Материалдар / Қазақстан халқы Ассамблеясы елдік пен бірлік жолында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан халқы Ассамблеясы елдік пен бірлік жолында

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан халқы Ассамблеясы елдік пен бірлік жолында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2020
320
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан халқы Ассамблеясы елдік пен бірлік жолында

Соғыс кезінде Қазақстан эвакуацияланған 350 мың адамды қабылдады. 1950-жылдары тың игеруге 1,5 миллион адам келді, жабық әскери нысандарда 150 мың маман және олардың отбасы мүшелері жұмыс істеді. ХХ ғасырдың басынан бастап Қазақстанға барлығы 5,6 миллион адам қоныстанды. Жергілікті халықтың саны 6 миллионның шамасында болған уақытта қылмыстық сипаттағы сталиндік ұжымдастыру салдарынан 1,5 миллион адам аштан қырылды. Тағы миллионнан аса адам өзін және балаларын аман сақтау үшін бұрынғы КСРО аумағынан кетуге мәжбүр болды. Қиын-қыстау заман болып, қазақтарға жойылып кету қаупі туды. Біздің көпэтностылығымыз осылайша қолдан жасалды. Бірақ, мұнда, біздің жерімізге еркінен тыс келген адамдардың еш кінәсі жоқ екені белгілі. Ал Қазақстан Тәуелсіздіктің жаңа дәуірінде барлық этностарды біртұтас, ұйысқан халыққа айналдыра білді. Бүгінгі күні біз Қазақстандық қоғамның жетерліктей жоғары келісім мен бірлігін байқай аламыз. Мұндай қоғамның келісімі мен біртұтастығының негізінде қандай факторлар жатыр?

Қазақстан қоғамдық келісім моделінің негізгі элементі 1995 жылы құрылған Қазақстан халқының ассамблеясының құрылуы болды. 20 жыл аралығында оның құрамында 820-дан астам этномәдени бірлестіктер құрылған және қазір де жұмысын атқарып жатқан еліміздегі белгілі бір негізгі ұйымға жатады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңға оның міндеттері мен қызметтерін кеңейтетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Ассамблеяның негізгі міндеті – қоғамда диаспорааралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, мемлекет құрушы қазақ ұлтының дәстүрі мен тілін дәріптеу арқылы диаспоралар мәдениетінің сақталуына жағдай жасау, қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Сонымен қатар, Қазақстан халқы ассамблеясы мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Осы секілді жұмыстармен қатар, ұйымның тағы бір негізгі қызметі мен міндеттеріне мыналар жатады:

  • Этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

  • Халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;

  • Қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;

  • Азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

  • Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

  • Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады”.

Өткен жылдар бойы өз ерекшеліктерін сақтау мақсатында, мемлекетіміздегі этностардың барлық шынайы және гипотетикалық үрейлері жоққа шығарылды. Олардың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтау үшін құрылған жағдайлар қазақ халқына сенімділік пен құрметтің жоғары деңгейін қамтамасыз етті әрі халық егемендігін шоғырландырушы саясатүстілік органға айналды. Сондай-ақ, Елбасы бейбітшілік пен келісімді нығайту - 2050 Стратегиясын жүзеге асырудың басты критерийі екендігін тілге тиек етіп, бес мызғымас шындықты атап, әлемдік саяси ахуалды сарапқа салды, этносаралық тұрақтылықты сақтап қалудың жолдарын көрсетті.

Әлемдік тәжірбие көрсетіп тұрғандай, көпмәдениетті қоғамда қоғамдық келісім қатынас қалыптастыру контекстінде өте өткір мәселелердің бірі тілдік теңдік мәселесі болып табылды. Бұл жағдайда мемлекет үштілділік концепциясын іске асыру саясатын жолға қойды. Қазақстанның ұлтаралық келісімге қол жеткізудегі табыстары әлемдік қауымдастықта лайықты бағасын алып, 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін қамтамасыз еткен маңызды фактор болды. Этносаралық және конфессияаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісі басқа мемлекеттер теңелуге тырысатын әлемдік эталон мәніне ие болуда. Сонымен қатар, Президент «Қазақстандық қоғамда білім беру жүйесі, тәрбиелеу, БАҚ-тарда этносаралық қарым-қатынастар тақырыбы туралы баяндау, барлық қазақстандықтардың құқықтық мәдениетін арттыру арқылы азаматтық бірегейлікті, толеранттылықты дамыту» қажеттігін ерекше атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық деңгейдегі шенеуніктердің ротациясы және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру үшін аса қажетті кадрлық резервтің тұрақты көзі ретінде де үлкен маңызға ие. Бұл оның тікелей мемлекет Президентіне шығатын халық өкілдігінің тетігі ретінде құрылуымен қамтамасыз етіледі. Осы тұста ескермей кетуге болмас, этникалық сипатта қоғамдағы жергілікті әлеуметтік немесе тұрмыстық мәселелер де болуы мүмкін. Осы және басқа да қырлары мемлекет және қоғам тұрғысынан артқан ынта, назарын қажет етеді. Азаматтардың демократиялық мінез-құлық мәдениеті мен сананың қалыптасуы, ынтымақтық, әртүрлі экстремизм түрлерін болдырмау және оларға қарсы тұру мемлекеттегі әлеуметтік саяси тұрақтылықтың басты факторы ретінде ұлтаралық және конфессияаралық келісімдерді сақтау көпұлтты Қазақстан үшін өте өзекті мәселе. Қазiргi уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғам мен мемлекеттегi орны мен рөлiне, бiздiң iшкi дамуымыздың, сол сияқты сыртқы факторлар әсерiнiң де нәтижесi болып табылатын мiндеттердi шешуге жаңа көзқарас қажет. Мемлекеттiк ауқымды әрi маңызды кез келген мәселенi шешуде, мемлекеттiң тәуелсiз даму жолының мүддесiнде тарихи маңыздылық пен ғылыми негiздiлiктi ескере отырып, айрықша қажырлылық пен табандылықты талап етедi.

Қазіргі таңда ассамблеяның бай халықаралық байланыстары бар. 20 жылдық тарихы бар ұйым елдің саяси жүйесінің маңызды бір бөлігіне айналып, Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен этностардың мүдделерін, құқықтарын бір арнаға түйістірді. Әрбір ұлттың тегіне, дініне, көзқарасына қарамастан, барлық азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етті. Түптеп келгенде, Ассамблея еліміздегі халықтардың тұрмыстық деңгейдегі ұлтшылдықтың пайда болуына жол бермейтін, бір-біріне төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуді дәріптейтін ең маңызды ұйымның бірі болып саналады. Осының нәтижесінде әрбір қазақстандық кең ауқымды ойланып, достық пен өзара түсіністікті бағалауға жетелеу жолында жемісті еңбек етуде. Осыған байланысты бұл ұйым мемлекетімізді мекендейтін этнос өкілдерін бірлікке шақырып, елдегі демократияның қалыптасуына да тікелей атсалысуда.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!