Психологиялық сабақ
Тақырыбы: «МІНЕЗ»
7 сынып
Педагог-психолог А.Б.Жарболова
Мақсаты: оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері :
- адамның мінезіндегі негізгі ерекшкліктерін қарастыру;
- оқушының мінез ерекшеліктерін тест арқылы анықтау;
- мінез ерекшеліктеріндегі дағдыларды реттеуге үйрету.
Ұйымдастыру кезеңі
«Сегіз қырлы, бір сырлы» тұрақты сөз тіркесі нені білдіреді?
Мағынасын (мінезі келісті, қабілетті, сыр шашпайтын адам туралы айтылған) дәптерге жазыңдар.
Осынау аталы сөздің мән-мағынасы мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру; еңбексүйгіштік пен қиыншылыққа төзе білу; ел намысын қорғау; жаудан беті қайтпау; ата-тегін жадында ұстау; сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық; ат құлағында ойнау; ата салтын бұзбау (жасы үлкенді сыйлау)
«Сұлулықтың» қандай түрі бар (ассоциация)
Мінез сұлулығы. Жанның да өз әсемдігі бар, оның кербездігі – істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді. Ол жұрттың бәріне берілмеген, бұл рухтың ұлылығына байланысты. Оның алғашқы белгісі жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту.
«Мінез» жаттығуы
Мінездің анықтамасына негізі болатын сөзді белгілеп, өз нұсқаңмен толықтыр
-
Мінез туа бітеді және айтарлықтай тұрақты болып қалады
-
Жеке ерекшеліктері кездейсок болмайды.
-
Адамдардың көбі мінез тұрыптарына қарай топтарға бөлінуі мүмкін.
Мінез байқалатын сөзді белгілеп, өз нұсқаңмен толықтыр
Мінез байқалады:
-
Қызметте
-
Қарым-қатынаста
-
Ойында
-
Жұмыста
-
___________________
Мінез - өз алдына дараланған тұлғалық болмысты құрастырушы әрекет- қылықтардың сеп-түрткілері мен әдістерінің тұрақтанған жүйесі.
Мінез – тұлғаның әлеуметтік қалыптасқан әрекет-қылығының жөн-жобасы; бекіген, өзгеріске келмейтін жекеленген қылықтар ерекшелігі. Осыдан да бір адам екіншіге ұқсамайды. Дегенмен, мінездің бір беткейлігін мойындай отырып, әрқилы өмір жағдайларында бір адамның өзінде де түрлі, тіпті бір-біріне қайшы келетін мінез сапалары көрініс беретінін есте ұстағанымыз жөн.
Мінез және оның әрқилы қырларының қалыптасуында қоршаған ортаның сындарлы талаптары, адамның өмір жолында кезігетін аса қажетті жағдайлар өте маңызды рөл атқарады. Мұндай ықпалды жағдаяттар, әсіресе, адамға оның балалық және жас өспірімдік шақтарында күшті әсер жасап, нақты мінез бітімін қамтамасыз етеді.
Мінездің біршама элементтерден құралатынын бүгінде барша ғалымдар мойындап отыр. Ондай элементтер - бітістер, қасиеттер, сапалар және т.б.
Сонымен, мінез – бұл тек өкілінің өмірлік жоспарымен шарттасқан тұрақты да жалпыланған әрекет-қылықтарының жүйесі. Мінез – тек өкілі психикасы ерекшеліктерінің бекіген бағдарлы әрекеттік болмысы. Мінезде әрбір адамның әлеуметтік ортақ және даралықты, жеке өзіне тән сапа-қасиеттері бекиді, оның әлеуметтенуі мен тәрбиесінен қаланған сапалар көрініс береді.
Бір мінез бітістері жетекшілік деңгейде көрініп, тұлғаның мінездік кейпін танытады. Ал өзгелері екінші дәрежелі болуы мүмкін. Мінездегі мәнді сапа – бұл психикалық бітістердің өзара сәйкес келуі, яғни тұтастығы, тұрақтылығы, тепе-теңдігі.
Мінездің еріктік бітістері - әрекет-қылықты саналы реттеу үшін қажет тұлғалық, тұрақты дараланған типологиялық ерекшеліктері.
Мінездің негізгі сапалары: табандылығы, жігерлілігі, ұстамдылығы мен
байсалдылығы – тұлғаның еріктік болмысына байланысты келеді.
Мінез табандылығы – әрқилы жағдайлардағы бағыт-бағдар және көзқарастар тұрақтылығы, сөз бен әрекет-қылық үйлесімділігі.
Мінез күш-қуаты – адамның қайраттылығы, ұзақты төзімділікпен күрделі жағдайлардағы кедергілерді жеңе білу қабілеті.
Мінез беріктігі – мінез күші мен тұлғалық принциптілік бірлігі.
Мінез байсалдылығы – әрекет-қылықтық бірқалыптылығы мен ұстамдылығы, тұлғаның көңіл-күй – еріктік тұрақтылығы.
Мінездің көңіл-күйге орай ерекшеліктері – тек өкілі психикалық қасиеттерінің аса көрнекі, тікелей қабылданатын белгілері. Өз мінезінің көңіл-күйлі ерекшеліктеріне байланысты бірнеше тұлға типтері ажыралады: шұғыл жауапты, қызбалы, терең ойлы, жайсаң, бірбеткей, талғамды және т.б.
Мінездің зерделік, ой-өріс(интеллектуал) бітістері – ақыл қызметіне байланысты жеке адамның тұрақты – типологиялық ерекшеліктері.
Тұлғаның ақыл-ес, ой-өріс болмысын танытушы сапалар арасында аса маңыздылары келесідей: ақыл өнімділігі, бірегейлігі, жалпыланған ойлау әдістерін меңгеруі, тұлғаның бекімді ақыл-ес бағдары (әуесқойлығы), парасаттылығы және ойлампаздығы.
Диагностика
Отырыс-тұрысына қарап мінезін білу
Енді адамның мінезін отырысы мен тұрысына байланысты болжап көрейік.
Тұрысына қарай:
1. Аяқтары бірге, тік тұрады. Бұл кісі салмақты, ұқыпты, сабырлы адам. Тілдесуге, арқа сүйеуге болатын жақсы дос.
2. Бір аяқты тіреп, екіншісін кішкене алдыға шығарып тұратын адам ортасында танымал болғанын қалайды. Белсенді, мақсаттарын айқындап, оларға жете біледі. Армандарын орындау жолында қажетті икемділік пен ақылды көрсете алады.
3. Аяқтарын бір-бірінен алшақ, ашып тұратын кісі өз ойында нық тұрады. Жасаймын деген ісін тындырмай қоймайды.
4. Мінезін білгіңіз келген адам аяқтарын айқастырып тұрғанды ұнатса, ол танымал болғанын қалайтын атаққұмар кісі. Сондай-ақ ол армандарының орындалуын көп күткісі келмейді, шыдамы аз.
Отырысына байланысты:
1. Тобықтарыңызды айқастырып отырғанды ұнатасыз ба? Бұндай отырыс байсалды, тіпті өзіне сенімсіз адамдаға тән. Өзіңізге деген сенімділікті дамытуға тырысыңыз.
2. Көбінесе бір аяғын екіншісіне салып қойып отыратын адамдар өзіне сенімді болады. Өмірден не қалайтынын біліп, болашағына жарқын қарайды.
3. Түзу, екі аяғын бірге қойып, табанымен еденді толықтай басып отыратын адамдар ақкөңіл, шыншыл болады. Турашыл, ойлағанын бетке айтады, қоршаған адамдарға шыншылдығымен ұнайды. Сырттай суық көрінгенімен, расында адамгершілігі мол адам.
4. Табанын аяқтарының ұшында ұстап отыратындар сабырлы, кейде тұйық адамдар. Тұйықтығы қоршаған ортаның сынына төзе ала алмау қасиетіне байланысты. Ортасының пікіріне тәуелді болады.
5. Аяқтарының ұштарын бірге, ал өкшелерін екі жаққа қаратып отыратын кісі батылсыз, кінәмшіл адам болады. Бұл қасиетін жеңе алмай жүрсе де, ол басқаларға бірден дұрыс баға беріп, мінездерінің сырларын көріп тұрады.
6. Аяғын алдыға созып, кішкене шалқайып, тобықтарын айқастырып отыратын кісілер өктемшіл, қызғаншақ болып келеді. Басқалардан асып түскісі келеді.
«Мен қандаймын..? Ол қандай..?» жаттығуы
«Ол қандай?» деген сұраққа жауап беру үшін отырған оқушының бойындағы жақсыф қасиеттерін айтып беру.
Сабақтың қорытындысы:
Жетінші сынып үшін өзін және өзгелерді бағалай алу маңызды. Сондықтан әр сабақта өзіміздің сабаққа қатысу дәрежемізді 5 баллдық шкаламен бағалап отырамыз. Қалай ойлайсың сабақ барысында өзіңді қалай ұстадың, өзіңді көрсете алдың ба? Бағалау шкаласы бойынша дәптеріңде бағала
Рефлексия
- Қандай адам бойындағы мінез-бітісті атай аласыз?
- Аталған мінез-бітістерден мінездің екпіндеуін анықтап және қайсысы нормаға сай деп айта аласыздар?
-Саған қандай мінез тұрпы ұнайды? Неге?
- Мінезіңізде нені өзгерткіңіз келеді? Неге ?
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Психологиялық сабақ "Мінез" 7-сынып

шағым қалдыра аласыз