Материалдар / PREZI, SLIDEDOG «БҰЛТТЫҚ» СЕРВИСТЕРІН ҚОЛДАНЫП, ИНТЕРАКТИВТІК МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

PREZI, SLIDEDOG «БҰЛТТЫҚ» СЕРВИСТЕРІН ҚОЛДАНЫП, ИНТЕРАКТИВТІК МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұлттық сервистерді қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2021
307
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

PREZI, SLIDEDOG «БҰЛТТЫҚ» СЕРВИСТЕРІН ҚОЛДАНЫП, ИНТЕРАКТИВТІК МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ


Жайлаубаева Алия Курбаналиевна

«Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру саясаты еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Осыған байланысты ақпаратты ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың негізгі міндеттерінің бірі болып отыр. Сондықтан да, оқушылардың ақпараттық қоғамдағы өмір талаптарына сай дайындауда – мектептерде информатика пәні үлкен роль атқарып келеді. Қазіргі заман талабына сай оқушылардың компьютерлік технологиямен жұмыс істеуге деген ынтасы, талпынысы, ізденісі өте жоғары болғандықтан ақпарат алмасудың негізгі көзі – Интернет желісін де тиімді пайдалану. Осы міндеттерді шешу үшін әр оқытушы, күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет.

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, жақсы нәтижелер беруде.
Қ
азіргі педагогикалық және оқытудың ақпараттық технологияларын ескере отырып, өткізгендегі ақпараттық технологияның міндеттері:
1. Сабақта модельді жасау және көрсету,  презентациялау. Қажетті бағдарламаны қамтамасыз етіп, тақтаға үйлестіріп қолдану жаңа идеяларды түсінуді анағұрлым жақсартады. Оқытудың компьютерлік технологиялары педагогтар мен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді.

2. Оқушыларды  сабаққа белсенді түрде қатыстыру. Әр сабаққа қатыстырып, қызықтыру интерактивті тақта қолдану есебінен ұлғаяды.

3. Сабақтың қарқыны мен барысын жақсарту. Интерактивті тақтаны қолдану әр сабақтың жоспарын, қарқыны мен барысын жақсартады.

Интерактивті тақта - оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл мұғалімдерге сабақта жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін визуалды ресурс. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі зор. Оқытушылар мен оқушылар материалды барынша жетік түсініп оқи алады.
Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады.

Осы тұрғыдан қазіргі таңда қолданылып жүрген PREZI, SLIDEDOG веб-сервисінің және атқаратын қызметі аса зор.

Қазіргі таңда презентацияның негізгі мақсаты болып аудиторияға  қарапайым және түсінікті мультимедиялық үлгіде мәліметті, ақпаратты жеткізу.

Сонымен қатар мультимедиялық материалды басқару да негізгі бөлік болып табылады. Әдетте мультимедиялық материалды құрастыру үшін PowerPoint, SoftMaker Presentations және Multimedia Builder, Prezi веб-сервистері қолданылады. Осылардың ішінде көп қолданылатыны Prezi.com веб-сервисі.

Prezi.com — бұл веб-сервис, осы веб сервистің көмегімен сызықтық емес құрылыммен мультимедиялық интерактивті презентацияларды құруға болады.

Веб-сервисте мультимедиялық материалды өңдеу үшін Prezi.com сайтында тіркеуден өту керек. Тіркелген соң, презентациялық үлгінің біреуі таңдалып, материал өңделеді.

Prezi веб-сервисінің меню жолы үш топқа бөлінеді.

1.  Фреймдер орнату беті

2.  Аудио, видео, сурет кою беті

3.  Тақырыптар қою беті

Осы үш менюдің көмегімен презентациялық материалдың интерфейсін, дизайнын жақсартуға болады.

Ал, SLIDEDOG PowerPoint, PDF, Prezi презентацияларын, фильмдерді және тіпті веб-парақтарды офлайн қосымшасында, тіпті USB дискісінен ойнатуға болатындай етіп жасайтын қосымша. Slidedog барлық презентациялар үшін ойнату тізімдерін жасауға мүмкіндік береді. Slidedog барлық презентация құралдарын қолдайды. PowerPoints, PDF немесе Prezis-тен кез-келген бейне немесе суретке дейін. Сіз тіпті оны аудиторияға веб-мазмұнды ұсыну үшін пайдалана аласыз. Slidedog қазіргі уақытта тек Windows үшін қол жетімді.

Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы веб-сервисті қолданса мақсаттарына жете алады деп айтуымызға болады. Бұл веб-сервистің оқушылармен жаңа материалды бірігіп талдауға мүмкіндігі өте зор.  Оқытушының шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені меңгеру, игеру. Сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ – ұстаздың еңбегінің айғағы. Оқытудың негізгі формасы, оқыту, білім беру үрдісінің негізгі мақсаты – оқушыда білім, дағды, іскерлікті қалыптастыру. Кез келген теориялық білімнің практикасы да сабақта талқыланып, түсіндіріліп, пысықталып, оқушыға  білім негіздері қалыптастырылады. Білім – әрбір оқушының бағындыратын шыңы. Шың биігіне жету жолында қандай қиыншылықтар кездессе, оқу, білімді меңгеруде де сондай қиыншылықтар кездеседі. Оны жеңілдету –оқытушылардың міндеті. Осы мақсатта педагогикалық технологияның тиімді әдіс - тәсілдерін пайдалануға тырысу қажет. Сондықтан жаңартылған технологиялардың элементтерін пайдалану - әр оқытушы үшін жауапкершілікті қажет ететін іс.

      Қорыта айтқанда, электрондық ресурстар оқушылардың сабаққа деген ынталарын, назарларын, қызығушылықтарын арттырып, информатикадан білім деңгейлерін жоғарылатады. Ал бүгінгі күні жаңа ғасырдың жастарына жан-жақты білім беру, тәрбиелеу - әрбір ұстаздың басты борышы.

Интернет-Ресурстар:

  1. Вики-Вики. интернет ресурсы – URL: http://wiki.iteach.kz/

  2. Prezi. интернет ресурсы – URL: http://prezi.com/

  3. Оқытушылар біліктілігінің АКТ құрылымы. – URL: http://ru.iite.unesco.org/publications/3214694/





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!