Қазір көптеген балалар ата-анасының қадірін түсінбейді.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазір көптеген балалар ата-анасының қадірін түсінбейді.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәлеметсіз бе ? Бүгін біз сұхбаттасатын қарттар үйінің жұмыскері, әлеуметтік маман Сарманов Болатбек Ертілеуұлы. – Өзіңіз туралы қысқаша айтып кетсеңіз ? – Сәлеметсіз бе? Менің аты жөнім Сарманов Болатбек Ертілеуұлы. Осы Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман болып қызмет атқарамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сәлеметсіз бе ? Бүгін біз сұхбаттасатын қарттар үйінің жұмыскері, әлеуметтік маман Сарманов Болатбек Ертілеуұлы.

Өзіңіз туралы қысқаша айтып кетсеңіз ?

  • Сәлеметсіз бе? Менің аты жөнім Сарманов Болатбек Ертілеуұлы. Осы Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман болып қызмет атқарамын.

Бүгін біз талқылайтын тақырып қарттар үйі. Қарттар үйінде жұмыс істегеніңізге қанша уақыт болды?

Осы мекемеде жалпы, 10 жылдан астам уақыт еңбек етудемін.

Жалпы қарттар үйінде қанша жұмыскер бар?

Біздің орталықта қазіргі уақытта жалпы 40 адам қызмет атқарады.

Қазіргі уақытта қарттар үйінде қанша үлкен адамдар бар?

Орталықта зейнет жасындағы адамдар мен мүгедектерді қосқанда қазіргі уақытта 40 қызмет алушы бар.

Қарттар үйінің осы 2022 жылғы және 2021 жылғы статистикасы туралы не айта аласыз? Қарттар үйіндегі адамдар саны артты ма әлде азайды ма?

Біздің қызмет алушылар облысымыздың әр жерінен жолдама арқылы келеді. Статистика бойынша, соңғы бір жылда үш адам үйіне туыстарына оралды.

Осы уақытқа дейін қарттар үйіне ата-анасын әкеліп тастағаннан кейін, ойланып, ата-анасын қайтадан үйіне алып кетуге келген адамдар болды ма?

Жалпы мен осында қызмет атқарғалы балалары өз үйлеріне кері өтініш түсіріп, алып кетіп жатырғандар болды.

Сіз өзіңіз қарттар үйінде жұмыс істеп жүріп қандай ой түйесіз?

Әрине, елімізде осындай мекемелердің болуы қазаққа тән емес нәрсе. Бірақ, еліміздің заңы бойынша, балалары туған ата-аналарын бағуға міндетті. Сол себепті, осындай орталықтарға көбіне жалғыз басты адамдар келіп түседі. Отбасы бар, балалары бар адамдарда жоқ емес. Әр Қазақстандық өз ата-анасын бағуға міндетті деп есептеймін, ал біздің міндетіміз осындай жандарға қолдау көрсетіп, өмір сүру жағдайын жасау.

Жалпы қарттар үйіндегі үлкендер бос уақыттарын қалай өткізеді?

Ол үшін барлық жағынан толық жоспар кешені бар. Мәдени шараларды ұйымдастырушысы, еңбек терапиясы маманы, психолог, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар бұл кісілердің уақытын тиімді, әрі қызықты өткізу бағытында жұмыстанады. Орталықта бау-бақша, аула, спортпен айналысуға велотренажер, жүгіру жолы сияқты көптеген нысандар бар.

Қарттар үйінде қанша бөлме бар? Үлкендерге арналған қандай бөлмелер бар?

Жалпы біздің орталықта 2 корпус 16 бөлме бар. Қиын қозғалатын мүгедектерге арналған арнайы ыңғайлы етіп жасалған бөлме бар.

Қазір көптеген балалар ата-анасының қадірін түсінбейді. Анасының түн ұйқысын 4 бөліп, әлпештегенін, әкесінің қамқорлығын, олардың берген мейірімін ұмытып, сыйламай, тіпті өз аяқтары мен қарттар үйіне әкеліп тастап жатырғандары да бар. Осы тұста сіз келешек ұрпаққа қандай кеңес бересіз?

Жалпы өз ойым біз қазақ салтымызда да , дінімізде де жетімді жылатпаған жесірін қаңғытпаған халықпыз. Әрине тәрбие отбасы ошақ қасынан басталады. Сондықтан осы рухани қасиетімізге мән беру керек деп есептеймін. Жастарға көбірек тәрбие беру керек деп есептеймін.

  • Сұхбат беруге келіскеніңізге рахмет. Ата-ана- отбасының діңгегі, дәнекері деп жатамыз. Тамыры дұрыс емес ағаш , ұзаққа бармайтынын естен шығармайық. Әкемізбен анамыз бізді қалай әлпештеп, өсірсе, бізде оларды қартайған шағында жалғыз қалдырмай, жанында болу біздің борышымыз! Ата-анасын тастап кету қазақ халқына тән емес. Ата-ана – өміріміздегі баға жетпес байлығымыз. Ата-анамызды тірі кезінде бағалай білейік!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.07.2022
206
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі