Педагогикалық білім беру мазмұнының жаңартылуы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагогикалық білім беру мазмұнының жаңартылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап ететініні" барлығымызға белгілі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Неткалиева Гульмира Бисеновна

Орал қаласы, 172 топ

17 қараша, 2017 жыл

Рефлективті эссе

Педагогикалық білім беру мазмұнының жаңартылуы

Осы курста тындаған Қайрат Құрақбаевтың "Педагогикалық білім берудің мазмұнын жаңарту" тақырыбындағы дәріс мазмұнынына сай "Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап ететініні" барлығымызға белгілі.

Өздеріңіз білесіздер қазір, Қазақстанда орта білім беру саласында көптеген реформалар мен өзгерістер болып жатыр. Білім беруді жаңарту үшін әрине педагогикалық білім беруді жаңартпайынша орта білім берудің мазмұнында жаңартулар болмайды.

Білім беруді реформалау жағдайындағы айрықша өзекті мәселелердің бірі — қазіргі қоғамдағы мұғалімнің қызметі.

Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді.

Барлық дамыған елдер өзінің бірегей жоғары сапалы білім беру жүйесіне ие. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығулары тиіс. Қазіргі мемлекеттік бағдарламаларда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім берудегі озық іс-тәжірибелерінің ең үздік үлгілерін еліміздің барлық білім беру мекемелерінде кіріктіру көзделген.

-Білім беру бағдарламаларын жаңартудың басымдықтары;

-Рухани құндылықтар мен дағдылар;

-Спиральді (шиыршық) оқу бағдарламасы;

- Тілді оқытуда қолданылатын оқыту тәсілдері;

-Белсенді оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі;

-Тілдік дағдылар;

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.

Жаңа форматты бағдарламаның арқасында мұғалімдер халықаралық тәжірибені өздеріне енгізе алады. Мұғалімдер өз тәжірибесі туралы сыни тұрғыдан ойланып (рефлексия), өзін-өзі жетілдіру қабілетіне ие болуда. Педагог ретінде өз рөліне және өз мамандығына жаңаша көзқараспен қарап, жеке басының тұлғалық қасиетінің жақсаруына, құзыреттілігінің дамуына мүмкіндік алып отыр. Сонымен қатар оқушыларды критериалды бағалау, өзара бағалау, оқушының өзін -өзі бағалауы , кері байланыс жасау оқушылар үшін де мұғалімдер үшін де маңызды.

Мен, Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бірінші деңгей бағдарламасын оқып меңгеру барысында адамдардың қалай білім алатыны жөнінде заманауи ой – пікірлермен танысып, соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелерін өз қажеттілігіме пайдалануға мүмкіндік алдым. Сабақты бұдан да тиімді , оқушының пікірін ескере отырып, олардың сындарлы ойлауын дамытуға бағыттап өткізу , нәтижелерімді арттыра түсті.

Жалпы менің түйгенім, бұлай оқытудың бастапқы идеясы оқушыларды дайын, білімменен сусындату емес, керісінше механикалық деңгейдегі сұрақтардан туындайтын жоғары деңгейдегі сұрақтарға оқушылар жауап бере отырып, өзі ізденіп, өзі қызыға оқитын, өздерінің ойын пікірталаста еркiн айта білетін, өз біліміне өзі жауап беретін жеке тұлғаны елімізде тәрбиелеп шығару. Қазіргі сабақтар оқушылардың диалогымен, өзін-өзі немесе бірін-бірі бағалаумен, өз ойын еркін жеткізумен жалғасатын болады. Сабақ беру үрдісінде оқушылардың бейімделуін, қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескеру өте маңызды деп ойлаймын. Оқушылардың топпен және жеке жұмыстануларына бағыт-бағдар беріп, сабақтарымызды жаңаша жоспарлап, оқушыларды өзімізбен тең жағдайда жұмыстандырып, оқушылардың өздері еңбектенуі арқылы сол тақырыптарды меңгеріп, жеткізіп түсіндіруі үлкен еңбек.

Оқушылардың ішкі уәждері басым болуы керек. Олар топпен бірігіп жұмыс жасап, әр топ мүшесінің жұмыстанып, жауап беріп, кері байланыс жасауы маңызды. "Критерий" арқылы бағалауда мұғалім бағыт беріп, оқушылар да шынайы бағаны көріп отыруы керек. Оқушыларға әр уақытта сеніммен қарағанымыз дұрыс.

Тәжірибемде әріптестерімнің пікірлерімен үнемі танысып отырдым. Өзімнің түйгенім сабақты осылай ұйымдастыру өте тиімді, әсіресе балалармен кері байланысқа түсу (рефлексия) балаларды қанаттандырады - деп ойлаймын.

Өз білімімді жетілдіре отырып сабақ беру әдісімнің жаңарағанын , оқушылардың білім алу әдісінің жаңарғанын сезіндім.

Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
539
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі