ӘОЖ 811.512.122
Төлегенова Дина Мелдебеккқызы
tulegenova.dinka@mail.ru
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕМДІК ӨСІМДІК АТАУЛАРЫ: ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН ТІЛДІК СИПАТТАМАСЫ
Резюме
В статье рассматриваются названия и способы лекарственных растений на казахском языке, встречающихся на территории Казахстана
Summary
The article considered names and ways of medicinal plants in the Kazakh language, occurring in the territory of Kazakhstan
Түйін
Бұл мақалада Қазақстан аумағында кездесетін емдік өсімдік атауларының жиналуы мен қалыптасуы жайлы сөз қозғалады
Қазақ халқы өсімдіктер дүниесіне ертеден-ақ зер салып, көңіл қойған. Қайсысы малға жұғымды, қайсысы пайдалы, қайсысы зиянды екендігін ажырата білген, яғни адам мен табиғат егіз. Өсімдік атауларында халықтардың сан ғасырлық тарихы, ұлттық танымы көрініс тапқан. Мысалы: бетегеден биік, жусаннан аласа; кендірмен байлама, жыңғылмен айдама, кендірмен байласаң, жыңғылмен айдасаң, мал бітер деп ойлама; қарағайға қарап тал өсер, құрбысына қарап бала өсер; т.б. да аталы сөздер осының дәлелі.
Өсімдіктердің қазақша атаулары жөніндегі бастапқы мағұлматтары біз Қазақстан өсімдіктерін алғаш рет зерттеген белгілі орыс ғалымдарынан (ботаниктерінен) атап айтқанда: Н.И. Аненков, Б.А. Федченко, И.В. Ларин, И.М. Крашенинников, Н.В. Павлов, В.И. Андеев, Н.И. Рубцов, М.Г. Попов, П.П. Поляков, Б.А. Быковтардың еңбектердің еңбектерінен кездестіреміз.
Кейінірек орыс ғалымдарының қатарына ұлт мамандарының өкілдері: Ө. Қисықов, С. Арыстанғалиев, Е. Рамазанов Т. Мұсақұловтар келіп қосылды. Олар өздерінің еңбектерінде қазақша өсімдік атауларын молынан қамтуға және олардың тілімізде дұрыс қалыптасуы мен орысша баламаларына сай келуіне көп еңбек сіңірді.
Өсімдіктердің қазақша атауларын жинауға және оларды жариялауға тек алғашқы кездегі зерттеушілер ғана емес, республикамызда бертініректе еңбек еткен орыс ғалымдары да көп көңіл бөліп келді. Ондай игілікті істі А.М.Мушегянның, В.П.Михайлованың, Е.А.Каргаполовтың. И.А.Юндиннің еңбектерінен және «Флора Казахстана» (Алма-Ата, 1956 – 1966, тт. 1 – 9), «Иллюстрированный определитель растений Казахстана» (Алма-Ата, 1969. Т.; 1970. Т. 2), «Красная книга Казахской ССР» (Растения, Алма-Ата. 1981. Ч. 2) деген кітаптардан байқауға болады. Аталған еңбектерде өсімдіктердің орысша, латынша атауларынан кейін қазақша атаулары да келтірілді.
Әрине, ол қазақша атаулар жоғарыда атлған авторлардың бірінде – көп, бірінде – аз, бірінде – дұрыс, бірінде – бұрыс. Мәселен тек Н.В.Павловтың өзі ғана еңбектерінде 300-ден аса қазақша атауларды келтірген. Ал 9 томнан тұратын «Қазақстан флорасында» небәрі 350 ғана қазақша өсімдік атаулары кездеседі. Олардың да көпшілігі Н.В.Павлов жинастырған атаулар.
Ботаник ғалымдарымыздың есептеулері бойынша, республикамыздың аумағында алты мыңнан астам өсімдік түрі бар делінеді. Оның 760-ы басқа ешбір жерде өспейтіні де дәлелденген. Демек, қазақ жерінде өсетін барлық өсімдіктің қазақша атауы бар деген сөз. Тек сол өсімдік өсетін жердегі тұрғылықты адамдармен кеңінен отырып асықпай әңгімелесу арқылы әр түрдің атын жазып, түсін анықтап, қасиетін біліп, малға жұғымдылығын, дәрілік ерекшеліктерін тәптіштеп жазып алу керек. Он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» бар болғаны 768 ғана өсімдік атауы бар. Аталған түсіндірме сөздікте 67 мың сөз тіркелген екен. Оған басқа жақтан іздемей-ақ өзімізде өсетін өсімдіктердің атауын қоссақ, сөз қорымыз қанатын жайып, қомдана түсер еді [1].
Түсіндірме сөздікте «сасық шөп» деп аталатын шөпті ел ішінде «гүлбуын» деп те атайды. Оны орыстар «пустырник» деп атайды. Оны сасық дегеннен гөрі гүлбуын деген мағынасы құлаққа жағымды әрі айтса айтқандай әр жапырағының түбінен гүл қауашақтары ашылады. Ол – жүрек дәрісі ретінде атына заты сай көрікті өсімдіктердің бірі.
Дәрілік қасиеті өзгеше өсімдіктің бірі – бүршікті сібір қарағайы. Ол бес жүз жыл бойы өңін жоғалтпай өсумен болады екен. Бүршігі бес-он жыл ішінде пісіп жетілмесе де алып жеуге, дәріге жаратуға болады. Сол бүршік дәні жұлынбаса жыл сайынғы көктемде қайта көгілдір тартып, жанданып, өсу үстінде екенін аңғартып тұрады. Осылайша жүз жыл бойы пісіп-жетіліп, мерзімі жеткенде өздігінен үзіліп түседі екен. Бүршік дәннің піскен сол мезгілін бабалар «қазан толды» атаған. Бұл – көпті көрген қариялардың түсінігі. Осы бүршік дәннің дәрілік қасиетін Шығыс емшілері ежелгі дәуірлерден-ақ білген.
Ақжүрек (ақбияу) гүлді шөбі шипалық қасиеті бар өсімдік өзіміздің Тарбағатай, Текелі, Қапал, Алатау баурайларында өте көп өседі. Дәрілік қасиеті аса жоғары. Халық медицинасында ежелден қолданылады. Ақжүрек – теңіз деңгейінен 1500-2000 метр биіктегі таулардың күнгей бетіндегі қалың шөп арасында өсіп, мамыр-маусым айларында жетілетін өсімдік.
Аталған өсімдікті жинау үшін сонау Шығыс Қытайдан Алтай, Тарбағатай, Іле алатауын бетке алған қытайлықтар төрт мың шақырымдық жолды алыссынбай лек-легімен ағылады екен. Олар өз жеріндегі аталған өсімдікті тауысып, қазақ жеріне топ-тобымен өтіп, соны жинап жүреді. Қорыта келгенде айтарымыз, халық тұрмысында кеңінен қолданылған емдік өсімдіктер атаулары тіліміздің ішкі мүмкіндігін пайдалана отырып жасалған.
Өсімдіктердің қазақша атуларын жинастырушылардың тағы бір үлкен тобы – әр түрлі сөздік (биологиялық, ауыл шаруашылық» (Биология терминдері. Алматы, 1962), Е. Рамазанов және басқалар қосылып жасаған «Орысша-қазақша терминологиялық сөздігін» (Ботаника және топырақтану. Алматы, 1962), С. Арыстанғалиевтың «Словарь названий растений семейства бобовых» (Труды Института ботаники АН КазССР. 1963. Т. 15) деген сөздігін, С. Арыстанғалиев пен Е. Рамазановтың «Қазақстан өсімдіктері» (Алматы, 1977) атты анықтамалығын және он екі томдық «Қазақ Совет Энциклопедиясын» (Алматы, 1 – 12-т., 1972 – 1978), т.б. атаған болар едік.
1861 жылы шыққан Н.И. Ильминский сөздігінде небәрі 91 өсімдік атауы кездеседі. Оның көпшілігі жалпы халыққа жақсы таныс – емен, тал, қайың, қарағаш, шырша сияқты ағаш аттары мен арша, қараған, тобылғы шаңғал секілді бұта атаулары және арпа, бидай, күріш, тары, тәрізді астық дақылдары мен ебелек, жусан, алабұта, қияқ изен секілді шөп атаулары.
Биология терминдеріне арналған сөздіктердің ішіндегі өсімдік атауларын молырақ қамтыған алғашқы сөздік – С. Арзымбетовтың сөздігі. Бұл сөздік – ауыл шаруашылығының терминдеріне арналған сөздік. Сондықтан, онда өсімдік атауларын түгел қамту мақсат түгел қамту мақсат етілген.
С. Арзымбетов қалыптастырған қазақша өсімдік атаулары бұдан да көп болар еді, бірақ, неге екені белгісіз, ол кісі жинаған, өз сөздігіне ендірген: ақшоқан, ақшуақ, әтіргүл, бедебас, биеемшек, бойқалай, боян, бұжғын, дәстүргүл, жалманқұлақ, жаушүмілдік, жындышөп, көсек, қандым, қарынжарық, қоянжын, қынжыгүл, майкене, наурызшешек, саған, сарсолма, сиырқұйрық, сүйіндір, тарақбоз, тікенғалдақ, ұндау, шеркез, шүйіншөп, шылбы, індек – тәрізді өсімдік атаулары кейінгі шыққан биологиялық сөздіктерге енбей, қабылданбай қалыпты. Біздіңше, оларды сол өз мағыналарында немесе қазақша сыңары жоқ басқа орысша атаулардың баламасы ретінде қалыптастыруға әбден болар еді.
Алайда С. Арзымбетовтың кейбір өсімдік атауларын ауызекі сөйлеу тілінде қалай айтылса, сол естіген күйінде қағазға түсіруін және сөздігіне солай етіп ендіруін құптауға болмайды. Мысалы: бәрпе (дұрысы – бәрпі), гүлқайыр (құлқайыр), киеуіл (кеуіл), кизил (қызыл), күлманбес (құлынемес), күмберіш (құмберіш), қарашора (қарасора), тытыр (тітір), усайқы (усойқы), т.б.
Сондай-ақ, автордың дыбысталуы (айтылуы) әр түрлі бір ғана сөзді әр басқа өсімдікке балама еткендігі де оқырмандарды сендіре қоймайды. Мысалы: қозоты (живокость, шпорник)-қозоты (гусятница, лапчатка гусиная), самалдық (горлец), - саумалдық (шпинат), сарбас (крестовник) – сарыбас (зверобой), солыбас (бессмертник) – сұлыбас (овцес, трищетник), сүттіген (молочай) – сүттікен (молокан), сора (марь) – шора (солянка древовидная), т.б.
С.Арзымбетовтың сөздігінен кейінгі өсімдіктердің қазақша атауларын мол қамтыған сөздік – Т. Мұсақұловтың «Қазақша – орысша терминология сөздігі» (Биология терминдері. Алматы, 1962). Бұл негізінен алғанда биология терминдеріне арналған сөздіктердің алғашқысы. Осының алдында ғана автордың «Биология терминдерінің орысшы-қазақша сөздігі» (Алматы, 1960) шыққан болатын. Бұл екеуі бірі орысша-қазақша, екіншісі қазақша – орысша деп аталып, жеке-жеке шыққаны болмаса негізінен бір-ақ сөздік.
Қазақ тіліндегі емдік өсімдіктерді құрамы жағынан екіге бөлуге болады:
1) төл емдік өсімдіктер
2) басқа тілден ауысқан емдік өсімдіктер
1) Төл емдік өсімдіктерді:
а) түркі тілдеріне ортақ емдік өсімдіктер: арша, жүзім, емен, жаңғақ, сұлы, шие, т.б.
ә) қазақ тілінің өзіне тән емдік өсімдіктер. мия, итмұрын, аткұлақ, қырықбуын, коде, жөке, т.б.
2) Басқа тілден ауысқан емдік өсімдіктерді:
а) араб-парсы. анар, қарбыз, өрік, т.б.
ә) орыс: алоэ, капуста, петрушка, банан, апельсин, т.б.
б) монгол, арпа, долана, мойыл, сарымсақ, т.б. деп қарастыруға болады. Қазақ тіліндегі емдік өсімдіктер синтетикалық және аналитикалық тәсілдер арқылы жасалған [2].
Емдік өсімдіктер синтетикалық немесе морфологиялық құрылымы жағынан 1) түбір тұлғалы емдік өсімдіктер, 2) туынды тұлғалы емдік өсімдіктер, 3) біріккен түлғалы емдік өсімдіктер, 4) қосарланып (яғни қос сөз түрінде) келген емдік өсімдіктер, 5) екі (кейде үш) сөздің тіркесіп келуі арқылы жасалған өсімдік атаулары болып бес топқа жіктеледі.
1. Түбір тұлғалы емдік өсімдіктер. Түбір тұлғалы емдік өсімдіктер бір ғана түбір сөзден тұрады. Яғни түбір мен жұрнаққа бөлшектенбейді. Қазақ тіліндегі емдік өсімдіктердің ішінде ең көнелері де және басқа туынды атауларға іргетас, негіз болғандар да осылар. Мәселен, арпа, бидай, тары, сұлы, зығыр, күріш, жүгері, бұршақ, арша, қарағай, емен, тал, қайың, тгргк; қараган, бадам, тобылгы, ыргай, жыңгыл, сарымсақ, жуа, қамыс,балдыр, андыз, жусан, қаудан, ши, т.б.
Бұлар тілімізде тым әріден келе жатыр. Мысал үшін алынған жоғарыдағы емдік өсімдік атауларының көбі Н.И.Ильминскийдің, Л.Будаговтың, В.В.Радловтың, В.В.Катаринскийдің сөздіктерінде бар. Біразы тіпті XIII-XIV ғасырларға тән «Кодекс Куманикуста» да, XI ғасырға тән Махмұд Қашқаридің «Диванында» кездеседі. Көне ескерткіштерде немесе алғаш шыққан сөздіктерде ұшыраспағанымен, тілімізде ертеден бері қолданылып келе жатқан, жиі айтылып, дыбысталуы жағынан жатық, көпшілікке жақсы таныс түбір тұлғалы өсімдік атаулары аз емес. Мәселен, бетеге, боз, бүрген, ебелек, ермен, жалбыз, изен, көде, көкпек, қаңбақ, қияқ, мия, мүк, селеу, сексеуіл, сорақ, тораңғы, шеңгел, шырша, шырыш, т.б. Біздің «түбір» деп отырғанымыздың өзі шартты нәрсе. Егер жоғарыда аталған емдік өсімдік атауларын тарихи тұрғыдан қарастырсақ, олардың көбі түбір мен қосымшадан тұратын туынды түбір болып шығуы әбден мүмкін. Академик А.Т.Қайдардың сөзімен айтқанда, бұлар - морфологиялық тұрғыдан жіктеуге келе бермейтін, «консервіленген»,«этимологиялық жағынан күңгірттенген», «өлі түбірлер». Оларды түбір тұлғалы емдік өсімдіктер атауларына жатқызып отырғанымыз да сондықтан.
2. Туынды тұлгалы емдік өсімдік атаулары. Туынды тұлғалы емдік өсімдіктерге түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалатын, яғни туынды сөз түбір мен жұрнаққа бөлшектенетін атаулар жатады. Ондай емдік өсімдік атаулары қазақ тілінде онша көп емес. Мәселен, 1) есімдіктерден зат есім тудыратын -дақ/ -дек, -тақ/ -тек, -лақ/ -лек, жұрнақтары арқылы жасалған емдік өсімдіктер: бортылдақ, торсылдақ, быртылдақ, желкілдек, сеңгірлек, шиқыл-дақ, тырсылдақ, шыртылдақ, шытырлақ, шікілдек;
2) есімдерден зат есім тудыратын -дық/-дік, -тық/-тік, -лық/-лік жұрнақтары арқылы жасалған емдік өсімдіктер: қымыздық, ноғаттық, самалдық, саумалдық, шеттік, шықшылдық, шүлдік, шүмілдік;
3) етістіктерден есім тудыратын -уық/-уік жүрнақтары арқылы жасалған емдік өсімдік атаулары: айырауық, айлауық, баттауық, жылауық, күйреуік, шаттауық, шырмауық, шекілдеуік;
4) етістіктерден есім тудыратын -қан/-кен, -ған/-ген жұрнақтары арқылы жасалған емдік өсімдік атаулары: бүлдірген, қышытқан, сіңірген;
5) етістіктерден есім тудыратын -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе жұрнақтары арқылы жасалған емдік өсімдік атаулары: бөртпе, борама, домалатпа, қышытпа, торлама [3].
Біріккен тұлғалы емдік өсімдік атаулары. Өсімдік - атауларының ішіндегі ең көбі - екі сөздің бірігуі арқылы жасалған атаулар. Бұл өзі өте кең тараған, аса өнімді жол. Сондықтан да ол тілімізде айрықша орын алады. Мәселен, арпабас, атқұлақ, балқарагай, итмұрын, киікоты, қазтамақ, қарагаш, қойбүлдірген, қозыгүл, қоянсерік т.б.
Екі не үш сөздің тіркесіп келуі арқылы жасалған емдік өсімдік атаулары. Тілімізде екі-үш сөздің бірігіп немесе қосарланып келуі арқылы ғана емес, олардың тіркесіп келуі арқылы жасалатын емдік өсімдік атаулары жетерлік. Мәселен, ем арша, ас бұршақ, арқар бүлдірген, бұйра зығыр, мырза терек, сырғалы тал, сасық меңдуана, айыл қоға, шөл бидайық, құм көде, ақ қаңбақ, қожа кендір, қара ажырық, боз жусан, қызыл мия, сары қалуен, мыңбас шырмауық, ақ қараган, сарыбас жоңышқа, т.б. Бұлар жеке өсімдіктердің емес, бір өсімдік түрлерінің атауы. Сондықтан да олардың екінші компоненттері: арша, зыгыр, қияқ, қоға, терек, тал... сөздері өз алдына емдік өсімдік атаулары болып келеді [4].
Елімізде өсімдіктер саны мыңға жуықтайды. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған емдік өсімдіктер атаулары тіліміздің ішкі мүмкіндігін пайдалана отырып жасалған. Оның белгілі бөлігінің атауы орысшадан тікелей аударылғандықтан, толық мағынасын бермейді. Сондықтан да оның түпкі мағынасын жете зерттеп білу, сұрыптап, ат-атауын нақтылап қағазға түсіру – бүгінгі ғылым алдында тұрған аса жауапты міндеттердің бірі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қалиев Б. Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары «Ғылым», Алматы, 1989 ж.
2. Әділбаев . Қазақ тіліндегі өсімдік атауларының уәжділігі. Алматы, 2001 ж.
3. Абдирасилова Г.К. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің аналитикалық тәсіл (бірігу, қосарлану, тіркесу) арқылы жасалуы., Астана, 2003 ж.
4.Өмірбекова Г. Неміс және қазақ тіліндегі фитонимдерді құрылымдық ономасиологиялық зерттеу. (Автореферат) Алматы, 2004 ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз