Материалдар / «Қазақтың ұлттық ойыны Тоғызқұмалақ ойынының жүріс тәсілдері және тұздық алу оны пайдалану».

«Қазақтың ұлттық ойыны Тоғызқұмалақ ойынының жүріс тәсілдері және тұздық алу оны пайдалану».

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға тоғызқұмалақ ойынын үйрету, білімін тереңдету және ойнау дағды біліктілігін жетілдіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2020
420
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Тамды орта мектебі









Ашық сабақ:

Сыныбы : 5 «А»










«Қазақтың ұлттық ойыны Тоғызқұмалақ ойынының жүріс тәсілдері және тұздық

алу оны пайдалану».









Өткізген : К.М.Утегенова












Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды орта мектебінің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Утегенова Кызгалдак Максатовна


Сыныбы : 5 «А»

Пәні : дене шынықтыру

Тақырыбы : «Қазақтың ұлттық ойыны Тоғызқұмалақ ойынының жүріс тәсілдері және тұздық

алу оны пайдалану».

Мақсаты :

Оқушыларға тоғызқұмалақ ойынын үйрету, білімін тереңдету және ойнау дағды біліктілігін жетілдіру.

Оқушылардың тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру және тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқушыларды ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді құрметтейтін, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

Өтетін орны: Мултимедия бөлмесі.

Көрнекілігі: Аспалы тоғызқұмалақ тақтасы, интерактивті тақта, сызба суреттер, тоғызқұмалақ-

тар.

Сабақ

бөлімі

Сабақ мазмұны

Уақыт мөлшері

Әдістемелік нұсқау

Ұйымдыстыру нұсқау

Кіріспе

Оқушылармен салемдесу.

Оқушыларды тізім бойынша тексеру.

Сабақтың барысын айту.

Балаларды отырғызу

5 минут

Оқушыларды

екі -екіден,

қарама- қарсы,

бір-біріне отырғызу,

тақта көрінетін болсын

Балалар тәртібін

сақтау.

ойындарды

жайып қою.

Психалогиялық кезең

Оқушылар
Амансың ба, алтын күн?!

Амансың ба, көк Аспан?!

Амансың ба, Жер-ана?!

Амансың ба, достарым?!

Саламатсыздар ма ұстаздар!

Мұғалім : интерактивті тақтамен жұмыс

Shape1

Тоғызқұмалақ – тамаша ойын.
Тоғызқұмалақ – еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.
Тоғызқұмалақ – шахмат, дойбы секілді арнаулы тақтада ойналады. Бұл ойын терең ойды талап ететін Оның тақтасы ерекше. Бұрынғы кезде тақтасыз, жерден шұңқыр қазып ойнайтын болған. Тақтаның шұңқыры, қазаны бар.
Тоғызқұмалақ математикалық ойын. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалған мәдениет үлгілерінің бірі – тоғызқұмалақ ойыны.

Ойын маңызы:

Көшпелілер алгебрасы атанған бұл ойын оқушының ой өрісін кеңейтеді. Логикалық ойлау тереңдігін жетілдіреді. Тез уақытта ойын комбинациясына сәйкес стратегиялық шешімдер қабылдай білуге баулиды.

Математикалық амалдарды терең түрде игертеді.

Негізгі ұғымдар:
Құмалақ,қазан, отау, жұп, тақ.
Тоғызқұмалақ ойынының  негізгі ережелері:
Тоғызқұмалақ ойынында барлығы 162 тас болады. Және сол тастар он сегіз отауға тиісінше орналасып отырады. Тағы бір ерекше ұғым ол қазан. Әр ойыншыда бір қазаннан болады. Сонда барлығы екі қазан. Сол қазанға сексен екі тасты жинай білген ойыншы тиісінше жеңіске жетіп отырады. Ойынның бас кезінде әр отауда тоғыз тастан болады. Сол тастарды өсу ретіне қарай жүріп отырады. Егерде соңғы түскен тас жұп болса ол отауды алып отырады. Сонда ойында әр жүрісті мұқият есептеп отыру шарт. Егерде тастар саны 81=81 болып тең болса онда ойын тең аяқталған болып саналады.

Тоғызқұмалақ ойынының тұрмысқа, күнделікті өмірге байланысы

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы  2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.

Ежелгі тоғызқұмалақ тақтасы Қазіргі замандағы тоғызқұмалақ тақтасы

Picture 8

Отау атаулары

1-отауды «Құйрық» не болмаса«Арт» дейді. Себебі

Ондай құмалақтар көпке дейін өзгермей, түгел қалып отырады.

2-отауды «Тек тұрмас»дейді, себебі жүріс көбінесе осыдан басталады.

3-отауды «Атөтпес»деген. Оның себебі қарсы жақтың аты бұған түспей кете алмайды.

4-отауАтсыратар»,өйткені қарсы жақтың адамы бұл жерден үнемі жеп отырады.

5-отауды «Бел» дейді. Бұл екі орталық аса қауіпті емес.

6-отауды «Белбасар»деп атаған, себебі бұл жүріске де, тұздық алуға да ыңғайлы.

7-отау-«Қандықақпан». Бұрынғы заманда Қосан деген ойыншыны тағы бір ойыншы дәл осы 7-отауда әлденеше рет тұздық отырғызыпты, соған ыза болыпжылапты-мыс.

8-отауды «Көкмойын»дейді. Мұнда да көптен көп тұздық алынатын көрінеді және бұл жерге көп құмалақ жиналып қала береді.

9-отауды «Маңдай»дейді. Себебі бұл шұңқырда құмалақ көп жиналады. Ойыншы бұл отаудан өз құмалағын шығарса-ақ қарсыжақтың отауына түседі, бірден ноғанаттап түсу ойыншыға пайдалы болмайды. Өзін жауып кетіп барып жүрсе, әрине, тиімді болады.

отаулар

9

8

7

6

5

4

3

2

1



9

9

9

9

9

9

9

9

9

Қостаушы қазаны (0)


9

9

9

9

9

9

9

9

9

Бастаушы қазаны (0)

отаулар

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Тоғызқұмалақ ойынын ойнау оқушылар

Рисунок 2

Тоғызқұмалақ ойынының отаулары



Shape2 Shape3 Shape4

Shape5 Shape6

Shape7 Shape8 Shape9



Shape10 Shape11


Білімді бекіту:

Сұрақ -жауап

Тоғызқұмалақ ойынын не деп атаған?

Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелері қандай?

Отау дегеніміз не?

Қазан дегеніміз не?

Бастаушы, қостаушы дегеніміз не?

Ойындағы отау атаулары қандай?

Оқушылар бойымызды сергітіп алайық

Қолды белге қояйық,

Басты оңға бұрайық,

Басты солға бұрайық,

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ