Қазақтың салт дәстүрі.Наурызға байланысты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақтың салт дәстүрі.Наурызға байланысты

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың салт дәстүрі.Наурызға байланысты
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Салт-дәстүр – асыл қазына»


Мақсаты:Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,халық өнегесін үйрету.




Көрнекілігі:Суреттер,ұлағатты сөздер жазылған плакаттар,ұлттық бұйым көрмелері.




1- жүргізуші: Ата салтым-асыл мұрам,ардағым,


Бабалардың жалғастырар арманын.


Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,


Өткенімді бүгінменен жалғадым.






2-жүргізуші: Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,


Тәлімді ой сынағы ,тәрбие көзі қалдырған


Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын,


Қазақ атты үлкен-кіші балдырған.








1- жүргізуші: Жиналыппыз, сәтті күні бәріміз де


Үлкен,кіші, жасымыз, кәріміз де.


Төрлетіңіз ,қадірменді қонақтар,


Гүл- гүл жайнап мына біздің төріміз.




Өнер халық-өміршең халық,қазақтың әдет-ғұрпына,салт-дәстүрлеріне бағытталған «Салт-дәстүр – асыл қазына» атты тәрбие сағатын бастаймыз.




1- жүргізуші: Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт-дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек.


Салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.




1-оқушы:


Салт-әр ұлттың,халықтың діні мен сеніміне,тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып ,өмірдің өзі туғызған ғұрптарының негізі.Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.




2-оқушы:


1.Шілдехана.Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалған ойын-сауық той.




3-оқушы:


2.Кіндік кесер.Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесуге әйелдер ( кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу- мәртебелі, абыройлы іс.




4-оқушы:


Бесікке салу.Жаңа туған баланы бесікке салу.Бесік қасиетті,киелі,құтты мүлік,сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.




5-оқушы:


Қырқынан шығару.Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.Ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.




6-оқушы:


Тұсау кесер.Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.




1- жүргізуші:Қазақтың өмір салты,өрен салты т.б. қолдану мен дәріптеуді ғұрп дейміз.




1-оқушы:


Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрптар :


1.Ат қою( ғұрп). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.


2.Айдар(ғұрп).Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды.


Бұл ғұрп ер балаға жасалады.Сәбилерге шаш орнына кекіл,тұлым да қойылады.


2-оқушы:


3.Кекіл(ғұрп).Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып оның жиегін тегістеп қиып қояды.Оны «кекіл» дейді.




3-оқушы:


Дәстүр – халықтың атадан балаға көшіп,жалғасын және дамып отыратын тарихи әлеуметтік,мәдени – тұрмыстық,кәсіптік,салт- сана, әдет-ғұрп, мінезқұлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.




4-оқушы:


Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек.




1-оқушы:


Тыштырма(дәстүр).Сәбиді бесікке салар кезінде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт,ірімшік,тәттілер, өткізіп «тыштыма,тыштыма» деп ырым жасайды.Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп,бала-шағаларына үлестіріп береді.


2-оқушы:


Базарлық(дәстүр).Алыссапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.


3-оқушы:


Байғазы(дәстүр).Балалардың жаңа киім үшін алатын ақшалай,заттай сыйы.


4-оқушы:


Тілашар(дәстүр).Баласы жеті жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп ,оқу жабдықтарын дайындап той жасайды.Мұны тіл ашар той дейді.


5-оқушы:


Жеті ата(дәстүр).Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген.Олай болса жеті ата:Бала,Әке,Ата,Арғы ата,Баба,Түп ата,Тек ата


6-оқушы:


Асату(дәстүрі)Ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.




1-жүргізуші: Туған соң адам боп,


Білімсізден надан жоқ.


Ел дәстүрін білмесең


Жұрт айтады надан деп.


Ата-бабаң ардақты


Жамандыққа бармапты.


Ардай тұтып үлкенді


Ата жолын жалғапты.




2-жүргізуші: Бауырласқан тәніміз


Бұзылмаған антымыз.


Кең даланың ежелгі


Қазақ дейтін халқымыз,


Өзге ұлттай біздің де


Бар дәстүрмен салтымыз.






Көрініс: «Бесікке салу»




Сүйінші, сүйінші.


Дүниеге сәби келді.




Әжелер: Ой айналайын балам , бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау- қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған. Мінеки , сүйіншіңді ала ғой.


Балаға қандай ат қойсақ болады екен ?


Қане қазақтың ғұрптарының бірі «Ат қою» рәсіміне кезек берейік.


Енді дүниеге келген баланы бесікке салатын әжелеріміз де дайын сияқты. Қызықты үзбей «Бесікке салу» рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты.


Ән: «Қазақтың салт- дәстүрлері»


3-жүргізуші:


Айтпақшы біз атын қойған кешегі сәбиіміз бүгінде жүруге талпынып жүрген тәрізді. Бүгін әжелеріміз сол сәбидің тұсауын кеседі дейді.


1 -әже: Жолың болсын деселік,


Жолыңа нұр төселік.


Жарылқасын алдыңнан,


Тұсауыңды кеселік,


Кірмеуіңді шешелік,- деп сәбидің тұсауын ала жіппен кеседі.




2- әже: Қаз, қаз балам, қаз балам


Қадам бассаң мәз болам,


Тағы, тағы баса ғой,


Тақымыңды жаза ғой.


Қаз баса ғой қарағым,


Құтты болсын қадамың!






1-жүргізуші: Баталы құл арымас,


Батасыз құл жарымас.


Батамен ел көгереді,


Жауынмен жер көгереді,-демекші баламызға атамыз батасын берсін.




Ән:


2- жүргізуші: Бүгінгі кешіміз қызықты болу үшін келесі танымды ойынға берейік.Мына қоржынға асықтар салынған.Ол асықтар бетіне сан жазылған.Қоржыннан кез-келген асықты аласыңдар.Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз ,кім көп жауап береді екен?




1-сұрақ.


Он атаны таратып беріңіз.


(әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат,жегжат,жұрағат,жамағат.


2-сұрақ


Үш мақсатты ата.


Жол мақсаты-жету.


Дау мақсаты – біту.


Сауда мақсаты – ұту.




3-сұрақ


Үш арсыз.


Ұйқы арсыз.


Күлкі арсыз


Тамақ арсыз.




4-сұрақ


Үш алыс


Кәрі мен жас.


Жақсы мен жаман.


Алыс пен жақын.




5-сұрақ


Үш биді атаңыз.


Төле би


Әйтеке би


Қазыбек би.




6-сұрақ


Үш жүзді атаңыз


Ұлы жүз,Орта жүз,Кіші жүз.




7-сұрақ


Үш даусыз.


Мінез,Кәрілік,Ажал.




8-сұрақ


Жігіттің жақын үш жұртын ата.


Ағайын жұрт,


Нағашы жұрт,


Қайын жұрт.


9-сұрақ


Үш арыс


Сәкен Сейфуллин,


Бейімбет Майлин,


Ілияс Жансүгіров.


10- сұрақ


Үш сауап


Шөлге құдық қазған


Жолға ағаш еккен.


Өзенге көпір салған




11-сұрақ


Үш байлық


Денсаулық,Ақ жаулық,Он саулық.




12-сұрақ


Үш тәтті


Жан тәтті,Мал тәтті,Жар тәтті.


13-сұрақ


Төрт қонақ


Арнайы қонақ,Құдайы қонақ,Қыдырма қонақ,Қылғыма қонақ.




14- сұрақ


Төрт түліктің пірін атаңыз.


Түйе пірі- Ойсыл қара,Жылқы пірі- Қамбар ата,Сиыр пірі- Зеңгі баба, Қой пірі- Шопан ата,Ешкі пірі- Сексек ата.




15- сұрақ


Төрт қымбат не?


Алтын ұя- Отан қымбат.Құт –берек атаң қымбат,Мейірімді –анаң қымбат,Бәрінен де –ұят пенен ар қымбат.




16-сұрақ


Бес дұшпан


Өсек.Өтірік,Мақтаншақ,Еріншек,Бекермал шашпақ.




17-сұрақ


Бес асыл


Талап,Еңбек, Терең ой,Қанағат.Рақым.


18-сұрақ


Бес байлық


Әуелі байлық –денсаулық,Екінші байлық- еркіндік,Үшінші байлық – тіл байлық,Төртінші байлық- қайрат-күш,ақ жаулық,Бесінші байлық- балаңыз.




19-сұрақ


Бес қаруға нелер жатады?


Мылтық,Садақ,Найза,Қылыш,Айбалта.


20-сұрақ


Бес қатер


От,Жау,Борыш,Ауру,Сөз.


21- сұрақ


Бес жақын кімдер?


Тату болса- ағайын жақын,Ақылшы болса-апайың жақын,Бауырмал болса-інің жақын,Инабатты болса келінің-жақын,Алдыңа тартқан адал асын,Қимас жақын қарындасың.




3-жүргізуші:


Ата дәстүр абырой көтергенде,


О,бұл сөздер сүйектен өтер демде!


Тоқталамыз енді біз,ал халайық,


Қанатты сөз,мақал мен мәтелдерге.




«Сөздің көркі -мақал» деген ұғым бар.Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді,мақалдап сөйлеу кезегіне де кезек берейік.Қане екі жақтан кім жарысқа шығады?




1.-Ассалаумағалейкум,қарсыласым.




«Алыстан алты жасар бала келсе ,алпыстағы шал сәлем береді» деген сәлем беруге келдім.


2.- Амансың ба ,достым? «Қуыс үйден құр шықпа» деген,тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.


3.- «Сыйлап берген су,сатып алған балдан артық» дегендей жайғассақ жайғасайық.


4.- «Сыйға сый,сыраға бал» демекші өткенде өздеріңе де риза болып қайттық қой.


5.- «Аз да бітер,көпте бітер,татулыққа жетер» демекші татулық пен ауызбіршілікке не жетсін.


6.- «Төртеу түгел болса алар,алтау ала болса алдырар» деген ғой о не дегеніңіз.


7.-«Бірлік түбі - тірлік» деген ғой бабаларымыз,бірлік болсын.


8.- «Биік төбеге шықсаң,көзің ашылады,жақсымен сөйлессең,көңілің ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.




9.- «Әңгіме әңгіме дегізер ,әңгіме бұзау емізер» қой қайтайын мал келетін уақыт болды.




10.- «Тау тауға қосылмас,адамға адам қосылар» деген ,әлі кездесерміз,сау бол!




2-жүргізуші:Қарап отырсақ қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы ,тәрбиелі ,мәні зор,астарлы.




1-жүргізуші:Құрметті қонақтар сіздерге де көңіл бөлген дұрыс сияқты.Қазақта қонақ кәде деген бар.Мыны үзік-үзік сөздерден мақал құрастыруымыз керек.




1.Ұяда... ұшқанда...


(Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің)




2.Ата... бала...


(Ата -бәйтерек,бала-жапырақ)




3.Ер... ез...


(Ер бір өледі,ез мың өледі)




4.Өле... бөле...


(Өле жегенше,бөле же)




5.Таяқ...сөз...


(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)




6.Мал... жер...


(Мал баққандікі,жер жыртқандікі)




7.Тентек...ақыл...


(Тентектің ақылы түстен кейін кіреді)




8.Сүйіндіреді...күйіндіреді...


(Жақсы сөз сүйіндіреді,жаман сөз күйіндіреді)




9. Мысық... тышқан...


( Мысыққа ойын керек,тышқанғаөлім керек)




10.Мектеп... білім...


(Мектеп- кеме, білім-теңіз)




2-жүргізуші:Құрметті оқушылар,бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты-заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып,ұлттық мұраны қайта жаңғырту.




1-жүргізуші: «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші,салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін,еліне адал қызмет ететін.тілінің,салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.




Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда,құрметті оқушылар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.03.2024
105
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі