Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Пропп карталары шығармашылық баяндау құралы
Байланыстырып сөйлеуді дамытудағы педагогикалық технологиялар.
Пропп карталары-шығармашылық баяндауды үйрету құралы.
Қазіргі таңда еліміздегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай баланың интеллекуалды жеке және табиғи дамуын қамтамасыз ету жүйесңн тұрақты дамытуға мүмкіндік беруде. Осы орайда, мектепке дейінгі жастағы балалардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру баланың білуге деген қызығушылыған арттыру басты бағыт болып табылады.
2021 жылы 13 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Оның негізінде 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі - 2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы.
Жоба Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары және мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде қойылған міндеттерді іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда, балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту, қалалық және ауылдық балабақшалар арасындағы оқыту сапасының алшақтығын қысқарту, балалар орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін балабақшалар салу, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын құру және басқа да мәселелер қарастырылған. Жобаның басты мақсаты- барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру. Бірінші міндет- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету мәселесіне бағытталған.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологиясын таңдауда көпнұсқалып қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану педагогтан үлкен шеберлікті талап етеді. Сол себептен отасында және балабақшада баланы жан-жақты қалыптастыруда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану басты мақсаттардың бірі. Осы тұрғыда мектепке дейінгі ұйымда балалардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін, сөздік қорын арттыруда қолданылып жүрген инновациялық әдістердің бірі пропп карталары болып табылады.
Балалардың ойын арқылы тілін дамыту мәселелерін орыс педагогтары Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, К.Д.Ушинский, П.Г.Саморукова, психолог-ғалымдар Д.Б.Эльконин, А.В.Черков, Р.М.Римбург, А.В.Запарожецв және т.б. зерттеп еңбектер жазған. Н.К.Крупская ойынды өсіп келе жатқан бала организмі талап ететін табиғи қажеттілік деп сипаттайды және оның тәрбиедегі аса маңыздылығын атап көрсетеді. «Ойын өсіп келе жатқан бала организміне ауадай қажет. Ойын үстінде баланың күш қуаты тола түседі
Кейінгі кезде 2,5-3 жастағы балалардың сөйлемейтіні кездесіп жүр. Бұл норма, қалыпты жағдай болып бара жатыр. Бірақ, балалардың жас нормаларына сай сөйлеудің физиологиялық және психологиялық жақтары бар. Өкінішке орай, 2,5-3 жастағы балалардың сөйлемеуі бұл кәдімгідей өзекті мәселе болуы керек. Қазіргі балалар сюжетті-ролдік ойындарды аз ойнайды. Шығармашылықпен ертегі құрау балалар үшін өте маңызды. Ал балалардың сөздік қоры, жеке тәжірибесі болмағандықтан, ертегі құрастырмақ түгілі дұрыс сөйлей де алмайды.
Қазіргі балалармен тіл табысу өте қиын, олардың қыығушылықтары аз. Сондықтан тәрбиешілерде әртүрлі бірнеше әдістерді, құралдарды қолдануы керек.
Қазіргі кезеңдегі қоғам дамуында мемлекеттік тілге үйрету - мектепке дейінгі білім берудегі өзекті мәселеге айналып отыр. «Басқа тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»- деп Қадыр Мырзалиев ағамыз бекер айтпаған.
Тілді үйрену - оңай емес, бір тілді білгеннен гөрі бірнеше тілді білген адамның рухани байлығы мол болмақ.
Пропп картасы - балалардың тілін дамыту үшін табысты тәсіл. Балаларды жан-жақты дамыту. Олардың барлық кемістіктерін жөндеу мектепке дайындаудағы және балабақша алдындағы басты мақсат. Сөйлеу-басты мидың бірнеше бөлігінің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Артикуляция мүшелері тек мидан келген бұйрықты орындайды. Балалардың тілін дамытуда келесі кедергілердің бары ешкімге де құпия емес.
- Сөздік қорының кемдігі;
- Сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы;
- Дыбыстау кемшілігі;
- Берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра
алмауы;
- Өз ойын дұрыс жеткізе
алмауы.
«Пропп карталары»- бұл баланың ертегінің оқиғалары мен эпизодтарын білетін символдар мен суреттерден тұратын карталар.
Белгіліорыс және кеңес ғалымы, филолог, фольклоршы- Владимир Яковлевич Пропп 1895-1970жж. өзінің жұмысы барысында халық ертегілерін зерттеумен айналысты, ертегілер қалай құрастырылады, жалпы барысын, кейіпкерлерін ертегілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттеп, ертегілер жалпы бір ұқсас сюжет бойынша құралатыны жайлы қорытындыға келеді және мәліметтеррін жинақтап кітап жасайды. Оның ішінде ертегілердің ұқсас элементтерін сипаттай келе ертегіні 28 картадан тұратын жиынтыққа бөлді. Бұл функцияларды карта сызбалары түрінде ұсынды. Әрине, барлық ертегіде бұл карталар оларды толық көлемде қамтымайды. Ертегі бірінші функциядан, жетіншіден, он екінші функциядан басталуы мүмкін. Бұл карта- ертегінің белгілі бір оқиғасы, оның көмегімен бала ертегінің мазмұнын оңай игере алады, ертегіні қайталап айтып беруін жеңілдетеді және болашақта өз ертегісінің құрылуына ықпал етеді.
(мың рет естігеннен бір рет көрген артық)
Психологиялық зерттеулерге қарағанда, бала өз жас ерекшелігіне сәйкес түсінуге жеңіл, күнделіеті көріп, тұрмыста пайдаланып жүрген заттарды, естіп жүрген мән мағынасы ұқсас сөздерді есінде жақсы сақтайды. Сондай-ақ көріп тұрған заттың өзін өзі біліміне, өмір тәжірибесіне, түсінігіне байланысты есте сақтауы әр түрлі болады.
Ересектер тобындағы балалардың ес үдерісінің дамуы әлі де болса ырықсыз, поссивтік сипатта өтеді. Бала өткенді есіне түсіріп, қайта жаңғырту үшін де ең негізгілерін іріктеп, көз алдына елестетуге әрекет жасайды.
Іс-әрекетті есте сақтауды құрастыру, сурет салу, ойнау, еңбек әрекетін орындау барысында, ертегі, әңгімелерді тыңдау негізінде жүзеге асырып отырады.
Балада сюжеттік ойындарды ойнау арқылы ырықты есте сақтап, қайта жаңғыртуының алғашқы белгілері көріне бастайды.
Бала есте сақтау мен қайта жаңғырту тәсілдерін үлкендерден үйренеді.
Мысалы, тапсырма беріп отырып, оны белгілі бір уақыт аралығында қайта жаңғыртуды талап етеді немесе бір нәрсені сұрап отырып, оқиғаның желісін баланың есіне түсіру үшін жетекші бағыттаушы сұрақтар қояды.
Есте сақтауды үйретудің ең қарапайым тәсілі қайталату және баланың ерікті есте сақтауын дамыту үшін көргенін естігенін өз сөзімен әңгімеліп айтып берудің өзі материалдың баланың есінде берік сақталуы үшін маңызы зор.Зинаида Михаиловна Истомина 3 тен 7 жасқа дейінгілердің есінің дамуының үш дәрежесін анықтаған.
І дәрежесіне тән сипат: бала еске сақтау мен еске түсіру үшін арнайы мақсат қоймайды.
ІІ дәрежесінде: балада еске сақтау ешқандай арнайы тәсілдерді пайдаланбай-ақ жүзеге асады.
ІІІ дәрежесінде балада еске сақтап, қайта жаңғырту үшін арнайы әдіс-тәсілдерді пайдаланып, еске сақтау мақсатты түрде жүзеге асады.
Еске сақтаудың осы 2-ші және 3-ші дәрежесіне бала 6 жасқа келгенде жетеді.
Бала есінің даму ерекшеліктері тек жасына ғана байланысты емес екенін есте сақтау керек. Соңғы жылдардағы психологиялық зерттеулер бойынша, ер балаға қарағанда қыз баланың бас миының оң жақ бөлігінен гөрі сол жақ бөлігінің дамуында айырмащылық болатыны айқындалды. Яғни, қыз баланың бавс миының сол жақ бөлігінің дамуытез жүзеге асады, ал ер баланың бас миының оң жақ бөлігі тез дамиды. Мұның бала есінің дамуына қатысы бар.
Өйткені мидың сол жақ бөлігі оң жақ бөлігіне қарағанда материалды ерікті есте сақтауға, жете ойланып сөз-логикалық еске жағымдыэмоцяны еске сақтауға ықпалы ерекше, ал оң жақ бөлігі ырықсыз есте сақтауды жүзеге асырып, жағымсыз эмоцияны, бейнелік есті, сезім реакцияларын еске түсіруді жүзеге асырады. Бұл ақпарат ғылыми тұрғыда дәлелденген.
Есті дамытудың әр түрлі жолдары бар. Негізінде ес мидың жұмыс істеу қабілеттілігін көрсетеді, өйткені ес үдерісі арқылы әр түрліматериал естесақталып, кейін қайтадан жаңғыртылады.
Әр баланың есінің даму деңгейі материалды есте сақтау көлеміне, қатесізқайта жаңғыртуға, ұзақ есте сақтауына, іс-жүзінде әрекет ету барысында есіне сақтауына байланысты. Баланың материалды есте сақтауын анықтау үшін бірнеше жеміс-жидектер суретін балаға 1 минут көрсетіп, есте сақтап қалғандарын қайталатып тексеруге болады.
Пропп карталарын игеру бойынша жұмыс кезеңдері:
Бірінші кезеңде- балаларды ертегі жанрының композициясымен таныстырамыз. Алдымен балаларға ертегі қандай да бір ерекше оқиғадан басталатынын түсіндіру керек. Ертегінің басталуы балаларды ерекше күйге келтіреді, оларды ертегі әлеміне апарады. Онда басты ролді сиқырлы тіршілік иесі ойнайды, ерте ме , кеш пе, ертегі кейіпкері зұлым күйтерге немесе үлкен қиындықтар мен кедергілерге тап болады, содан кейін олардың қиын тапсырмаларын, әдетте, сиқырлы заттардың немесе тіршілік иелерінің көмегімен орындайды. Ертегіні әңгімелеуде –бұл ертегідегі оқиғалар қалай дамиды, қандай кейіпкерлер кездеседі, қандай сиқыр пайда болады, мәселе қалай шешіледі, және т.б. айтылады. Ал ертегінің соңында - аяқталудың әртүрлі нұсқаларын жасауға болады және жақсы тыңдаған бала ертегінің моралын да талдай алады.
Екінші кезең- дайындық ойындарын өткізу.:
Ертегі кейіпкерлерін ата ..............
Ғажайыптар, түрлендірулер, сиқыр қалай және не арқылы жүзеге асырылады? (сиқырлы сөз, сиқырлы таяқша)
«Әлемдегі ең жаман кім?» зұлым және опасыз ертегі кейіпкерлерін анықтау, олардың сыртқы келбетін, мінезін, өмір салтын, әдеттерін, үйлерін сипаттау.
«Жолда не керек?» негізгі сиқырлы құралдар.(өзі жиналатын дастархан, жылдам жүретін етік, қызыл гүл, қылыш)
«Ұқсастығы неде?» әртүрлі ертегілерді олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары тұрғысынан салыстырмалы талдау («Үйшік» және «Қолғап»;
«Сиқырлы атаулар» кейіпкерге дәл осындай атау берудің себептерін анықтау(Золушка, Баба Яга, Қызыл телпек, т.б.)
«Жақсы-жаман» кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз мінездерін, олардың әрекеттерін анықтау.
Үшінші кезең-Пропп карталарының белгілерімен танысу.
1-Баяғыда,Ерте, ерте, ертеде... ертегінің басталуы.
2-ерекше жағдайлар: күн аспаннан жоғарып кетті, ертегі елінде мәңгілік бақыт гүлі ұрланған.
3- тыйым: ауладан су ішпе, сиқырлы есікті ашпа.
4-тыйым салуды бұзу, ертегілер кейіпкерлері шұңқырдан шығады, жаңа тұлға пайда болады, т.б.
5-кейіпкер үйден кетеді, сиқырлы көбелекке айналады.
6-көмекші досының пайда болуы.
7-мақсатқа жету әдісі.
8-жау әрекет ете бастайды, жылан ханшайымды немесе сиқыршыны ұрлайды. уланған алма, сиқыршы қисырлы есікті жабады.
9-жеңіске жету. жылан немесе өлмес зұлым сиқыршының жеңісі.
10-қудалау.
11-қудалаудан қашқан кейіпкер, пеште жасырынады, сиқырлы құралдардың көмегімен біреуге айналады.
12-сыйлық беруші, мұнда жаңа кейіпкер пайда болады, сиқыршы қызға орындауға тапсырма береді.
13-кейіпкер сынақтарға төтеп береді.
14-сиқырлы құрал алады немесе береді.
15-сиқыршыны таптап кетуі, сиқыршы жоғалады, айдаһар үңгірге тығылады.
16-кейіпкер жаумен шайқасқа түседі, кейде бұл ашық жекпе-жек те болады.
17-жау кейіпкерге қарсы күресте , жекпе-жекте немесе жарыстарда жеңіліп, айла-амалы да таусылады.
18-кейіпкер жеңілген жаудан бірдеңе алады.
19-кейіпкерлерге теңіз түбінен сақина алу, кілем тоқу, бір түнде сарай салу сияқты қиын тапсырмалар беріледі.
20-кейіпкерге жаңа тапсырма беріледі
21-кейіпкерге жаңа бейне беріледі.
22-кейіпкер үйге оралады.
23-кейіпкер уақыттың немесе сиқырлы сусынның әсерінен үйде оларды танымайды, кейіпкер өзгереді.
24-өзін батыр ретінде көрсеетін жалған кейіпкер пайда болады.
25-жалған кейіпкер әшкереленеді
26-кейіпкерді тану
27-бақытты аяқталуы
28-қандай қорытынды жасауға болады.
Төртінші кезеңде – Пропп карталарының белгілерімен танысқаннан кейін шағын ертегіні оқып, оны Пропп карталарымен белгілеп отырамыз.
«Жеті лақ» ертегісі
-Лақтарым, есікті ешкімге ашпаңдар 1-карта «Тыйым салу»
Ешкі лақтарын қалдырып кетеді. 2-карта «Кетіп қалу»
Лақтары бұл тыйымды бұзғылары келмесе де, қасқырдың қулығына сеніп, есікті ашады. 3-карта «Тыйымды бұзу»
Ешкінің кетіп қалғанын байқаған қасқыр лақтарға барады. Лақтарды есікті ашқызу үшін неше түрлі амалдарды қолданады. ақыры дегеніне жетеді де, лақтарды орманға алып кетеді.
4-карта «Жаудың әрекеті» Ешкі үйіне келгенде қалып қойған лағынан болған оқиғаны естіп, жылап, орманға барады. Орманда кездескен аңшы ешкіге лақтарын қайтаруға көмектеседі.
5-карта- «Қиындықтың жойылуы» Аңшының арқасында қасқыр жазаланады. Ешкі мен лақтары үйге оралады.
6-карта «Бақытты өмір сүру»
Шағын ертегіні оқып, оны Пропп карталарымен белгілеп, балалар тәжірибе жинақтағаннан кейін мынадай тапсырмаларды немесе ойындарды ұсынуға болады:
-сюжет барысында карталарды орналастыр;
-жаңа ғана оқыған ертегіден «таныс» карталарды тап;
-ертегі сюжеті бойынша карталардың орналасуындағы қатені тап;
-таныс картаның жоқтығын анықта;
- артық картаны бөл.
5-кезеңде «сиқырлы карталар» көмегімен өз ертегілерін құрастыруға үйретуге болады.
Балаларға 5-6 карта жиынтығы ұсынылады. Олар ертегіні екеуі немесе үшеуі бірігіп құрауларына болады. Топпен жұмыс істей отыра, бала жолдасының әңгімесіндегі қателікті байқай алады (сөйлеу, логикалық қателіктер), өзі де ертегі құрастырған кезде мұқият болады. Осылайша, бала тілді жақсы көреді, дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің терең мағынасын түсінеді, сөздермен ойнауды үйренеді, өздігінен ертегі құрастыра бастайды.
Осылай өзінің ойынан кез келген ертегіні ойлап шығаруға болады. Мысалы, 3картаны алайық.
-тыйым салуды бұзу,
-қиын сынақтар,
-үйіне оралу.
Бас кейіпкер болып Амелия деген қызды таңдап аламыз. Тыйым салуды бұзу: Амелия кішкентай фея, анасының қорапшасында жатқан кептірілген гүлді тиме деген ескертуін ұмытып, әдемі гүлді иіскейді де, бір мезетте өсіп кетеді, түрі де өзгереді.
Қиын сынақтар: Амелия анасын іздеп, орманға барады. Бірақ өзінің бойынан кішкентай нәрселерді көре алмайды, анасын да таба алмайды. Жалғызсыраған байғұс қыз жылай бастайды. Жылаған дауысын естіген орман перісі келіп, не болғанын сұрайды. Амелия өз оқиғасынайтады. Сонда орман перісі:
Мен саған көмектесемін, бірақ сен менің орманымда үш күн болып, менің білгенімді үйренесің. Егер қолыңнан келсе, онда сені бұрынғы қалпыңа келтіремін. Егер үйренбесең, осындай болып қаласың,- дейді қызға. Амелия келіседі. Үш күн бойы орман перісі Амелияны орманға күтім жасауға, сынып қалған ағаштарды қалпына келтіруге, жарақаттанған аңдарды емдеуге үйретеді. Амелияның орман перісінің айтқанын барлығын үйреніп алады.
Үйге оралуы: Орман перісі айтқан уәдесінде тұрып, қызды қалпына келтіреді. Бірақ әрдайым орманға келіп көмектесіп тұруын өтінеді. Амелия уәдесін беріп, үйіне оралады. Анасынан кешірім сұрап, болған оқиғаны баяндап береді.
Қорыма айтқанда, Пропп картасының ерекшелігі- онымен жұмыс жасағанда, міндетті түрде бала ертегі ойлап табады. Мектепке дейінгі жастағы балаларға 3-6 картаны пайдаланған жөн. Пропп карталарын ойын ретінде де пайдалануға болады. Балаларға картаны бір-бірден таратып береміз. Әр бала өз картасы бойынша сюжетін ойлап табады.
Осылай балалар карталар арқылы ертегі құрастыра отырып, жазушыға айналады. Ал карталарға суреттерін салса, онда суретші болады. Ойлап тапқан ертегілерін, суреттерін қоса отырып, кітапша шығаруға болады
Қорытынды:
Қорыта келе, мен Пропп карталарын баламен топтық және жеке жұмыс жасауда өте тиімді әдістердің бірі екенін тәжірибе жүзінде байқадым, оқу қызметтерінде жаңа әдістерді пайдалана отырып, мынадай қорытындыға келдім:
- Пропп карталары баланың дамуына бағытталған, ол заттық-кеңістік ортаны жасайды,
-Баланың өздігінен еркін дамуына ықпал етеді, оларға біздің ұзақ жұмыс жасауымыз міндетті емес, тек бағыт берсек болғаны,
-Менің жаңа технологияны меңгеру арқылы кәсіби құзіреттіліктерім қалыптасты, тәрбиеші мамандығының жаңа қырларын ұғына бастадым,
-Балалар өздеріне қызмет етуді, еркін қозғалуын, материалдармен ұзақ уақыт жұмыс жасауға, таңдау жасауға, өздігінен шешім қабылдауға жеке тапсырмалар беру арқылы лидердік сапалары байқалды, -Балалардың өз-өзіне деген сенімге, өз ойын ашық айта алуға, жеке жұмыс жасауға, бір – бірін сыйлауға, достық қарым – қатынасқа, өзін жеке тұлға ретінде дамуына мол мүмкіндік берілді.

