Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі

Жаңа ғасырдың ақпараттық қоғамына қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында жаңа тұрпатты мұғалімге – рухани жетілген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне сын көзбен қарай алатын, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген. «Мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін, мәдениеті аса жоғары адам, өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс» делінеді.

Білім деңгейіне жету үшін оқу үдерісін соған сай ұйымдастыра білетін, мектеп оқушыларына білімді өз бетінше жаңа инновациялық технологиялар негізінде кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан мұғалімдер даярлау міндеті тұр. Білім беру жүйесіндегі педагогтың кәсіби құзіреттілігінің теориялық негізін айқындап алу үшін, осы терминнің дербес анықтамасын келтірейік.

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – кәсіптік мамандануы, кәсіби іс-әрекетті орындаудағы теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігі. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі үшін психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді меңгеруі керек, сонымен бірге, ол білімдерін нақты бір ситуацияларда қолдана алуы тиіс. Кәсіби құзыреттілік мұғалімнің өз ісіне қаншалықты шебер екенін анықтайды. Қазіргі кезде кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілері көптеген ғалымдардың зерттеу нысаны болып отыр.

Кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудың әдіснамалық және теориялық аспектілері Дж.Равен, М.А.Холодная, Э.Ф.Зеер, А.К.Маркова, Ю.Н.Петров, С.С.Құнанбаева, К.С.Оспанов, А.К.Қозыбай, Б.Б.Баймұханова, В.А.Дегтярев, Н.А.Аминов, Л.Н.Боголюбов (әлеуметтік құзіреттілік), А.Л.Бусыгина, И.Б.Бичева, А.С.Белкин, О.М.Гущина, Д.Н.Кулибаева, М.Н.Карапетова (педагогикалық құзіреттілік), Н.Г.Витковская, И.М.Аксянова, В.В.Лукин, Г.А.Уманова, А.Т.Чакликова (ақпараттық құзіреттілік), П.Э.Шендерей (зерттеушілік құзіреттілік), Г.К.Нұрғалиева, Г.М.Кертаева, Д.М.Джусубалиева, М.Ж.Балабекова, Л.К.Керимова, В.Н.Бобрикова және т.б. ғалымдардың жұмыстарында жан-жақты көрсетіліп, оны қалыптастырудың спецификасы қарастырылған. Сонымен қатар, жекелеген пәндер бойынша құзіреттілікті қалыптастыру мәселесіне Б.Баймұхановтың, С.Е.Шәкілікованың, М.Ә.Құдайқұловтың, А.Е.Әбілқасымованың, Ш.Т.Таубаеваның, Ж.А.Қараевтың еңбектерінде ерекше көңіл бөлінген.

Кәсіби құзыреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой-тұжырымдарын терең талдай отырып, қазіргі білім беру жағдайында мұғалімнің құзыреттілігін мынадай кешенде сипаттауға болады:

мәндік аспект, өтілетін материалды жете түсінуі, ұғынуы және оған деген көзқарас, бұл жағдайда оқытудың теориялық негізін, өткір мәселелерді ұғыну;

мәселелік практикалық аспект: бұл – осы жағдайда педагогтың алдына мақсат орындау жолдарын, міндет нормаларын қойып, жинақтауды сипаттайды;

коммуникативтік аспект: бұл – педагогтың оқу үдерісіне қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік құзіреттілік – бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен), қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу. Яғни, мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста өз тактикасын баланың жасына, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі тиіс.

Білім беру құзіреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субьектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі дегеніміз – кәсіби іс-әрекетті орындаудағы мүмкіндіктері. «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі» ұғымы мұғалімнің жеке мүмкіндіктерін білдіреді, ол педагогикалық ситуацияларды дербес және тиімді шешуге ықпал етеді. Ол үшін мұғалім педагогикалық теорияларды игеріп, оны практикада қолдана білуі тиіс.

Ұлы чех педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалімдерге тамаша міндет жүктелген, Күн астында одан жоғары тұрған ешкім жоқ», - деп айтса, гуманист-педагог Ы.Алтынсарин: «Мұғалім – мектептің жүрегі», - деген анықтама береді. Әрине, педагогикалық мамандыққа кездейсоқ адамдар келмеуі керек. Мұғалім маман өз атына лайық болуы тиіс. Мұғалім оқушыға барлық жағынан, яғни, өзін-өзі ұстай білуі, сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім-кию мәдениетімен үлгі болады. Бұл жетіліп келе жатқан оқушының жеке адам ретінде қалыптасуына жанама әсер етеді. Оқушының ар-намысын сыйламаған, құқығын аяққа таптайтын мұғалімді оқушы да сыйламайды. Ондай ұстаз оқушыларына тәлім-тәрбие бере алмайды. Мұғалімнің өз жұмысына ықылассыздығы оқушыға тікелей әсер етеді. «Талап қоя білмейтін, оқу үдерісін ұйымдастыра алмаған мұғалім ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмайды» деп ойлаймыз.

Қазіргі білім беру жағдайындағы жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық. Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы, біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т.б.) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты.

Қазіргі кезде, педагогикалық қызметте шығармашылықты талап ететіні барлығымызға түсінікті. Адамның шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуы тұлғаның интеллектуалды, эмоциялық, рухани потенциалының баюына, өзін-өзі жетілдіруге, танытуға ұмтылуына нақты жағдай туғызады. Осыған байланысты, мұғалімдердің кәсіби дайындығының мақсаты да өзгереді. Кәсіби құзіреттіліктің қалыптасу үдерісі кәсіби білімнің, біліктің, іс-әрекеттің қалыптасуын қамтиды, педагогтың жалпы мәдени дамуын, өзінің көзқарасының және тұлғалық кәсіби құнды қасиеттердің қалыптасуын қамтиды.

Жаңа тұрпатты мұғалім үнемі ізденісте болып, жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйесін, дамыта оқытуды, сын тұрғысынан ойлау технологияларының әдіс-тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушының қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай, іріктеп қолданғаны жөн. Сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіріп, сол білімін өз ісінде шебер пайдалана білгені өте қажет. Оқушының кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуы тиіс. Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ, тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.

Сумхаева Ләззат Өтебайқызы,

Түркістан облысы, Жетісай ауданы,

«Қызылқұм» жалпы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
665
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12