері) құрылады.

Жобалық кеңселер:

- жыл бойы парламент фракцияларының жобалық қызметін;

- мектеп, колледж, ЖОО Президентін сайлау және өзін-өзі басқару күндерін;

- алқалы органдардың жұмысына қатысуды үйлестіреді.

Әр жобаға түрлі іс-шаралар, жарыстар, акциялар, флешмобтар, экскурсиялар, жорықтар, турнирлер және т. б. кіреді.

Парламент Президентінің сайлауы жылына 1 рет қыркүйек айында өткізіледі.

Парламент мүшелерін, мектеп және студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларын ынталандыру үшін көтермелеудің мынадай түрлері мүмкін: мадақтамалар, дипломдар, «Мектеп Парламентінің көшбасшысы», «Студенттік Парламенттің көшбасшысы» медальдары, стипендиялар, табысты жобаны «Платиналық идеялар» әлеуметтік бастамаларының ұлттық базасына енгізу, Қазақстан бойынша сапарлар, «Балдәурен» РОСО сауықтыру және басқа да лагерьлерде балаларды сауықтыру.

Мектеп және студенттік жобалау кеңселерінің жобалар рейтингтері, Парламент туралы толық ақпарат мектеп, колледж және ЖОО-ның сайттарында орналастырылады.

Жыл сайын балалар мен жастар қозғалысы көшбасшыларының азаматтық қоғамды дамыту және жас ұрпақтың Отанды нығайту және өркендетудегі рөлі мәселелері жөніндегі бірегей республикалық диалог алаңы – Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мектеп және студенттік парламенттері көшбасшыларының республикалық слеті өткізіледі.


Күтілетін нәтижелер:

- адал, мейірімді және белсенді тұлғалардың тәрбиелі жас ұрпағы;

- қоғамдық (балалар мен жастар) сананы трансформациялау мен жаңғыртуда оқушылар мен студенттердің өзін-өзі басқару органдарының мәртебесі мен рөлін арттыру;

- білім алушыларды қызығушылықтары бойынша жобалық қызметке тарту;

- барлық деңгейлердегі бюджеттерден тұрақты және жүйелі қаржыландырылатыны айтылды.


Қаулы : 1.Өзін-өзі басқару органдарының жұмысын жоспары қанағаттанарлы деп танылсын.

2. «Мектеп парламент» өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы тыңдалды


Аға тәлімгер: Советхан.А







« Ақой жалпы білім беретін мектебі»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Мектеп парламенті» өзін өзі басқару ұйым отырысының

2 хаттамасы

Күн тәртібінде: Сыныптардағы өзін-өзі басқару ұйымын сайлау.

Қатысқандар: Фракция мүшелері, 5-11 сынып білім алушылары

Мерзімі : « 16 » қыркүйек

8-11 сынып оқушылар арасында «Өзін- өзі басқару» ұйымына сайлау өткізіп президенті сайланды. Сайлауға оқу үлгерімі жақсы, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Жалпы ұйымның мақсаты білім алушылардың бойына азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, адамзаттық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.

Мектеп президенті –Дәулеткерейқызы Нұрай болып сайланды.

Мақсаты: мектепте өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын алға қою. Мектеп білім сапасын 50 пайызға, тәртіпті 70 пайызға көтеру.

1. Құқық және тәртіп фракциясы - 8 сынып оқушысы: Найманбай Қадыр болып сайланды.

МӨБ ( мектептің өзін –өзі басқару) жұмысының нәтижелілігі жөнінде мағлұматтар жинау және оны талдау.

Міндеті:

Топтардың нәтижелі жұмыс жасауын ұйымдастыру

2. Ақпарат фракциясы- Иса Қарақат-.

Мақсаты: МӨБ ( мектептің өзін –өзі басқару) жұмысының нәтижелілігі жөнінде мағлұматтар жинау және оны талдау.

3. Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология) - 10 сынып оқушысы: Кеншілік Ақыт.

Мақсаты: үзіліс уақытында және мектепшілік іс-шараларда оқушылар арасындағы қоғамдық тәртіпті сақтау.

4. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы- 7 сынып оқушысы: Жанабай Бекнұр.

Мақсаты: Оқушылардың денсаулықтарына бақылау жасау, кеңес беру. Оқушыларды спортпен белсенді шұғылдануға баулу.

5. Экология және еңбек фракциясы - 9 сынып оқушысы: Асқарбек Айгерім.

Мақсаты: Оқушылардың ғылым, техника, экономика, заң, саяси, қоғамдық белсенділік саласындағы интелектуалдық кеңейту.

6.Мәдениет және өнер – 9 сынып оқушысы: Хуатхан Айсұлу.

Мақсаты: бағыт бойынша түрлі мәдени шаралар өткізу (әншілер конкурсы, бишілер жарысы, спортпен шұғылдануы, оқушылар жайлы мағлұмат жинау) Мектебіміздің «Өзін-өзі басқару » ұйымының вацап желісінде чат ашылып белсенділер тіркелді.

7.Дебат қозғалысы – 11 сынып оқушысы: Аманбек Нұрсұлтан.

Мақсаты: Қоғамда орын алатын мәселелерді жариялы талқылау жəне талдау арқылы білім алушылардың əлеуметтік жəне шығармашылық белсенділігін арттыру.

8.Қамқорлық (еріктілік)- 9 сынып оқушысы:Жолды Нұрдәулет-_.



Қаулы: Өзін-өзі басқару органдарының саулауы қанағаттанарлы деп танылсын
























Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

« Ақой жалпы білім беретін мектебі»

«Мектеп парламенті» өзін өзі басқару ұйым отырысының

3 хаттамасы

Күн тәртібінде:

1.ҚР «Білім туралы», «Мемлекеттік Жастар саясаты туралы» Заңдарын, ҚР өзге де нормативтік-құқықтық актілері мен мектепішілік Ережемен таныстыру

2.Әртүрлі мәселе.

Қатысқандар: Фракция мүшелері, 5-11 сынып білім алушылары

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша ҚР «Білім туралы», «Мемлекеттік Жастар саясаты туралы» Заңдарын, ҚР өзге де нормативтік-құқықтық актілері мен мектепішілік Ережемен таныстыру үшін мектеп педагог ұйымдастырушысы Д.Н.Сиқымбай жалпы ережелерді баяндады.

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары;
      2) жас отбасы - ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi, соның iшiнде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесiр әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтiн толық емес отбасы;
      3) мемлекеттiк жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесi;
      4) жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым - жастар  тіршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жастардың денсаулығын сақтау, оларға бiлiм беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтiк бейiмдеу, дене тәрбиесi, рухани және имандылық жағынан дамыту, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар жүйесi;
      5) жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер - жастарға медициналық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, олардың әлеуметтiк бейiмделуiне және оңалуына жәрдемдесу жөнiндегi ic-шараларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар;
      6) жастар ұйымы - негiзгi мақсаты әлеуметтiк, мәдени, бiлім беру мiндеттерiн және жастардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған өзге де мiндеттердi шешу, рухани және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылатын, мүшелерi (қатысушылары) жастар өкiлдерi болып табылатын 
заңды тұлғалар қауымдастығы (одағы)қор, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiк нысанында құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым;
      7) жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - берiлген өкiлеттiктер шегiнде мемлекеттiк жастар саясатын үйлестiрудi және iске асыруды жүзеге асыратын 
орталық атқарушы орган.

      2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар
              
саясаты туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаттары,
              
мiндеттерi және принциптері

      1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндеттерi:
      1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
      2) жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету;
      3) жастардың әлеуметтiк маңызды бастамаларын iске асыру болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты:
      1) ерекше әлеуметтiк-демографиялық топ ретiнде жастардың мүдделері мен қажеттілiктерiн тану;
      2) Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдылығы;
      3) тән саулығын сақтау және нығайту;
      4) адамгершілік және рухани даму;
      5) қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
      6) азаматтықты қалыптастыру;
      7) жастардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыру;
      8) жастардың проблемаларын шешудегi жүйелiлiк пен кешенділік;
      9) мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру мeн iскe acыруға жастардың тiкелей қатысуы принциптерiне негiзделедi.

2-тарау. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар
саясатының негізгі бағыттары

      5-бап. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының негізгі бағыттары:
      1) жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
      2) жастар еңбегі мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы кепілдіктерді қамтамасыз ету;
      3) жастардың кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу;
      4) жас отбасыларын мемлекеттiк қолдау;
      5) жастардың тегін негізгі орта, жалпы орта білім алуына консультациялық 
құқығын іске асыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;

Әлеуметтік желіні пайдаланып осы тақырыпқа сай мәліметтермен қосымша толық таныссаңдар болады.

Екінші мәселе бойынша ____-_________ жалпы орта білім беретін мектебінің алдағы қазан айындағы жоспарымызға сай мектепішілік ,мектеп формасы, оқулық, суық қару, т.б. рейд ұйымдатыру туралы әр фракция белсенділерімен рейдтік жұмыс ұйымдастырылатыны айтылды.



Қаулы:1. ҚР «Білім туралы», «Мемлекеттік Жастар саясаты туралы» Заңдарын, ҚР өзге де нормативтік-құқықтық актілері мен мектепішілік Ережемен таныстырылды.

2.Мектепшілік рейд жүргізу құрамы анықталысын.







Аға тәлімгер: Советхан.А












« Ақой жалпы білім беретін мектебі»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Мектеп парламенті» өзін өзі басқару ұйым отырысының

4 хаттамасы

Күн тәртібінде:

1. Мектепішілік ,мектеп формасы, оқулық, суық қару, т.б,рейд

2. Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу

Қатысқандар: Фракция мүшелері, 5-11 сынып білім алушылары

Тыңдалды:

« Ақой жалпы білім беретін мектебі» мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйым белсенділерімен мектеп оқушыларының арасында рейд жүргізілді.жиналыста мәлімделді. Жиналысқа аудандық ІІБ-нің ЮПТ инспекторы полиция копитанАйбар Құттыбеков, ата – аналар комитетінің төрайымы уаш Айдынгүл, мектеп директоры ____С.К.Сәкен , директордың тәрбие ісінің жөніндегі орынбасары Ибрайкина Ляззат , оқу ісі меңгерушісі Б.Бейбітхан, психолог Таксимова Анар, АӘД жетекшісі Рақымбек Берік, тәлімгер Советхан.А әлеуметтік ,педагог – Закирбеков Ержан және 5 сынып жетекшілері мен 5-11 сынып оқушылары қатысты.

Бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ибрайкина Ляззат құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша оқушыларға дене жарақатын жеткізетін суық қаруларды мектепке алып келмеу, пайдаланбау сумкаға салмау барысында жалпы оқушыларға мәліметтер беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онда мектеп оқушыларының бір бірімен келіспеушілік жағдайында келеңсіз жағдай орын алмау үшін орын алған жағдайда ашуға берілмей, өздерін сабырлықпен ұстап, мектеп ұстаздарына хабар беріп, дер кезінде мәселені келісіммен шешу керектігін айтып, түсіндірді. Осы мәселе бойынша аудандық ІІБ-нің ЮПТ инспекторы полиция копитаны _______жалпы оқушыларға құқықбұзушылықты болдырмау, бір бірімен ұрыспау, әлімжеттілікке салынбау, ата-анамен мұғалімдердің айтқанын оқушылар ережесіне сай бұлжытпай орындау, өзінің өмір қауіпсіздігін сақтау барысында үнемі ұмытпай, дене жарақатын жасайтын суық қаруларды еш уақытта алып жүрмеуін айтып ескертіп, өз сөзін аяқтады.

Осы мәселе бойынша мектеп директоры С.К.Сәкен сөзге шығып, оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша құқықтық заң баптарымен жеке-жеке таныстырып, жасөспірімдер арасында қылмыстық істерді, заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өз сөзін аяқтады.




Қаулы:


  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ибрайкина.Л оқушылармен жүргізген құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тыйым салынған дене жарақатын жеткізетін суық қаруларды мектепке алып келмеу, пайдаланбау туралы жүргізген түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілсін.





Аға тәлімгер :____ Советхан.А









































«Мектеп парламенті» өзін өзі басқару ұйым отырысының

5 хаттамасы

Күн тәртібінде : 1. «Жан қазынасы – адамгершілік негізі» ток-шоу

2.Әртүрлі мәселе

Қатысқандар: Өзін –өзі тану және бақыт фракция белсенділері, 8-11 сынып білім алушылары

Мерзімі : « 04 » желтоқсан

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша Ақой жалпы білім беретін мектебі өзін-өзі басқару және бақыт фракция жоспарына сай 8-11 сынып оқушыларымен «Жан қазынасы – адамгершілік негізі» ток-шоу ұйымдастырылды.Ток шоудың мақсаты: Білімдік-танымдық: Оқушылардың білімдік дағдысын  қалыптастыра отырып, діни бағыттағы сауаттылығын жетілдіру  арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау. Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу.Тәрбиелік:  Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі  тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.Міндеті: 1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта білуге дағдыландыру.

Түрі:  Пікір алысу Әдісі: Парламенттік шоу бағдарламасы желісінде миға шабуыл жасау, сыни тұрғыда ойлауға үйрету әдістері пайдаланды.Оқушылар тақырыпты жан жақты талқылап,мәліметтер ұсынды. Екінші мәселе бойынша Ақой жалпы білім беретін мектебі өзін-өзі басқару және бақыт фракция жоспарына сай алдағы өтілітін іс-шараны ұйымдастырылуы талқылынды.

Қабылданған шешім: 1.«Жан қазынасы – адамгершілік негізі» ток-шоу өз дәрежесінде өтті,іс-шара мектеп әлеуметтік желі парақшасына жариялансын.

Аға тәлімгер: Советхан.А








Ақой жалпы білім беретін мектебі

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Мектеп парламенті» өзін өзі басқару ұйым отырысының

«Мектеп парламент» ұйымының Құқық және тәртіп фракциясының анықтамасы

Аптасына бір рет «Құқық және тәртіп» фракциясының мүшелері Найманбай Қадыр мен Төлеген Думан с 5-10 сынып оқушылар арасына буллинг және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар оқушылар арасында мектеп формасы сақтау мақсатындада түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

«Құқық және тәртіп» фракциясының атқаратын міндеттері: Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқықбұзушыларға қарсы тұра алатын,құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу .

Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты тұлғаны, саяси құқықтық мәдениеті дамыған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресе алатын тұлғаны дамыту.Мәдени санасы мен танымы кең, балалармен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық зомбылыққа қарсы тұра алатын тұлға қалыптастыру.

Осы мақсатта «Құқық және тәртіп» фракциясының мүшелері Найманбай Қадыр мен Төлеген Думан мектебімізде белсенді жұмыс жасауда.





Аға тәлімгер:________________ _ Советхан.А







Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі