ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ДИССИДЕНТІ
Қожа Ахмет Хасен Кәрімжанұлы — Қазақстанның саяси тарихындағы айрықша тұлғалардың бірі, елдің демократиялық құндылықтары мен азаматтық құқықтары үшін күрескен диссидент және қайраткер. Ол Кеңес Одағының қатаң тоталитарлық жүйесіне қарсы шығып, қазақ халқының бостандығы мен ұлттық бірегейлігін қорғауға өмірін арнаған өз елінің батыр азаматы ретінде танылды.
Қожа Ахмет Хасен 1949 жылы 9 тамызда дүниеге келген. ҚазМУ-дің журналистика факультетін, сонымен қатар, Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыка училищесін тәмамдаған. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының композиторлық бөлімінде оқып қана қоймай, музыкалық оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған. Жас кезінен-ақ өз ортасынан ерекшеленген Қожа Ахмет Хасен кеңестік идеологияны терең зерттей келе, жүйенің кемшіліктері мен қоғамға жасалған қысымды аңғарды. Жоғары білім алып, филология және тарих саласында зерттеулер жүргізе бастады. Бірақ солардың ішіндегі ең басты күресі – рухани тәуелсіздік пен ұлттық сана мәселелері болды. Ол қазақ халқының тарихын, мәдениетін және тілін сақтап қалу үшін күш салды, бұл жолда көптеген қиындықтарға тап болды. Кеңес әскеріндегі шовинистік келеңсіздікке қарсы шыққаны үшін 1970 жылы 13 ақпанда қамауға алынады. Сол уақыттан бастап, КСРО үкіметінің отаршыл тоталитарлық саясатын әшкерелеп, «Одақ па әлде отар ма?», «Орыстардың дүниежүзілік жандарм болуға тырысуы», «Оян, қазақ!, Оян, елім!», «Халықтарды ассимиляциялау кімдерге қажет?», «Ұлт мәселесінің тарихи шешімі» секілді жиырмадан астам мақалалар, үндеулер, өлеңдер жазып, Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күресетін «Жас қазақ» ұйымын да құрған еді. 1989–1993 жылдары «Желтоқсан» ұлттық демократиялық партиясын басқарды және 1990–1995 жылдары «Желтоқсан» газетінің шығарушысы әрі бас редакторы болды. 1993 жылдан бастап Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысының төрағасы болған. Кеңес үкіметінің қатал цензурасы мен бақылауының астында қалған Қожа Ахмет Хасен өз ойын ашық білдіруге мүмкіндік таппады. Бірақ үндемей де қала алмады. Құпия түрде кітаптар жазып, солар арқылы халықты оятуды көздеген. 150-ден астам саяси-публицистикалық мақалалар жариялап, 100-ге жуық сықақ әңгіме, мысал, өлеңдер жазған. «Ереуіл атқа ер салмай», «Айтпайын-ақ деп едім…» атты кітаптарға шығармалары еніп, 2002 жылы «Өнер» баспасынан «Таңдамалы 100 ән» жинағы жарық көрген болатын. Еңбектерінде ұлттық мәдениеттің маңызы, тілдің сақталуы мен тәуелсіздікке деген ұмтылыс туралы терең ойлар айтылды.
Бірақ оның әрекеттері үкіметке ұнамады. Қожа Ахмет Хасен бірнеше рет қудалауға ұшырап, түрмеге қамалса да, оның рухы сынбады. 1977 жылы 29 сәуірде «КОКП-ның ұлт саясатына, КСРО-ның мемлекеттік қоғамдық құрылысына қасақана жала жапты» деген айыппен 2 жылға, 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне белсенді қатысқаны үшін 4 жылға сотталған. Сонымен қатар, Хасен Қожа-Ахмет 1970-1990 жылдар аралығында үш мәрте сотталған. Ол 1970-жылдары Совет әскерiндегi ұлттық, нәсілдік кемсiтушiлiкке қарсы шығып, сол туралы жоғарғы басшылыққа баяндамақ болғаны үшiн қамауға алынған. Ол кезде Хасен Қожа Ахметтің жасы небәрі 23-те болған еді. 1975 жылдың күзі мен 1977 жылдың сәуір айында жеке өзі өкіметке қарсы үнпарақтар шығарумен айналысқан. Кеңес Одағы мен КОКП-да орын алған ұлттарды кемсітушілік саясатын әшкерелейтін 670 дана мақала мен үнпарақтарды тарату үшін Алматыға келген болатын. Мал дәрігерлік институтының студенттеріне үнпарақтар таратып жатқан кезінде тұтқынға алынған. Ол сол жылы 1977 жылы кеңес өкіметінің отарлық саясатына қарсы шыққаны үшін саяси диссидент ретінде 2 жылға сотталады. Осылайша, 1977 жылы Хасен Қожа Ахметтің есімі Хелсинскідегі саяси тұтқындар тізіміне енеді. Бірақ, ол түрмеде де өз идеяларын жазуды жалғастырып, бостандықты армандап, еркіндік үшін күресін тоқтатпады.
Қаһарлы «үш әріп» (КГБ) мекемесінің бүкіл құжаттарымен таныс МХК подполковнигі Тәңірберген Бекімовтің 1993 жылы Конституциялық сотқа жазып берген 1990 жылы «Қазақ әдебиетінде» жарияланған мына сөзін мысалға келтірейік: «Мен 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы кезінде Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде «Жергілікті ұлтшылдықпен және шет елдердегі қазақ буржуазиясымен күрес» бөлімінің бастығы болып істеп жүргенмін. Оқиғаға байланысты жаппай жазалау науқанына қатыспай, бейтараптық танытуға тырыссам да, маған Қазақ телерадиосы комитетінің редакторы, композитор Қожахметов Хасеннің үстінен даттау материалдарын жинақтау тапсырылды. Мен архивтен оның үстінен 1977 жылы жүргізілген 6 томдық «қылмыстық іспен» мұқият таныстым. Хасен Қожа Ахмет – соңғы 20 жыл ішінде ұлтшылдық, антиорыстық, антиимпериялық көзқарасы үшін сотталған жалғыз қазақ азаматы екен. Енді Қожа Ахмет Хасеннің Желтоқсан оқиғасына қатысты да «айыбын» мойындаттыру жоғары жақта алақанын ысқылап отырған біреулерге қажет болғанын түсіндім. Оны қайтадан қамалудан аман алып қалу үшін мен: «Қожахметов бұл оқиғаға қатыспаған»,- деп штабқа қорытынды есеп жазып бердім. Бұған қанағаттанбаған басшыларымыз бұл істі қайтадан тексертіп, оның қылмысын толықтай «дәлелдеді». Ал мен болсам қызметімнен алындым»,-деп өз мақаласында айтып өткен еді. Дәл осыны 2005 жылы 31 арнада болған «Дода» хабарындағы жағдай да растай түседі. Студия толы «шындықты айғайлап айтып жүрген азаматтар» Парламент депутаты Серік Әбдірахмановты ортаға алып, әртүрлі қитұрқы сауалдарымен қинаған сәтте, депутат: «Осы бір 60-70 жасқа келгенде «Қазақпын! Қазақпын!» деп айқайлап, кеуде соғатындарды түсінбеймін. Кеше қайда жүрдіңіздер? Хасен Қожа Ахметті білемін. Ұлт намысын қорғап, тілді қорғаймын деп түрмеге отырып шықты. Тағы кімді айта аласыздар?», – дегенде, сол жердегі жиналған саясатшылары бар, сыншылары бар, ешбірі қарсы ләм дей алмай, тым-тырыс тыныштық орнағанын көрдік. 2003 жылы астаналық қазақ ғалымы Индира Әубәкірова «Тоқырау» кезеңінің диссиденттері туралы КСРО Бас прокуратурасы шығарған жинақта бүкіл Орта Азия елдері ішінде ұлт-азаттығына шақырғаны үшін сотталған жалғыз ғана Хасен Қожа Ахметтің есімі жазылғанын көрген. Ресейлік «Панорама» ақпараттық сараптамалық тобының жетекшісі В.Пономаревтың 1993 жылы «Кто есть кто в странах Центральной Азии» атты кітабында да осы елдердегі диссидент ретінде тек Хасен Қожа Ахмет туралы ғана мәлімет жазылған екен. Ол шығармаларында Ресей диссиденттері сияқты тек тоталитарлық жүйені демократияландыру мәселесін ғана емес, КСРО үкіметі Ресей империясының отаршыл саясатын жалғастырушы мұрагер екенін де терең зерттеп, дәлелдеген. Ол егемендік туралы айтып қана қоймай, тәуелсіздікті радикалды түрде күресу арқылы алуға халықты шақырды. Өзі 1972 жылы салған «Маса» карикатурасына қосымша өлеңінде: «Соруын орыс қоймайды, шапалақ жемей тоймайды» – деп, «Халқыма» өлеңінде «Шыдап болдық, ендігі ой – шайқасып өлмек» – деп халықты көтеріліске шақырады. Хасен: «Қазақты қозғасам, отардағы өзге де халықтар көтеріледі» деп білді.
Қазақ халқын тәуелсіздік күресіне ояту үшінҚожа Ахмет Хасен атқарған бірқатар іс-әрекеттербар. Кеңес үкіметі орнағалы қызыл тудан өзгесі көтерілмеген елімізде Хасен Қожа Ахмет көк туды бірінші болып көтерді. 1973 жылы өзі жасап, таныстары ортасында насихаттаған көк туын 1977 жылы МХК тергеушілері тұтқындағы Хасеннен: «Үйіңдегі кілемге ілгенің не нәрсе?», – дегенде, Хасен: «Ол – болашақ тәуелсіз Қазақстанның туы!», – депті тайсалмай. Тергеуші басын шайқап: «Сен мына түріңмен өмір бойы түрмеден шықпассың» деген екен. Әлгі тергеуші айтқандай-ақ, он жылдан соң Желтоқсан көтерілісіне тағы түрмеге қамалып шыққан Хасен, ақыры көк туды жария түрде 1990 жылы көктемде, тәуелсіздігімізді алудан екі жылдай ерте көтерді. Осынау тарихы зор маңызды оқиға туралы Хасен 2004 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде былай дейді: «1990 жылдың 22 наурызындағы мейрамда өзім жетекшілік еткен «Желтоқсан» ұйымы Алматыдағы қазіргі Республика сарайының алдына тіккен киіз үйдің төбесіне қолдан бояп, қойныма тығып, жасырын әкелген сары жолақты, көк түсті туымды тігіп қойдым. Бұл әрекетімді 1945 жылы Берлин Рейхстагіне ту тіккендермен салыстырғандар да болды. Бірақ оларға қарағанда менің халім мүшкілдеу болды-ау деймін», – дейді. Осындай айтулы әрекетімен қоса, Горбачевтің «қайта құру» саясаты әсерінен және Қазақстан тәуелсіздігі жарияланып, «айтуға рұқсат берілгеннен соң» қаулап шыққан түрлі көсемдердің, шешендердің айтып, жазып бедел жинап жүрген қазаққа қатысты мәселелерін түгелдей дерлік Хасен сонау 1970-1977 жылдарда-ақ жазып, халыққа таратқан. Бұл Мұхтар Мағауиннен кейiнгi екiншi саяси эмигрант. Алайда, екеуi де ешкiмнiң қысымынсыз өздерi кеттi. Айтылған сөздеріне қарағанда, бүгiнгi жүйеден, сiрескен сеңнiң бұзылмай 20 жылға жалғасқанынан шаршаған Хасен Қожа Ахмет өзiнiң бүгiнгi халiн Мұстафа Шоқаймен салыстырады. "Осының бәрiн ойлай келе мен, Мұстафа Шоқайдың жолын таңдадым. Сөйтiп уақытша елдi-жердi артқа тастап, ойларымның жүзеге асуы үшiн күресiмдi жалғастырмақпын" – деген екен.
Қожа Ахмет Хасеннің өмірі - еркін ойлы, батыл азаматтың, халық үшін жанын пида еткен тұлғаның өмірі. Оның мұрасы бүгінгі таңда да қазақ халқының рухани жаңғыруына өзіндік үлес қосып келеді. Ол еркіндік пен рухани тәуелсіздік үшін күрестің жарқын үлгісі. Өз халқының ұлттық мәдениеті мен тілін сақтап қалу жолында Кеңес өкіметінің қатаң саясатына қарсы шыққан батыл тұлға болды. Қудалау мен түрмеге қарамастан, ол өз идеяларын соңына дейін қорғады. Оның күресі болашақ ұрпақ үшін еркіндікке деген ұмтылыстың мәңгілік символы ретінде есте сақталады.
Гаухар ҚАСЫМХАН
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз