Материалдар / Қазақ биіндегі қол және аяқ қалыптары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ биіндегі қол және аяқ қалыптары

Материал туралы қысқаша түсінік
Би үйірмесінің жетекшілеріне арналған көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2021
2500
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өтілетін күні: 17 қараша 2016 жылы

Тобы: І топ

Ашық сабақтың тақырыбы: Қазақ биіндегі қол және аяқ қалыптары.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Қол және аяқ қалыптарын жасалу ережелерін меңгерту және жасап машықтану.

2.Дамытушылық: Қол және аяқ қалыптарын жасап жаттығу арқылы билеу шеберлігін, икемділігін дамыту.

3.Тәрбиелік: Би өнеріне баулу. Дене сымбаттылығын қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Дене қыздыруға арналған жаттығулар.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды залдың ортасына рет-ретімен тұрғызылып би сабағындағы дәстүрлі «сәлем» жасалады.

ІІ. Дене қыздыруға арналған жаттығулар.

Аяқтың ҮІ қалыбында секіру қимылын жасаймыз. Қол белде, денені тік ұстап, ауада аяқты созып, аяқ ұшын тартып, кеудеге ауа толтырмай секіреміз. Жерге түскенде алдымен аяқтың ұшын қоямыз, сосын өкшені қоямыз.

Аяқтың ҮІ қалыбында релеве жасалады. 1ге Аятың ұшына көтерілеміз, үлкен башпайға тұрамыз, 2ге өкше түсіріледі. Өкше түскен кезде аяқтың ұшын еденнен көтеруге болмайды. 16 мәрте жасалып, 8ге ауада аяқтың ұшына көтерілген қалыпта тұрып қаламыз.

Аяқтың ІІ қалыбында мойынға, иыққа белге арналған жаттығулар жасалады.


ІІІ. Жаңа сабақ.



Қазақ биіндегі қол және аяқ қалыптары.

Аяқ қалыптары.

Қазақ биінде аяқтың 6 қалыбы бар.

Аяқтың бірінші қалыбында аяқ бір сызықтың бойында тұрады. Аяқ шаты ашыңқы, екі өкше бір-бірімен жалғасып тұрады.



Аяқтың екінші қалыбында аяқ бір сызықтың бойында тұрады. Екі аяқтың ортасы бір аяқ сиятындай өлшемде болады.



Аяқтың үшінші қалыбында оң аяқтың орта тұсына сол аяқтың өкшесін қоямыз.



Аяқтың төртінші қалыбында оң аяқ алдыда сол аяқ артта екі аяқ арақашықтығы бір аяқ тұратындай қашықтықта болуы керек.



Аяқтың бесінші қалыбында аяқ ІҮ қалыптағыдай болады тек екі аяқ бір-біріне жанасып тұрады.



Аяқтың алтыншы қалыбында өкшемен өкше, аяқ ұштары қосылып тұрады. Тізе бір-біріне қосылып тұрады.





Қазақ биіндегі қол қалыптары.

Қазақ биінде қолдың алты қалыбы бар. Әр қол қалыптарының өзіндік атаулары бар.

Қолдың бірінші қалыбы «Сәлем» деп аталады. Екі қолды алға созып, саусақтарын жоғары қаратады, алақаны ашық шынтағы сәл ғана бүгулі ұсталады. Осы қалыпта саусақтарды жинақы ұстап 16 мәрте айналдырамыз.

Қолдың екінші қалыбы «Құс қанаты» деп аталады. Екі қолын екі жаққа жая шынтақ сәл бүгулі, алақанын төмен қаратып, саусақтарын бос ұстайды. Осы қалыпта саусақтарды жинақы ұстап 16 мәрте айналдырамыз.

Қолдың үшінші қалыбы «Қос мүйіз» деп аталады. Екі қолын басынан асыра жоғары көтеріліп ортаңғы саусақтарды бас киіміне тигізеді. Екі шынтағы сәл бүгіп бүйрек жасайды. Осы қалыпта саусақтарды жинақы ұстап 16 мәрте айналдырамыз.

Қолдың төртінші қалыбында «Сәукеле» деп аталады. Оң қолын басынан асыра жоғары көтеріп, сол қолын шынтақтан бүгіп көкірек тұсына иеді. Қолдың алақаны ашық болады. Ерлер қол қалыбыныда бұл «Ат үстінде» деп аталады. Ер балалар саусақтарын жұмып ат үстінде тізгін ұстаған қалыпты бейнелейді. Осы қалыпта саусақтарды жинақы ұстап 16 мәрте айналдырамыз.

Қолдың бесінші қалыбы «Сыңар мүйіз» деп аталады. Оң қолын жоғарыға көтеріп сол қолын жанға созады. Алақаны ашық болады немесе сол қол жоғарыда көтеріп, оң қолды жанға созамыз. Алақан ашыңқы болады. Осы қалыпта саусақтарды жинақы ұстап 16 мәрте айналдырамыз.

Қолдың алтыншы қалыбы «Белбеу» деп аталады. Екі қолды шынтақтан бүгіп белдіктен ұстайды.

Қол қалыптарын диогональ бойынша жүріп жасап үйренеміз.

ІҮ. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды залдың ортасына тұрғызып би сабағындағы дәстүрлі «сәлем» жасалады.

Сырдария аудандық Оқушылар үйі











АШЫҚ САБАҚ



Тақырыбы: Қазақ биіндігі қол және аяқ қалыптары

Сабақты жүргізуші: «Би» үйірмесінің жетекшісі Асанова.А













2016 -2017 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!