Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және талдау жолдары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және талдау жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтың кәсіби – құзыреттілігі — өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие көрсеткіші. Міндетті шешу және қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік стандарттарының жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейінен кем емес білім алуының талап етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс — тәсілдерін өзгертіп, озық технологияларды қолдануды, мұғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, олардың оқытудың жаңаша әдіс — тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін қажет етеді. Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі – мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіду болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және талдау жолдары


Бахрамова Г.А. – п.ғ.к.

Шымкент университеті, «Педагогика» кафедрасы


Педагогтың кәсіби – құзыреттілігі — өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие көрсеткіші. Міндетті шешу және қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік стандарттарының жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейінен кем емес білім алуының талап етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс — тәсілдерін өзгертіп, озық технологияларды қолдануды, мұғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, олардың оқытудың жаңаша әдіс — тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін қажет етеді.
Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі – мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіду болып табылады.                                                 

Мұғалімнің өздігінше кәсіби білім көтеруі – жалпы мәдениет пен кәсіби тілектерін өтеу, танымдық мұддесін қанағаттандыру максатында арнайы жүйелі түрде ұйымдастырылған, жан – жақты, жеке және кәсіби маңызды танымдық қызмет. Бұл мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз байланысты, оның кәсіби өсуі мен педагогикалық қызметінің қорытындысына тікелей бағытталған көпсатылы қызмет болып табылады. Түптеп келгенде, бұл тәрбиеленушілердің жеке тұлға болып қалыптасуына игі әсерін тигізері сөзсіз.                          

Мұғалімнің өз бетімен кәсіби білім жетілдіруге дайын болуы   білім жетілдіру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті іс — әрекет пен амалдарды қолдана отырып, өз кәсібі мен тәрбиеленушісіне деген эмоционалды бағалау қарым – қатынасын айқындайтын деңгейі арқылы анықталады. Өзі жеке тұлға болып қалыптасқан адам ғана өзгеден де соны керіп, дамыта алады. Өзін маман әрі жеке түлға ретінде көрсете алатын мұғалім еш уақытта өзінің жақсы қасиет, қабілеттерін саналы түрде дамытып, жетілдіруден жалықпайды. Жеке тұлғаның өз «менін» қалай көрсете білуі, оның қаншалықты саналылығын және жетілу деңгейін байқатады.                                                 

Педагогикалық рефлексия – бұл тек өзіне және өзінің іс — әрекетіне баға беру ғана емес, сонымен бірге педагогикалык, қарым – қатынасқа түскен өзге жандардың да өз — өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау, өзін — өзі тану, өзінің әлсіз жақтары мен потенциалдық мүмкіндіктерін аша білу үшін қажет.
Өзіндік талдау жасаудың маңызы мұғалімнің мінсіздікке жетуге ұмтылу факторы ретінде қаралатындығында. Өзін — өзі тексеру деп мұғалімнің өз іс-әрекеті мен жалпы педагогикалық қызмет құбылыстарын салыстыра отырып, өзінің педагогикалык, қызметіне жасаған талдауын айтуға болады. Өз қызметіне талдау жасап отыру мұғалімге қызмет бабында туындап отыратын қиындықтарды сезініп, оларды шешудің мақсатқа жеткізер кәсіби жолдарын табуына көмектеседі.

Қиындықтар мұғалімнің дайындық сипатының жеке ерекшелігіне, оның кәсіби бағыттылығына, сынып пен жеке балалардың ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық процестің кез келген   буынында пайда болып отырады. Қиындықтардың туу себептерін анықтай білу — мұғалімге өзінің педагогикалык қызметінің барысында өз білімін жетілдіру мен өзін — өзі тәрбиелеу жолдарын белгілеуге жәрдемдеседі.      Педагогтың өз бетімен білім жетілдіру қызметі әр түрлі мазмұндық және функционалдық құрамдас бөліктерден тұрады.                                                       

Мазмұндық құрамдас бөлікке жалпы мәдениеттілік, пәндік, психологиялық – педагогикалық және әдістемелік жағынан өз білімін көтеруі жатады. Педагогтың жалпы мәдениеттілік білім көтеруі жалпы педагогикалық құндылыққа толы ақпаратты қабылдау, соған ие болуға арналған.  Ал, өз білімін психологиялық – педагогикалық жағынан көтеруі — педагогикалық және психологиялық әдебиеттермен тереңірек танысып, оқып үйрену болып табылады. Осы бағытты арнайы зерттеу мен одан алынған нәтижелерге сүйене отырып, бұл аспектінің білім көтерудің өте бір әлсіз буыны екеніне көзіміз жетті. Мұғалімнің әдістемелік жағынан білім көтеруі пәннің оқытылу әдістемесін одан әрі тереңдету, нақтылау, өңдеу, кеңейту болып табылады. Бұл арнайы әдістемелік әдебиетті, оқулықтарды, педагогикалык тәжірибені оқып үйрену арқылы, өз кызметін талдап қорыту арқылы жүзеге асырылады.     

Бұл бағыт көптеген мұғалімдерде жиі байқалады, бірақ бар-
лық жағдайда бірдей алынған ақпарат саналы түрде шығармашылық тұрғыдан өңделмей, сын тұрғысынан талданбай, тек еліктеушілік сипатта қала береді.   Кәсіби шеберлігі шыңдалып қалыптасқан мұғалім үшін бұл да оның өмірінің кәдімгі үйреншікті тірлігіне айналады. Кәсіби перспективтік өздігінше білім алу — бұл мұғалімнің өзінің педагогикалық қызметінің нәтижесін талдау негізінде пайда болған белгілі бір психологиялык, — педагогикалық немесе әдістемелік мәселе төңірегінде ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуі.   Өзектілік тұрғысынан педагогикалық өздігінше білім алу дегеніміз — бұл тез шешім қабылдауды қажет ететін педагогикалық қызметтегі кейбір елеулі, маңызды, бірақ жекелеген қиындықтармен жұмыс. Мұғалімнің өз бетінше кәсіби білім алуының мазмұндық компоненттерінің әрқайсысы әртүрлі деңгейде қалыптасқан болып, соның нәтижесінде барлық өзбетінше білім алу қызметі көп деңгейлі білім алу ретінде көрінуі мүмкін.                

Қазіргі заман талаптарына сай мұғалімдерді даярлауда жаңа мақсат – міндеттер  қойылып отыр. Мұғалімнің кәсіби білім мен біліктілігі жоғары деңгейде болып, окушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту мәселелерін шешуге шығармашылық қабілеттері болуға тиісті.

Мұғалімнің кәсіби даярлығын жетілдіруде екі негізгі міндетті орындау кажет:                                     

- бірінші мәселе — ұстаз қызметінде тәрбие беру мәселесі;                                

- екінші мәселе — дидактикалық даярлығын арттыру.                         

Мақсатты және бағдарламалық — мақсаты тәсілдерді дамьпу педагогикалық оқу орындарының мұғалімнің тәрбиелік міндеттерінің көбеюі (кәсіби қажетті білім, дағды, мүмкіндіктерінің ауқымын кеңейту) және оқу орын қабырғасында жүрген осы қажеттіліктер ауқымын нақты игеру мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған.

Болашақ мұғалім — тәрбиеші жүмысының, мазмұндық және міндеттік қырларын нақтылау факультет пен мамандық ерекшелігі ескеріліп, кажетгі және мәліметтерді таңдап алу негізіңде жүргізілу қажет. Негізгі педагогикалық ережелерді ғылыми пайдалану дәрежесін арттыру, педагогикалық қызметті игерудің сапасын жетілдіру де осы мақсатка қызмет етуге тиісті.  

       Дидактикалық дайындық — кәсіби – педагогикалық даярлықтың негізгі және маңызды саласы.    Дидактикалық даярлықты қалай түсіну керек? Мұғалімдердің дидактикалық даярлығына жататындар: олардың оқыту үрдісінің теориясы мен практикасы бойынша игерген білімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы мен мүмкіндіктері. Нақты айтқанда, оқытудың мақсаты мен мазмұны оны ұйымдастырудағы қолданатын тиімді әдіс — тәсілдерді жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруді дидактикалық даярлықты анықтайтын белгілер деуге болады. Осыған орай, педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында мынандай дидактикалық қабілеттер болуы қажет: оқыту үрдісін жоспарлай білуі, оны мақсатты турде ұйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы.  Мектептегі оқыту дидактикалық үрдіс болғандықтан, болашақ мұғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін білуі өте қажет. Оқыту үрдісінің басты компоненті — оқытудың мақсаты мен мазмұны. Оқушылардың рухани дамуына, ең алдымен, оқытудың ғылыми мазмұны мен гуманитарлық бағыты орасан зор ықпал етеді.                                                                

Педагогика және психология, ғылымдарын оқыту барысында болашақ мұғалімдердің дидактикалық білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің кәсіби құрылымы мен оның моделі туралы, сондай – ақ, мектептегі оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялык және әдістемелік құралдары мен тиімді жолдары туралы жан  жақты білім беру міндеті туындайды.

Жас мүғалімдердің қызметіндегі дидактикалық қиындықтар негізінен олардың мынандай іс-әрекетінен байқалады:                                                        

-  ұстаздық қызметтің мазмұны мен кұрылымдык, жағына байланыс іс-әрекетінде;                                                                                                                

-  оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырудағы іс-әрекетінде;

-  дарынды балалармен, үлгермейтін оқушылармен дара жұмыс істеу әрекетінде.          

Жас мұғалімдердің ұстаздық қызметке тән іс-әрекеттің негізгі түрлерін (құрамды бөліктерін) жете меңгере алмағандығын өмір көрсетіп отыр. Оған мыналар жатады:                                                                                    

-  ұстаз қызметіндегі мақсат қоя білу ісі;                                                        

-  білімнің мазмұнын игеру ісі;                                                                         

-   оқушылардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау (диагностикалау) ісі;                                           

-  сабақ өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу ісі;                               

-  оқушылармен жақсы қарым — қатынас жасай білу ісі (коммуниактивтік әрекет);                                                                                                                        

-  оқушыларды білімге ынталандыру, қызықтыру іс-әрекеті;                    

-  оқушылардың білім, дағдыларын бақылау және бағалау іс — әрекеті.         

Жас мұғалімдердің қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатындары мыналар:

          -  оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық әрекетін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастырудағы қиындықтар;                                                           

- оқушылардың оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтар; дарынды балалармен және үлгермейтін оқушылармен жекелеп жұмыс істеудегі қиыңдықтар.                                                                                 

Мұғалімдері қандай болса, қоғамы да сондай деген бұлжымас заңдылық ерте уакыттардың өзінде – ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекеттер ғана алга озып шыққан. Мұғалімнің рөлін төмендету қашанда болмасын мемлекетті аздырып, әдет – ғұрыптарды нашарлататын кынжытарлық жағдайлармен аяқталып отырған.

Алғашқы талап — педагогикалық қабілеттіліктің болуы — оқушылармен жұмыс жүргізуге бейімділіктен; балаларға сүйіспеншіліктен; олармен қарым – қатынаста қанағаттанудан көрінетін тұлғалық сапа.   Мәселен, В.А.Сластенин қабілеттердің мынаңдай негізгі топтарын бөліп керсеткен:         

1. Ұйымдастырушылық: мұғалімнің оқушыларды топтастыра алуы, оларды іске араластыру, міндеттерін бөліп беру, жұмысты жоспарлау, атқарылған істің қорытындысын шығару және т.б. біліктілігінен байқалады.              

2.  Дидактикалық: оқу материалын көрнекілік, құрал – жабдықтарды іріктеу және дайындау; оқу материалын ұғынықты, анық, мәнерлі, сапалы және бірізділікпен баяндау; танымдық қызығушылықтар мен рухани қажеттіліктердің дамуын ынталандыру, оқу — танымдық белсенділігін арттыру.

3.   Рецептивтік: тәрбиеленушілердін рухани әлеміне ене алу, олардың эмоционалдық көңіл – күйін объективті бағалау, психика ерекшеліктерін анықтау біліктілігінен көрініс береді.                                                                    

4.   Коммуникативтік: мұғалімнің оқушылармен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен, оқу орнының жетекшілерімен педагогикалық максатқа сәйкес қарым-катынастар орната алу біліктілігінен байқалады                          

5.  Суггестивтік: оқушыларға эмоционалды – еріктік ықпал жасаудан көрінеді.                                                                                                                 

6.  Зерттеушілік: педагогикалық ситуациялар мен процестерді танып білу және объективті бағалау біліктілігінен көрініс береді.                                                      

7.  Ғылыми – танымдық: мұғалімнің педагогика, психология, әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге қабілеттілігіне байланысты.                

Педагогикалық кабілеттерді (шығармашыл, икемділік, бейімділік) педагогикалық алғышарты деп есептеуге тура келеді, алайда олар тіпті де шешуші кәсіби сапа емес. Мұғалім - ол қашанда ұлы еңбекқор жан.           

Гуманизм — бұл мұғалім үшін міндетті сапа, яғни, өсіп жетіліп келе жатқан адамға жер бетіндегі жоғары құндылык, ретінде қарым – қатынас   жасау, бұл қарым – қатынасты ол нақты істер мен қылықтарында көрсетеді.
Мұғалім мамандығында тұлғалық сапалар кәсіби сапалардан ажыратылмайды. Кәсіби сапалар арнайы білімдер, біліктер, ойлау жолдарын, әрекет әдістерін игерумен байланысты. 

Өзінің кәсіби еңбегіне суйіспеншілік — өз ісіне адалдық пен аямай берілгендік, тәрбие нәтижелеріне қол жеткізгенге қуану, өзіне, өзінің педагогикалық мамандығына ұдайы арттырып отыратын талап қоюшылық деп санаймыз. Өзге мамандықтарға дәл осы мұғалімдік секілді соншалықты жоғары талаптар қойылмайды. Сондай – ақ, бастауыш мектеп мұғалімінің жұмысын талдауда мұғалімдік шеберлік деп аталатын біріктірілген сапа алдыңғы орынға шығады. Педагогикалық шеберліктің анықтамасы көп. Ең жалпы мағынада ол — тәрбиелеу мен оқытуды жоғары және ұдайы жетіддіру өнері.   Шеберліктің негізіне мұғалімнің жеке мәдениеті, білімі мен ой — өрісінің педагогикалык, техникамен, сондай-ақ, алдыңғы озық тәжірибемен ұштасып, қорытылуы алынған. Шеберлікті меңгеру үшін көп нөрсені білу және істей алу қажет. Теорияны білу, оқу – тәрбие процесінің тиімді технологиясын пайдалана білу, оларды нақты жағдай үшін дұрыс тандау, тиісті деңгей мен сапаны белгілеу, болжау және жобалай алу кажет. Педагогикалық шеберлікті кұрайтындар аз емес. Ол, ең алдымен, оқу процесін барлык, тіпті жағымсыз жағдайлардың өзінде қажетті деңгейдегі тәрбиелік даму және білімге қол жеткізуге болатындай етіп ұйымдастыру біліктілігінен көрініс табады.   

       

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Бахрамова Г.А. Кәсіби мектеп мұғалімінің теориялық және практикалық дайындығының біртұтастығы / Қазақстанның ғылымы мен өмірі № 5 (40). - Астана, 15.09. 2016. – С.214-216

2. Таубаева Ш.Т. Құдайбергенова К. Педагогикалық инноватиканың ғылым ретінде қалыптасуы. // Қазақстан жоғары мектебі. 2016. №5

3. Устемиров К. Кәсіби педагогика негіздері.- Алматы, 2007.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.06.2022
660
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі