ҚАЗАҚ
ДАЛАСЫНДА ХРИСТИАН ДІНІНІҢ
ТАРАЛУЫ
Миссионерлік – отарлап басып алу кезеңінде
отаршылдық мемлекеттің ұстанымын нығайтуға қабілетті кеңінен
таралған идеологиялық экспансиялаудың бір түрі. Жаулап алынған
аумақтарда тұратын жат діндегілер арасында дінді тарату бойынша
жүргізілген шіркеу қызметі миссионерлікпен тығыз байланысты.
Миссионерлер
өздерінің алдына нақты мақсат-міндеттерін қоя
отырып, бір
ұйымға бірікті. ХХ ғасырдың басында
әлемде 331
миссионерлік ұйым болған.
Миссионерлер үлгілі тәртібімен
ерекшеленіп, Христиан емес халықтармен достық байланыс
жасап, адамдармен
екіжақты сыйластық пен мейірімділікке негізделген
қарым-қатынас орнатулары тиіс. Сонымен қатар
православие дінін таратушыларға қойылатын талаптардың қатарына
елдің мәдениеті мен қоғамдық өміріне ат
салысу,
оның ұлттық
және діни салт-дәстүрлерін сыйлау, олардан христиан
дінінің «жасырын дәнін» іздеу жатады. Миссионерлер тапсырмаларды
орындауда аудармашылардың көмегіне жүгінбеу үшін православиелік
насихат жүргізетін елдің тілін білуге міндетті болды.
Алайда
бұл ережелер мен талаптар тек қағаз жүзінде ғана
қалды. Көбінесе
миссионерлер сыйластық пен мейірімділіктен жат құралдарға
жүгінді.
Православиелік миссионерлер Қазақстанда
өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын
жүргізгенге дейін басқа халықтарда миссионерлік ұйымдар құрумен
және шоқындырумен тәжірибе жинақтады. Сібір халықтары үстіртін зорлықшыл
шоқындыруға ұшырады. 1733-1743 жылдары Сібірге екінші Камчатка
экспедициясы жіберілді, ол географиялық мәселелерді шешумен қатар
бүкіл Сібір аумағын және онда тұратын халықтарды
жан-жақты зерттеуге арналды. Экспедицияға
қатысушылардың басым көпшілігінің еңбектері мен экспедиция
материалдарынан байырғы Сібір халықтарын шоқындыру процесін
сипаттайтын мәліметтерді табуға болады. Кейбір тұста авторлар
Батыс Сібір халықтарын жаппай шоқындыруды байырғы тұрғындардың
дәстүрлі дүниетанымының негіздерін қозғамаған зорлықшыл және
тиімсіз деп бағалайды.
Қазақ
еліне Ислам діні арабтардың келуімен таралғаны баршаға аян. Бұл
дінді қазақ халқы өзінің төл діні ретінде санайтынын ұмытпағанымыз
абзал. Дегенмен, Ресей империясы күшіне еніп, қазақ елін отарлап
қана қоймай, ол халықты рухани құлдыққа түсіру процесін жүргізе
бастады. Сол
мақсатпен отар әкімшілігі ұстанған тәжірибесін пайдаланып,
әуелі қазақ
халқы арасында шоқындыруды жүзеге асырып, кейіннен орыстандыру тәсілін жетілдіріп,
қазақтарды орыстарға кіріптар етуді көздеді. Бұл мақсатты жүзеге
асырудан бұрын,
қазақ халқын қайткен күнде де ғасырлар бойы тәу етіп келген Ислам
дінінен ажырату қажет деп тапты. Сондықтан, отарлау мәселесі аяқталғаннан кейін,
қазақ еліне жіберілген генерал-губернаторлар, әскери-губернаторлар
және христиан дін басылары Ислам дініне қарсы күресін аса сақтықпен
жүргізді. Ал өз дінінен алшақтаған халық, тілі мен дінінен,
әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінен, мәдениеті мен жерінен
айрылары сөзсіз деген мағынаға келері анық. Ол жөнінде біз
жоғарыда атап өткен едік. Дегенмен, мына жәйтқа назар
аударған жөн:
Түркістан өлкесінде орыс миссионерлеріне басшылық еткен
Н.И.
Ильминскийдің шәкірті Остроумовтың миссионерлік саясаттағы орны мен
ол өлкедегі мұсылмандық ағымға қарсы
күресі.
Миссионерлік істі
жақсарту мен табысты дамыту мақсатында 1863 жылы «Ресейде киелі
кітапты тарату Ұйымы» пайда болды. Оның
орнына 1870 жылы жаңа
Православиелік Миссионерлік ұйым келді, бұл жергілікті бөлімшелер мен комитеттер
қызметімен тығыз байланысты жүзеге асырды. Оның мүшелерінің саны
айтарлықтай артты: егер 1888 жылы оның
саны 9,5
мың адам
болса,
1900 жылы 14 мың адамды
құрады.
Алайда
Ұйымның басшылығы бұл айтарлықтай көп емес деп
есептеді.
Ұйымның
басты міндеті қолданыстағы миссияларды қолдау мен жаңа миссияларды
ашу,
Ресей
империясының барлық христиан еместерін православие дініне тарту мен
«киелі дін шындықтарында» жаңа діншілдерді бекіту
болды. Патшалық
Ресейде тағы екі миссионерлік ұйым жұмыс істеді: «Императорлық
православиелік Палестина ұйымы» және «Кавказдағы православиелік
христиандықты қалпына келтіру ұйымы». Кейбір мәліметтерге сәйкес,
азиялық
Ресейде жыл сайын ер мен әйелдерден 5000-ға жуық пұтқа
табынушылар православие дінін қабылдады [39].
Миссионерлер алғашқы
кезеңде қадамдарын мұқият жасады, қазақ арасында болған
адамдардың ақыл-кеңесін
тыңдады. 1864
жылы Батыс Сібір генерал-губернаторына жасаған баяндамасында
даланың солтүстік бөлігінде оңтүстікке қарағанда діни түсініктердің
нашар дамығаны, яғни «Есіл өзенінің арғы бетінде және Қарқаралы
ауданында фанаттық Исламизм анағұрлым дамыған және ол жерде
христиан дінін ашық көрсету миссионерлер мен қоғамдық тәртіп үшін
алғаш рет қауіпті болады». Діни қызметкерлер мен миссионерлер өз
жақтастарының санын көбейту үшін ұзақ жол
жүрді.
Қазақстанда миссионерлік қызметті
Православиелік Миссионерлік ұйымы дамытты. Бұл ұйым жоғары зайырлы
және діни тұлғалардың бастамасымен
құрылған, бұл
ұйымға патша үкіметі мен жергілікті әкімшіліктің көптеген
шенеуніктері енді. Аймақтардың
генерал-губернаторларына Православиелік
Миссионерлік ұйымның жарғысының бір данасы жіберілді.
Оның алғашқы
параграфында Православиелік Миссионерлік ұйым Баршаға рақымды
императорлық мәртебелі императрица императорының аса қамқорлығында
делінген. Ұйымның
нақты мүшесі болу тілегі осындай биік тұлғаларға жақын болу
қиялының пайда болуымен түсіндірілді [40].
Ақшалай түсімдердің негізгі көздері жыл
сайын ұйымның пайдасына кемінде үш рубльден салынған қоғамның нақты
мүшелерінің мүшелік жарналары болды. Сондай-ақ, ұйымның қазынасы бір
реттік ерікті қайырымдылық жасау арқылы, шіркеулерде христиандықтың таралуы
кезінде құрылған үйірмелер, үйірмелік алымдар
арқылы,
сонымен
қатар ұйымнан басқа жерлерде биліктің рұқсатымен және ұйым
мүшелеріне берілген жинақ кітапшалары немесе парақтары арқылы
толықтырылды.
Ақшалай қаражат айтарлықтай өсті, 1870 жылдан
1880 жылға дейінгі он
жылдықта 101676 рубльден
147819 рубльге шейін артқан.
Біршама уақыттан соң жыл сайын миссиялар мен оның мекемелерін
ұстауға 250 мың рубльден аса қаражат жұмсалды.
ХІХ ғасырдың екінші
жартысы мен соңында телевизия мен радио сынды бұқаралық ақпарат
құралдарының болмағандығы, мерзімдік басылымдардың
аз ғана санмен шыққандығы баршамызға
аян.
Мұндай
көмекші және қосымша құралдар болмағандықтан миссионерлік
жұмыстардың оңай болмайтыны немесе жүрмейтіні анық
еді. Жат
діндегілердің басқа діннің қағидаларын жеке қабылдауы мен оларға
деген көзқарасы – олардың мінез-құлқын тек осылай
түсіндіруге болады. Өз жері мен мәдениетінің нағыз
патриоттарын ата-бабасынан мұраға қалған
Отанынан бас тартуға ешқандай да күш мәжбүрлей
алмайды, өз
Отанын өз күшімен қорғауы тиіс. XIX
ғасырдың 50-60-шы жылдары миссионерлік
қызметпен айналысудың асығыстығын түсінген қазақ облыстарының
басшылары бұрын пұтқа табынушыларға қолданылған әдістерді
қолданудың салдары туралы алдын-ала ескертті [39,
74-75 с.].
Ең алдымен тапсырманы
орындамас бұрын оның пайда болу мүмкіндігін анықтау мақсатында
арнайы жұмыс жүргізілді. Алғашында миссионерлер келесі сауалдарға
жауап іздеді:
1. Қазақтар арасында Ислам
қаншалықты дәрежеде дамыған?
2. Ол қайдан және қандай
жолдар арқылы оларға еніп отыр?
3.
Оны әлсіретудің өлшемдері қандай?
4. Қандай жағдайда олардың
арасында қандай да бір толқулар тудырмай тапсырманы орындауға
болады?
Қойылған сауалдарға
жауап іздеуі де кездейсоқтық емес. Бір жағынан қазақтардың
дінге деген немқұрайдылығына зер сала
отырып,
миссионерлер
олардың православие дінін таратуға қарсы тұру ықтималдылығын
толығымен жоққа шығармайды. Бұл жағдайда
православие дінін насихаттаушылардың қызметінде
алдын-алу шаралары маңызды
рөл ойнайды. Қазақтар тарапынан
белсенді қарсы әрекет етуге жол бермеу мақсатында ақпаратты игере
бастады.
Жергілікті тұрғындардың діни көңіл-күйін ескермеудің болжап
болмайтын салдарының қандай болатыны түсінікті еді.
Кез келген
қателік жағымсыз әсер тудыруы мүмкін, миссионерлер үшін жақын
маңдағы ауылдарға жол ұзақ уақытқа жабылуы
мүмкін.
Орындаған : Абилова
Алина
Жетекшісі: Нұржан
Лесбекович
Почта:alinaabilova@mail.ru
Телефон:+7 (747)
326-94-47