Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
Өскемен қаласы Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, жоғарғы санатты, педагог-зерттеуші: Ежембаева Асемгуль Аусалыковна
Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
Ақын поэзиясына лайықты бағасын берген академик
Зейнолла Қабдолов: «Қадыр Мырзалиев – сөздің сәйгүлігі, ойдың
орманы. Ол жеке бастың дара мұңынан бастап, қым-қиғаш халықаралық
қайшылықтарға шейін қысылмай, қымтырылмай еркін жырлай алады»
(1,7-б.), – деп ақынның өзіндік бет-бейнесін, шығармашылық келбетін
дәл айқындап береді.
Қадыр Мырза-Әли – қазақ поэзиясында ұлт рухын қалыптастыру жолында еңбек еткен ақын. Ақын поэзиясынсыз қазақ әдебиетін көз алдымызға елестете алмаймыз десек те болады. «Әдебиет ұлттық болу керек» деп түсінген ақынның әрбір өлеңінен қазақ халқының жаны мен болмысы көрініс алып жатады. «Қадыр Мырза Әли ұлт тарихын, мінез-құлқын, ойлы көзбен өлшеп суреттейді. Онда терең идеялық мағына бар», (2,129-130 бб.)– дейді Қадыр поэзиясы туралы академик С.Қирабаев. Ақын Аманхан Әлім болса, ұлт ақыны туралы: «Ол қазақ поэзиясы арқылы алып Қазақстанның, оның ішінде ұлтымыздың тұтастай понорамасын жасаған тұлға. Оның поэзиясы бізді поэтикалық өнердің заңдылығы мен ерік еркіндігіндегі сезім мен ойдың уақыты мен кеңістігін, биіктігі мен тереңдігін асқан жауапкершілікпен сезіндіріп, білдіретін ерекше құбылыс. Қадекең поэзиясынсыз толыққанды ұлттық қазақ поэзиясын көз алдымызға келтіру қиын. Ол – аксиома. Оның бүкіл шығармашылық ғұмыры тұтас бір ұлттың тарихы, сол ұлт өмір сүрген қоғам, заман, уақыттың барометрі», (3) – деп ақын поэзиясын ұлт табиғатынан бөліп алудың мүмкін еместігін тауып айтады.
Ақын
өлеңдерінің поэтикалық қуатын күшейтіп тұратын
ерекшелігі – ондағы ұлттық сипатты танытатын ұлттық мазмұн мен
пішіннің бірлігінде, ұлттық дәстүр мен образды ойлаудың
жаңашылдығында. Қазақ поэзиясының көркемдік дәстүрінен мол
сусындаған ақын өлеңдерінде тың ой, жаңа
ізденіс,
рухани кеңдік, көркем суреттер мен шынайы образдар көптеп
кездеседі. Ақын поэзиясындағы дала, домбыра, бесік, тау, тұлпар,
киіз үй сияқты ұғымдар символдық мәнге айналған ұлттық көркем
дәстүріміз. Сыншы-ғалым Б.Кәрібаеваның: «Өнер-өлең жарығымен
халқымыздың тарихи психологиялық қойнауын Қадыр еркін ақтарған
ақын» (4,182-б.) деген пікірі ақиқат. Қадыр ақын қазақ поэзиясында
ұлттық ұғымға негізделген тұтас көркемдік ойлау жүйесін
қалыптастырды, қазақ халқының ұлттық көркем образын мүсіндеді.Қадыр
Мырза Әли – қазақ поэзиясын ұлттық нақыштармен әрлеген, ұлттық
көркемдік ойлау дәстүрін жалғастырған және жаңа көркем образдар
тудырған қайталанбас тұлға. Қазақтың ұлттық поэзиясына, өз
көркемдік әлемімен, өз таңбасымен келген ақын
шығармашылығы әркез әдебиеттану ғылымы мен
сынының назарын аударып жоғары бағасын алып отырды. Ақын
шығармашылығы қазақ әдебиетінің тарихына өшпес мұра ретінде
енген.
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиевтің
шығармашылығына шолу жасап қарасақ, 40-тан астам жыр жинақтары мен
балаларға арналған топтамалардың авторы екен. Бүгінгі күнге дейін
жалпы шығармаларының жинағы 20 томнан асады. Әдеби-сын кітаптарында
халқының өткені мен бүгінгісіне, ғасырлар бойғы арман-мүддесіне,
мәдениет пен әдебиеттің даму сатыларына ой жүгіртіп,
замандастарының тыныс-тіршілігіне үңіледі. Қадыр Мырза Әли
шығармашылығы ұлт трагедиясы мен бақытының, оның ғұмырнамасының
айнасы. Бар талантын, мақсат-мұраттын өз ұлтын танытуға
арнаған. Қадыр Мырза-Әли өз
буын, өз өмірін, сезімін жырлаушы
ғана емес, сол арқылы тұтастай ұлттың атынан сөз айта алатын, ұлт
ойын жеткізе алатын дәрежеге көтерілген ірі
тұлға. Мәселен, “Ой орманы” (1965),
“Дала дидары” (1966), “Ақ отау” (1968), “Домбыра” (1971), “Көш”
(1973), “Жерұйық” (1976), “Алақан” (1977), “Қорамсақ” (1980, 1981),
“Қызыл кітап” (1983), “Күміс қоңырау” (1970 – 85) жыр жинақтарында
нәзік лирикалық сезімді терең философиялық ой-толғаныстарымен шебер
ұштастырған. “Мәңгі майдан” (1993), “Биік баспалдақ” (1993), “Үкілі
үзінділер” (1996), “Ғибратнәмә” (2001), “Алаштың арманы” (2001),
“Жазмыш” (2001), “Еңіреп өткен ерлер-ай” (2001), “Иірім” (2004),
“Шырғалаң” (2004), “Алмас жерде қалмас” (2004), тағы басқа
кітаптары оқырманның іздеп жүріп оқитын, рухани нәр алатын
дүниесіне айналған. Әдеби-сын кітаптарында халқының өткені мен
бүгінгісіне, ғасырлар бойғы арман-мүддесіне, мәдениет пен
әдебиеттің даму сатыларына ой жүгіртіп, замандастарының
тыныс-тіршілігіне үңіледі. Оның 200-дей өлеңіне ән жазылып,
“Күндер-ай” деген атпен жеке жинақ болып шықты (1984).
Драматургияда Алдаркөсе туралы “Сақалдың саудасы” атты сатиралық
комедия мен Махамбеттің соңғы күндеріне арналған “Жаралы жолбарыс”
атты драмасын жазды. Соңғы шығармасы үшін Махамбет атындағы
сыйлыққа ие болды (1997). Оның шығармалары әлем әдебиетінің озық
үлгілерімен үндес келіп, философиялық-дидактикалық дәстүрді дамыта
жырлаған өзіндік өрнегімен танылды. Ақын өлеңдері ағылшын, француз,
неміс, болгар, венгр, фин тілдеріне аударылған. Орыс тілінде
“Бессонница” (1967), “Белая юрта” (1968), “Соловьиный сад” (1971),
“Степные пути” (1975), “Твой дом” (1976), “Верхная струна домбры”
(1976), “Ладони” (1984), “Нижная струна домбры” (1985),
тағы басқа кітаптары жарық
көрсе, өзбек тілінде “Күміс
қоңырау” (1975), қырғыз тілінде “Алақан” (1979), әзербайжан тілінде
“Бұлбұл бағы” (1980), моңғол тілінде “Шымыр жаңғақ” секілді
еңбектері басылды.
Ақынның мол әдеби мұрасының таңдамалылары «Қазығұрт» баспасынан 2001 жылы 12 том болып жарық көрсе, 2010 жылы толықтырылып 18 том болып қайта басылып шықты. Осындай ерен еңбегімен қазақ әдебиетін сан мен сапа, мазмұн мен көркемдік жағынан молайтып, халқымыздың рухани мәдениетіне зор үлес қосты. Әдебиетімізге сіңірген еңбегі нәтижесінде Қадыр Мырзалиев Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының (1966), ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1980), Монголияның «Дарын» атты Халықаралық әдеби сыйлығының (1993), «Махамбет» атты сыйлықтың (1997), Республикалық тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының (2004) лауреаты атанды. Алайда ақын үшін ең жоғары атақ – қазақ халқының ұлт ақыны бола білуі деп білеміз.
Жинақы да дәл айтылған ақиқат. Ұлттанушы-ғалым А.Айталының: «Адамды ұлтқа біріктіретін шешуші күш – ұлттық сана-сезім», – деп айтқанындай, ақын поэзиясы ұлтымыздың ойлауы мен санасында ұлттық негіздің сіңе түсуіне еңбек етуде. Дүниені ұлттық түсінікпен қабылдау ұлт ақынына тумысынан тән нәрсе. Әрі бұл қасиеттің өлеңдерінен толық көрініс алуы да заңдылық. «Қазақ — осы!» деп ұлтымызға тән жақсылы-жаманды қасиеттерімізді саралап, болмыс-бітіміміздің ішіне үңіледі. Елін шексіз сүйген талантты ақын, білімді тұлға екендігін мойындатады. Қадыр Мырза Әли шығармашылығы ұлт трагедиясы мен бақытының, оның ғұмырнамасының айнасы. Бар талантын, мақсат-мұраттын өз ұлтын танытуға арнаған. Қадыр Мырза-Әли өз буын, өз өмірін, сезімін жырлаушы ғана емес, сол арқылы тұтастай ұлттың атынан сөз айта алатын, ұлт ойын жеткізе алатын дәрежеге көтерілген ірі тұлға. Жазушы Нұрдәулет Ақыштың: «Біз, ең алдымен, бүкіладамзаттық емес, ұлттық құндылық жасауды армандауымыз керек. Сонда ғана бізді әлем таниды, өзге ұлттар мойындайды. Біз әлемді ұлттық құндылықтарымызбен ғана таң қалдырамыз», (6) –деп айтқан ойы Қадыр Мырза Әли шығармашылығымен үндесіп жатқандай.
Менің бабам қақтаған қыр аптабы
Көшіп-қонып, ұрпағы тұрақтады.
Біздің тарих бұл да бір қалың тарих,
Оқулығы жұп-жұқа бірақ-тағы.
Қадыр жазған өлеңнің әр шумағы осылай шындық пен тарихтан сыр тартады. Жинақы да дәл айтылған ақиқат. Ұлттанушы-ғалым А.Айталының: «Адамды ұлтқа біріктіретін шешуші күш – ұлттық сана-сезім», – деп айтқанындай, ақын поэзиясы ұлтымыздың ойлауы мен санасында ұлттық негіздің сіңе түсуіне еңбек етуде.
Дүниені ұлттық түсінікпен қабылдау ұлт ақынына тумысынан тән нәрсе. Әрі бұл қасиеттің өлеңдерінен толық көрініс алуы да заңдылық. Өлеңдерімен ұлтымыздың мінезін, болмысын, табиғатын танытып, қазіргі қазақ лирикасының эстетикалық деңгейін көтерген ақындарымызды атар болсақ, тағы да ең алғаш аузымызға Қадыр Мырза Әли оралады. Себебі ақын поэзиясы ұлттық ой-сананы, дүниетанымды сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен, асқақ та өршіл рухпен береді. «Қазақ — осы!» деп ұлтымызға тән жақсылы-жаманды қасиеттерімізді саралап, болмыс-бітіміміздің ішіне үңіледі. Елін шексіз сүйген талантты ақын, білімді тұлға екендігін мойындатады. Атап айтсақ, «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» атты өлеңінде:
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой.
Дос келді деп,
Жасап жатыр анық той.
Тұңғыш рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы міне,
Танып қой!
Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған
Сүйетүғын қазақ осы,
Қараңдар!
Қазақ осы:
Күй шығарып,
Ән салып,
Көкпартартып,
Қыз қууға жаралған, – деп қазақтың қандай халық екендігін қонақтарға таныстыра келе:
Қазақ осы:
Дала дейтін,
Күн дейтін.
Қазақ осы:
«Өнер алды – тіл» дейтін... – деп нені қалап, нені қастерлейтінін айтады. Халқымыздың жатырқауды білмейтін қонақжай, жомарт, қолы ашық, тойшыл, думаншыл, батыр әрі ақын халық екендігін көтеріңкі леппен мақтана жырлайды. Бұл өлеңнің әр шумағы халқымызға тән ұлттық болмыс пен мінезді жан-жақты аша түседі. Қадыр ақын өлеңдерінде өзіне дейінгі поэзияда орын алған көркемдік дәстүрлерді де жаңашылдықпен пайдаланған. Соның бірі – жыраулық толғаулардағыдай нақылдар мен афоризмдердің жиі кездесуі. Қадыр ақын афоризмдерінің көбі халық жадында сақталып, жатқа айтылады. Ақын шығармашылығы қазақ поэзиясында ұлт рухын қалыптастыруға қызмет етті. демек, Қадыр Мырза Әлиді қазақ поэзиясын ұлттық мазмұнмен байытқан, ұлттық көркемдік нақыштармен әрлендірген ақынымыз деп даралап айта аламыз. Ақын шығармашылығы қазақ поэзиясында ұлт рухын қалыптастыруға қызмет етті. Демек, Қадыр Мырза Әлиді қазақ поэзиясын ұлттық мазмұнмен байытқан, ұлттық көркемдік нақыштармен әрлендірген ақынымыз деп даралап айта аламыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Қабдолов З. Қадырдың қадірі. Қадыр Мырза Әли. Таңдамалы туындыларының көп томдығы. 1-т., –Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2001 -
С.Қирабаев. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А., 1998 -
Аманхан Әлім. Талант тағлымы //«Ана тілі»газеті, 10-желтоқсан, 2009 -
Кәрібаева Б. Қадыр поэзиясы хақында // Жұлдыз. –1983, №12. -
Нұрдәулет Ақыш // «Қазақ әдебиеті»,14-желтоқсан, 2007