2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Қазақ тілі пәні. 8- сынып. Тақырыбы: Театр. Театр өнері

Қазақ тілі пәні. 8- сынып. Тақырыбы: Театр. Театр өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
8.3.1.1 –тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру; 8.4.4.4 – жай сөйлемдердің айтылуы мен құрылымдық ерекшелігін сай қолдану;
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Мектеп

«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Күні

--.--.2024

ҰМЖ

Театр өнері мен мәдениет. Синтаксис

Мұғалімнің есімі

Мукашова Роза Адиловна

Сабақ тақырыбы

ТЕАТР ҰЖЫМДЫҚ ӨНЕР

СЫНЫП

8 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу мақсаты

8.3.1.1 –тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру;
8.4.4.4 – жай сөйлемдердің айтылуы мен құрылымдық ерекшелігін сай қолдану;

Сабақ мақсаттары

Әлеуметтік қоғамдық, мәдени, тарихи тақырыптарға байланысты мәтіндерді оқу, талдау;

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ әдебиет

Алдыңғы тақырып

Театр өнері

Жоспар уақыты

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Оқушының әрекеті

Басталуы

5 минут




















5 минут

Мұғалім мен оқушылардың амандасуы.

Оқушыларды орналастыру, оларды психологиялық түрде сабаққа дайындау.

Қол шапалақтау арқылы олардың сабаққа дайындығын тексеру

Бір бірімізді тыңдаймыз, ұйымшыл боламыз, белсенділік көрсетеміз! (қол шапалақтау)

Билеттер бойынша бөліну.

Оқушылар кассадан билет сатып алады. Сол бойынша үш топқа бөлінеді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Бағалау критериийлері:

Мәтін бойынша сұрақтар дайындау, құрастырылған сұрақтарға жауап беру.

Жағдаятқа сай сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау; және қолданады. Топпен бірлесе жұмыс атқарады.

«Ой шақыру» әдісі арқылы оқушылармен сұхбат құру.

Театр деген не?

Театр біздің рухани өсуімізде қандай рөл атқарады?

Театр өнері қиын ба?

Дескрипторлар

Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды, құрастырылған сұрақтарға жауап береді.












Жағдаятқа сай сөздер мен фразаларды атайды және қолданады.

Топпен бірлесе жұмыс атқарады.

Сұрақтарға жауап беред

ҚБ арқылы бағаланады.

Мадақтау, шапалақтау

Ортасы 20 минут

Оқылым алды тапсырма



1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

А мәтіні

Театр - – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі. Театр әдетте өз заманының озық идеяларын бойына сіңіре отырып, ізгілік мұраттарын паш еткенде, ең бастысы адамның өмірлік және рухани ой-мақсаттары мен оның күрделі ішкі жан дүниесін терең де шынайы ашып бейнелегенде ғана ол өзінің жоғары көркемдік сатысына көтерілумен қатар қоғамдық-әлеуметтік міндеттерін орындай алады.Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті, яғни әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады.

Б мәтіні

Театр (грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.

Айтылым тапсырмасы

Тапсырмалар:

Мәтінге тезистік жоспар құрыңыз.

Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.

Қолдану

ЖӘРДЕМШІГЕ ХАБАРЛАУҒА БОЛАДЫ.


Хабарлы сөйлем.

Жай сөйлем. Жақсыз сөйлем.


АРМАН ІШЕК- СІЛЕСІ ҚАТЫП КҮЛДІ.


Хабарлы сөйлем.

Жай сөйлем. Жақты сөйлем.



«Венн диаграммасы»

Shape2 Shape1

КИНО

ТЕАТР












Мұғалім әр мәтінді топқа оқытып, берген жауабын тыңдап, ұқсастықтарын, айырмашылықтарын тапқызып көреді.

Топтарға бір біріне сұрақ қояды.


ҚБ бағалау жүреді.


Бір-бірін бағалайды.

Шапалақтау әдісімен бағалайды, мадақтайды.

















Оқушылар мәтінді түсініп оқиды;

Мәтінге тезистік жоспар құрады;

Мәтін бойынша сұрақ құрастырады;



































Оқушылар салыстырады, жай сөйлем түрлерін қолданып сөйлем құрады;

Аяқталуы 10 минут

Сабақты қорытындылау

«ТАРСИЯ» әдісі.

Picture 2


Пирамиданы толтыру. Сұрақтар мен жауаптарды сәйкестендіру. Пирамидада тоғыз немесе он сұрақ берілген.сол сұрақтарды жауаптарымен сәйкестендіріп, пирамиданы толтырады.

Сабақтың соңында оқушыларды бағалау.

Рефлекcия «Екі жұлдыз, бір тілек»


Дискриптор

Оқушылар алған білімін жинақтайды;

Сәйкестендіреді;

Қорытынды жасайды;

Әдісті дайындауға арналған сайт:

(https://www.tarsiamaker.co.uk/)


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс





Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болдыма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



05 Сәуір 2025
445
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі