Психикалық даму тежелген балалардың оқу үрдісіндегі қиындықтары.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психикалық даму тежелген балалардың оқу үрдісіндегі қиындықтары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Психикалық дамуы тежелген балалар (ПДТ)- бұл оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психикалық даму тежелген балалардың оқу үрдісіндегі қиындықтары.

  Психикалық дамуы тежелген балалар (ПДТ)- бұл оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Сондай-ақ, бұл балалардың эмоционалды epiктi саласының жетілмеуі, органикалық инфантилизммен түсіндіріледі. Инфантилизм, әcipece мектеп жасына келген кезде анық байқалады. Бұл балалар өте мазасыз, әбігерге түседі. Қимыл-қозғалыстары өте шапшаң, бipaқ координацияларында дәлдік жоқ. Сыныпта отырғанда, үйден алып келген ойыншықтарымен ойнап отырады. Мектептегі ситуацияны сезбейді. Тапсырма орындауда, жалпы сыныппен ілесе алмайды, жұмыс icтey қарқындары баяу, сәл қиындықтар кездессе, жұмыстан бас тартады. Бұл балалардың дене бітімінің дамуы тежеледі.

Мектепке келгенде, балалардың ойлау әрекетінде кездесетін, жоғарыдағы аталған қиындықтар ең алдымен, ойлау әрекетінің негізгі компоненттері болып табылатын, интеллектуалды операцияларды әлi толық меңгермегендігінен байланысты.

ПДТ-ң негізгі 4 клиникалық типі анықталды. Бұлардың әрқайсысы, өзінің клиникалық-психологиялық құрылымымен, соматикалық, энцефалопатиялық, неврологиялық асқыну сияқты науқас белгілерімен ерекшеленеді.

1. Конституциональды ПДТ. Бұл гармониялық инфантилизмнің нақты көрінiсі. Мұнда эмоциональды - ерікті саласы, дамудың ерте сатысында тоқтап қалған. Демек, қалыпты дамудағы сәби, баланың деңгейінде. Ойынға деген ынтасы басым, көңіл-күйлері үнемі жоғары, сенгіш. Мектеп жасына жеткенде, ойынға деген қызығушылықтары басым болады.

2. Соматогенді ПДТ. Бұл топқа жататын балалар түрлі соматикалық әлсіздіктерімен көзге түседі. Соматикалық әлсіз балаларға, танымдық белсенділіктің төмендігі, шаршағыштық тән, интеллектуалды жене дене қуатын қажет ететін жаттығулардан олар тез шаршайды. Бip тапсырманы орындау үшін, ұзақ уақытты қажет етеди сондай-ақ бұл балалардың жеке тұлгалық дамуында эгоцентризм мен өзімшілдік қалыптасада. Олар жұмыс icтeyгe құлықсыз, үнемi бipeyдің көмектесуі мен қамқорлық жасауына әдеттенген.

3. Психогенді ПДТ. Бұл тип, тәрбиедегі теріс әсерлердің салдарынан болады. Баланың жеке тұлғасы дұрыс қалыптаспайды. Әcipece, психикалық тұрақсыз ПДТ түрінде анық көрініс береді. Онын себебi, қамқорлықтан тыс қалу, балада танымдық қызығушылық пен интеллектуалды қабілет дамымайды. Эмоционалды-epiктi саласының жетілмеуі, импульсивтіктен байқалады. Жеке тұлға дамымауының тағы бip түрі, шектен тыс қамқорлық жасалған балаларда кездеседі. Бұл балаларда жауапкершілік ceзімi, бастама, өз бетімен әрекет ету дағдылары қалыптаспайды.

4. Церебральды-органикалық ПДТ. Бұл балалардың анамнезін зерттей келе, жүйке жүйесінің органикалық кемістігін болатына анықталған. Keйінгі кездері, ПДТ балаларға арнап ашылған коррекциялық сыныптар мен мектептер, осы церебральды-органикалық генезді, психикалық дамуы тежелген балаларға арналады. ПДТ-н басқа түрлеріне жататын балалар, кейде жалпы мектептердегі сыныптарды, кейде «жетілдіру сыныбы», «педагогикалық көмек сыныбы» деп аталатын арнайы сыныптарда оқи алады.

Қорыта келгенде, психикалық дамуы тежелген баланы дамыту барысында жұмыс нәтижелі болу үшін, әр баланың физиологиялық, психологиялық, жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаны дамыту жұмыстарын дұрыс және тиімді ұйымдастыру болып табылады. Түзете-дамыту жұмыстарында төмендегі мәселелерге көңіл бөлген жөн: психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық және тұлғалық ерекшеліктері сауат ашуға, жазуға, математикаға, еңбекке үйрету, кезінде оқу мазмұнын басқаша іріктеуді қажет етеді.


Пайдалынылған әдебиеттер:

1. Ульенкова У. 3. Шестилетние дети с ЗПР. - М., 1990.

2. Маркова Л. С. Организация коррекционно-развивающего обучения дошкольников с ЗПР. - М., 2000.

3. Фотекова Т. А. Сравнительное исследование особенностей познавательной деятельности при общем недоразвитии речи при задержке психического развития у младших школьников: Автореферат канд. дис. псих, наук - М., 1993.

4. Маркова Л. С. Организация коррекционно-развивающего обучения дошкольников с ЗПР. - М., 2000.

5. Кушербаев А. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарының ерекшеліктері //Дефектология. 2011. №3. 17 б.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2018
1215
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі