Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілін насихаттау-әр қазақтың борышы

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика мұғалімінің ой толғауы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілін насихаттау – әр қазақтың борышы

«Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!»

Қадыр Мырза Әлидің осы бір өлеңіне қазақ тілінің қадыр-қасиеті, құдіреті сыйып кеткен және қазақ тілін насихаттау үшін не істеу керектігін айқындап бергендей. Баланың тілінің шығысымен, балабақшаға барысымен алғаш жаттайтын тақпағы осы болу керек. Мүмкін, сәби өлеңнің байыбына бара қоймас десек те, адамның жадында мәңгілік қалатын дүние «Аю отыр партада» немесе «Аяз ата келді, Бізге сыйлық берді» сіпеттес нәрсе болмау керек.

Қазақ тілін насихаттау әр ананың борышы деп білемін. Басқа елдер өз тілін «туған тіл» десе, қазақ туған тілін «ана тіл» дейді. Тілді сақтау, дамыту және оны насихаттаудағы жауапкершіліктің зор үлесі ананың мойнында. Сәби дүниеге келісімен ана тілінде әлди тыңдап, ана тілінде ертегі естіп өсуі керек. Әр қазақтың алғашқы қазақ тілі мұғалімі – анасы. Демек отбасында мейлінше тек қазақ тілінде сөйлеу керек. «Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деп бекер айтылмаған.Сондықтан, қазақ қызын тәрбиелеуге басты назар аудару керек . Ол үшін қазақ тілімен қоса, қазақтың салт-дәстүрін үйрету керек.

«Бірде қонаққа барғанымда, дастархан етегінде ұзын шашты, аққұбаша келген қазақ қызы өз сұлулығымен жүрегімді баурайды. Оның қылығы мен сымбаттылығына тамсандым. Алайда, оның өз ана тілінде сөйлей алмайтынын естігенімде, оның бар сұлулығы жойылып кеткендей болды. Сондағы айтқан сылтауы – Маған ешкім қазақ тілін үйретпеді». Бұл Ш.Айтматовтың әңгімесінен үзінді. Тіл – сұлулық өлшемі екеніне күмән жоқ.

Бір көргеннен қазақтың қазақ екенін білдіретіні ол тілі ғана. Өйткені, ұлттық киім мерекелерде ғана киілетін атрибутикаға айналды. Сондықтан, тіліміздің бар әсем сөзін қолданып, дамыта түсу керек. Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан біз қай ұлттың өкілі болмайық, тіл үшін күресуге міндеттіміз. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам болсақ та, тіліміз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуымыз керек. Себебі біздің тілде жазылған құнды тарихи деректер, кейінгі ұрпақ үшін үлкен рөле ойнауы мүмкін.

Қорытындылай келе, өскелең ұрпақ тәрбиесінде қыздарымыздың тәрбиесіне аса назар аудару керек деп ойлаймын. Қыздарымыз шетінен ою ойып, құрақ құрауы екіталай , бірақ қазақ тілінде сөйлеуі міндетті.

Қарағанды қаласы №59 ЖББОМ математика мұғалімі Куандыкова Ж.А.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12