Дәріс № 1
Тақырып: 1.1 Қазақстанда шаңғы спортының даму тарихы
Жоспар:
-
Қазақстандағы алғашқы шаңғы жарысы.
-
Шаңғы спортының даму сатылары.
-
Шаңғымен сырғанау туралы алғашқы деректер.
Қазақстандағы алғашқы шаңғы жарысы.
Шаңғы спорты Қазақстанда орта ғасырдың бастапқы кездерінен белгілі болса керек. Мұны археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттар дәлелдейді. Тіпті Қытайдың көне жазбаларында олар өздерінің солтүстіктегі көршілерін "ағаш атты түркілер" деп атағандары белгілі. Сондықтан XX ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның кейбір қалаларында алғашқы шаңғы жарыстары өткендегі ешкімді таңқалдырмаса керек.
1921 жылдан Ш. Спорты мектептеріндегі оқу бағдарламасына енді. Ал 1927 жылы респ-ның алғашқы ресми жарыс өтті. Бірақ жарыс протоколдары 1934 жылдан бастап сақталыпты. Сондықтан құжаттарда алғашқы респ. Ч-ты өткен жыл 1934 деп есептелініп келеді. Шаңғымен жарысудан алғашқы ч-дардың есімдері де белгілі. Олар: Г.Гершунова (3 км. - Қарағанды), А.Воронцова (5 км. - Ақтөбе), В.Голубенко (10 және 30 км. - Қарағанды). Респ-дағы ш.спортының бастауында М.Серғазинов, В.Филимонов, М.Танекеев, К.Гакильберг, Д.Мартюшин, Г.Терещенко, Т.Копылов, С.Лактионов, Л.Бурнашев, И.Ерютин, И.Мальков, Е.Жиров, В.Клядов, Г.Авустин, А.Трунов, А.Унгефук т.б. тұрды. Қазақстанда тәрбиеленген шаңғышылардың арасынан шыққан бірінші Ә.ч-ны В.Кузин (СҚО), бірінші КСРО ч-ны И.Гаранин (Рудный қ-сы.), қысқы О.о-дардың бірінші ч-ны В.Смирнов (1989, 1994 жж. Көкшетау облысынан шықты. Әр жылдары И.Гаранин, А.Суалов, В.Сахнов, В.Смирнов, К.Ноғамбаев, Л.Турчин КСРО-ның құрама командасының сапында өнер көрсетті. Респ-ның шаңғышылары Азия құрлығындағы күшті командалардың бірі. М.Однодворцев, А.Головко, Д.Емеленко, С.Малахова, И.Шишигина, О.Яцкая, Е.Актопова, Д.Старостина бірнеше рет Азияныңжәне қысқы Азия ойындарының, қысқы Универсиадаларының ч-дары мен жүлдегерлері атанды.
Шаңғы спортының даму сатылары.
1934- Петропавлда алғашқы
Жалпықазақстандық шаңғы жарыстары бойынша
жарыс өтті. 3 км қашықтықты құрайтын жарыста спортшы
А.Гершунова
(Алма-Ата), 5 км-де – Воронцова (Ақтөбе) жеңімпаз деп танылды.
Ерлер
арасында 10 және 30 км қашықтықты жүріп өту жарысында
қарағандылық
В.Голубенко топ жарды.
1935- Семей қаласында балалар ұжымы арасында шаңғыдан жарыс өтті.
1936- Солтүстік Қазақстан облысының
Петропавл қаласында Бірінші
Жалпықазақстандық қысқы шаңғы жарысы өтті.
1937- Семейде 1-ші Республикалық
қысқы спорт түрлері бойынша спартакиада
өтті.
1938- Семейде 1-ші Республикалық
қысқы спорт түрлері бойынша спартакиада
өтті.
1941- 1941-1945 жж. дене шынықтыру
ұйымдарының қызметі Кеңес Әскері
резервінде тұратын қызметшілерді дайындауға бағытталған. ҰОС
майданында көптеген атақты спортшы-шаңғышылар
болды.
1946- Шаңғы жарыстары бойынша Қазақ КСРО біріншілігі жаңартылды.
1949- Шаңғы спорты кафедрасы
құрылды, ол бүгінгі күнге дейін Қазақстан
Республикасында әдістемелік және спорттық жұмыстар орталығының
бірі
болып табылады.
1960- Қазақстанда Шаңғы спортының
федерациясы құрылды. Оның бірінші
төрағасы А.А.Брыжин болды.
1962- Бірінші ведомствоаралық
облыстық жарыс. Оған Спартак, Қайрат, Динамо,
Еңбек резервтері, Буревестник, Еңбек сынды спорттық қоғамдар
қатысты.
1968- Шаңғы жарыстары мен биатлонның
даму тарихының басталуы. Зеренді
балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінің ашылу датасы. Бірінші
директор: Кайль Арнольд, бірінші жаттықтырушылар: Шаров Валерий
Григорьевич и Райфегерсте Иван Оттович.
1972- 1972-1990 жылдары Шаңғы спорты
федерациясын көп уақыт, КСРО
ыдырағанға дейін А.М.Зайцев басқарды.
1980- Зерендіде шаңғыроллер бойынша
Бірінші Қазақстан Чемпионаты. Бұл
құрылыстан соң осыған ұқсас трассалар Щучинскіде және
Алма-Атада
салынды.
Зерендіде Қазақстан бойынша
бірінші шаңғыроллер трассасы
салынды, онда шаңғыроллері бойынша бірінші Республика Чемпионаты
өтті.
1984- Жыл сайын шаңғыдан Зеренді марафоны өте бастады. Қысқы спорт түрлері бойынша Ақмола облысының БЖСМ-нің ашылуы.
Жоғары спорттық
көрсеткіштерге қол жеткізгеннен кейін, бұл мекемеге олимпиада
резервін
дайындау бойынша мамандандырылған БЖСМ мәртебесі берілді.
Щучье,
Зеренді, Сандықтау, Бұланды, Ақкөл, Аршалы, Жарқайың аудандары
мен
Степногорск (Шаңтөбе) және Көкшетау қалаларында шаңғы
бөлімшелері
жұмыс істейді.
Қазақстан кубогы, Владимир
Смирновтың юниорлық эстафетаға 4-тен 5
километрге дейін алғашқы қатысуы.
1992- 1992-1994 жж. Егемен
Қазақстанның Шаңғы спорты федерациясын
Р.К.Мергалиев, ал Шаңғы жарыстары федерациясын В.Л.Мутовин
басқарды.
Қазақстан Республикасы
Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS)
құрамына кірді. Құрылтайшы конференциясында Зеренді селосында
Қазақстандық әуесқой шаңғы одағының
құрылуы.
КСРО ыдырағаннан кейін
қазақстандық шаңғышы-ардагерлер Ресейден бөлінді. Қазақстандық
әуесқой
шаңғы одағы жұмыс істеп тұрған уақытта спортшылар Әлем
чемпионатына
(ӘЧ) қатысып, түрлі атақ бойынша 39 медаль жеңіп алды. Қазақстан
туы
Әлем чемпионатында қазақстандық жеңімпаздардың құрметіне бірнеше
рет
көтерілді, сонысымен-ақ, елімізде әуесқой шаңғы спортының қызметі
мен
атағын асқақтатты.
1994- жылдан бастап 1996 жыл
аралығында ҚР шаңғы спорт түрлері
федерациясын М.В.Ли, шаңғы жарыстарын Ю.М.Бергалиев басқарды.
Кейінгі 4 жылда ҚР Шаңғы спорт түрлері федерациясы
президентінің
қызметін В.А.Сорокин атқарды. 2002 жылға дейін отыз жыл шамасында
Бас
хатшы П.Г.Семенов болды.
Қазақстан Республикасының
шаңғы спорты
ардагерлерінің Әуесқой Одағының мүшелері бірінші рет
Германияның
Финстерау қаласында Әлем чемпионаттарына
қатысты.
2000- Шаңғы спорты түрлері
федерациясының атауы өзгерді, оны З.Х.Кәкімжанов
басқарды.
2005- Ұзындығы 1,6 километрлік
екінші жарақтандырылған шаңғыроллерлі тарсса
салынды. Зеренді, Ақмола облысы.
2006- «Ұлттық шаңғы жарыстары федерациясы» құрылды.
2010- Қазақстанның Ұлттық шаңғы
жарыстары федерациясының президенті болып
Өмірзақ Естайұлы Шүкеев тағайындалды. Осы жылы Федерация штабын
Астанаға көшіру туралы шешім қабылданды.
2011- Алматы принимал на спортивных объектах комплексные международные соревнования — VII-е Азиатские игры. К этому мероприятию в ущелье Салдат-сай был построен лыжно-биатлонный комплекс, проложены лыжные трассы для соревнований по лыжным гонкам, биатлону и спортивному ориентированию на лыжах. Соревнования по сноуборду, фристайлу проводились на склонах горнолыжного курорта Табаган. Горнолыжные дисциплины проходили на Чимбулаке.
2014- «Сұңқар» шаңғы трамплиндерінің
халықаралық кешенінде трамплиннен
секіру бойынша Әлем кубогының кезеңдері, солтүстік тәртіп
бойынша
юниорлар арасында Әлем чемпионаты өтеді.
2017- Алматыда XXVIII Қысқы
Универсиада. Бұл шараға әлемнің 57 елінен 2000
астам спортшы қатысты. Жарыс 12 спорт түрі бойынша 8 спорт
нысанында
өтті, 85 жиынтық медаль ойнатылды. Жалпы медальдық есепте Қазақстан
11
алтын медалімен, 8 күміс және 17 қола медалімен екінші орын
алды.
Барлығы Қазақстан 36 медаль жеңіп алды.
Қазіргі таңда шаңғы спортында өзіміздің жерлестеріміз құрама командаға ілігіп, өз өнерлерін ортаға салып жүр. Айтып өтсек Асет Дюсенов, Иван Люфт, жастар құрама командасында да жерлестеріміз бар.

Археологтар адамзат 4-4,5 мың жыл бұрын шаңғыны пайдаланған деп есептейді. Мұны Норвегиядағы, Ресейдің Псков қаласы маңындағы қазба жұмыстары кезінде табылған алғашқы шаңғылардың қалдықтары дәлелдейді. Қарапайым тақтайдан жасалған шаңғыларды алғашқыда "қар басқыш" аталған бұл шаңғылар кейін қазіргі кейпіне жақындады. 1930 жылға дейін шаңғылар тұтас тақтайдан жасалынды, кейін жұқа тақтайлар бір-біріне желімделінді. Келе-келе бұларды фибропластан жасалған шаңғылар алмастырды. 1870 жылы алғашқы бекітпелер пайда болды, ал 1900 жылдан бастап сырғанауды жақсарту үшін шаңғы таяқтары пайдалана бастады. Араға жылдар салып шаңғының мынандай түрлері пайда болды: спорттық жарыс шаңғылары, түсу шаңғылары, трамплиннен секіруге арналған шаңғылар, су шаңғылары, аң аулауға арналған шаңғылар, фристайл және балалар шаңғылары.
Шаңғының пайда болуы Скандинавия мемлекеттерімен байланысты болатын, дегенмен қазіргі таңда ғалымдардың зерттеуі бойынша Алтай өңірінде п.б. деседі.
Оған мынадай мысалдар келтірген:
Шаңғының отаны – Алтай. Мұны сол өлкеде жүргізілген археологиялық қазба дәлелдейді. 2007 жылы Халықаралық Гиннес бас штабы адамзаттың ең байырғы қар шаңғысының мекені Алтай деген тұжырымға келген. Сөйтіп «Гиннес» куәлігі қытайдың Алтай қаласына табыс етілді. Бұл өлкедегі жартастарға қашалған ескі суреттер де қазақ даласында қар шаңғының болғанын аңғартады. Естеріңізде болса, «шаңғыны ойлап тапқан кім» деген сауалға, бұдан бұрын, яғни 1982 жылы жазған ғалым А.Микляевтiң пікірін орыстар әлі күнге дейін малданып жүр. Ол «осыдан 4300 жыл бұрын Псков облысында (Ресей) шаңғы болған» деген тұжырым айтқан-ды. Норвегиялықтар «7 мың жыл бұрын бiз ойлап таптық» деп даурығады. Грек тарихшысы Ксенофонт бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 401 жылы армяндардың тарихын зерттеп, «Қап тауын мекендейтін адамдар аяғына тақтайша байлаған» деп жазды. Алайда талай ғалымға талас тудырған шаңғының шығу тарихы орысқа да, норвегиялыққа да, шведке де, армянға да қатысты емес. Шаңғыны ойлап тапқан – қазақ. Осыдан 10 мың жыл бұрын Алтай тауын мекендеген қазақтың арғы тайпасының аяғында шаңғының екі түрі болған. Бірі жылқының қабырғасынан жасалған, тері таспалы сүйек шаңғы болса, екіншісі — самырсыннан жасалып, жылқы, бұғы терісімен қапталған тері шаңғы. Алтай — таулы, қыратты, қысы ұзақ, қарлы аймақ. Бұл өлкені мекендеген халық үшін шаңғы спорт түрі ғана емес, қарым-қатынас құралы болған. Қалың қар адам түгілі, жан-жануарлардың емін-еркін жүруіне кедергі. Сондықтан Алтайды мекендеген халықтың қар шаңғыны пайдаланғаны айдан анық. Қазақ шаңғысының бірінші түрі – жылқы қабырғасынан жасалған. Жылқы қабырғасы – жылтыр, басы қайқы, ұзындығы бір метрдей жалпақ сүйек. Дайын шаңғы. Қар бетінде кедергісіз сырғанайды. Алтайды мекендеген арғы ата-бабаларымыз қабырға шаңғыға малдың терісінен жасалған таспа тағып, аяққа байлап сырғанайтын болыпты. Сүйек шаңғы жеңіл болғанымен, сүр, қасат қар болмаса, жас-көбікке қолайсыз. Сондықтан оны қар қатқан кезде, қара суықта ғана пайдаланатын болған дейді ғалымдар. Қабырға шаңғының кең қолданылмау себебі – сол. Шаңғының екінші түрі – тері шаңғы. Яғни бұл жас самырсыннан жонылып, жылқы мен бұғының пұшпақ терісімен қапталған. Шаңғының осы екінші түрі археологиялық қазбаларда жақсы сақталған. Өйткені жылқы терісінен жасалған шаңғыны Алтай тауын мекендеген халық жаппай қолданыпты. Тері шаңғының бүгінгі шаңғыдан айырмашылығы – енді ағашы қалың. Енді болатыны – қарға батпайды, ал ағашының қалыңдығы тау жолына шыдамды. Төрт түліктің ішінде жылқы терісі жүні тықыр, сидам, және төзімді келеді.
Десекте шаңғы спортынан алғашқы ресми жарыс 1767 жылы Норвегияда өтті. Соған қарамастан шаңғы спорты XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қашан Ш. Спорты клубтары құрылып біткенше қалыптасу кезеңінен өтті деуге болады. 1924 жылы құрамына 24 мемлекеттердің өкілдері енген халықаралық шаңғы бірлестігі құрылды. Осы жылы ол алғаш рет ұйымдастырылған қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді (әрине барлық түрлері бірден емес) жене ерлер арасында Ә.ч-ты өтті. Әйелдер арасында Ә. Ч-ты 1924 жылдан бастап өткізіле бастады.
Қортынды
Шаңғы спортының ең алғаш бастау алған жері- Скандивия мемлекеттері екенін барлығымыз жақсы білеміз. 1050 жылы Швециядағы тасқа қашалған суреттер, Норвегия маңынан табылған шаңғыға ұқсас ағаштардың болуы жоққа шығармайды.
Дегенмен шаңғымен сырғанаудың спорт ретінде дамуы дамуы Норвегия корольдігінен бастау алды десек болады. Бұл спорт түрлерінің қатарына шаңғымен жарысу, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы және тау шаңғысы, биатлон түрлері енеді. Бұлардың барлығы да қысқы Азия ойындардың, қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламаларында бар. Шаңғы спортынан жаттығулар мен жарыстар ашық аспан астында, таза ауада өтетін болғандықтан адамның денсаулығына өте пайдалы. Ол адамның бойындағы шыдамдылық, күш шапшаңдық, батылдық, ептілік, табандылық, айналаңды бақылау сияқты аса керек қасиеттерді өкпенің сыйымдылығын жан-жақты дамытады. Ш. Спортымен айналысу кезінде адамның барлық дене мүшелері жұмыс істейді. Сондықтан ол жан-жақты жетілуге, дамуға, шынығуға негіз салады.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Лыжный
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақстанда шаңғы спортының даму тарихы

шағым қалдыра аласыз