Педагогикалық коллледж студенттерін ғылыми-зерттеу жұмысқа дайындау критерийлерін таңдаудың ерекшеліктері
Адильбекова Замира Жаңабекқызы
Тараз
қ.
№69 келешек мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Білім беру жүйесінде көрсетілгендей педагогтік мамандық өзіне белгіленген құқылары мен міндеттері бар:
Педагог құқылары: кәсіптік қызметі үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуіне, белгіленген тәртіппен білімін жетілдіруге, жыл сайын ұзартылған демалыс алуға, оқу орындарындағы өзін-өзі басқару органдарына және білім беруді қоғамдық басқару органдарына қатысуға . . . құқылы.
Педагог міндеттері: оқушылар алған білімінің мемлекеттік стандарттан төмен болмауына күш салуға, оқушылардың өзіндік және шығармашылық қабілеттерінің көрінуі мен дамуы үшін жағдай жасауға, өз біліктілігін арттыруға, оқыту мен тәрбиелеуді жоғары кәсіптік деңгейде, Қазақстан халықтарының ұлттық дәстүрлері рухында жүргізуге мұғалімнің педагогикалық шеберлігін дамыту оның сыртқы келбеті мәдениетін қалыптастыру негізінде мүмкіндіктері.
Педагогикалық ғылыми-зерттеуде педагогиканың заңдылықтарын, ұстанымдарын және ұғымдарын бірізділікпен пайдалану зерттеудің ғылымилық мәнін, сол ғылымға тән ерекшеліктерді ақырындап беруге көмектеседі. Ғалымдар ғылыми-педагогикалық ойлаудың критерийлері мен параметрлерін анықтады: тәрбие құбылыстары мен фактілерін, оның тұтастығын анализдей алу, педагогикалық практикада зерттеудің өзара байланыстылығы мен тәуелділігін басшылыққа ала отырып зерттеу жүргізу; шығармашылық және практикалық іздену жұмыстарында теория мен жаңа идеяларды пайдалана алу қабілеті.
Н.М.Зверев, А.К.Касьян және т.б. ғалымдар ғылыми-педагогикалық ойлаудың келесі түрлерін анықтай отырып, оны білім мазмұнына кіру керектігін ескертеді:
а) белгілі құбылысты бақылау, талдау алу, құнды, маңызды фактілерді құнсыз фактілерден ажырата алу;
ә) эксперимент жүргізе алу (оның жоспарлануы, жүргізілуі, түсіндіруі және нәтижесін өңдеуі;
б) зерттеудің жеке этаптарына белсенді ізденіс жүргізу;
в) теориялық білімнің құрылымын ұғыну;
г) жалпы ғылыми идеялар мен принциптерді меңгеру;
ғ) күрделі жағдайлардағы маңызды мәселені бөліп ала білу, оны ой қорытындысынан өткізу, материалды талдау және жалпылау;
д) жаратылыстанудың ғылыми таным әдістерін меңгеру, оның жалпы ғылыми әдіснамамен байланысы; құбылысты қарастыра отырып, оның қарама-қайшылықтарын, пәннің мәнін, өзара байланысын қарастыра алу.
Педагогикалық заңдылықтар. Педагогикалық заңдылықтар туралы Ю.К.Бабанский, И.Ф.Харламов, Ж.Б.Қоянбаев педагогика оқулықтарында педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптерін атап көрсеткен. Педагогикалық заңдылықтарды анықтау үшін алдымен педагогикалық процестің диалектикасына тоқталу қажеттігі туындайды. А.С.Макаренко педагогиканы диалектикалық ғылым деп қарастырған. Оқыту мен тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама-қарсылығында ашылады деген.
Құбылыстар мен процестер дамуды сипаттайтын мәнді байланыс заңдылық деп аталады. Педагогикалық процестің заңдылықтары оның тұтастығын көрсетеді. Ж.Б.Қоянбаев өзінің педагогика оқулығында педагогикалық заңдылықтарды атап көрсете келе, 7 заңдылықты анықтаған:
-
Оқыту мен тәрбиенің қоғамдық әлеуметтік, экономикалық жағдайына байланысты заңдылығы.
-
Тәрбиенің, оқытудың білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы.
-
Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі заңдылығы.
-
Тәрбие мен оқыту іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші ролі заңдылығы.
-
Педагогикалық процесте оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу заңдылығы.
-
Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланыс заңдылығы.
-
Педагогикалық процестің міндеттерінің, мазмұнының, формаларының (түрлерінің) өзара байланыс заңдылығы.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу ұстанымдары.
Педагогикалық ұғымдар – педагогика пәнін және оның зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық. Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда мұндай ұғымдарды болмыс, материя, қозғалыс, экономикалық теорияларда – қоғамның өндіргіш күштері, өндіріс қатынастар, ал педагогикада – негізгі ұғымдар болып тәрбие, білім беру, оқыту жатады.
Ұғымдар – объктивтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы және ұғым дегенімізді біздің санамыздың сатылары деп түсінуге болады.
Педагогикалық ұғымдар арқылы құбылыстарды зерттей отырып, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогикалық «мақсат», «құрал», «тәсіл», «даму», «қалыптасу» сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ олар барлық ғылымдарға, оның зерттеу салаларына, зерттеу нысандарына ортақ ғылыми ұғымдар болып есептелінеді. Әрине, олар да педагогика ғылымының, педагогикалық теорияның дамып, жетілуіне өз үлестерін қоса алады.
Педагогикалық ұғымдардың бірі - тәрбие. Педагогикалық құбылыстар мен процестер. Педагогикалық процестің мәні туралы жүйелі білім көптеген ғалымдардың еңбектері нәтижесінде құрылды. (И.Г.Пестолоций, И.Ф.Гербарт, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерос, П.П.Блонский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, А.П.Пинкевич, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, Э.Г.Костяшкин, Ю.К.Бабанский, М.А.Данилов, Л.Ю.Гордин, В.С.Ильин, В.М.Коротов, Б.Т.Лихачев, Ю.П.Сокольников, Н.Д.Хмель және т.б.)
Тәрбие мен оқытудың біртұтастығы идеясын ХІХ-ғасырдың ортасында тууына байланысты жаратылыстану, философиялық білім мен дидактиканың дамуымен бірге біте қайнаса дамиды.
Педагогикалық құбылыс – сапалы адам қалыптастырудағы көптеген процестердің жиынтығы, әлеуметтік құнды тәжірибе. (М.А.Данилов) Педагогикалық процестің негізгі ерекшелігі оның біртұтастығы болып табылады, яғни білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелік процестердің тәуелділік жиынтығы. Педагогикалық процестің біртұтастығы оқыту мен дамыту, тәрбиелеу мақсатының негізгісі, нақты оқу-тәрби бағдарламасы болып табылады.
Біртұтас педагогикалық процестің мәселелерін, ерекшелігін, мәнін, мазмұнын зертеген методолог-педагог ғалымдардың ішінен М.А.Даниловты ерекше атап кеткен жөн. М.А.Данилов педагогика курсының негізін қалай отырып, оның логикалық құрылымының, барлық ішкі компоненттерінің байланысы туралы мәселені ашып көрсете отырып, педагогика курсын болашақ мұғалім іс-әрекетіндегі теориялық және практикалық негізгі пән ретінде беруге өз күшін салды. Оның шығармашылығы, зерттеу жұмысы, оқыту, тәрбиелеу, білім беру, педагогикалық процестің диалектикалық заңдылықтарын ашып көрсетуде бастапқы білім жүйесі болып табылады.
Педагогиканың әдіснамалық негізі педагогикалық теорияның білім жүйесі, негізі және құрылымы принциптері, білімді дамыту тәсілдері, педагогикалық шындықта көрінуі. Бұл анықтаманы М.А.Данилов 1973 жылдарда берген. Ғалым зерттеу мәселесінде оқыту процесінің теориясы мен практикасында, оқу процесінің диалектикалық табиғатына, оның заңдылықтарына, мұғалім іс-әрекетінің кәсіптік ғылыми негізін қамтамасыз ету жақтарына көңіл бөлді.
60 – жылдардың орта шенінде В.С.Ильин «Оқушының танымдық қажеттіліктері» феноменін жасап және тұтас педагогикалық процесті синергетикалық жолмен түсіндірді. 80 – жылдары академик Ю.К.Бабанский педагогикалық процесті оптимизациялаудың нақты педагогикалық теориясын құрды.
Соңғы жылдардың педагогикалық оқулықтардағы «тұтас педагогикалық процесс» түсінігінің динамикалық дамуын қарастырайық. Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин, Н.А.Сорокин оқулықтарында педагогикалық процесті бірнеше біртұтас ерекшеліктермен түсіндіреді, оқыту, тәрбиелеу, білім беру және дамыту процесің негізгі жолы, оған кіретін барлық процестерді бір-бірімен байланыстырады. Оқыту мен тәрбие әдістерінің бір-бірімен байланыса, кіріге араласуына жағдай туғызады; мектеп жұмысының жоспарында бағдарлы жоспарлауға, тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамытуға; педагогикалық және оқушылар ұжымының біртұтас мектеп ұжымын құруға әсер етеді, өзінің біртұтастығын көрсететін заңдылықтары мен принциптері бар процесс. Оқулықта тұтас педагогикалық процестің мәнін, мазмұнын, принциптерін, заңдылықтары мен категорияларын түсіндіретін, тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары, мұғалім – педагогикалық процесті жасаушы, мектеп реформасының жағдайлары, педагогикалық шығармашылықтың негізгі көздері мен жолдары, мұғалімнің жұмыс орна мен шығармашылық потенциалы, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері және оны есепке алу мәселелеріне арнайы тараулары бар.
Б.Т.Лихачевтың педагогикалық оқулығына тоқталатын болсақ – педагогикалық процесті мақсатты бағытталған, мазмұнды, ұйымдасқан педагогикалық іс-әрекеттің өзара байланысы және тәрбиешінің және мұғалімнің өмірлік бағыттылық, белсенділік басшылығы негізінде баланың өзінің өзгеруі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз