Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИ-ШЕШЕНДЕР ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕР ТАРИХЫ /жоба/
Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназия
Тақырыбы: «ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИ-ШЕШЕНДЕР
ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕР ТАРИХЫ»
Орындаған: Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының
9 «Б» сынып оқушысы Сәрсенғалиева Зере
Жетекшісі: Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының
тарих пәні мұғалімі Амирова Эдина Абдуллақызы
Ақтөбе-2023
Мазмұны
І. Кіріспе........................................................................................................3
ІІ.Негізгі бөлім
І тарау.
1.1. Қазақтың қоғамындағы би-шешендердің билігі.................................4
1.2. Шешендік өнердің шығу тарихы..........................................................8
1.3. Шешендік сөздер және оны зерттеу.....................................................11
ІІ тарау.
2.1. Қазақ халқының ұлттық шешендік өнер тарихы................................14
2.2. Ұлттық шешендік өнер ғылымының қалыптасуы..............................16
Қорытынды..................................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................19
Аннотация
В этом научном проекте рассматривается история возникновения ораторство, в том числе особенности ораторского искусство эпохи казахских биев в казахском обществе.
This scientific project examines the history of the emergence of oratory including the features of the art of the era of Kazakh biys in Kazakh society.
Кіріспе
Қазақтың би – шешендері от тілді, орақ ауызды, кез – келген дау-дамайды шеше білген, елінің тәуелсіздігі үшін дарынымен тас жарған адамдар ретінде тарихта қалған. Олар өз дәрежесіне қарай руішілік, руаралық, тіпті екі елдің арасындағы дауды да соғысқа жеткізбей ділмарлығымен шешіп отырған. Би-шешендердің сөздері — халықтық тəлім-тəрбие құралы. Қазақ халқының отбасылық ортасынан бастап, ауыл-аймақпен, байтақ атамекендегі ағайын-туыстармен, көпшілікпен қарым- қатынас жасау мəдениетінің адамгершілік асыл қасиеттер аясында қалыптасуында би-шешендер сөздерінің ықпалы зор болды. Ата-ананы, аға-ініні, бірге туысқан үлкенді-кішілі қыздарды, жеңгені, келінді, нағашыны, жиенді, қайын жұртты, көршіні, ауылы аралас ағайынды, қандас халықтарды, бүкіл адамзатты — бəрін де құрметтеу мəселелері би-шешендер сөздерінде қамтылған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бидің қоғамдағы рөлін жан-жақты түсіну үшін қазақ халқының тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ерекшелігін жете ескеру шарт. Өйткені, ежелгі дәуірлерден 19 ғасырдың басына дейін қазақ қоғамы саяси потестарлы билік жүйесінің негізінде дамығаны белгілі. Ең төменгі бұқаралық билікті ауыл-аймаққа, ру-тайпа ішіне сыйлы, өмірлік тәжірибесі мол ақсақалдар атқарса, орта буындағы, яки, потестарлы билік тізгінін ру-тайпа басылары — билер уысына ұстады. Ал мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейдегі мәселелерді қамтитын жоғары билікті төре тұқымы — хандар мен сұлтандар иеленген.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Осындай халық аузында аңыз болып жатталып келген билердің көпшілігі қасиетті Түркістан қаласында, әулиелі Қ.А.Ясауидің жанында жерленді. Олардың кең-байтақ қазақ даласынан, дәл осы жерді таңдап, өздерінің мәңгі мекені етіп таңдауының өзінде үлкен астар, мән-мағына бар. Сондықтан шешендік өнерді тереңінен зерттеп, насихаттау қажет.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады.
3
І ТАРАУ
-
Қазақтың қоғамындағы би-шешендердің билігі
Қазақ би-шешендерінің ел арасындағы саяси қызметін сөз еткен тұста, билік пен шешендік қазақ даласында ежелден бірге қалыптасқан дәстүрлі құбылыс екендігін айту керек. Өйткені би мен шешен халық ұғымында бірінен-бірі ажырағысыз тең түсінік. Бисіз – тапқыр шешендікпен айтылатын көркем төрелік сөз болмақ емес, шешен сөйлей алмайтын адам – би болмақ емес. Екеуіне де бірдей тән қасиет – белгілі бір үрдіс, дәстүрлі рухи принциптерге бағынушылық. Сондықтан елдің бүкіл би-шешендері оны тек өнер деп қарамай, әлеуметтік –саяси феномен ретінде мойындап, дала демократиясын қалыптастырып, әлеуметтік-саяси тұтастықты барынша орнықтыруға атсалысқан.
«Би» ұғымының шығуы мен қоғамдық санада орнығу тарихына үңілетін болсақ та, би — дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі болатындығын көреміз. Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе, В.В. Бартольдтың пікірінше, “би” сөзі шамамен 14 — 15 ғасырларда ежелгі түркі тіліндегі “бек” атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген. Кейіннен бастапқы семантикалық-тілдік формасынан ажырап, көбінесе, дау-жанжалды шешіп, кесімді төрелік айтушы, әділ үкім шығарушы адамды бейнелеу үшін қолданылған. ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Махмұд ибн Уәлидің «Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар» атты еңбегінде «жоғарғы мәртебелі әмірлер мен елге сыйлы, пендәуи тіршіліктен азат адамдардың» барлығы би аталғанын жазады. Ал қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде бұл атау төрт түрлі мағынада қолданылады: 1) ел билеуші; 2) сот, төреші; 3) батагөй, шешен; 4) елші, дипломат. Оған дәлелді пікірді Ә.Бөкейхановтың: «Қазақтың би һәм билігін өзгертіп не керек...? Бұл биді, билікті жоғалтып, орыс судьясына қарату керек деп орыс айтады, шариғатқа қарату керек деп біздің молдалар айтады. Біз мұның екеуіне де қол қоймаймыз...», -деп айтқанынан табамыз.
4
Белгілі академик – С.З.Зимановтың сөзімен айтқанда, «...көне дәуірдің мұрасы ретінде ұрпақтар үшін қазақтар екі мәңгі құндылықты сақтап қалды – ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті» (Қазақтың ата заңдары, 2004). Билік пен шешендіктің арасындағы мұндай тұтастықты, біздің ойымызша, бірнеше факторлармен түсіндіруге болады. Біріншіден, биліктің қоғамдық жүйенің негізгі қажетті атрибуттарының бірі ретінде мойындалуы болса, екіншіден, дәстүрлі қазақ қоғамындағы саяси өмір әлеуметті дамудың біртекті айналымы және оның қауымдасқан формасына тәуелді болды. Үшіншіден, биліктің беделі мен саяси биліктегі діни түсініктерге байланысты болды. Төртіншіден, қоғамдық қатынастағы әлеуметтік тұтасуға нұсқан келтіретін ауытқуларды реттей отырып, әлеуметтік ыдырауға тосқауыл қойып, халықты белгілі бір этникалық-саяси шеңберде ұстап тұру қажеттілігінің болуы. Бесіншіден, қазақтың дәстүрлі қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымының өз ерекшелігінде деп айтар едік. Алтыншыдан, қазақ қоғамындағы «Дала заңының» үстем билігінде дер едік, оның рухани қорының сақтаушысы да. Реформаторы да, жүзеге асырушысы да – билер болды. Жетіншіден, дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер билігін, олардың қоғамдағы беделінің жоғары болуымен негіздеуге болады. Осыған байланысты, қазақтың көрнекті ғалым-зерттеушісі Ш.Уәлиханов былайша тұжырым жасайды: «Билердің беделі Европадағы ақындар, ғалымдар мен адвокаттар сияқты өздерінің жеке бастарының қасиеттеріне байланысты болған». Жалпы қазақ даласындағы «әділ билік», «ақыл мен ар үйлесімділігі», «қоғамдағы әлеуметтік-саяси тәртіп» бидің беделді төрелігімен байланыстырылады. Демек, билер халықтық санада әділдіктің символы ретінде сақталады. Оған билердің кәсіптік ұранына айналған: «Шындықтан өткен құдай жоқ», «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы», -деген шешендік нақылдары дәлел бола алады. Мысалы, С.З.Зиманов билер өздерінің «жеке қасиеттері мен әлеуметтік межелер биігінде ханнан да жоғары тұрды» дейтін тұжырым жасап, билер беделінің биік мәртебесін көрсетеді. Міне, сондықтан да халық арасында:
5
«Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің ары, білімі бар» деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан би беделді, дәстүрлі билік төрінен орын алды деуге болады.
Хандық билік жүйесінде бидің ерекше беделді тұлға болғандығын айғақтайтын жазба деректер де, ауыз әдебиетінің нұсқалары да жетерлік. Қазақтың алғашқы заңгерлерінің бірі Д.Сұлтанғазин “Бұрынғы замандағы қазақтардың билік қылуы” атты мақаласында: “... бағзы билер болыпты, бек білімді, атақты һәм ақылды, әділетті, көпті көрген және іс бітіргенде әдет рәсімдерін тегіс біліп, әр жұмысты қара қылды қақ жарып орнына келтіреді екен..., һәм солардың бітірген жұмыстарын ұлы хандары да әрқашан бұзбайды екен... “Батыр деген бір барақ ит, екі қатынның бірі табатын, би деген бір ақсарағат, бүтін елден біреуі ғана табатын” дейді (“Дала уәлаятының газеті”, 1888, ғ51). Билердің батыр, бай, т.б. әлеуметтік жіктерден ерекше құрметтелуінің бірнеше тарихи себептері бар.
Біріншіден, би мемлекет басқару жүйесінде кейбір айрықша құқылар иеленді: «Жеті Жарғы» қағидаларына сай ол өзіне бағынышты ру-тайпа шегінде сот және әкімшілік билік (ханмен қатар) жүргізді. Мысалы, С.З.Зиманов: «Би, ең алдымен – сот (судья)», -деп көрсетеді. Сот төрелігін жүзеге асыратын болғандықтан, би халықтың әдет-ғұрпын, салт-рәсімін, жол-жосығын жатқа білуге, дауласқанға әділдікпен жөн сілтеп, адасқанға даналықпен жол көрсетуге, әсіресе, “тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген құқықтық-гуманистік принциптен айнымауға тиіс болды.
Екіншіден, би ру-тайпаның басшысы ретінде әкімшілік қызметті де қоса атқарып, өз қауымының тұрмыс-тіршілігін қадағалап, тәртіп-талабына жауапты болды. Осылайша олар билеуші хандардың халық арасындағы сенімді тіректеріне айналып, саяси бедел иеленді, сұлтандармен тең құқылы дәрежеде мемлекеттің мәселелерді талқылауға қатысты. Ел ішіне биліктілігімен, қара қылды қақ жаратын әділдігімен, тура жолдан таймайтын адалдығымен даңқы тараған Төле би, Қаздауысты Қазыбек би, айыр тілді Әйтеке би, т.б. саңлақтар
6
хан жанындағы билер кеңесінің құрамына енді. Олар нақты тарихи-әлеуметтік ахуалға қатысты жол-жоба белгілеп, заңи жосындар қабылдады, мәні ескіріп, маңызы кеміген қағидаларды елдік мүдде тұрғысынан қайта қарап, жаңасын қолданысқа енгізіп отырды. Тіпті, ханның ішкі және сыртқы саясатына, әскери доктринасына тікелей ықпал етіп, өзгерістер енгізе алған. Мәселен, 1695 ж. Қазақ Ордасында болған орыс елшілері Ф.Скибин мен М.Трошин: “... Тәуке хан Қазақ Ордасының таңдаулы адамдарын өзіне шақырып алды да, біздің — Федка мен Матюшкенің — көзімізше, әлгілерден мына біздерді ұстап қала ма, әлде жібере ме, Русь қалалары мен слободкаларына соғыс ашып бара ма, әлде бейбіт тұра бере ме, соны сұрап алды” деп жазады.
Үшіншіден, ел тағдыры сынға түскен жаугершілік замандарда билер батыр-баһадүрлермен қатар атқа қонып, қарамағындағы тайпаластарынан жасақ құрып, мемлекет тұтастығын, ұрпақтар азаттығын қорғауға ұйытқы болған, қолбасшылық қызмет атқарған.
Төртіншіден, би атағы мұрагерлік заңымен берілетін лауазым емес. Көшпелілер мәдениетінің ерекше қыры — шешендік өнерді меңгермейінше, тек әдет жосындарын жетік біліп, әділет принципін ұстану арқылы ғана би атану, ел сенімін иелену мүмкін болмаған. Халық арасында бір ауыз сөзбен құн кешіп, жалғыз уәжбен дау шешкен ділмарлардың аты ардақталып, төрелік істері үлгі-өнеге тұтылған.
Әйтсе де, қазақ тарихында атадан балаға билік тізгінін жалғап, бірнеше ұрпағы ел ішінде би атанған әулеттер өткен. Мұндай айрықша қасиет дарып, абырой қонған әулет билігін халық шынжырқатар деп атаған. Билердің әлеуметтік-саяси статусы қазақ ұлысының тарихындағы әр қилы өтпелі кезеңдерге, алмағайып уақиғаларға байланысты өзгеріп отырған. Әсіресе, орталықтандырылған хандық биліктің пәрменін нығайтуды талап ететін әскери-жорық жылдарында плебисцитарлық, яки халықтық демократияның классикалық үлгісі ретіндегі би билігі — төрелік ету, әкімшілік басқару рөлі төмендей түскен.
7
1.2. Шешендік өнердің шығу тарихы
Осы уақытқа дейін сан ғасырлық тарихы бар ұлттық шешендік өнері, яғни би-шешендер мұрасы көркем сөз ретінде бағаланды да, әлеуметтік-қоғамдық мәні, мемлекет тағдырын шешудегі ересен қызметі елеусіз, ескерусіз қалды. Көне Эллада мен Рим елінде Демосфен, Цицерон сынды даңқты шешендердің тағдыры мемлекет тағдырымен төркіндес болғаны аян. Олар мемлекеттің көркеюіне, мәңгілік тұғырына жарқырап көтерілуіне, жақсылыққа, бақытқа, жарқын заманға ұмтылуына зор үлес қосты.
Римдіктер сөз зергерлерін төрт топқа жүйелеген. Олар: 1) шешендер; 2) философтар; 3) ақындар; 4 ) тарихшылар.
Риторика немесе шешендік өнер ғылымы «өнердің падишасы» ретінде саналған. Ол поэтиканың, логиканың, стилистиканың және грамматиканың өркендеуіне үлкен әсер етті.
Риторика ғылымы төрт бөліктен түзіледі: а) ойлап табу, ойдан шығару, шығарымпаздық; ә) әшекейлеу; б) орналастыру және в) орындау не айта білу (Ломоносов М.В. Краткое руководство к риторике).
Ерте заманда шешендік өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде өркендеп дамыған. Алайда осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грекиядан басталады. Өйткені шешендік өнер қоғамдық қажеттіліктен туды, құлиеленушілік қоғамда әлеуметтік даму өрістеп, демократияның жандануына жойқын қозғаушы күш ретінде тарих сахнасына шықты. Б.з.д. Ү ғасырдың екінші жартысында грек-парсы соғысынан кейін, Афиныда және оның қоғамдық өмірінде мемлекет істерінде, саясат майданында маңызды факторға айналды.
Бұл қасиетті, киелі өнерді ыждағатпен үйрену әрбір грек азаматының асыл парызы болған. Мінеки, осы уақытта риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер ұстаз (ритор) мамандығы пайда болды. Ал оратор –
латыншы orare яғни сөйлеу, ғайыпты болжау деген мағынаны білдіреді.
8
«Риторика» терминдік атауының әуелгі әрі негізгі мағынасы шешендік өнердің теориясы дегенді білдіреді. Филология ғылымында риторика мәнерлі сөйлеудің теориясы деп те табылады.
Көне дәуірде шешендік өнерінің көркейіп гүлденуінің екі кезеңі болған. Біріншісі, б.з.д. Ү-ІҮ ғасырлар, Афины елінде сөзі күннің күркірі мен жалт еткен найзағайындай Периклден бастап даңқты шешен Демосфенге дейінгі уақыт, ал Румде б.з.д. бірінші ғасыр немесе Цицерон заманы.
Атамзаманда адамзаттың рухани болмысының негізгі арналары – риторика мен философия саналған. Әу баста бұл әдебиеттің ми-тамыр жүйесі болып есептелген. Асылы, шешендік өнер және оның теориясы – ұлттық мәдениеттің бөлінбес бөлшегі.
Шешендік өнер мынадай түрлерге жіктеледі:
1. Саяси тақырыпта сөйлеу.
2. Салтанатты мәслихатта сөйлеу.
3. Сотта сөйлеу.
Саяси тақырыптағы шешендік, алдымен, тыңдаушыларды сендіруге ұмтылады. Салтанатты жиындағы шешендік тыңдаушылардың көңілінен шығуға әрекет жасайды. Алдыңғысына тегеурінді күш, соңғысына әсемдік тән.
Шынайы шешен салтанатты жиында жақсылық пен жамандықты, сотта әділеттілік пен әділетсіздікті, халық кеңесінде пайдалы мен пайдасыздықты негізге алады.
Шешендік өнер үш қайнар бұлақтан нәр алып сусындайды. Біріншісі, табиғи қабілет пен дарын, екіншісі, теориялық қисындармен қаруландыру, үшіншісі, тынымсыз, толассыз еңбек, жүйелі жаттығу.
Және де шешендік өнер үш мақсатты көздейді:
1. Сендіру; 2. Рахаттану, ләззатқа бөлеу; 3. Толқытып тебіренту.
Риторика 5 бөліктен тұрады: 1) материал іздеп табу, 2) материалдарды орналастыру, жайғастыру, 3) сөзбен уиіндіру, 4) есте сақтау, 5) айта білу шеберлігі.
9
Бірінші бөліктің өзі: а) нақты істер мен ә) жалпы мәселелерге тармақталады. Нақты істер мекен-жайға, уақытқа, кейіпкерлерге қатысты. Жалпы мәселелердің өзі теориялық және іс-тәжірибелік болып бұтақталады.
Екінші бөлік бес қабаттан тұрады: 1) кіріспе, 2) мазмұндау, 3) тақырыпты айқындау, 4) дәйектемелер, 5) түйіндеме.
1. Кіріспеде негізгі мәселенің мәнін түсіндіру, тыңдаушылардың ынта-зейінін аудару, көңіл-күйін бөлісу қарастырылады.
2. Мазмұндамада пән туралы сатылап әңгімелеленеді. Мазмұндамаға анықтық, қысқалық, шындыққа сәйкестік тән.
3. Көркем тіл саласында а) тілдің грамматикалық және лексикалық нормасын мұқият дұрыс сақтау, ә) сөзді жалпыхалықтық мәнде, сонан соң табиғи тіркесімді бұзбай қолдану, б) асқақ һәм құбылыстарға лайық өзіндік стиль таңдау, в) көркем тілдің әуезділігі мен суреттілігі, мұның өзі екіге бұтақталады: 1) асқақтық пен 2) жағымдылық.
Жалпы айтқанда, сөз өнері 1) сөз таңдау, 2) сөз тіркестері мен 3) фигураларға жіктеледі.
Егер де шешен сөз таңдауда, сөз тіркестерін әдемі, әуезді, әсерлі құруға, бейнелегіш-суреттегіш құралдарды шебер қолдануға ниеттенсе, онда оның сөзі ауызекі сөйлеу тілінен жоғары болады. Сондықтан да стильді үш түрге: жоғары, орташа, қарапайым деп бөлуге болады. Жоғары стиль үлгісіне – Демосфен, орташа стильге – Деметрий Фалерский, қарапайым стильге – Лисий жатады.
Еске сақтау, жатқа төгілтіп айту шешеннің даралық ерекшелігіне байланысты. Шығарманың графикалық суретіне көз қандырып, көңілге ұялатады, санасына сіңіріп, жатқа айтады. Сенека (фиолософ Сенеканың әкесі) бірден екі мың сөзді немесе екі жүз өлеңді естісімен жатқа заулатқан. Науаи жүз мың өлеңді жатқа білген. Қазақ қоғамында құйма құлақ, естігенін жатқа қайталайтын шешен билер, білгір шежірешілер ересен мол болған.
10
1.3.Шешендік сөздер және оны зерттеу

