Қазақ тіліндегі орфографиялық ережелерге байланысты
кездесетін қиындықтар
Бүгінгі таңда тіл мамандарының алдында тұрған өзекті мәселелер қатарын мемлекеттік қызметшілердің тілдік құзіреті, яғни, тілдік қарым-қатынасқа түсу, ойын еркін жеткізу, іскерлік жазылым ережелерін меңгеру, ресми стильге қойылған талаптарды ескере отырып, мемлекеттік тілдің қоғамдық-әлеуметтік қажеттілігін көтеру міндеттері айқындайды.
Мекеме ішінде рәсімделетін кіріс, шығыс құжаттарының сауатты дайындалуы мемлекеттік тілге бағытталған сұраныс – талаптың деңгей-дәрежесін байқатары анық. Ақпарат алмасу, қызмет бабындағы іс-әрекеттер тізбегін белгілеу, мемлекеттік құрылымдар арасындағы байланысты жүзеге асыру, хат-хабар жеткізу қызметтерінің кешенді үлгісін құрайтын құжатайналымы тілдің қоғамдық-әлеуметтік, саяси-экономикалық, ұлттық-мәдени аспектілерін дамытатын аса маңызды ресми фактор болып табылады, сондықтан әр мемлекеттік қызметші мемлекет пен халық мүддесін, өз біліктілігін іскерлік жазылым ережелерін меңгеру арқылы дәйектей алады.
Қазақ тілін оқытуда тіл дамыта отырып, жазылымға жете мән беріледі. Тіл мәдениетінің негізгі талаптарының бірі – сөзді дұрыс айтып, дұрыс жазу. Сөздің айтылуы мен жазылуы ерекшеліктерін ажыратып, орфографиялық және орфоэпиялық норманы сақтауға үлкен көңіл бөлу керек.
Тағы да айта кететін мәселе, қосымшалардың жазылуында да шалағайлықтар кездесіп жатады. Мысалы:
|
Қате |
Дұрыс |
|
М.Әуезовтың |
М.Әуезовтің |
|
Х.Досмұхамедовтың |
Х.Досмұхамедовтің |
|
Жұлдыздыкы |
Жұлдыздікі |
|
Мақсаттыкі |
Мақсаттікі |
т.б. тізе беруге болады. Кім де болсын, мәдениетті сөйлеуге, емле ережелерін бұлжытпай сақтауға талпынады. Дұрыс жазуға негіз іздеп, орфографиялық сөздікке жүгінеді. Емлеміздің, жазу мәдениетіміздің кемелдене түскен кезінде, баспа беттерінен орфографиялық кемшіліктердің жиі кездесіп отыруы – төзуге болмайтын іс.
Қазіргі қазақ жазулары орфографиялық жағынан әбден шатасып, бір-бірімізді мойындамайтын қалге жеткеніміз рас. Кім қай сөзді қалай жазуы керек екендігін өзі шешіп бара жатқаны жасырын емес. Компьютерлік дәлдікті талап ететін қазіргі заманда банк ісі, медицина, темір жол бөлімшелері т.б. салаларында бір әріптен кеткен қате күллі жұмысыңызды зая кетіруі мүмкін.
Кейбір сөздерді жазуда қате қолданылып жүрген варианттар кездеседі:
|
Қате |
Дұрыс |
|
аттестациялау |
аттестаттау |
|
инвесторшы |
инвестор |
|
бітімгерші |
бітімгер |
|
сертификациялау |
сертификаттау |
Мұндай варианттардың бірінші сыңарының қате екендігі белгілі.
Бүгінде ресми қағаздарды сауатты толтырып дайындау үшін кәсіби жетілдірілген қазақ тілін қолдану қажет. Бұл жерде жазу мәдениетінің рөлі орасан зор. Түрлі мекемелер мен ұйымдар арасында іс-қағаздарының ең жиі қолданылатын түрі – қызметтік хат. Тіл – сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы болғандықтан, қызметтік хаттың мазмұны айқын болуы тиіс. Іс-қағаздарын дайындау барысында жазу мәдениетін қатаң сақтау қажет.
Кейбір хаттардың жазылу барысында фамилияларға дұрыс қосымшалардың жалғанбай жазылуы жасырын емес.
Мысалы:
|
Қате |
Дұрыс |
|
Еркінғалиевке |
Еркінғалиевқа |
|
Әлиевқа |
Әлиевке |
|
Ғабдірешовқа |
Ғабдірешовке |
|
Мұхамбетияровке |
Мұхамбетияровқа |
Қосымшалардың сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың әуеніне қарай, буын үндестігі бойынша, я жуан, я жіңішке болып жалғануына үлкен мән берсек қателіктерге жол бермес едік.
Іс қағаздарын заман талабына сай қазақ тілінде жүргізу мен оның мемлекеттік тілдегі стандарт нұсқаларын қалыптастыру, дамыту бүгінгі күнде тіл мәртебесінің көтерілуінің кепілі болып табылады. Қоғам дамуына орай көптеген жаңа мазмұндағы құжат үлгілерінің пайда болуы – заңды құбылыс. Оларды жүйеге түсіру мен іс қағаздарының бірыңғай нұсқаларын қалыптастыру – басты міндет. Тыңдаушыларға тілді оқыту барысында іс қағаздарын дайындау, жазу, толтыру, орындалуын жүзеге асыру үшін қазақ тілінің орфографиялық ережелерін сақтау мен сауатты жазуға үйрететін жаттығу жұмыстарын жүргізу көзделеді.
Ресми іс қағазының тілі – сырт қарағанда стандартқа түскен, қалыптасқан сияқты көрінгенмен, шын мәнінде онда қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сәйкес сұрыпталған, жіктелген, лексика-грамматикалық жүйесі қалыптасқан сөздер мен сөз тіркестерін тиянақтап меңгертетін жайттар жеткілікті. Кез келген ресми құжат қоғам өмірінің барлық саласын қамтып, еңбек қарым-қатынастарын реттеп, талдап отыратындықтан оларды рәсімдеуде қазақ тілінің жазба тіл ережелерінің сақталуын қадағалау қажет.
Мемлекеттік қызметшілерді құжаттармен жұмыс істеуге үйрету барысында қазақ тілінің тілдік жүйесін, лексика-грамматикалық, орфографиялық нормаларының сақталуын меңгерту көзделеді.
Қазақ тілінің орфография ережелері бойынша бас әріптің қолданылуына орай төмендегі жұмыстар тақырыпқа сай жүйелі жіргізіледі.
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару органдары, министрліктер, мекемелер мен ұйымдар, оқу орындары атауларының алғашқы сөзі бас әріппен жазылатынына назар аударылады. Мысалы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі; М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.
2. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысы, Қазақстан Республикасының Парламенті, Жоғарғы Кеңес, Министрліктер Комитеті атауларында барлық сөз бас әріппен жазылады.
3. Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар бас әріппен жазылады. Кез келген жеке тұлғаға қатысты құжат үлгілерін жазуда бұл ереже кездесетін болғандықтан оған біршама назар аударылады. Бұл ереже өмірбаян, түйіндеме, мінездеме, жеке іс парағын толтыруда қолданылады.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны деген атауларда «мемлекеттік» сөзі бас әріппен жазылады. Ал мемлекеттік ұйым, мемлекеттік меншік, мемлекеттік шекара, мемлекеттік меншік нысандары атауларында кіші әріппен жазылады.
5. Қысқарған сөздерге қосыма жалғауда орфографиялық норма басшылыққа алынады: ТМД-ның, ТМД-ға, ЖШС-ға, ЖШС-ның.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу, білім мен бұқаралық ақпарат құралдарының, құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тілі. Сол тілдің қолданысын кеңейтетін басты сала ресми құжаттар – кез келген саладағы қатынастарды реттейтін, белгілі бір нормалармен берілетін заңдылық күші бар құжаттар.
Мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сауаттылығы мен сапасын қамтамасыз ету, әрбір іс-қағаздарын орындап отырған, тілін сүйіп, еліне жаны ашитын мемлекеттік қызметкердің ұлттық парызы, - деп, ойлаймын.
Азаматова Сайран Хабиболлақызы,
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№50 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тіліндегі орфографиялық ережелерге байланысты кездесетін қиындықтар

шағым қалдыра аласыз