ПИЗА ЖОСПАРЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ПИЗА ЖОСПАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН PISA ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебі» КММ



«Бекітемін» «Келісілді»

Мектеп директоры: ДОІЖО:

_____ Г.Х.Тналиева ______ М. К. Жайгалиева

«____» _____ 2024 ж. «___»_______ 2024 ж.




БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН PISA ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫН

ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР



Picture 1


Биология пәні мұғалімі: Базарбай Тоғжан Сағидоллақызы





2024-2025 оқу жылы


Бекітемін

Мектеп директоры Г. Х.Тналиева


Биология пәнінен PISA-ға дайындық жұмыс жоспары

2024-2025 оқу жылы


Атқарылатын жұмыстар

Жұмыстың түрі

Мерзімі

1

PISA-2024 Халықаралық зерттеуі туралы ақпаратпен оқушыларды таныстыру

Түсіндірме жұмысы

Оқу жылының басында

2

PISA-2024 туралы ата-аналарға ақпарат беру (ата-аналар жиналысы)

Түсіндірме жұмысы

Әр тоқсан сайын

3

PISA-2024 Халықаралық зерттеуіне қатысатын оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау

Тренинг

Әр тоқсан сайын

4

Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру







Қосымша сабақтар

Оқу кестесіне сәйкес

Жасуша биологиясы. Жасушаның құрылымы мен функциясы: Прокариоттар мен эукариоттар.Жасуша циклдері: Митоз, мейоз. Жасуша мембранасы: Структурасы мен өткізгіштігі.


Генетика.ДНҚ және гендер: Құрылымы, репликация, транскрипция, трансляция.

Тұқым қуалаушылық заңдылықтары: Менделдің заңдары. Генетикалық өзгерістер: Мутациялар, генетикалық аурулар.

Оқу кестесіне сәйкес


Эволюция. Эволюциялық теориялар: Дарвиннің табиғи іріктеуі. Түрлердің қалыптасуы: Әртүрлілік, адаптация. Эволюцияның дәлелдері: Палеонтология, салыстырмалы анатомия.

Оқу кестесіне сәйкес


Экология. Экосистемалардың құрылымы: Биотоптар, экологиялық қауымдастықтар.

Табиғаттағы энергия ағыны: Фотосинтез, трофикалық деңгейлер. Адамның экологияға әсері: Ластану, климаттың өзгеруі.

Оқу кестесіне сәйкес


Физиология. Адам организмінің жүйелері: Зат алмасу, қан айналымы, тыныс алу. Гомеостаз: Организмдегі тепе-теңдікті сақтау. Жүйке және гормондық жүйе: Нервтік сигналдар, гормондардың рөлі.

Оқу кестесіне сәйкес

5

PISA әдістемесі бойынша тесттерді талдату

Топтық жұмыс

Оқу кестесіне сәйкес

6

PISA әдістемесі бойынша жазбаша және компьютерлік бақылау

Тест жұмысы

Оқу кестесіне сәйкес

7

Пән бойынша оқушылар білімі мен сапасына жүйелі бақылау жүргізіп отыру

Мониторинг

Әр ай сайын


Биология пәні мұғалімі: Т. С. Базарбай

ТҮСІНІК ХАТ


Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдендіру мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA халықаралық зерттеуіне қатысты. PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің әрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі. Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстан PISA – 2009 халықаралық зерттеуіне тұңғыш рет 15 жастағы оқушылардың білім сапасын анықтау үшін дәйекті ақпарат алу мақсатында атсалысты. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды. Еліміздің 2011 жылы өткен халықаралық PISA- 2012 апробациялық зерттеуіне, 2012 жылы сәуір айында болатын PISA- 2012 негізгі зерттеуіне қатысуы, өзін-өзі дамытуды максималды түрде іске асыру мен қоғам өмірінде орынды қатысу үшін өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.

Жаратылыстану сауаттылығы. Қазіргі заманғы қоғам өмірінде оқушылардың жаратылыстану ғылымдары мен технологияларын түсінуі, оларға өмірге әсер ететін жаратылыстану ғылымдары мен технологиялары салыстырылатын қоғамдық стратегияны (курсты, саясатты) қалыптастыру жұмыстарына қатысуға мүмкіндік беріп, ерекше маңызға ие болуда.  Сондықтан, PISA зерттеуі аясында 15-жастағы оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын зерттеу де маңызды болып табылады.

PISA зерттеуінде ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ретінде ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттерімен түсіндіріледі. 

Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын төрт аймаққа бөлуге болады:

  • ғылым мен технологияға сүйенетін өмірлік жағдайларды танып білуі (контекст);

  • қоршаған орта мен ғылым туралы білімдерден тұратын ғылыми білімдердің  негізінде техниканы қоса қоршаған әлемді түсінуі (білім);

  • ғылыми сұрақтарды ажырата білуі, ғылыми жаратылыстану құбылыстарын түсіндіруі, айқын нақтылықтар мен дәлелдемелердің негізінде қорытындылар жасауы үшін ғылыми білімдерді қолданудан тұратын құзыреттіліктерді көрсетуі (құзіреттіліктер);

  • ғылыми жаратылыстану біліміне деген қызығушылығы.

PISA зерттеуінде бағаланатын ғылым жаратылыстану білімдері, машықтары мен дағдылары ғылыми жаратылыстану циклі пәндері – физиканы (астрономия элементтерімен), биологияны, химияны, географияны оқуда қалыптасады. 

Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы келесі компоненттерден тұрады: ғылыми жаратылыстану пәндері аясында қалыптасатын «жалпы пәндік» машықтары, ғылыми жаратылыстану білімдері қолданылатын жаратылыстану ұғымдары мен жағдайлар. Зерттеу мақсатына – белгіленген машықтар мен ұғымдарды кешенді тексеру жатады. Ұсынылған сұрақтардан жаратылыстану ғылымдары жауап беретін сұрақтарды белгілей білу, берілген ақпараттың негізінде ғылыми негізделген қорытындылар жасай білу машықтарын тексеруге ерекше көңіл бөлінеді.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2024
715
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі