Қазақтың аңыздары мен
мифтері
(эссе)
Қазақ халқының жайлауы жасыл даласы қандай кең
болса,көңілі де сондай кең ғой,шіркін!Қазақтың кең даласына көз
жіберсең ,көңілің де,көзің де тоймайды-ау бір!Сол жарқылдаған
алдаспандай бабаларымның ерлігі әлі күнге дейін кейінгі ұрпақтың
көз алдында,көкейінде сайрап жатыр.Елі жомарт,жері кең,пейілі
дархан менің қазағым,сыры мәлім,әлемі жұмбақ жатқан тарих емес
пе?!
Қазақ даласының жусаны аңқыған даласымен жалаң
аяқ бір басып өтсең, домбыраның әр пернесіндей сыр тартып,жұмбақ
әлеміне өзіңді тартып әкетер еді.Әр тастан қашалып жасалған сырлары
аңыз бен мифке толы.Көнекөз қариялардан елсіз,сусыз жерде тұрған
тасты не бейітті,не бір қураған,баяғыда жапырақтарынан айрылған
ағашты көрсетсең,ол туралы қорқынышты да қызықты оқиғаларды ағыта
жөнелгенде,тылсым дүние ішінде жүргендей айналадағының бәрін
ұмытасың.Ішіне еніп,кіріп кеткендейсің.Біразға дейін әлгі сезімнен
айыға алмай не естіген оқиғаңды біреуге жеткізгенше асығасың.Оны да
сол әлемге жетелейсің.
Қазақ аңыздарын оқып отырсақ,халқымыздың текті де
киелі екенін ұғамыз. Сонау замандағы Кир патшаның күнді үш рет
құшақтап,отыз жыл елге билік еткені,Мөңке бидің түсіндегі қазіргі
заманның дөп келуі,Шақшақ Жәнібектің қалмақ ханын жеңіп,елге
азаттық бергені,Асан қайғы мен Қорқыт бабамыз туралы аңыздарды
естіп,оқығанымыз,сексеуілді ат қып бәйгеге қосқан Молықбай
ата,елдің болашағын болжаған Нұртуған жырау...толып жатқан
аңыздарды есіткенде қазағыма бас иіп,олардың қасиетіне табынбасқа
лаж жоқ.
Өзіміздің туған өлкемізде де қаншама аңыздар
бар.Ауданымыздың батыс беткейінде орналасқан қабірстаннің бірі
"Жарбол" деп аталады. Атақты, текті тұқымнан шыққан Жарбол ахун
тумасы тегін адам болмаған. Арғы атасы
Толыбай, өз әкесі Көтібарлар -алты алашқа аты
белгілі батырлары. Сол тұқымнан шығып, дін жолында қызмет етіп,
халыққа аса танымал болған екен. Түрлі науқастардан, кеселдерден
адам емдеген, құлан- таза айықтырған. Өйткені оның жақсы діни
білімі болған.
Аралымның тағы бір тумасы-Орман молда.Елі оның
әділдігі мен көрегендігін жақсы көргендігі сондай Кеңестік дәуірде
солақай саясаттың кесірінен талай дін иелерін Сібірге
айдап,итжеккенге айдағанда Орман молданы үкіметке ұстап
бермеген.Өзінің о дүниеге аттанар шағына дейін
ешбір дүние жинамаған, қызықпаған да. Ораман
молданың әулелігін ел былай деп те аңыз етеді. Ол дүниеден өтер
сәтін дәл білген. Сондықтан тірі кезінде өзі ана дүниеге ақ күйінде
аттанайын деп кебінін өзі тігіп, садақасын да таратып кеткен.
Өйткені, ол кездері балалары Мұхамедшәри, Маһфруза жас екен. Өзі
өлген соң суға ендіретін жеті адамды имандылығына қарай өзі
таңдаған және аманат еткен. Алайда Орман молда дүниеден өткенде
әлгі жеті адамның біреуін алмастырса керек. Сонда оң жақта жатқан
Орман молда алмастырылған жетінші кісі кірген кезде қарсылық
білдіргендей, жаратпағандай көз жанары ашылып-жабылған деседі.
Өмірін дін жолына арнаған Орман молда кейін Арал қаласының батыс
жағында ашық жерге жерленген. Ол жерге кейін бейіттер түсіп,
"Орман молда қорымы"
атанған.
Аңыз
бен
ақиқатқа толы құпия сырлары бар Бегім Ана кесенесі – мемлекет
қамқорлығындағы тарихи-мәдени ескерткіш. Арал теңізі жағасындағы
Қаратерең ауылының маңында орналасқан.Табиғаттың құдіреттілігі
сонда-Бегім Ана кесенесін кім,қашан салды белгісіз.Бірақ аңыздарға
сүйенсек,Бегім Ана өте сұлу,денесі жұмыртқадай ақ,ақылы көркіне сай
болса керек.Құлының жаласына ұшыраған қас сұлу өзінің жары
Санжардың берген үкіміне келіспей,өмірден
безіп, патшаға өкпелеген Бегім тәңірінің құдіретімен құс
болып ұшып, теңіз жиегіндегі аралға – қазіргі тұрған жеріне
қоныпты-мыс. Сол жерге әкесі Қарабура қызына үй салдырыпты дейді
халық аузындағы аңыз... Бір қызығы,әлі күнге дейін перзент көрмеген
аналарға,өмірден жол болмаған пенделерге көмек беріп,жолын оңғарады
екен.Осындай жағдайларды естігенде қалай таңдай қағып тамсанып,
сүйсінбессің.
Жетес
Қыстаубайұлы- Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге
келген би, шешен.Ол туралы да аңыз -әңгімелер өте көп.Бірде
әжемнен естіген би,шешен туралы әлі күнге дейін есімде. «Жетес би
атамыздың қоржынынан үнемі ет салатын тері ыдысы мен
жол дастарқаны қалмайды екен» деп естігенде қызық көріп
күлгенмін.Атамыз жолда ашырқап не шөлдеп келе жатқан адамдарға
дастарқанын жайып,қонақжайлылық көрсетіп,сауабына қалады екен.Қазір
ой таразысына салсам,ол да бір қазақ халқының кеңпейілділігі мен
дарқандылығының арқасында үлкен тәрбиеге бастайтын жол екенін
түсіндім.
Қорыта келе
, аңыз да болса,
ұлы даламның ойшылдары мен көріпкелдері халқымның иманы кетпеген
ырысы мен бірлігі іспеттес. Ұлы даламның ойшылдары мен көріпкелдері
мың жығылып,мың тұрған қазағымның барыстай алғыр болып алға
жетелейді.Қазақ халқымның қырандай биік самғап,тек тектілікке ғана
ұмтылғандығын қалады.Түркілердің ішінде байрағы жығылмаған айбары
халық боларына сенді.
Бүкіл ғаламды
алсаң да, қаншама байлық жисаң да бәрі өзіңмен бірге кетеді.
Артыңда өнегелі ісің мен ілім, өлмейтін сөзің, сөзің мен ісіңді
өлтірмейтін саналы ұрпақ қалдыру барлық қазақ азаматының ең
абыройлы парызы болып қалатынын саналы ұрпаққа түсіндіргісі
келді.Елінің,ұрпағының тектіліктің тұмары болып қалуына өз жанын
пида етіп,аруларының ардың жібін аттамауға,батырларының жағасын
жыртқызбай байтақ даласын азат етуге ат салысуды арман етіп кеткен
қайран бабаларым,сендерге мың
тағзым...
Түйтеева Гүлмира
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі