Қазақстандағы химия өндірісінің
болашағы
Химия
өнеркәсібі — ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының
бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге,
негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының
кешені.Химия өнеркәсібі ел
шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Ғылыми-техникалық прогресті
іске асыра отырып, машина жасау және электрэнергетикамен қатар,
химия өнеркәсібі соңғы технологиялық циклдің саласы болып табылады.
Шикізат пен қалдықтарды кешенді түрде өңдеуге үлкен мүмкіндіктер
тудырады. Химиялық технологиялар мен материалдарды шаруашылықтың
барлық салаларында кең
қолдануды химияландыру деп атайды.Химия
өнеркәсібі қорларды өңдеп қана қоймайды. Ол табиғатта жоқ,
қасиеттері алдын ала бегіленген мүлдем басқа материалдар жасап
шығарады. Әртүрлі химиялық заттар, соның ішінде қымбат әрі тапшы
табиғаттағы баламаларды алмастыра алатын конструкциялық
материалдарды шығарады. Мысалы, машина жасауда кейбір химиялық
материалдар қымбат металды алмастырады. Шикізат базасы кең: мұнай,
табиғи газ, минералды тұздар, фосфориттер, күкірт, гипс, ауа, су,
ағаш, өндіріс қалдықтары, көмір, металлургия, мұнай өңдеу
өнеркәсіптерімен құрамдастырылады. Халықты тауармен қамтиды. Жер
бетіндегі бар тіршілікті қорғайды.Қазақстанда пайдалы қазбалар:
фосфорит, күкірт, тұз, әктас және басқа да шикізат өндірісімен
айналысатын тау-кен химиясы дамыған. Фосфорит кені Жамбыл (Қаратау)
және Ақтөбе (Шилісай) облыстарында өңделеді. Күкірт түсті металдар
кені құрамында, Көкшетауға жақын Алексеев кен орнында кездеседі. Ас
тұзы Арал, Балқаш жағалауында, Шу өзені бойында, Қалқаманда,
Тобылжанда, Павлодар облысында бар. Калий тұзы Атырау облысындағы
Индер көлінде өндіріледі. Химия өнеркәсібінің ерекшелігі табиғатта
кездеспейтін жасанды заттар шығаратындағы мысалы, пластмасса,
сондай-ақ тау химиясы шикізатының негізінде жұмыс істейтіндігі.
Ақтөбе алабының фосфориттері қышқыл топыраққа бірден ендіруге
болатындығымен ерекшеленеді.Қазақстанның химия өнеркәсібінде
негізгі химия басым. Оның шикізат көздеріне фосфорит, ас және калий
тұздары, күкірт колчеданы, көмір, табиғи газ металлургия газдары
кокс газдары жатады. Фосфор тыңайтқыштары өнеркәсібі материал
қажеттілігінің төмендігіне байланысты шикізат көздерімен
байланыспай, тұтынушыға негізделген. Фосфориттерді Қаратау мен
Жаңатаста өндіріп, тыңайтқыштарды Таразда - Жамбыл фосфор зауыты
мен минералды тыңайтқыштарын фосфориттер мен күкірт қышқылынан
алады.Азот тыңайтқыштарын өндіретін кәсіпорындар пайдаланылған
шикізат түріне байланысты (кокс, кокс газы, табиғи газ) көмір
өндіру орындарында орналасады. Павлодап "Каустик" зауыты каустик
содасы, хлор және синтетикалық тұз қышқылын шығарудан
көшбасшы.Химия өнеркәсібінің кең қолданылатын өнімнің бірі - күкірт
қышқылы. Күкірт қышқылын алу үшін күкірт пен су қажет. Күкірт гипс,
күкіртті газ және түсті металл кеңдері құрамында кездеседі. Күкірт
қышқылды өнеркәсіп, негізінен, күкірт қышқылын ең көп тұтыну
орындарында
орналасады. Арал мен Павлодарда жергілікті
шикізат негізінде ас тұзын өндіру кәсіпорындары жұмыс
істейді.Қазақстан химия өнеркәсібінің маңызды саласы - полимерлі
материалдар өнеркәсібі. Саланың шикізат базасын ілеспе мұнай және
табиғи газ, мұнай өңдеудегі көмірсутектер, көмір
құрайды.Синтетикалық смола мен пластмассалар өндірісі ірі шикізат
қорына ие аудандарда шоғырланған. Маңғыстау облысының орталығы
Ақтауда синтетикалық смола және пластмасса шығаратын зауыт жұмыс
істейді.Пластмасса бұйымдарын шығаратын аса ірі зауыттар Атырау,
Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында орналасқан.Негізінен,
синтетикалық каучук өндірісі табиғи газ бен мұнай, мұнай өңдеу мен
көмір өндіру аудандарында орналасады. Мысалы, Теміртау қаласындағы
Қарағанды синтетикалық каучук
зауыты.Қазақстанда химия өнеркәсібі жеке сала
ретінде алғашқы бесжылдықтар кезінде
қалыптасты. Кеңестік
дәуірге дейінгі кезеңде
Қазақстанда Шымкент
дермене (сантонин) зауыты
(1883), сабын қайнататын, желім қайнататын ұсақ кәсіпорындар жұмыс
істеді. 1930 — 40 жылы Ақтөбе химиялық комбинат,
“Аралсульфат”
комбинат, ірі фосфорит кені —
“Қаратау”
комбинат, Қарағанды
синтетикалық
каучук, Қостанай
синтетикалық
талшық зауыттары
салынды. 1950 — 60 жылдары Қазақстанда осы заманғы химиялық
индустрияның негізі қаланды. Жамбыл суперфосфат, Гурьев химиялық
зауыттары, Шымкент гидролиз
және фосфор тұздары
зауыттары, Ақтөбе
ферроқорытпа, Шымкент
газ-бензин
зауыттары іске
қосылды. Қазақстан анорганикалық және органикалық тектегі пайдалы
қазынды кеніштеріне бай. Олар химия өнімінің алуан түрлерін алу
үшін шикізат көзі болып табылады. 1999 жылдан 2004 жылға дейін
химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі айтарлықтай өсті. 2005 жылы
химия өнеркәсібі орындары 54,3 млрд. теңгенің өнімін өндірді.
Қазіргі кезде “Қазфосфат” ЖШС-нің
бөлімшесі республикада химия өнімін өндіруші аса ірі кәсіпорын
болып табылады, ол 2005 ж. 83,4 мың т өнім шығарды, мұның өзі 1995
жылғыдан 1,7 есе, ал 2000 жылғымен салыстырғанда 5,4 есе көп.
90-жылдардың ортасынан бастап елде илеуіштер,
хромды ангидрид, хром тотығын өндіру қолға алынды. 2005 жылы
олардың көлемі 1995 жылғы деңгейден 1,8 — 2,4 есе асты. 1995 — 2005
жылы республиканың 5 мұнай-химия кәсіпорны қызметін қалпына
келтірді. Бұл кәсіпорындар таяу шет елдердің өнімдеріне
ұқсас полистирол, полипропилен,
резина-техникалық бұйымдар, шина өнімдерін шығарады. 2003
жылы Ақтау
пластмасса
зауытында өндіріс
жолға қойылды. 2005 жылы пластмассадан құбырлар мен шлангалар
өндіру 2000 жылғымен салыстырғанда 12,9 есе көбейді. 2005 жылы
“Интеркомшина” АҚ
камералар, резина бұйымдарын, шиналар шығару өндірісін іске қосты.
Резина-техникалық бұйымдар шығаратын
“Сараньрезинотехника” ААҚ мен
“Қарағандырезинотехника” ЖШС
кәсіпорындары тапсырыскерлермен тікелей шарттар бойынша тұрақты
жұмыс істеп келеді. Қазақстан химиясының құрылымында полимерлік
химияға қарағанда негізгі химияның үлесі басым. Еліміздің негізгі
химиясы қышқыл, химиялық
қосылыстар, фосфор мен
минералдық тыңайтқыштар өндіреді. Химия-фармацевтика өнеркәсібі,
негізінен алғанда жаңадан құрылып, басқа салаларға қарағанда жылдам
дамуда. Ең үлкен “Химфарм”
зауыты Шымкентте орналасқан. Ол Қазақстандағы
дәрі-дәрмектің 3/5 бөлігін
шығарады. Алматы, Қаскелең, Семей және Павлодарда ірі
кәсіпорындар жұмыс істейді. Полимерлер алынатын шикізатқа мұнай
өнімдері, табиғи және ілеспе газ
жатады. Ақтау зауыты
полистирол, Атырау зауыты полиэтилен мен полипропилен
шығарады. Резеңке бұйымдары өндірісінің негізгі орталықтары
— Саран (металлургия үшін конвеер таспаларын
шығару) және Шымкент (автомобиль мен а. ш. техникасы үшін
шина жасау).
Фосфоритті Қаратау мен Жаңатаста өндіріп ұсақтайды
да Таразда фосфор тыңайтқышын шығарады. Азот
өндірісі Ақтау мен
Теміртауда; күкірт қышқылы ауыр металдардың металлургияның
орталықтарында (Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Риддер); уран алатын
орталықтарда (Степногор, Ақтау), фосфатты тыңайтқыштар өндірісі
орталықтарында (Тараз) шығарады. Хром қосылыстары зауыты Ақтөбеде
орналасқан. Оның өнімдерін негізгі тұтынушылар — түсті металлургия,
тері илеу және лак-бояу өнеркәсібі, ал шет елдерде АҚШ-тың,
Ресейдің, Ұлыбританияның
кәсіпорындары.