Қазақша тарих керекпе?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақша тарих керекпе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы тарихымызды умытпай руға бөлнбей қазақ халы бірлікшіл болып өмір сүрсе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақша тарих керекпе?

 


 
“ Бүгінгі қазақ халқы - сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ    тұлпарлардың тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың ,ежелгі ғұндардың, байырғы түркілердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын атажұртта сақтап қалған халық” - деп сонау 1992 жылдың өзінде, тәуелсіздіктің таңсәрі шағында, дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайында айтқан Елбасымыз осы жылдардың өне бойында тарихқа құрметпен қараудың, өткенімізден өнеге алудың үйренерлік үлгісін көрсетумен келеді. Бір жұрттың жұрт болып бұл жалғанда тұра алуы үшін өзінің кім екенін білуі керек. Өзін, өткенін, қандай адамдары келіп-кеткенін білмеген, ұмытқан жұрт жалғанда жұрт болып тұра алмайды. Қазақтың бұрын қандай білгіш, жүйрік, шешен, ақын, жыршы, тапқыш би адамдары өткен.


Қай мезгілде болған, қай рудан білсе, қай жылы туып, нешінші жылы өлгеніне дейін ата-бабамызды соның бәрін қалдырмай түгел білуміз керек деп ойлаймын. Өткенді білмей қазіргіні мен болашақты бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылығы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие. “Халықсыз - тарих жоқ, тарихсыз - халық жоқ” деген мақал бекерге айтылмаса керек. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Жеті атасын білмеген жетесіз дегендей.Қазақ халқында әр азамат өзінің рулық шежіресін білуі және ата-баба өмірімен байланысты ұғымды - «Жеті ата» деп атайды.Ақсақалдардың айтуынша, жеті атаны білу қазақи заңдылыққа жатып, әрбір қазақ баласы үшін міндет болып есептеліп, атадан балаға жалғасып келе жатқан дәстүрді ұстану шарт деп санаған. Бұның себебі, көшпенділік заманда қиын-қыстау кезеңдер түнергенде түпкі тамырынан көз жазып қалмай, өзге ұлт өкілдерімен шиеленіске түсіп кетпеуіне себепші болған. Сондықтан, балаға кішкентайынан бастап жеті атасының нақты есімдерін жаттатып, сана сезіміне қазақ халқының салт-дәстүрлері мен рулық шежіресін сіңіріп өсіреді.Осы біліктілігінің арқасында жеті атасын тарқата отырып көрші рулармен туыстық қарым-қатынастық байланысын анықтап, өткен мен болшақтың көпірі ретінде рөл атқарып, дәл осындай ұстанымның арқасында рухани тектілікті сақтап отырған ата бабаларымыз.Жеті ата дәстүрінің тарихын қазып, біраз дүниені шығарып алғанда мына оқиғаға тап боламыз. 15 ғасырда Қазақ хандығы орнап, хандықты Керей мен Жәнібек басқарғаны анық. Бірде, Жәнібек ханның кеңесшісі Жиренше шешен науқастанып, төсек тартып қалады. Танымал емші мен тәуіптерден қайыр болмай, соңында Өтебойдақ есімді емші Жиреншені аяғынан тұрғызыпты. Жиреншенің қандай ауруды емдеу қиын - деген сұрағына тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиынның қиыны - деген екен. Ал, оның алдын алуға бола ма - деген сауалына Өтебойдақ емші: жеті атаға дейін қыз алыспау қажет деп жауап қатса керек. Емшінің айтқанын Жәнібек хан жадына тоқып, жанын салып халқына жеті атаға дейін үйленуге тыйым беріпті. Кімде кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілед деген Жәнібектің жарлығы ел арасына таралып кеткен екен. Содан бері қазақ патшалары осы тыйымды өз жарлық заңдарында мықтап, берік ұстанып келіпті.Бабаларымыз өздерінің үрім-бұтағына, жеті атасына дейінгі шежірені үйретіп, жадына жаттату арқылы сол дәуірдегі қоғамда жеті ата, яки ата тектілігі сынды қасиетті институтты қалыптастырғаны рас. Мәселен тағы да тарихқа үңілсек, Тәуке хан өзі патшалық құрған жылдары Қазақ хандығының басты заңы “Жеті жарғыда”бұл тыйымды ресми түрде бір бап ретінде енгізген. Осы уақыттан бастап ата-бабамыз әулеттің арасы жеті ұрпақтан асқанда, қай жүзге жататынына қарамастан, бүкіл үш жүздің айтылып, үш жүздің көзінде оларға ресми түрде “ру” мәртебесі берілетін болған. Бір рудың адамдары бір-бірімен үйленуі салтымызда дұрыс емес шығар, әрине салттан аттамаған абзал. Ал руға бөлініп алып, бір-бірін кемсіту, төмен санау, тіпті бір-бірімен қырылысу мүлдем дұрыс емес, біздің ұлтымызды осындай жағдайлар кері сүйрейді.


Ана ру мықты, мына ру мықты деп айтатындары бар тағы. Осылай өзінің қазақ екенін ұмытып жатады. Сенің руың кім деген сұрақтың қажеті жоқ сияқты. Сен қазақсың, ол да қазақ, осының өзі бізге жеткілікті. Ұлттасың, жерлесің, бауырың. Қазіргі кезде адамдар өз руластарын жанына жақын тартады, ал басқа рудың адамы басқа ұлттың адамындай көреді , ол да рас. Рушылдық қазақтың іштегі қайратын бабалардың даңқты өмірін ескеріп отыру үшін ғана қажет. Әрбір жас руын айтып жаға жыртыспай, үлкен мұрат-жалпы, Қазақ үшін басын бәйгеге тігуге әзір болғаны жөн деп білемін. Егер рулық құрылым болмағанда бабаларымыз дүние жүзінде үлкендігі жағынан тоғызыншы орын алатын бес Франция сиып кететін ұлан-ғайыр қазақ жерін, ешқандай бекітілген әскери құрылымсыз-ақ қорғап сақтап,кейінгі ұрпақтары,яғни біздерге мұра қылып қалдыра алмаған болар еді.


Бұрын да, қазір де ру туралы жаңсақ сөйлеп жүргендер көп. Ал енді руды қай жағына қарай бұрып пайдалану әр адамның өз өресі мен ақылына байланысты. Біздің бабаларымыз оны жақсы жағына пайдалана білген. Қазақ халқы бір атаның баласы емес, әр рудан құралған жиынтық деген орыс ғалымдарының сөзі.Осындай сөздерге берілмей қазақ халқы әрдайым ауыз біршілгі мол болғаны дұрыс.  









Даулетбек Каусар, ҚазҰУ-дың 1-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2024
205
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі