Қазіргі кездегі отбасындағы тәрбие.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазіргі кездегі отбасындағы тәрбие.

Материал туралы қысқаша түсінік
Біз тәрбие туралы әңгіме қозғасақ еріксіз түрде білімге қарай ауысып кетеміз. Ондағы түсінік адамзаттың тәрбиесінің тегі білімде жатыр дегенге келетін сияқты. Алайда бұл екі дүниенің әу бастан бағыты мен мақсаты бөлек екендігі көзі қарақты оқырманға мәлім. Бүгін осы тәрбие саласын таратып жазуға тырысайын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі кездегі отбасындағы тәрбие.

Біз тәрбие туралы әңгіме қозғасақ еріксіз түрде білімге қарай ауысып кетеміз. Ондағы түсінік адамзаттың тәрбиесінің тегі білімде жатыр дегенге келетін сияқты. Алайда бұл екі дүниенің әу бастан бағыты мен мақсаты бөлек екендігі көзі қарақты оқырманға мәлім. Бүгін осы тәрбие саласын таратып жазуға тырысайын.

Батыс әлемі ежелгі мәдениетімен, тас қалаларымен мақтанса біз көшпенді қазақ елі нақыл сөздерімізбен мақтана аламыз. Қандай тақырыпты қолға алсақ та алдымен сол даналыққа қарайлаймыз. Даналық не дейді? Даналық айтады: Тәрбие тал бесіктен! Яғни тәрбие шыр етіп дүниеге келгеннен басталады. Тіпті дала данышпандарына сенсек бойға бала біткен сәттен басталған тәрбие жұмысының өзі тым кеш болып есептеледі екен. Сонда қайтпек керек деген заңды сауал туындайтыны сөзсіз осы орайда. Ал жауабы былай ер азаматтар балаға дұрыс тәрбие беруді балаға дұрыс ана яғни өзімізге дұрыс жар таңдаудан бастайды екенбіз. Көрдіңіз бе мәселенің қаншалықты тереңде, тым тереңде жатқандығын. Егер осы айтылған ойды тым данышпандыққа балап, мүмкін емес болымсыз дүниеге баласаңыз шынайы реалистік тұрмысқа қарай жақындайық.

Отанның отбасынан басталатыны сияқты бала тәрбиесінің алғашқы бастауы да осы шаңырақтың астында жүзеге асырылады. Бала тәрбиесі басы бар аяғы бар мерзімді атқарылатын, басталатын аяқталатын дүние емес. Бала тәрбиесі өмір бойына созылатын процесс десек қателесе қоймаспыз. Ендеше осы қиындығы мол жауапкершілікті кімге артамыз? Әкеге ме анаға ма? Отбасы құндылығы бойынша ұлдарын әкесі, қыздарын анасы тәрбиелеп жатады. Сол дұрыс та шығар. Себебі тәрбие ең алдымен ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажыратуды көздесе, кейіннен перзентті үлкен өмірге баулуды, дайындауды көксейді. Балаға дұрыс бағыт беру, ізгі жүректі етіп қалыптастыру ата-ананың адал борышы екені даусыз. Осы орайда осы қасиетті де қастерлі міндетті балабақшаға немесе мектепке жалпы сыртқа толық тапсырып, өткізіп беру үлкен қате. Өйткені бала-ол сіз, ол сіздің ертеңіңіз. Не ексең соны орасың демекші балаңыздың ертең өскенде сізге қандай қарым-қатынас жасайтыны осы күнгі берілген тәрбиеге, жасалған жұмысқа, жұмсалған күш пен артқан үмітке тікелей байланысты. Санасы сау ізгі қоғам қалыптастыру әр отбасының мызғымас міндеті, пайымды парызы. Бізге ең әуелі осыны түсіну керек. Қоғамға, қазіргі жастарға көңіліміз толмай ма? Заманның дұрыс бағытқа бет түзегенін қалаймыз ба? Сол қоғамға рухани бай, тәрбиесі дұрыс балаларды баптап қосайық. Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста деген тәмсіл де осыны меңзесе керек. Өзіміздің ғасырлар бойы шыңдалған дала заңы бойынша «ұят болады, обал болады, сауап болады» деген үш ақ ауыз сөзбен үш жүздің баласы тәрбиеленіп, оң-солын танып келді. Адасқан сәті болмады. Осы сөздер қараңғы түнде темірқазықтай айқын жолбастаушымыз бола білді. Демек бізге жаңа дүние іздеп сабылудың, өзгенің қаңсығын таңсық қылудың еш қажеті жоқ. Тәрбие де даналық та өзімізде тек тани білейік, пайдалана білейік.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.04.2022
297
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі