Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамыту


Білім беру ісіндегі басты тұлға – педагог екені ақиқат. Сол педагогтың мәртебесін арттыру, абыройын көтеру – көп қырлы үдеріс. Бұл білім беруді дамытудың жаңа бағдарламасынан орын алған.

Бүгінгі заман талабына сай педагог – ол рухани дамыған, педагогикалық технологияның қыр-сырын жетік меңгерген шығармашыл тұлға болуы тиіс.

Ұстаздың педагогикалық шеберлігі мен кәсібилігінің айырылмас құрам бөлігі ретінде оның кәсіби құзыреттілігі саналады. Құзыреттілік ұғымы адамның қайсыбір қызметті атқаруға дайындығының құймасын сипаттайды. Қазіргі кезде жалпы және кәсіби білім берудің теориясы мен практикасында жиі қолданылуда.

Педагогикалық қызметтің ерекшелігі тек бір тар мамандық бойынша құзыретті болуына жол бермейді, оқытушының кәсібилігі кәсіби құзыреттіліктің барлық түрінің бір тұтастығымен анықталады.

Кәсіби құзыреттіліктің құрылымын анықтаудың бірнеше жолы бар. Олардың біреуі оқытушының кәсіби құзыреттілігінің құрылымын педагогикалық ептілік жүйесі арқылы ашумен байланысты болса, басқасы педагогтың түрлі кәсіби саладағы құзыреттілігіне бөліну құрылымы арқылы анықталады, олар:

  • өзіндік білім беру және оқытушылық;

  • тәрбие беру қызметі;

  • ғылыми-әдістемелік және мәдени-ағартушылық;

  • коррекциялық-дамытушы қызмет;

  • басқарушылық қызмет.

Педагогтың мәртебесін көтеретін басты күш – оның кәсіби құзырлылығы. Кәсіби құзырлылық маманның әлеуметтегі қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби-педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер мен дағдылар жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама. Кәсіби құзырлылық – оқытушының педагогикалық әрекеті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педагогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етуі. Білімнің сапасын қамтамасыз ететін педагогтар болғандықтан, ең алдымен олар сапалы қызмет көрсетуі тиіс.

Кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал педагог маманның кәсіби құзыреттілігіне оқытушының оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни білім алушылармен жұмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. Осыдан кәсіби құзыреттілік ұғымына педагогқа тән болуы тиіс барлық, қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, оқытушының білім-білік, дағдылары, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жұмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас стилі, педагогикалық такт, әдеп т.б. жатқызамыз.

Оқытушының кәсіби құзыреттілігін төмендегідей ашып айтуға болады:

  • ірелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейінің болуы яғни педагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі, дидактика, барлық пәндерді жүргізу әдістемесі, сол пән арқылы білім алушыларға берілетін білімдерді терең игеру;

  • түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгеруі – дидактикалық, танымдық, коммуникативтік, зерттеушілік, шығармашылық, өз білімін дамытуға деген қабілет, теория мен практиканы байланыстыра алу қабілеті, диагностикалық іс-әрекет. Ғылыми-зерттеу іс-әрекетімен айналысу;

  • кәсіптік – педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы – бұрыннан қалыптасқан «мұғалімнің айтқаны әрқашан дұрыс» деген қағидадан аулақ болып, мұғалім тек ақпарат таратушы ғана болмай, білім алушының жеке тұлға болып қалыптасуының басты көмекшісі болуы керек, білім алушының, даму деңгейіне қарамастан, оның тұлғасын құрметтеу, авторитарлық биліктің орнын өзара бірлескен қызмет, көмек, білім алушының аз да болса жетістігіне қуана білушілік басым болуы керек. Білім алушылардың әрқайсысын тануға тырысу, өз мамандығын сүю;

  • инновациялық технологияларды меңгеруі – мұғалім өзінің шығармашылық іс-әрекетінің арқасында тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру үшін қазіргі кездегі бар инновациялық технологияларды меңгеруі тиіс. Жаңа инновациялық технологияларды ғылыми ізденіспен тәжірибеге енгізуде өз үлесін қосуы қажет;

  • педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік, шығармашылық іскерлігі;

  • педагогикалық міндеттерді шешу барысында шеберлік танытып, өзінің білім, білік дағдыларын пайдалана отырып, білім алушыларға тиісті білімдер жүйесін меңгерту. Білім алушылардың білімдерін тексеруде оқытушының жүргізетін диагностикалық іс-әрекеті;

  • шығармашылық шеберлігі – оқытушы білім алушыларды оқытып қана қоймай, оларды тәрбиелеумен айналысатыны белгілі, колледж өмірінде небір қиын жағдаяттар кездесіп жатады, сондай жағдаяттарда өзінің шығармашылықпен ойлай білетіндігін, шеберлігін танытуы тиіс. Сонымен қатар білім алушылармен, топпен жүргізілетін түрлі мәдени шараларды ұйымдастыруда дайын жоспарларды пайдаланбай, сол топқа, топ ішінің құрамына, сипатына тән жоспарлар жасап, білім алушылар үшін, ата-аналар үшін, оқытушының өзінің өз ісіне қанағаттануы үшін қызықты іс-шара өткізе білуі шарт.

Жоғарыда аталған құзыреттілік құрамынан әр оқытушы өз жұмысына талдау жасап, қызметіндегі артықшылықтары мен кемшіліктерін мойындай алады. Өзіне-өзі сын көзбен қарай отырып, кемшілік болса, түзеп, артықшылықтарымен өз әріптестерімен бөлісе алады, олай ету әр маман үшін өте тиімді.

Оқытушының құзыреттілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты. Сабақ нәтижелі болуы үшін оқытушылар төменгі ережелерді ескергендері дұрыс:

  • өте жинақы болу, білім алушылардың алдына қоятын мақсат нақты, айқын болуы және мақсатқа жетудің жолдарын ретімен, бірізділікпен жүргізе білу;

  • білім алушыларды төмендетіп, жөнді-жөнсіз ұрыспау, олардың білмегеніне ренжімеу, мейірімді болу. Егер топтың көпшілігі түсінбеген болса, онда өзіңіздің кемшілігіңізді іздеңіз;

  • білім алушылардың сөзін бөлмеу, соңына дейін сөйлеуге мүмкіндік беру, білім алушының жауабы дұрыс болмаса, ол қойылған сұрақтың нақты болмауынан;

  • тапсырма мен нұсқау анық, білім алушы оқытушының талабын анық түсінетін болуы шарт;

  • сабақ барысында білім алушылардың зейінін тұрақтандыру, егер ауытқулар болса, тақырыпты өзгерту немесе қосымша материалдарды пайдалану, білім алушылардың ынта-ықыласын, қызығушылықтарын қадағалап отыру;

  • сабақты дәл уақытында бастау, уақытты үнемдей білу, тәрбиелік ақыл-кеңесті ұзақ уақыт айтып тұрудың қажеттілігі аз;

  • білім алушыларға қойылған талап міндетті түрде жүзеге асуы керек;

  • сабақтың өткізілу темпі интенсивті, бірақ оқу материалдарын білім алушылар толық меңгеруіне жағдай жасалуы шарт;

  • білім алушылардың жауабын мақұлдап, ынталандырып, қоштап отыру қажет.

Оқытушы қызметінде өз кәсіби құзыреттілігін жетілдіре отырып жетістікке жетудің алғы шарттары сырт кескін-келбеті; пәндерді сабақтан тыс ақпараттармен қамтамасыз ету; мінез-құлқы, пайымдау мүмкіндіктері, оқу процесінде қарым-қатынас мәдениетін сақтай білуі, әзіл-қалжыңға мән бере білуі; білім алушылардың жеткен жетістіктерін мақұлдай, қолдай білуі, шыдамдылық және төзімділік; басқалардың пікірін сыйлай білу, еркіндік, икемділік, кез-келген жағдаятты оңтайлы бағытта шешуге арналған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана алу; білім алушылардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.

Егер оқытушы жоғарыда аталған шарттар мен өзін-өзі жетілдіруге арналған мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланса, онда оқытушы өз жұмысының нағыз шебері болатыны даусыз. Қазіргі қоғамға сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оқытушының кәсіби құзыреттілігі де сай болар еді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
1983
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12