Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қалыптастырушы бағалау жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалыптастырушы бағалаудың негізгі ерекшелігі жайлы сипаттама берілді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қалыптастырушы бағалау



Қалыптастырушы бағалаунемесе оқыту үшін бағалау. Бағалаудың бұл

түрінің қалыптастырушы немесе формативті бағалау болып аталатындығы - бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны. Мұғалім бұл бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтай алады. Оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді сурет түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың сәйкес тәсілдерін өзі анықтай білуіне,жоғары деңгейге жетуге ынталануына ықпал ете алады.

«Бағалау» одан арғы оқыту туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Бағалаудың жалпы сипаттамасы:

1.Қадағалаужүргізу.

2.Кейінгі іс әрекеттер туралы шешім қабылдау үшін пайдалануға болатын қорытындылар шығару.

3.Деректер интерпретациясы

Оқу үшін бағалау кезінде қолданылатын қадағалау, интерпретация және критерийлер оқуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды мен шешім басқа сипатта болады. Негізінен, ОүБ балалар оқу үдерісінің қандай кезеңінде екені, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша, ОүБ қорытындысы бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген. Бағалауды Реформалау Тобы (2002а) оқу үшін бағалауға мынадай анықтама береді:Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына екпін жасауы болып табылады. Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет, әрі мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске оқушылар да белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін өте маңызды да, өзекті.

Қадағалау. Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтай білуі қажет.

Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге, мәселен, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе критерий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі ретіндегі қадағалау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпынуға болар; немесе мінез-құлыққа қарап логикалық қорытынды жасауға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе оның миында болып жатқан құбылыстың нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты интерпретацияны кейде логикалық қорытынды деп атайды. Қорытынды мәліметтерді интерпретациялау негізінде қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді. Бұл кезеңде бағалау үдерісі түрлі мақсаттарға және алынған ақпарат қолданылатын міндеттерге байланысты әртүрлі нысанда жүруі мүмкін

Бағалау арқылы оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететін бес қарапайым факторбар:

- оқушылармен тиімді кері байланыс орнату;

- оқушыларды өздерін оқу үдерісіне қызу араластыру;

- оқыту мен бағалау нәтижелері арасында байланыс орнату;

- оқу табыстылығының негізгі факторлары болып табылатыноқушылардың ынтасы мен өз қадір-қасиеттерін сезінуді дамытудағы бағалаудың мәнін түсіну.

- өз жұмысын өзі бағалау және өзін өзі жетілдіру жолдарын түсіне

білуді дамыту.


Қорытынды бағалау


Қорытынды бағалауды жиынтық, суммативті бағалау деп те атай береді.

Жинақтаушы (қорытынды) баға – белгілі бір тарау бөліктерін оқып біткеннен кейінгі білім мен дағдылардың қалыптасуын анықтауға арналған бағалау түрі. Жинақтаушы жұмыста қойылған баға белгілі есеп беру уақытныда (тоқсан, жыл т.б.) негізгі баға ретінде қорытынды бағалардың шығарылуына ықпал етеді.

Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеуүшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал ететін (яғни, анықтайтынмәнге ие) шешім қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасызету керек, яғни бұл ақпараттың мазмұны мен оның қандай жағдайларда жиналғанын қатаңқадағалау қажет.

Қорытынды бағалау оқу курсы бойынша оқушылардың ілгерілеуін өлшеу үшін қолданылады.

Қорытынды бағалаудың мақсаты – оқушылардың пән бойынша  оқып үйренген белгілі бір бөлімді, тақырыпты аяқтағаннан кейінгі білім жетістіктерін анықтау.Тоқсан ішінде немесе бөлімді аяқтағаннан кейін міндетті түрде қорытынды жұмыс алу қажет. Бұған қорытынды бақылау жұмысын және үй жұмысын қосуға болады.

Оқушы үлгерімі бойынша есеп үшін әр баға маңызды. Эссе жазу, зерттеу жұмысы, ауызша таныстырулар, тестілеу және ашық сұрақтарға жауап іздеу сияқты пән бойынша оқу бағдарламаларының талаптарына байланысты. Қалыптастырушы жұмыстар жиі өткізілуі тиіс, олар алдын-ала бағаларды шығару кезінде қоса есептелінетін болады. Тоқсан бойынша қорытынды баға критериалды бағалау қолданылатын қалыптастырушы және қорытынды бақылау жұмыстарының нәтижесінен тұрады. Ұпай саны мен критерийлер пәнге байланысты болып табылады. Қалыптастырушы жұмыстар бірдей болмауы керек, өйткені олар маңыздылығы әртүрлі дағдылар мен түсініктерді дамытады және тексереді. Орта мектептегі өз бетімен оқу тәжірибесі және CAS бағдарламасы Дипломдық Бағдарламада бағдарламадағы күтілетін нәтижеге негізделіп түсіндіру арқылы бағаланады. Орта мектептегі экспериментальды оқып жатқан оқушылар оқу бағдарламасындағы нәтижеге негізделіп, комментарий арқылы бағаланады.

1. Критериялық бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалаудан және айқындаушы бағалаудан, сондай-ақ оқу тоқсанындағы және оқу жылының нәтижесі бойынша қорытынды бағалаудан тұрады.

2.Қалыптастырушы бағалау оқушылардың сыныпта және/немесе үйде күнделікті жұмыс істеу процессінде білім/дағдыларды меңгеру деңгейін анықтауға арналған. Ол әртүрлі нысандар арқылы (ауызша сұрақ қою, жазбаша, тәжірибелік жұмыстар және т.б.) жүзеге асырылады және мұғалім мен оқушыға өздерінің жұмыстарын түзетуге және айқындаушы жұмысты жүргізуге дейін ықтимал кемістіктер мен жетіспеушіліктерді жоюға мүмкіндік береді.

3. Айқындаушы бағалау оқу ақпараттарының (тақырыптарының) топтамасын зерделеуді аяқтау кезінде білімдердің және оқу дағдылардың жинақталған деңгейін анықтауға арналған. Айқындаушы бағалау әртүрлі (тестілер, сынақтар, бақылау жұмыстары және т.с.с.) айқындаушы жұмыстарды орындау нәтижелері бойынша өткізіледі. Айқындаушы жұмыста қойылған бағалар есепті кезеңдегі (тоқсан, жыл) курс бойынша қорытынды бағаларды анықтауға негіз болып табылады.

4. Қорытынды бағалау есепті кезеңді (тоқсан, жыл) аяқтау кезінде оқушылардың меңгерген білімдері мен жинақталған дағдылардының шоғырланған деңгейін анықтауға арналған.

5. Оқушыларды оқыту нәтижесі 5 балдық шкала бойынша стандартты журналда және критерий балдары бойынша тәжірибелі форматтағы (Қосымша 3) электронды журналда белгіленеді.

Критериалды немесе өлшемді бағалау құралдары:

Критерий- ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі.Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.

Дескрипторлар оқушының әр критерий бойынша (сатылы түрде) нәтижеге жету деңгейін сипаттайды және оны белгілі бір ұпайлармен бағалайды: жетістік жоғары болған сайын сол критерий бойынша ұпай да жоғары болады.Дескрипторлар(түйінді сөз) оқушы қалайжоғары нәтижеге жете алатындығын көрсетеді.

Рубрика – бұл қалыптастырушы жұмыс кезінде қолданылатын бағалау құралы. Олар алдын ала жоспарлаған тапсырмалар мен критерийлердің арасындағы «көпір» болып табылады. Рубрикалар критерийлерге негізделген, орта мектептегі қалыптастырушы жұмыстың тапсырмаларында қолданылады.

Тексеру парағы – оқушылардың бір-біріне көмектесу үшін қолданатын және мұғалім беретін тапсырманы нәтижелі орындау барысында өз жұмысын бақылай алатын бағалау құралы. Кез келген тапсырманы орындауда тексеру парағын пайдалануға болады.Рубрикалар мен тексеру парағы оқушылар үшін белгілі бір тапсырмаларды орындаудағы талаптарды білуде, өз жұмыстарын бірнеше рет тексере алуға қолжетімді болып табылады және орындалған жұмысты мұғалім тексергенге дейін өз беттерінше бағалауға мүмкіндігі болады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.05.2021
390
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12