Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақша күрес техникасын пайдалану тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
материал күрес үйірмесіне қажет. мұнда айтылған техникалар өте пайдалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Shape1





Тақырыбы: Дене шынықтыру сабағында қазақтың ұлттық спорт түрі – қазақша күрес техникасын пайдалану тәсілі

Орындаған: дене шынықтыру пәні мұғалімі Есенали Смайлов











Шұбарсу

2015 жыл

Дене шынықтыру сабағында қазақтың ұлттық спорт түрі – қазақша күрес техникасын пайдалану тәсілі

(«Шұбарсу» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

дене шынықтыру пәні мұғалімі Есенали Смайлов)


«Спорт – денсаулық кепілі» деп қазақ халқы тегін айтпаған. Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Денсаулықтың қатаң анықтамасы қандай? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының ережелерінде «Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге ол рухани, физикалық, әлеуметтік – саулықтың толық мәнді теңдігі» деп көрсетілген.

Дене шынықтыру сабағы қимыл-қозғалысқа негізделген. Кез келген пән сабақтары білімділік, дамытушылық және тәрбиелік деген мақсаттан тұрады. Білімділігі сабақтың негізгі өтілетін тақырыбына сай болса, дамытушылығы жағынан қимыл-қозғалыс дене қызметін үнемі арттыру аясында денсаулықты нығайту көзделген. Дене шынықтыру сабағының дамытушылық мақсатына қазақтың ұлттық ойындарын пайдалануға болады. Ал тәрбиелік макқсатына келсек, қазақтың ұлттық ойындарының элементтерін ала отырып, жеке тұлғаның күш, жылдамдық, шыдамдылық секілді қасиеттерге тәрбиелеуге негізделеді.

Дене шынықтыру сабағының мазмұнына тоқтала кетсек, дайындық бөлімі, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен тұрады. Осы жерде жаңа сабақты бастамастан бұрын дайындық бөлімінде:

  • Сап түзеледі;

  • Кезекші баяндамасы қабылданады;

  • Оқушылардың сабаққа дайындығы қадағаланады;

  • Жаңа сабақ тақырыбы, мазмұны түсіндіріледі;

  • Саптық жаттығулар орындалады.

Саптық жаттығуларды орындау барысында қазақтың ұлттық спорт түрлерінің элементтерін орындатуға әбден мүмкін. Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық. Күні бүгін де олар өздерінің мән-мазмұнын жойған жоқ. Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің дамуына 1978-1979 жылдардағы І спартакиададағы дайындық кезеңі үлкен серпіліс тудырды. Мысалы, қазақша күрес, аударыспақ, жамбы ату, ақсүйек, т.б. Қазақша күрес – көптеген тәсілдер, әдістер жасап орындалатын күрес. 1928 жылға дейін күрестің бірыңғай ережесі болған жоқ. Жарысқа түсетін палуандардың салмағы ескерілмеді. Сондықтан көбінесе қарсыласынан күші ғана емес, салмағы да артық палуандар жеңіске жетіп келеді. Жарыс жергілікті жерде ежелден қабылданған немесе алдын ала келісілген шартқа сәйкес ереже бойынша өткізілді. 1928 жылы қазақша күреске тән бүкіл әдіс-тәсілдерді түгелдей қамтыған бірыңғай ереже жарияланды. Ал 1938 жылы Қазақстанда ірі спорттық жарыстар өткізіле бастады. Оның ережесі бойынша самбоның, еркін және классикалық күрестің кейбір амалдарын қолдануға рұқсат етіледі. Қазақша күресті жетілдіріп, Одақ көлеміне әйгілі етуге атсалысқан М.Рақымғұлов, М.Тәнекеев, К.Байдосов, С.Сатыпалдиев, Ж.Төлегенов, Ә.Бүркітбаев, Т.Асқаров, Т.Биткөзов, Ж.Сабыржанов, Н.Омаров, Р.Сапарғалиев сынды спортшылар есімдерін мақтанышпен атамаса болмайды.

Осы спорт түрінің элементтері өте көп және денсаулыққа пайдалы әдіс-тәсілдері мол. Мәселен, түрегеліп күресу техникасы – тұрып күрескенде қолданылатын тәсіл; ұстасу – қолмен орындалатын әрекет; бір жақты ұстау – оң қолмен қарсыласының оң қолынан ұстау; ырғақ – білектерін айқастыру әдісі, саусақтарына қармақтап ілмектеп, құлыптап, бір-бірімен ұстастырады; шалу – аяқпен жасалатын қимыл; ілу – қарсыласының денесінің бір бөлігін ұстап, өзіне неемес бір жағына қарай тартады; орау – қарсыласын қимылдатпай ұстап, оны өзіне немесе бір жағына қарай тартып, онымен бір мезгілде жілінщігімен және табанымен аяғына іледі; қағу – аяқ қимылы, палуан табан жағымен табанның ішкі, сыртқы қырларымен қарсыласын аяқтан қағады; адымын айқастыру – қарсыласының жанына немесе артына шығу мақсатымен палуан аяғын қарсыласының аяқтарының артына қояды; еңкею – денені тік тұрған күйінен горизанталь күйге қозғалту; тікею – денені горизанталь күйден тік күйге келтіріп қозғалту; шалқаю – денені артқа қарай шалқайтып доғаша иілу; айналу – артқа қарай құлаған кездегі дененің қозғалысы, шалқалап құлап бара жатқанда кеудесімен түсетіндей болып айналады; жұлқу – палуан қарсыласын қатты тартып қалады; қорғану – қарсыласының шабуылын палуанның тойтаруына мүмкіндік беретін әрекеттері; жығу – түрегеліп тұрған қарсыласты кілемнен көтеріп алмай-ақ кеудесіменнемесес арқасымен түсіруге көмектесетін әдістер; барлау – палуанның қарсыласы жөнінде мәліметтер алуына көмектесетін тактикалық әрекеттері; шабуыл – тактикалық әрекет, оның мақсаты – басым түсу немесе жеңіске жету, т.б. Жалпы қазақша күрес жеке-жеке қарапайым қозғалыстан тұратын тұтас әрекет болып табылады. Яғни әрбір әдіс қол, аяқ, дене арқылы жасалатын қарапайым қозғалыс. Күресте шартты түрде қозғалыстар былайша бөлінеді:

  • Қолдардың қозғалысы – ұстау, орап ұстау, қысу, итеру, жұлқу, тұю, тарту, тіреу, басу,т.б.

  • Аяқ қозғалысы – қою, аттау, кейін қою, адымдап кету, бүгу, жазу, іліп шалу, қағу, үстіне салу, итеру, т.б.

  • Дене қозғалысы – еңкею, тік көтеру, иілу, бұрылу, қысу, итеру, құлату т.б.

Ал дене шынықтыру сабағының дайындық бөлімінде де қол, аяқ, дене жаттығулары жасалады. Мұғалімнің әдістемелік нұсқауы бойынша, міндетті түрде сабақты уақытында бастап, әрбір орындалған жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалайды. Дәл осы жаттығулардың орнына қазақтың ұлттық спорт түрі – қазақша күрестің элементтерін орындатуға болады. Бұл амал-тәсілді жасатқан мұғалім сабағында әрі дайындық бөлімін өткізсе, әрі екінші спорт түрін де қамтып, оқушыларды қазақтың ұлттық спорт түріне деген қызығушылықтарын оятады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
1009
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12