Психологиялық
сабақ
Тақырыбы: «БІЗ БІРДЕЙМІЗ
ЖӘНЕ ӘРТҮРЛІМІЗ»
7
сынып
Педагог-психолог
А.Б.Жарболова
Мақсаты: Тұлғаны әр түрлі адам арасында
шыдамдылыққа дамыту, толеранттық, сыйластық қарым қатынасты
қалыптастыру.
Міндеттері:
- оқушылардың шыдамдылығын
дамытуға себептесу;
- физикалық және эмоционалды
күйді ажырата білуді қалыптастыру;
- қоршаған адамдардың
ерекшеліктеріне толерантылық сезіндіруге
тәрбиелеу
Ұйымдастыру
кезеңі
«Әлемнің жеті кереметі;
сегізінші керемет» тұрақты сөз тіркесі нені
білдіреді?
Мағынасын (ерекше керемет,
тамаша) дәптерге жазыңдар. Жеті кереметті атап
жаз.
«Майлықтар»
жаттығуы
Әр оқушыға бірнеше рет
бүктелген майлықтар беріліді. Психолог нұсқау береді: оң жақ
бұрышын сосын сол жақ бұрышын осылай барлық бұрыштарын жыртады.
Содан кейін майлықтарды ашып, жаяды сыныптан бірдей майлықтарды
іздейді. Бірдей майлықтар жоқ. Оқушыларды бірдей майлықтар жоқ
екеніне себебі біз әртүрліміз, бірақ бір жер шарында бір мемлекетте
өмір сүретіне қорытынды жасайды.
Теориялық
бөлім
Толеранттылық (лат. tolerantia
— төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге,
іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік,
жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Қазақ тілінде «төзім» сөзі «шыдам»,
«сабыр», «тағат» мағынасында да қолданылады. Яғни, «төзімді болу» -
басқаға, оның ісіне, құбылыстарға шексіз төзу, шыдауды
білдіреді
Толерантты парасаттың үлгісі
қазақ билерінде көп кездеседі. Мысалы, Қазыбек бидің қалмақ ханы
Қоңтайшыға айтқан “біз қазақ деген мал баққан елміз” деп басталып,
“досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз,
асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз”, “…берсең
жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!” деп аяқталатын
сөздері өзара сыйластыққа шақырады.
«Дербестік»
жаттығуы
Дербестік мағынасына
жататын сөзді белгілеп, өз нұсқаңмен
толықтыр
-
Қабілет
-
Темперамент
-
Мінез
-
Сезім
және и
эмоция
-
Ерік
-
___________________
Қабілетке жататын сөзді
белгілеп, өз нұсқаңмен толықтыр
-
Әуен
-
Техника
-
Математика
-
Тілдер
-
_____________________
Темперамент анықтамасына
жататын сөзді белгілеп, өз нұсқаңмен
толықтыр
-
Меланхолик
-
Флегматик
-
Сангвиник
-
Холерик
Мінезге жататын сөзді
белгілеп, өз нұсқаңмен толықтыр
-
Өзін-өзі
сынау
-
Мейірімді
-
Өтірікші
-
Еңбекқор
Сезімге қатысты сөйлемді
белгілеп, өз нұсқаңмен толықтыр
-
Күлкі
-
Қайғы
-
Қорқыныш
-
Жирену
Эмоцияға қатысты сөйлемді
белгілеп, өз нұсқаңмен толықтыр
Ерікке қатысты сөйлемді
белгілеп, өз нұсқаңмен толықтыр
-
Тәртіптік
-
Батыл
-
Қайсарлық
«Біз екеуміздің
ұқсастығымыз…» жаттығуы
Оқушылар екі топка бөлінеді.
Бір топ ішкі шеңберді құрайды, екіншісі– сыртқы. Барлығы бір-біріне
қарап тұрады. Сыртқы шеңбердегі әр оқушы: «Біздің ұқсастығымыз…»,
содан соң ішкі шеңбердегілер жауап береді «біздің айырмашалағымыз…»
содан кейін басқа адамға қадам жасайды. Ең алғашқы адамға келгенге
дейін ойын жалғасады.
Қазіргі кезеде жастар арасында
басқалардан ерекшеленіп тұрғысы келетіндер
көп.
Бірі математика саласында
қабілетті болып өмірде ерекше жетістіктерге жетіп
жатса;
Екіншісі музыка саласында
қабілетін көрсетіп жатады;
Ал басқалары өздерінің сыртқы
сұлулығын «мен» арқылы көрсетеді.
Әр адам өзінің дамытқан
қабілеті арқылы тұлғалық қасиеттін көресте
біледі.
Біз мейірімді болып және тек
қана «Мейірімділік жолмен»жүруіміз керек.
Сабақтың
қорытындысы:
Жетінші сынып үшін өзін және
өзгелерді бағалай алу маңызды. Сондықтан әр сабақта өзіміздің
сабаққа қатысу дәрежемізді 5 баллдық шкаламен бағалап отырамыз.
Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете
алдың ба?
Бағалау
шкаласы:
Өте жақсы – 5
балл
Жақсы – 4
балл
Орташа – 3
балл
Ортадан төмен – 2
балл
Төмен – 1
балл
Өте төмен – 0
балл
Рефлексия
-
Біздің ұқсастығымыз бен
өзгешілігіміз қандай?
-
Егер біз әртүрлі болсақ,
қандай құқыққа иеміз? (бірдей).
-
Оқушыларға смайликтер
таратылған. Сабақтан алған әсерлерімен
бөліседі.