Материалдар / Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2020
844
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқан

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылындағы «Ынтымақ» жалпы орта мектебінде «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты 2020 жылдың

9 – 20 қараша аралығында ақпараттық науқаны өткізілді.

Ақпараттық науқанның мақсаты: балаларды қатыгездікпен және немқұрайдылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру.

9 қараша күні «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады» атты үздік эссеге мектептің жоғары сынып оқушылары арасында конкурс жарияланды. Осы байқаудың нәтежиесінде І орынды 11 «Б» сынып оқушысы Қалдарова Оразкүл, 9 «А» сынып оқушысы Сейдилов Нұрдәулет, ІІ орынды 10 «В» сынып оқушысы

Ақын Кәусар, ІІІ орынды 8 «Г» сынып оқушысы Джандарбекова Ақниет иеленді.

10 қараша күні сынып жетекшілер ата-аналармен «Зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» тақырыбында жиналыс өткізіп, зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылықтың қаупі туралы, осы мәселені алдын алу бойынша қоғам, мектептің байланысы айтылып, баяндама оқылды.

11 қараша күні сынып жетекшілер, Кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу барысында АББ-нің ЮПТ инспекторларымен оқушылардың үйіне рейд жұмыстары жүргізілді.

12 қараша күні «Мектеп-қатыгездік пен зорлық – зомбылықтан азат аумақ» тақырыбында сынып жетекшілермен конференция өтті.

13 қараша күні мектептің педагог-психологтары А. Қалмуратов пен

Е. Шахабаевтың қатысуымен психологиялық қызметтің, асырап алушы ата-аналар мектебінің және отбасын қолдау қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес ұйымдастырылып, өткізілді.

16 қараша күні Жоғары сынып оқушылары үшін онлайн форматта «Біздің өз проблемаларымыз туралы» сынып сағатын өткізілді. Онда қоғамдағы зорлық-зомбылыққа байланысты өзекті мәселелерді талқыланды.

17 қараша күні әлеуметтік-педагог Б. Муратованың қатысуымен жоғары сынып оқушыларына «Мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық (эмоционалдық) және физикалық зорлық-зомбылық (буллинг) мәселелері бойынша» санитарлық талаптарды сақтай отыра кездесу өткізілді.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ