Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Психотерапия
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қуекесова Гүлжанар
Психотерапия
Психотерапия(грекше – псих-жан, терапия-емдеу) – науқасқа емдік мақсатта психикалық әсер ету әдісі. Ең алғаш ХІХ ғ бұл терминді ағылшын ғалымы Дениел Хак енгізді. Психотерапия науқасқа емдік мақсатта психикалық әсер ету әдісі. Психотерапия әсіресе шекаралық психопатологиялық жағдайларда қолданылады. Ол жеке де және басқа да әдістермен (медикаментозды, физиотерапия) қатар қолданылады.
Психотерапия қысқаша айтқанда психотерапия адамды (пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді. Психотерапия — кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе психикасын өңдеуге көмекті қажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы. Ондай көмектерді жеке-дара немесе топты формада маман ұйымдастырады. Қазіргі кезде психотерапия адамның, тұлғааралық қатынастың, топтық үрдістердің болмысына байланысты әр түрлі теориялық-әдіснамалық бағыттары — психоаналитикалық, необихевиористік, когнитивтік, гуманистік, нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) және т.б. бар. Психотерапия — психология мен медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылатын психологиялық құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. Психотерапия адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі. Психотерапия кеселге ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұрыс қатынасты қалыптастыруға бағытталады.
Психотерапияның клиникалық тәсілдері — гипноз, аутогендік жаттығу, иландыру, өзін-өзі иландыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға деген оң ықпалын арттырады. Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады.
Психотерапияның адам жан дүниесіне әсер етуі жөнінде төрт негізгі моделі бар:
-
психотерапияның емдеу әдісі ретінде медициналық моделі;
-
психотерапияны үйрету үрдісі ретінде психологиялық моделі;
-
психотерапия манипуляция ретінде қоғамды бақылап отыру мақсатындағы әлеуметтік моделі;
-
психотерапия адамдармен өзара әрекеттес құбылыс кешені ретінде философиялық моделі.
Психотерапияны тәжірибеде қолданылатын және өзінің нәтижелілігін дәлелдеген бірқатар әдістер жүйесі деп түсінеміз. Психотерапияның тиімділігі мен психосоматикалық медицинаның кең танымалдылығы психотерапия мен медицинаның байланыс тенденциясын құрайды. Күнделікті тұрмыста психотерапия деп адамның жан дүниесіндегі күрделі жағдайларды қалыпқа келтіру барысында байқалған әсерлерді айтамыз. Бұл әсерлер релаксациялаушы (босаңсыту) және психотерапияның көмекші әдістерінің бірін құрайтын суггестивті әдістің ықпалдарынан пайда болады. Психотерапия үрдісі үш кезеңнен тұрады:
-
алдын – ала дайындық кезеңі;
-
психотерапияны жүргізу кезеңі;
-
адамдар мен кері байланысты жүзеге асыру кезеңі.
Неміс ғалымдары М. Перре мен У. Бауманн
психотерапияны құрылымы әртүрлі және әрбіреуіне белгілі бір
мақсаттары мен құрылымдары сәйкес келетін бөлек–бөлек кезеңдерден
(фазалардан) тұратын үрдіс деп көрсеткен. Психотерапия үрдісінің
фазаларына жататындар: терапиялық қарым–қатынасты орнатуды көрсету
мен мақсаттарды түсіндіру, терапиялық шараларды қолдануды үйрету
және көрсету, терапияның басталуы мен аяқталуын дұрыс бағалау.
Әрбір фазаның өзіне сәйкес мақсаттары
бар:
-қарым–қатынасты орнатуды
көрсету фазасының мақсаттары:
-
диагноз қою;
-
психотерапиялық әдістерді таңдау;
-
қажетті жағдайда медициналық тексеруден өткізу;
-
ақпаратталған келісім.
-терапиялық шараларды қолдануды үйрету және көрсету мыналарға бағытталған:
-
рөлдік құрылымдау;
-
жағымды өзгерістерді қалыптастыру;
-
қажетті жағдайда этиологиясын (себептерін) түсіндіру.
-терапиялық жаттығуларды жасап көрсету фазасының мақсаттары:
-
қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеру;
-
әрекет – қылық мотивтеріне талдау жасау;
-
«мен» образын қайта құрылымдау.
Психотерапия үрдісінің ақырғы фазасының мақсаттары: мақсатқа жетудің психодиагностикасы; нәтижеге жетуге кепілдік беру.
Барлық жоғарыда көрсетілген мақсаттар түрлі жолдармен жүзеге асырылады:
-
интервью алу, анамнез (психикалық жағдайлар жайлы мәліметтер) толтыру;
-
тұлғалық және клиникалық тестілерді жүргізу;
-
эмпатияның (жағымды күйдің) көрінуі;
-
«ойын шарттарын» түсіндіру;
-
терапиялық байланыс орнату;
-
психотерапиялық әртүрлі техникаларды қолдану;
-
терапияның өткізілуін үздіксіз бақылау мен бағалау;
-
сеанстар санын диагностикалау мен қысқарту.
Психотерапия:
1)
Директивті психотерапия
дәрігер беделіне сүйене орындалады
(Гипноз).
2)
Директивті емес психотерапия
науқастың өзіндік белсенділігін қажет
етеді.
Психотерапиялық әдістер емделуіне қарай аурудың себебін анықталған және анықталмаған деп 2 топқа бөлінеді. Бірінші топқа терең терапия, аурудың пайда болуын тереңдетіп іздейді және бір уақытта ауруды жояды. Екінші топқа қимылдық терапия, аурудың себебін емес тек симптомдарын емдеу.
Психотерапияның әдістері науқастың жасына байланысты болады: балалар, жасөспірім және ересек психотерапиясы және психологиялық көмек, топтық терапия т.б.
Жанама психотерапия. Науқасқа емдік мекеменің жағдайы, медициналық қызметкерлердің жағдайы, медициналық қызметкерлердің жүріс-тұрысы, олардың сыртқы бейнесі, бір-бірімен сөйлесу әдеті және науқастарға қарым-қатынасы, көңіл бөлуі науқасты мазалайтын сұрақтарға қатысты эрудициясы жанама психотерапиялық әсер көрсетеді.
Тура психотерапия. Сөзбен әсер ету жолымен іске асады және науқасқа тікелей бағытталған. Тура психотерапияны жүргізу кезінде науқас ояу жағдайда немесе гипноздық ұйқыда болуы мүмкін. Тура психотерапия әдістерінің ішінде рационалды психотерапия, функциональды жаттығу әдісін, сергектік, гипноздық ұйқы жағдайында сендіру, аутогенді жаттығу және аналитикалық психотерапияны атауға болады.
Рационалды психотерапия – науқасты өз ауруына деген көз қарасын өзгерту. Әдістің негізін салушы П.Дюбуа. Бұл әдіс ипохондриялық жағдайда, күдіктенулер, фобияларканцерофобия, кардиофобия, сифилофобия,жүйкелік соматовегатативті бұзылыстар кезінде, жүйкелік –психикалық бұзылыстармен жүретін соматикалық аурулар кезінде өте тиімді (рационалды психотерапия, аутотренинг, топтық әдістер).
Функционалды терапия – дертті жүріс-тұрыс стереотипін сау стереотипке ауыстыру. Дәрігер бақылауымен және оның белсенді араласуымен фобия немесе истериялық бұзылыстармен науқастар біртіндеп өзіндегі бұзылыстардан алшақтайды, өз әрекеттері саласын кеңейте түседі.
Позитивті терапия – күш жігерді жоғарлату. Әдіс науқастың эмоционалды сферасына бағытталған, науқас сенгіштігі жоғары болған сайын тиімдірек. Бұл әдіс әсіресе балаларда тиімдірек, ал ересектерде истериялық, фобиялық, невростения белгілері болғанда қолданылады. Сендіру формуласы гипнозда қолданылатын сендіру әдісіне ұқсас.
Гипноздық
терапия. Кеңес психологы Платоновтың
анықтамасы бойынша психотерапияның негізгі діңгегі. Гипнотерапия
шекаралық психикалық бұзылыстар, психосоматикалық аурулардың
көлеміне алгиялық, агриппниялық синдромдар, алкоголизм,
наркоманияны емдеуде қолданылады. Сендіру сеансы 3 сатыдан
тұрады:
- Науқасты гипноздық ұйқыға енгізу.
- Гипноздық ұйқы және осы жағдайда сендіру.
- Гипноздық ұйқы жағдайынан шығару.
Аналитикалық
психотерапия – аурудың негізінде жатқан,
санадан тыс комплекстерді анықтау. Науқаспен ұзақ уақыт
әңгімелескенде оның қателесіп, аңдамай айтқан сөздері мен жазған
жазуларының, көрген
түстерінің символикалық мағынасы ашылады.
Әлеуметтік
терапия. Бұл кезде тек науқаспен ғана
емес, оның
туысқандарымен де жұмыс істеу керек. Науқасқа қоршаған ортамен
араласуды және өзін елден кемістемеуін, сонымен қатар халыққа зиян
тигізбеуі жайында әңгіме болады. Ал туыстарына науқаспен қалай
араласу керектігін, оны күту керектігін ескертіп айту керек, науқас
неден қорқатындығын, неден қашатындығын белгілеу керек. Науқасты
еңбекке балу керек.
Музыкотерапия – бұл әдіс тепе-теңдікті сақтау үшін және жан дүниесін босаңсыту үшін қолданылады. Музыка адамды тыныштандыруы не керісінше әсер етуі мүмкін. Балаларды емдегенде музыкамен билетіп қозғалыстар жасаған дұрыс. Мүзыкотерапия, тіпті дәрігермен контактқа түскілері келмейтін шизофрениямен не аутизммен ауыратын балаларды емдеуге көмектеседі.