Қазақ есімдері – ұлт болмысының айнасы
Кіріспе: Заңғар жазушы Шерхан Мұртазаның “тіршілік тірілтіп тұрған мейірімділік” деген ұлағатты сөзі ұлан-ғайыр жерді мекен еткен қазақ жұртының жазылмаған заңының бір көрінісі іспетті. Сыйластық, қонақжайлық, үлкенге- құрмет, кішіге ізет” көрсететін халқымыз рухани құндылықтарға, табиғат заңдылықтарына көнеден бей-жай барамай, кез келген істен ұлы мән, құнды мағына көре білуге, әр дүниеге жауапкершілікпен қарауға аса мән берген. Әсіресе, ұрпақ тәрбиесіне, бауыр еті баласының келешегіне қатысты әрбір жөн-жоралғыға, оқу-білім, тәлім-тәрбиесіне селқос қарауды кешірілмес қателік деп есептейді. Соның бірі, жас бала шыр етіп дүние есігін ашқаннан ғұмырының соңына дейін серік етер есімінің мәнді, құрметті, әдемі болуына баса назар аударған. Жаңарған қазіргі қоғамда есімнің де заманға сай алуан түрі қолданыста. Қыз баланың есімі әрі нәзік, естіген құлаққа жағымды, мағыналы болса нұр үстіне нұр. Мұсылман дініне сай, арабша және еуропалық есімдердің небірін естіп жүрміз. Десе де, қазақы ұғымға сай, әдеби кітаптарда кездесетін, батыр ханшалардың есімдерін қойып, қайта жаңғыртуға не кедергі деген мәселенің көтерген де жөн болар.
Ғалымдардың зерттеуінше, адам аты оның өміріне айтарлықтай әсер етеді екен. Баланы неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, тұла бойы да соған сәйкес көркемделе түседі. [1]. Бауыржан Момышұлы: «Адамға дүниеге келгенде берілетін есім – оған өмір жолында бағыт сілтейтін жарық жұлдыз іспетті: өмір бойы жанында болатын алғашқы және қасиетті белгілердің бірі» деген екен. Тиісінше, бүгнгі таңда қойылып жүрген темірқазық іспетті есімдерге мән берсек. Медина есімі – 7 425 рет қойылып, көш бастап тұр, Айлин есімді ханшайым – 6 503, ал Айша есімі – 6 120 рет қойылып, үштікке енген. 2023 жылдың бір ғана маусым айындағы ресми дерек бойынша, елімізде ең жиі қойылған қыз бала есімдері Медина, Айлин, Айша, Асылым, Раяна, Әмина, Сәфия деп жалғаса береді. Әрине, айтқанда әуезді, естір құлаққа сүйкімді есімдер. Сүйегімізге сіңген бір әдет, “жақсыны көрмекке” деп жаңа дүние келсе, өткенді лезде ұмытып, сол жаңамен әбігер бола қалатынымыз бар. Соңғы онжылдықта қыз балаға қойылатвн есімдердің де бірсарынды бола түсуі соның бір айғағы. Мәселен, алысқа бармай өз тұсымызға зер салсақ, жаңа ғасыр табан тіреген 2000 жылдары, нақтырақ 2002 жылда дүниеге келген қыз балаларға ең көп қойылған есім ретінде Аружанды айта аламыз. Олар мектеп табалдырығын аттаған 2007 жылы әр сыныпта кемінде екі Аружан, жоғары оқу орнына түскен 2019 жылы қатар оқыған әр топта 3/4 Аружан міндетті түрде кездесті. Ал 2015 жылдары Айзере есімі еліміздің түкпір-түкпірінде шыр етіп дүние есігін ашып жатқан бадапандардың басым бөлігіне иелігіне енді. Бұрын естімеген есімдер көш тізеді. Бұған “енді бір 40жылдан соң Диана әже, Ая әже деген апалар пайда болады екен” деп жастар арасында айтылып жүрген әзіл де бір мысал. Ал соңғы жылдары діни есімдер трендке көшті десек те болады. Мұнымен біз бұл есімдерді қолданыстан алып тастау керек я болмаса мұншалықты көп қойылуы қателік болды деген жаңсақ пікірден аулақпыз. Тарих беттерін ақтарып, небір ханшаларымызда, әдеби кейіпкерлерде ұшырасатын есімдерді қайта жаңғыртсақ дейміз.
Дін шеңберіндегі есімдерден де бөлек, қазақылығымыздан хабар беретін, парасаты мен тектілігін танытып тұратын ұлттық, тарихи есімдерге көңіл бөлсек деген ойдамыз. Әрине, дәстүрдің озығы мен тозығы болатыны секілді, бүгінгі заманда мата, шаруашылыққа байланысты есімдерді қайта жаңғыртқалы тұрған біз емес. Мәнді, әдемі кейбіріне жеке-жеке тоқталып, мағынасымен көрсетуді жөн көрдік. Ежелде, текті, ауқатты әулет,, сұлтан тұқымында жиі кездескен есімдер бегім, бике деп аяқталып отырған. Айымбике - айдай сұлу бикеш, Әдиябегім, Мұнтазбегім, Гүлбаһрам (араб-көктемгүлі),. Ай - қазақы ортада тіршілік цикліне байланысты атқарылған салттар, ғұрыптар мен наным-сенімдер жүйесінде ерекше орны мен мәні бар аспан денелерінің бірі. Ал халықтық астрономия мен метеорологиялық тәжірибенің ең іргелі саласы айға қатысты қалыптасты. Ай сұлулықтың эталон-символы да болды. Фольклорлық дәстүрде нәрестенің немесе сұлу қыздың жүздерін жаңа туған Айға немесе толған Айға балап айту ең көп ұшырайтын дәстүрлі теңеу болып табылады (туған Айдай, туған Айдай иілу, туған Айдай балқу, туған Айдай толқу, он бестегі Айдай, толған Айдай толықсу, Ай дидарлы және т.б.)Айзиба - қазақ сөзі, ай және парсы тілінен алынған зиба -сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу. Айпара - қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған пара, пари - періште, сұлу; яғни Ай періштесі, Ай көрікті. Айрықша, ерекше, бөтенше. Ақжан - адал, таза адам, ақкөңіл жан. Аршат (араб - адал, таза, батыл, қайырымды).
Әдебиеттегі есімдер: Қобыланды батыр жырындағы Қарлығы, Алпамыстың Гүлбаршыны, Жібек, Саруар – қамқоршы, қолдаушы («Көшпенділер» романында кездесетін есім), Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Қамар сұлуы, Қабдеш Жұмаділовтың бір әңгімесінде бұл есім Мағисәруар, еркелетуі Мағаш деп беріледі. Мұхтар Мағауиннің Көк мұнпр романында Гүлшат (иран – шаттық, қуаныш гүлі). Айназ - татар, нәзік ай. Айсәуле - айдың сәулесі сияқты жарық болсын деген үмітпен қойылады. Ақбілек- өсімдіктің аты. Ал Беймібет Майлиннің Шұғасы - Шұға - биязы, жұмсақ мата деген мағына береді екен. Асқар Сүлейменов миледи деп ұзақ күткен қызына қойған есім: Әсма - араб тілінен алынған асма - тілектес, ақжүрек, мейірбан. Биязы, Айымзада, Нәркес - көзі тұнық қыздарға қойылған. Көркем әдебиетте кездеседі. Бегімай, Ағлия (гр. Сұлулық, көркемдік, салтанат), Зифа – араб тілінде кең тараған, сұлу сымбатты” деген мағынаны береді. Ғания, Ғайнижамал (араб. Әдемі, көркем). Тұнжыр – қазақ тілінің түміндірме сөздігінде “құндылығы жағынан тұйғыннан кейінгі қаршығаның ұрғашысы. “Құс төресі тұйғын дейді, тұйғыннан соң тұнжыр дейді” деген өлең жолдары кездеседі. Бегім-сұлу, Арнабибі, , Әйкен (араб. Айдың баласы). Ақзер-ертедегі аңыздарға сүйенсек бұл періштенің есімі. , Нұризат, Ғайнисабану, Шағанай, Бекзада, Лағыл, Биғалым (ұл) - қазақ тілінен алынған би - үлкен + араб тілінен алынған ғалым.
Рабинұр - халық ақыны, айтыскер Әселхан Қалыбекованың немере қызына “Раббымның нұры” деп берген есімі. Ұлпа, Гүлбаһрам (араб-көктемгүлі)
Әдиба (адиб-ғалым, әдебиетші). Марфуға (араб- биік мәртебе)), Зәуреш - таңғы жұлдыз, Әбиба- араб тілінен алынған Хабиба есімінің өзгерген түрі. Мағынасы - дос, мейрімді жолдас, өмірлік серік. Әзима - араб ұлы мәртебелі әйел. Айназ - татар, нәзік ай.
Тисінше халқымыз қыз балаларға ай, гүл, даналыққа қатысты есімдерді жиі қойғанын аңғарамыз.
Қорыта айтқанда, батысқа да, арабқа да тым еліктемей, өз ұғымымызға, тілімізге сай, қазақы қалыпқа түскен мәнді, сирек кездесетін есімдерді жаңғыртсақ деген ниеттеміз. Ерекше есім адамның даралығы ғана емес, терең тарих пен тарихи мұрадан көрініс беріп тұрса құба-құп болары сөзсіз. Қазұу профессоры Тұрсын Хафизұлының сөзімен түйінжесек, Адамның есімі – ұлттық мәдени кодтың маңызды элементі. Баланың атына қарап, оның кім екенін, қай ұлттың өкілі екенін айнытпай білуге болады. Сондықтан балаға есім қойғанда сол елдің иісі анық сезіліп тұруы керек дейді. Бүгінгі баяндамада қозғаған көнені жаңғырту туралы ниетіміздің мәні де осында жатыр.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз