Материалдар / Қазақ халқының рухани мәдениеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ халқының рухани мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының рухани мәдениеті туралы көзқарас
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2021
603
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ халқының рухани мәдениеті


"Көшпелілер Орхон-Енисей жазбаларынан басқа ештеңе дүниеге әкелмесе де,әлемдік мәдениетке қомақты үлес қосқан халықтар арасынан ойып орын сұрауға хақылы".

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Олжас Сүлейменов

​ ​ ​ ​ ​ ​ Біраз уақыт бұрын әлеуметтік желілердің бірінде болып жатқан бағдарламаны көзім шалып қалды.Ресейлік телеарналардың бірінде болған бағдарламаның негізгі тақырыбы "Қазақ деген ұлт болған жоқ.Олар түз тағылары.Оларға өркениет ұғымы мүлде жат.Егер Ресей болмағанда олар мәдениет пен құндылықтың не екенін білмеген болар еді",-деген пікірге іштей қынжылған болатынмын.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Қазақ халқы сонау Сақ пен Ғұнның заманынан бері бүгінгі күнге дейін тамырын тереңге жайып,алты құрлықты аузына қаратқан "ер түріктің" ұрпағы.Осындай рухы биік,жігерлі де айбатты ұлтта мәдениет болмады дегенге кім сенеді.Ия, "ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама" заманында тарыдай шашылған қазақтың Ресейдің бодандығына амалдың жоқтығынан өткені тарихтың ащы шындығы болғанымен,қазақ елі,қазақ халқы,қазақтың қарапайым қара домалақ баласы өз салтын,өзінің әдебиетін,өзінің рухани мәдениетін,тілін,дінін,ұлттық құндылықтары мен қасиеттерін жоғалта қойған жоқ еді. Қазақ халқы ерте заманнан-ақ ой мен қырдың,тау мен тастың арасында төрт түлігін шұбыртып, көсіле жайлап, таудың тағысына айналғанына еш күмән жоқ.Алайда, көшпелі өмір салтының өзі біздің байтақ, ұлан-ғайыр даламызда мәдениеттің қалыптасуына зор ықпалын тигізген болатын.
​ ​ ​ ​ ​ ​ Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті иіліп сәлем беруден бастап үйге келкен қонақты күтіп алып,ілтипатпен шығарып салғанға дейінгі аралықты қамтитын мәдениеттің ерекше озық үлгісі.Ұлтымыздың ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп беріліп отырған.Халқымыздың рухани мәдениеті өте бай. Рухани мәдениетті қалыптастыратын салт-дәстүр, әдет-ғұрып​
қоры да жетерлік.Егер қазақта мәдениет, руханилық жоқ болса "әлемнің екінші ұстазы" атанған әл Фарабидің кім болғаны,Абай мен Мұқағали,Махамбеттердің кім болғаны? Қазақ халқы мәдениеттің қайнар бұлағы.Сол қаймағы бұзылмаған мәдениетті бүгінгі күні әлем таниды.Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясы қазіргі күнге дейін әлем назарында.Қазақ халқының жарты ғасырлық өмірі туралы сипатталатын шығармада тал бесіктен жер бесікке дейінге тәрбиден бастау алып,бүкіл қоғамның дүниетанымы мен көзқарасы баяндалады.Ал осыдан кейін ұлы даланың тарланы болған "көк бөрінің" ұрпағында мәдениет болмаған деп қалай айтпақ?​
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Қазіргі ғылым мен білімнің дамыған заманында мәдениеттің де өркендеуі заңдылық. Бүгінде рухани мәдениетімізді жаңғырту мақсатында "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мақаласы жарық көрген болатын. Рухани жаңғырудың мақсаты прагматизм,ұлттық сана сезімімізді қайта жаңғыртып, бәсекеге қабілетті,білімді ұрпақ тәрбиелеу , мәдени мұраларымыз бен тарихымызды жандандырып эволюциялық қоғамға ұмтылу, әлемнің дамыған үздік отыз елінің қатарына қосылу. Дамыған отыз елдің қатарына қосылып, әлемдік мәдениеттің озық үлгісіне жету үшін рухани құндылықтарымызды
жоғалтпай,тарихымыз бен төл мәдениетімізді,салт-дәстүрлерімізбен әдет-ғұрыптарымызды саралап рухани жаңғыруымыз қажет. Қазіргі аға буын өкілдері мен көзі ашық,көкірегі ояу,жүрегі елім деп соққан,ұлтжанды азаматтардың ежелден қаймағы бұзылмай келе жатқан төл мәдениетімізді келер ұрпаққа аманат етіп табыстауы ұлт алдындағы азаматтық борышымыз деп білгеніміз жөн.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!