Қаһарман қызы қазақтың! Мәншүк Мәметова

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қаһарман қызы қазақтың! Мәншүк Мәметова

Материал туралы қысқаша түсінік
Қаһарман қызы қазақтың! тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

Қаһарман қызы қазақтың!

Күні


Сынып жетекші:


Сынып: 7 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

  • Мәншүк Мәметованың өмірі мен өнегелі істері жайлы мағлұмат алу;

  • Жас ұрпақтың бойында ұлтжандылық және патриоттық сезімді ояту;

  • Отансүйгіштікке және заманымызға лайықты білімді де білікті, өнегелі де өнерлі етіп тәрбиелеу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд, суреттер, бейнеролик

Үлестірмелі материалдар

Кластерлер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


- Сәлеметсіңдер ме балалар!


Мәншүк әпке

Сонау жылы жер - көкті,

Соғыс бұлты торлаған.

Сонда Мәншүк әпкеміз,

Жаудан елді қорғаған

Қосамыз біз өлеңге,

Айтамыз біз ән қылып.

Мәншүк әпке ерлігі,

Ұмытылмас мәңгілік!

Қ.Мүсірепов.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



презентация












Сабақ басы (13 мин)







ІІ. Психологиялық дайындық

Әрқайсымыз ортаға шеңбер құрып жағымды тілектермен сабақты бастайды



Оқушылар өз ойларын ортаға салады

презентация

 



Ортасы (20 мин)




1.Тәрбие сағатында балалар алдымен «Отан» туралы әнді шырқайды. Бейнефильм көрсетіледі.Содан кейін оқушылар кезекпен сөз алады.

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922жылы Орал облысы Орда ауданында туылған. Шын есімі Мәнсия.

Батыр апамыздың анасы Әмина Мәметова - Әбілқайыр ханның тұқымы. Атасы молда, әкесі елге сыйлы адам болған, өзі патша заманында әйелдер гимназиясында оқыған, Саратовта аспирантура бітірген, елге келген соң әдебиет пәнінің мұғалімі болып, сол кездегі газеттерге сыни мақала жазып тұрған. Жасұлан: Батыр апамыздың өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген.Ахмет Саратов қаласында оқып жүргендіктен, Мәншүкті өзімен бірге сол жаққа алып кетеді. Көп ұзамай аласапыран заман басталады да, Ахмет бірнеше жыл ағасымен хабар алыса алмай қалады. Кейін 1931 жылы Алматыға келгеннен соң, жылдың соңында бір-ақ естиді: ағасы Жиенғалидің аштықтан көз жұмған екен. Ахмет Мәметов - қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі.

Мәншүкті бес жасынан бастап әкесінің немере інісі Ахмет Маметов және әйелі Әмина асырап алған. Ахмет Маметовтар отбасы Мәншүкті үпкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін еркелетіп «Моншағым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Содан аты Мәншүк боп қала берген.

1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады

Мәншүк Мәметованың өтініші: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».

Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен.

Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды,оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан.

Мәншүктің хаты

Мәншүк майданға сұранған алғашқы өтiнiшiн 1941 жылдың 27-тамызында жазыпты. Ол өзiнiң жазған өтiнiшiнде:
Мәншүк:
«Мен, Мәметова Мәншүк, 1922 жылы кедей шаруаның отбасында дүниеге келгенмiн. Ата-анам қазiргi уақытта қайтыс болған. Жұмысшы факультетiн оқып бiтiргенмiн, қазiр Халкомкеңесте халық комиссарлары кеңесi төрағасы орынбасарының жеке хатшысы болып қызмет етемiн. Өмiрбаяным жөнiнен қысқаша мағлұмат бере отырып, Сiзден ағаларыммен және апаларыммен (қарулас) бiрге фашист-қарақшыларды талқандап, құрту үшiн менi майданға жiберуiңiздi сұрағым келедi, өйткенi майданға баратындай ағайым да, апайым да (отбасым да) жоқ, сол себептен де өзiм сұранамын.
Өтiнiшiмдi қанағаттандыруыңызды сұраймын.
Автор: Өтiнiштегi: «ата-анам қазiргi уақытта қайтыс болған» деген сөздер нақты шындық едi. Мәншүктiң туған әкесi Жеңсiкәлi Ахмет Мәметовпен немерелес туыс болып келедi. Анасының аты – Тойылша. Мәншүктiң азан шақырып қойған шын аты – Мәнсия. Жас кезiнен Моншақ деп еркелеткен қыз, есейе келе Мәншүк аталып кетедi. Мәншүк – Жеңсiкәлi мен Тойылшаның бiрнеше ұлдан кейiн көрген жалғыз қызы. Өздерi перзент сүймеген Ахмет пен Әмина оны ерекше жақсы көрiп, ата-аналарынан қалап алып, бес-алты жасынан бауырларына басып тәрбиелейдi. Бертiн келе Мәншүк он жасқа толғанда анасы Тойылша, екi жылдан кейiн әкесi Жеңсiкәлi қайтыс болады. Әскери комиссариатқа жазған өтiнiшiнде «қайтыс болған» деп өзiнiң туған әке-шешесi Жеңсiкәлi мен Тойылшаны көрсетiп тұрғаны да сондықтан. 1934 жылы Ахмет әкесi Алматыда «халық жауы» деп қамауға алынады
Анасы:
Басыңды қатерге тiгiп майданда нең бар, жаумен соғысу ерлердiң iсi емес пе? Оның үстiне «халық жауының қызы» деген атың бар. Осының бәрiн ұғатындай болдың ғой. Ол ойыңды қой да, өзiңе тән жастық iсiңмен айналыс
Мәншүк:
Анашым, батылдық танытып, кiсiлiк келбетiмдi көрсеткiм келедi, егер қажет болса, Отан үшiн жаным да пида. Қабiлет-қарымымды iспен көрсетпекшiмiн.
Майданға аттанарда Әмина апамыз Алматыдан тысқары жүрген көрiнедi. Сондықтан асығыс түрде анасына үшкiл хат жазуын парыз санаған.
Мәншүк:
«Анашым, маған ренжи көрмеңiз, Сiздi қалдырып барамын. Апашым менiң! Қамығып уайым шекпеңiз, мен майданға аттандым. Хош, анашым!»
«Әпкетай мен Сiздi өте сағындым, тiрi қалсам, соғыстан соң үйге келермiн деп армандаймын. Менiң тағдырым бiрақ шатқаяқ, басқаша айтқанда сау қаламын деу қиын. Мен Сiзге, әпкетай ашық жазып отырмын, тек езiлiп қынжылмаңыз және ештеңе ойлап уайымдамаңыз. Егер қаза болсам, Отан үшiн, әкем үшiн және Сiз үшiн…»

Бәрі бірге: «Мәншүк» әнін орындайды.

«Картография» әдісі арқылы топтастыру жасалынды

1944 жыл –

1943 жыл –

1942 жыл –

1941 жыл –

1939 жыл –

1922 жыл –



Оқушылар бейнеролик тамашалайды





























Оқушылар берілген тақырып бойынша постер қорғап шығады




































Оқушылар өз ойларын ортаға салады








Оқушылар хатты оқиды, талқылайды





















































Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөліседі

Презентация












Бейнеролик
































Интерактивті тақта

Соңы






Қорытынды

Мәншүк Мәметова – қыз да болса өзінің асқан қайсарлығымен, батылдығымен, табандылығымен көзге түскен ержүрек батыр.Мәншүк Мәметова – елі, халқы, ұлты үшін, оның жарқын болашағы ұшін күш-жігерін аямаған батыр қыз. Сондықтан оның есімін мәңгі жадымызда сақтап қаламыз.

Кері байланыс

«3 Қ»

Қызық

Қиын

Құнды


Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен «3 Қ» стратегиясы арқылы бөліседі









Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі


презентация





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.03.2024
374
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі