«Мен
елдің болашағын қалай көремін және ол үшін не
істей аламын?».
Ел - ол әртүрлі адамдардан құралған,
менталитеті бірдей , тұрмыс-тіршілігі ұқсас, тұрғылықты халық
жиынтығы. Қазақ халқының бұрыны мен қазіргі кезі
айтарлықтай өзгеше. Дәлірек айтқанда жер мен көктей.
Яғни,
киім киісіміз, ойымыз, көзқарастарымыз ерте
ғасырлардағы адамдардан өзгеше және тұрмыс тіршілігімізде өзгерді.
Яғни,
айтарлықтай дамыды. Біздің халқымыз сан
ғасырлар бойы дамып келеді және басқа елдерден қалыс қалмау үшін
тырысып бағуда. Қазір тұрмыста сыпыртқы
емес,
шаңсорғыш пайдаланамыз, киімді қолмен
емес,
кіржуғыш
мәшине мен жуамыз, тіпті ыдыс жуғыш мәшине
де бар, телефондардың көптеген жаңа түрлерін, үлкен
теледидарларды пайдаланамыз, 5G интернетін
қолданамыз.
Бұл жерден елдің айтарлықтай дамығанын
байқаймыз. Еліміз осы күнге жету жолында көптеген қиындықтарға тап
болды. Бірақ, халқымыз ешқашан қолын сермеп кетпеді. Біздің осы
тәуелсіздікке жетуіміз, ашық аспан астында кең байтақ жерімізде
130-дан аса ұлт өкілдерімен тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп
жатырғанымыз ата-бабаларымыздың ерен-ерліктерінің арқасында деп
білемін.
Еліміз әлі де, өз
тәуелсіздігін сақтап тұр. Осы тәуелсіздігімізді сақтап елімізді
одан әрі жаңғырту, біздің қолымызда. Менің көзқарасым бойынша,
еліміз қарқынды дамып келеді. Нақтылай кететін болсам, білім
саласында оқушылар үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр. Мысалы,
мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, колледждерде интерактивті
тақталар, компьютерлер, интернет, білімді ұстаздар, оқушылар
жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқып, өз ойларын емін-еркін
жеткізіп, өз-өздерін жетілдіріп отырады, жоғарғы оқу орындарына
түсу үшін көптеген гранттар бөлініп жатыр. Бұл мектеп бітіруші
түлектердің жоғарғы оқу орындарына түсу үшін мүмкіндіктерін
арттырады. Сонымен қатар сапалы, білімді маман иелері болу үшін
шектік баллды арттырып, білімділікті арттыруда. Бұл біз үшін үлкен
жетістіктердің бірі деп есептеймін. Менің ойымша, елімізді жарқын
болашақ күтіп тұр деп ойлаймын. Бұл жолда, мен аянбай еңбек етемін.
Мәселен, өзім таңдаған мамандық бойынша тигізетін септігім: мен
мектеп бітіруші түлекпін және мен таңдап отырған мамандық
журналистика. Көп адамдар жаңалықты тыңдаудан жалығып кетіп жатады
немесе оларға түсініксіз болып жатады. Бұл адамдардың түсінігіне,
қабылдау түйсігіне байланысты. Адамдар жаңалық қарамай кетуінің өзі
ел болашағына әсер етеді деп ойлаймын. Себебі, егер адамдар жаңалық
қарамай қалса, сауатсыздық көбейеді, соңғы жаңалықтардан құр
қалады, маңызды мәселені хабарлаған кезде көп адамдардың соңынан
естуі де осыдан. Бұны да мәселе ретінде қарастырған жөн деп
есептеймін. Мен бұл мәселені шешу үшін жаңалықтарға субтитрлер
қосар едім. Сонда адамдар түсініксіз болып қалған сөздерді, өздері
оқып ала алады. Мен журналист болып халыққа шынайы ақпараттар
беріп, шұғыл мәселелер туындаса, сол жерге барып, халыққа түсінікті
әрі қызықты етіп жеткізер едім және түрлі интернет желілеріне
жүктеп, тіпті жұмыстары мен қолы босамай жүргендерге де бұл
ақпараттардың жетуін қамтамасыз етер едім. Сондай-ақ адамдарға
қазір түрлі көңілді бағдарламалар қызық. Әсіресе танымал адамдар
қатысатын бағдарламалар қызық. Мен журналист ретінде қызықты
бағдарлама құрастырып, сол бағдарламаны жүргізер едім. Толығырақ
айта кететін болсам, бұл бағдарламаға бірнеше топ алып, оларды
жарыстырар едім. Бір қызығы топта екі ғана адам алып, біреуі
танымал адам, екіншісі қарапайым адам. Оларға салт-дәстүрлер
туралы, тарих туралы, елімізде болып жатырған соңғы өзгерістер
туралы сұрақтар қойамыз. Бұл арқылы мен елімізді бірнеше бағытта
дамыта аламын. Айта кететін болсам тілін, салт-дәстүрін нақыштап,
тарихын жаңғыртып қана қоймай оларға соңғы жаңалықтарды жеткізе
аламын. Мен елімізді дамыту үшін тек қана журналист болу арқылы
ғана емес, басқа да іс-әрекеттеріммен өз үлесімді қоса аламын. Ағаш
отырғызу арқылы қаламызды көгалдандырып, қоқыс тазалап,
табиғатымызды қорғаймын. Бұл бұрыннан бар, қолға алынған іс
болғанымен, адамдар әлі де өзінің қоқысын дұрыстап тастамай, қоқыс
жәшіктеріне тастаудың орнына, оның сыртына көп тастап жүргенін
байқаймын. Бұл әлі де, адамдардың санасының дұрыс дамымағанын
аңғартады. Табиғатымызды осылай бүлдіре беретін болсақ, еліміз
ластанып, табиғатымыз құрып, ресурс көздері бүлінеді. Оның елімізге
тиетін зардабы мол. Елімізге ғана емес, жер ғаламшарына түгелдей
қауіп төндіреміз. Жер- ол тіршілік мекеніміз. Оған зиян тигізбеу
туралы, оның зардаптары туралы бала-бақшадағы, мектептердегі,
колледждердегі, жоғарғы оқу орындарындағы оқушыларға олардың
ата-аналарына онлайын форматында, оффлайн түрде жылына кем дегенде
бір рет түсінік жұмыстарын жүргізіп табиғатты қорғау үшін түрлі
фестивальдер жасап, түрлі жарыстар өткізіп табиғатты қорғауға үлес
қоса аламын. Өнер саласында да еліміздің қарқынды дамитынына
сенемін. Себебі, қазіргі таңда кино индустриясын алатын болсақ,
еліміз түрлі қызықты сериалдар, фильмдер түсіріп, оны басқа
тілдерге аударып жатыр. Менің бұл салаға да, өз үлесімді қосқым
келеді. Менің ойымша өнерлі адамдар көп, тек оны аша алу керек.
Көптеген адамдар өз өнерлерін өздері бағалай алмайды немесе дұрыс
білмейді немесе кастинг өтетін жер алыс болып жатады. Сондықтан әр
ауылды, әр қаланы аралап кастинг ашып және оны екі форматта өткізер
едім. Өйткені, кейбір адамдар кастингке келген кезде, қатты
қобалжуы мүмкін. Олар қобалжудан өздерін дұрыс ашып көрсете алмай
қалуының алдын алу бағытында, алдымен видео алмасу арқылы кастинг
жүргізіп, өткен адамдарды шақыртып, тағы бағын сынап көрушілер
болса қабылдап, оларға мотивация беріп, өздерін емін-еркін ұстауды
және қобалжуды басуды үйрететін едім және де, тағы да бір кастинг
жүргізер едім. Сонда кастинг қатысушылары тәжірибе жинақтайды,
ұялшақтықтан арылады. Бұл елдің дамуына қай саладан болмасын өз
пайдасын міндетті түрде тигізеді деп ойлаймын және мен оған кәміл
сенемін. Әрбір ел мәңгілік жасау үшін тамыры терең, ешқандай жау
ала-алмайтындай бірлікте болуы керек және басқа елдер арасында
дәрежесі болуы керек. Басқа ел сыйлауы үшін ел өзін-өзі сыйлай білу
қажет. Оны қарапайым өзіміздің ана тілімізді, ұлы тарихымызды
сыйлаудан бастауымыз керек деп ойлаймын. Мені соңғы кездері жиі
толғандыратын мәселе – тіл мәселесі. Қазақ бола тұра, қазақша
сөйлей алмайтын, қазақ тілінде сөйлеуге ұялатын қаншама адамды
көрдім. Бұл менің жүрегіме батады. Сондықтан мен тілді құрметтеу
туралы жобалар қорғап, халықты өз ата-тегімізді ұмытпай, ана
тілімізді құрметтеп, өз тілімізде сөйлеуге шақырамын және осы істі
болашақта қолға алғым келеді. Мен қазақпын деп жан беретін
патриоттардың көп болғанын қалаймын. Патриоттарымыз жоқ деп айтып
көпке топырақ шашқым келмейді. Себебі барлығымыз көріп, біліп,
естіп жүрміз, елім, жерім деп жан беруге әзір қаншама батыр
азаматтарымыз бар, олар қандай жағдай болмасын елді қорғап,
барларын салып, тырысып бағатынына кәміл сенемін. Дегенмен, бірігіп
көтерген жүк жеңіл демекші, бізде қолымыздан келгенін жасап,
кейінгі ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, тілді құрметтеуді үйретіп,
тарихымызды жиі естерімізге салып, еліміздің болашағын жарқын
қылуымыз керек.
Ата-бабамыздан қалған кең
байтақ жерімізді аялап, ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен
байлығын, ана тілімізді дәл, бұзылмаған қалпында келесі ұрпаққа
жеткізуіміз керек. Бұл біздің парызымыз деп білемін. Еліміздің
болашағын бірге құрайық. Ел болашағының жарқын болуы, болашақ ұрпақ
қолында, жастардың қолында. Елімізді жаңғырту үшін барынша
еңбектенемін және сіздерді де
шақырамын!