ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жингиш Серикгул

ҚАУ мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Тіл мәртебесінің ішіндегі ең маңыздысы – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл – елдің барлық аумағында және түрлі өмір салаларында қолданылуы баршаға міндетті болып табылатын, ресми жағдайы мемлекеттік дәрежеде белгіленген,белгілі бір мемлекеттің әлеуметтік-коммуникативтік жүйесінің негізгі компоненті. Тәуелсіз Қазақ елінің қазіргі уақыттағы экономикалық даму деңгейі мен әлеуметтік жағдайы, шетелдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықтағы беделінің артуы біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті тұлға даярлаудың қажеттігін туғызып отыр. Еліміздің кез келген азаматы өз елі мен жерінің тарихын, мәдениетін, мемлекеттік тілді толық білуі, меңгеруі қажет деп танылады. Адамдардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі олардың мемлекеттік тілді толық меңгеру екені даусыз.

Қазақ тiлi – өзiндік сөздiк қоры мол жинақталған тiл. Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл деген жоғары мәртебесі оның кемелденуіне мүмкiндiктер аша түсері сөзсіз.

Қазақ тiлi – құрылымы мен жүйесi дамыған‚ сөз байлығы аса мол‚ ұлттық тiл деңгейiне көтерiлген қазақ халқының ұлттық тiлi‚ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi. Республикада мемлекеттiк тiл ретiнде қазақ тiлiне конституциялық мәртебе берiлiп отыр. Әлемдік тәжірибеде тілге мемлекеттік мәртебе екі жағдайда беріледі: бірі – тілдің қоғамдық қызметі шектеулі болғанда, оның мәселесін шешіп, дамыту үшін мемлекеттік қамқорлыққа алу мақсатында, ал екіншісі басым тілдің артықшылығын сақтау үшін беріледі.

Мемлекеттік тіліміз – Қазақ тілін өз мәртебесіне сай қоғам өмірінің күллі салаларына енгізу, қолданыс аясын кеңейту бүгінгі күннің өзекті де келелі мәселесі. Тіл білу, тіл меңгеру дегенге белгілі бір тілдің грамматикасы мен сөздік қорын игеруді ғана жатқызу жеткіліксіз. Өйткені сол сөз, сөйлемдердің немесе грамматикалық құрылыстың сөйлеу жағдаятының қай түріне орай қолдана білуді анық түсінігі болуы қажет.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі тілдің адам өміріндегі, қоғамның әлеуметтік дамуындағы маңызы, тіл мен сана, сөз бен ойлау арақатынасы туралы лингвистикалық, психологиялық қағидаларға сүйенетіні белгілі. Бұл ретте қазақ тілін оқыту әдістемесі тіл білімінің тілдің әлеуметтік қызметі мен мәні жайындағы теориялық қағидаларына сүйенеді. Бірақ қазақ тілін оқыту әдістемесін қазақ тілінің құрамдас бір саласы ретінде түсінуге болмайды. Іс жүзінде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні мен қазақ тілі пәнін бір санап, жоғары оқу орындарының оқу жоспарынан бірін шығарып тастауды жаңалық, иннавация деп есептеу тәжірибесі де кездеседі. Мұндай тәжірибе жалпыға міндетті мемлекеттік стандартты (білім беру бағдарламасын) орындаудан бас тарту ғана емес, мұндай тәжірибенің қазақ тілі пәнінің болашақ мұғаліміне, оның болашақта оқытатын оқушыларына қиянат болатынын ескеру артық емес.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың саласына жатады. Ол оқушылардың дұрыс ойлау, дұрыс сөйлеу, бір-бірінің сөзін дұрыс түсіну, ауызша да, жазбаша да ойын дұрыс, жүйелі жеткізе білу қабілетін дамытып, қажетті дағдыларын, білігін, жеке тұлға ретінде дүниеге көзқарасының, дүниетанымының негізін қалыптастыру жолдарын қарастырады. Бұлар – оқу үдерісінің құрамдас бөліктері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пәні – оқыту үдерісі.

Ана тілі қазақ мектебінің оқушылары үшін таным құралы, білім, тәрбие алу құралы, ойлау формасы болып табылады. Оқушының ақыл-ойының өз деңгейінде дамуы, қоғамның лайықты мүшесі болып қалыптасуы оның тілінің, ойлауы мен сөйлеуінің тиісті талаптар ға сай дамуымен тікелей байланысты. Қазақ тілін оқыту әдістемесі осындай мақсаттарды көздейді. Сондықтан оқыту әдістемесінің пәні оқыту үдерісін тұтас қамтиды. Сөйте тұра қазақ тілін оқыту үдерісінде оқыту әдістемесінің мазмұны оқушылар үшін беймәлім болып қала беруі мүмкін. Оқушы қазақ тілі пәнінің мазмұны аясында тиісті білім, дағды, білік алғанмен, осы үдерісте мұғалімнің оқыту әдістемесінің мәніне бойлай алмайды. Оқыту әдістемесі мұғалімнің пән мазмұны бойынша тиісті білімді оқушының меңгеруіне қызмет ететін құралдар мен әдістерді тиімді пайдалану әрекетінде жүзеге асады.

Оқыту әдістемесі оқу үдерісінің барлық кезеңдерін, құрамдас бөліктерін тұтас қамтиды дедік. Оқу үдерісінің құрамдас бөліктері мынадай болады: а) білім мазмұны (білім, дағды, білік); ә) мұғалім әрекеті; б) оқушылардың әрекеті. Оқушылардың білімін бақылау мен бағалау әдістері де оқыту үдерісі аясында қарастырылады. Бұл жерде мынаны ескеру дұрыс: оқу үдерісінде оқушының әрекеті мен мұғалімнің әрекеті екі дара емес, бір-бірімен тығыз байланысты, өзара бірлікте жүзеге асады. Сондықтан оқыту әдістемесі оқу үдерісіндегі оқушы мен мұғалімнің әрекеттерін өзара үйлескен, бірлескен әрекет ретінде қарастырады.

Айтылған жайлар негізінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің мынадай бірнеше міндеттерін атауға болады: а) қазақ тілін ана тілі ретінде оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау; ә) оқытудың мазмұнын анықтау: оқушыларға арналған оқу бағдарламаларын, оқу кешендерін жасау, оқулықтар жазу; б) оқытудың әдістерін, тәсілдерін, дәріс үлгілерін, әдістемелерін, құралдарын әзірлеу; в) оқушылардың білімін бақылау әдістері мен бағалау өлшемдерін анықтау. Сөйтіп, қазақ тілін оқыту әдістемесі оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, мазмұнын анықтайды, әдістерін жасайды, бақылау мен бағалау өлшемдерін қалыптастырады.



Оқыту әдістемесінің жалпы ұстанымдары дидактикада негізделетіні түсінікті. Қазақ тілін оқытудың ұстанымдары жалпыдидактикалық ұстанымдарды негізге ала отырып, қазақ тілін оқытудың өзіне тән мақсаттары мен міндеттеріне сай анықталады. Дидактика ұстанымдары жалпы болғанда, қазақ тілін оқыту ұстанымдары жалқы ерекшеліктерімен сипатталады.

Қазақ тілін орта мектерте оқытуда мынадай жалқыдидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынады: а) оқытуда теориялық білімге сүйене отырып, практикалық бағытты ұстану; ә) қатынас құралы ретінде оқыту; б) сөйлеу әрекеті ретінде оқыту; в) тілдік деңгейлерді сипаттаудағы синхрондылық.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму кезеңдеріне байланысты аталған ұстанымдар өзгеріп отырады. Әр кезең оқытудың жаңа ұстанымдарын ұсынады. Жалқы дидактикалық ұстанымдар пәнді оқытудың құрамдас бөліктерін қамтып, басты бағытты белгілейді.

Қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесі пәнінің маманы өзінің кәсіби қызметінде мұғалімнің, әдіскердің, педагогтың, психолгтың, тілші мен әдебиетшінің ісін бірдей атқаратыны сырттан қараған қарапайым адамның көзіне де шалынбай қалмайды. Бұл мәселеге арнайы көңіл бөліп, ғылыми тұрғыдан қараған жағдайда, оқу әдістемесінің арнасында бірнеше ғылым салаларының ұштасқан қызметі аңғарылады. Мұның өзі қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде бірнеше ғылым салаларымен тығыз байланыста, бірнеше ғылым салаларының тоғысында тұрған, пәнаралық сипаты басым ғылым екендігін көрсетеді.

Оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы ретінде жеке тұлғаның қалыптасуының белгілі бір қырларын қарастыратыны белгілі. Оның басқа ғылым салаларымен байланысы осыдан басталады. Бұл ретте қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде тіл білімімен, әдебиеттанумен, педагогикамен, психологиямен байланыстарының тамыры тереңде және барынша анық екендігі түсінікті. Сонымен бірге бұл пәннің философиямен, мәдениеттанумен, әлеуметтанумен тығыз байланысы бар.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазақ тіл білімімен байланысы мына салалар бойынша жүзеге асады: а) тіл білімінің ұғымдары, терминдері пайдаланылады; ә) қазақ тіл білімінің даму деңгейі қазақ тілін пән ретінде оқытудың мазмұнын анықтайды; б) қазақ тілін оқытудың әдістері, түрлері, дидактикалық құралдары қазақ тілі пәнінің мазмұнына сәйкес анықталыды; қазақ тілін оқыту әдістемесінде жалқыдидактикалық ұстанымдар қолданылады.



Философия бар ғылымның әдіснамалық негізі қызметін атқаратыны бұрыннан айтылып келеді. Қазіргі заманда да бұл қағиданың өзектілігі жоғары. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық жүйесі философияға негізделеді. Оқушының жаңа тақырып негізінде жаңа бі лім алуы, өзіне бұған дейін белгісіз болып келген құбылысты қабылдауы, тануы, білуі, ұғуы -күрделі үдеріс. Оқушының жаңа білімді игеру үдерісі, жалпы сипаттағанда, сезімдік және ойлау сатылары арқылы өтіп, нәтижесін тәжірибе жүзінде тексерумен аяқталады. Басқаша айтқанда, баланың білім алуы өмірдің шындық құбылыстарымен тығыз байланыста болады. Философияда бұл таным үдерісіне сәйкес келеді. Оқушылардың білім алу әрететін осы үдеріс сатылары туралы философиялық қағидаларға сүйене отырып тануға болады. Ал бұл үдеріс тілдік формалар түрінде жүзеге асады. Сондықтан оқушының таным үдерісі арқылы алған тілдік бірліктер (сөз, сөз тіркесі, фразеологизм, сөйлем, мәтін) туралы білімін өзінің өмір тәжірибесінде, іс жүзінде (оқуда, ойында, еңбекте және басқа салаларда) орнын тауып пайдалануына ерекше көңіл бөлінеді.

Тіл мен сананың, сөйлеу мен ойлаудың арасындағы байланыс бары ертеден бері айтылып келеді. Адамның ойы тек тіл арқылы ғана нақтыланады, тіл арқылы ғана ұғылады. Оқушы тіл арқылы өзінің ойын жүйеге түсіреді, нақтылайды, негіздейді, басқаларға жеткізеді. Тілдік бірліктерсіз, тілсіз оқушының ойын, ойлауын дамыту, танымын байыту мүмкін болмайды. Оқыту әдістемесі ғылым ретінде өзінің әдіснамалық ұстанымдарын философияның осы бағыттағы іргелі қағидалары негізінде анықтайды.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі оқушының қазақ тілі туралы білімді қабылдау, есте сақтау, еске түсіру және өзінің өмір тәжірибесінде пайдалану, ойлау қабілетінің даму үдерістерін бақылау мен бағалауда психология ғылымының қағидаларына сүйенеді. Білім беру ісінде оқушылардың білуі, тиісті дағдылары мен біліктерінің қалыптасуы, білуге деген ынталарының, талаптарының оянуы мәселелерін пайымдауда қазақ тілін оқыту әдістемесі психология ғылымының заңдылықтарын негізге алады. Психология ғылымында оқушылардың ақыл-ой еңбегінің үдерісін зерттеу саласында жинақталған білім қорын лайықты пайдалана білу де оқыту әдістемесінің дамуына, жетілуіне игі әсерін тигізеді. Бұл орайда оқушылардың жас мөлшеріне қарай салыстыру, талдау мен жинақтау, жалқыдан – жалпыға, жалпыдан жалқыға көшу, белгіліден – белгісізге, белгісізден белгіліге ауысу, ой түю, пікір негіздеу секілді ойлау операциялары да ескеріледі. Осы және оқыту әдістемесіндегі қызығу, талап, ынта, қабылдау, түсіну, есте сақтау, білім, дағды, білік, қалыптасу, даму секілді негізгі ұғымдар психологиядан енген ұғымдар қатарына жатады. Оқушының білім алу үдерісінің сатыларын, құрылым-жүйесін сипаттайтын ұғымдар да психологиядан алынған. Осының бәрі оқу әдістемесінің жүйесінде оқушының білім алу үдерісін, жалпы оқыту үдерісін ұймдастыруда, оның нәтижелілігін бақылау мен бағалауда психология ғылымының алатын өз орны барын көрсетеді.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің дидактикамен байланысы ерекше назар аударуды қажет етеді. Оқытудың мақсаты, оқытудың мазмұны, оқыту үдерісі, оқыту ұстанымдары және басқа осылар секілді ұғымдардың түп негізі дидактикадан шығады. Дидактиканың ұстанымдары дегенде, еске оқытудың ұстанымдары келеді. Дидактикада оқу пәндеріне ортақ оқытудың бірнеше ұстанымдары негізделген. Олардың құрамы туралы түрліше пікірлер бар. Солардың ішінде мына ұстанымдарға назар аударған дұрыс: а) ғылымилық; ә) жүйелілік; б) жалғастылық; в) қолжетімділік; г) беріктілік; д) көрнекілік; е) теория мен практиканың байланыстылығы; ж) оқытудың жеке тұлғаға бағытталуы; з) оқушының өзіндік еркіндігі. Бұл ұстанымдар оқу пәндерінің бәрінде, солар дың ішінде қазақ тілін оқыту ісінде де жетекші, анықтаушы қызмет атқарады. Көрсетілген ұстанымдар оқытудың тәрбиелік мәні, дамытушылық мәні сияқты жалпыдидактикалық мақсаттарына қызмет етеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2023
405
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі