Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы білімнің жағдайы
Бахрамова Г.А. – п.ғ.к.
ОҚМПУ, «Психология» кафедрасы
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне — өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп — қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Тәрбиенің сан – салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті түрмыста кездесетін дағдылар аркылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы — бастауыш мектеп.
Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген болатын. Сондықтан да бүгінгі өскелең ұрпақ уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі, толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Балабақшада берілген тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан - жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын.
Бастауыш саты — білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алумен кез – келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінін калыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жузеге аспақ. Оқушының рухани күш – қуаты мен ерік – жігерінің, шығармашылық қабілетінін, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті — жеке тулғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, окуға дегеп қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.
Ендеше,
осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға — ұстаз.
Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыір жүкті алып
жүре алады.
Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары кастерлеп,
бағалаған. «Ұстаздық еткен жалыкпас, үйретуден балаға», «Адамның
адамшылығы жаксы ұстаздан болады», деп айтқан ұлы Абай.
Ал чехтің педагогі Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың кызметшісі,
ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын
тынымсыз жалын иесі», — деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұткасы десек,
оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу — әрбір ұстаздың
борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп
қана қоймай, оларға халықтык педагогиканың нәрлі қайнарымен
сусындату, әрбір оқушы бойына ұлттық мінез – құлық, адамгершілік,
сыпайылық пен кішіпейілдік қасиеттерін калыптастыруға, баланың жан
дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет –
ғұрпын, салт – дәстүрін меңгертуге тиіс.
Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа
әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, окушылардың
жалпы дамуын камтамасыз етуі керек. Мұндай жағдайда мұғалімнің
шеберлігі, ұйымдастырушылык кабілеті үлкен рөл атқарады. Кіші
мектеп окушылары үшін мұғалім олардың еліктейтін, үлгі ететін
абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс – қимылына, жүріс – тұрысына,
сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым – қатынасына еліктейді. Сондықтан да
жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани
дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан
дүниесіне әсер ете алады.
Жоғарыда
аталған міндетті шешу және қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік
стандарттарының жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейінен кем емес
білім алуының талап етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс — тәсілдерін
өзгертіп, озық технологияларды қолдануды, мұғалімдердің әдістемелік
даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, олардың оқытудың
жаңаша әдіс — тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін қажет
етеді.
Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі –
мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіду болып
табылады.
Мұғалімнің өздігінше кәсіби білім көтеруі – жалпы мәдениет пен кәсіби тілектерін өтеу, танымдық мұддесін қанағаттандыру мақсатында арнайы жүйелі түрде ұйымдастырылған, жан – жақты, жеке және кәсіби маңызды танымдық қызмет. Бұл мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз байланысты, оның кәсіби өсуі мен педагогикалық қызметінің қорытындысына тікелей бағытталған көпсатылы қызмет болып табылады. Түптеп келгенде, бұл тәрбиеленушілердің жеке тұлға болып қалыптасуына игі әсерін тигізері сөзсіз. Мұғалімнің өз бетімен кәсіби білім жетілдіруге дайын болуы білім жетілдіру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті іс — әрекет пен амалдарды колдана отырып, өз кәсібі мен тәрбиеленушісіне деген эмоционалды бағалау қарым – қатынасын айқындайтын деңгейі арқылы анықталады. Өзі жеке тұлға болып қалыптасқан адам ғана езгеден де соны керіп, дамыта алады. Өзін маман әрі жеке түлға ретінде көрсете алатын мұғалім еш уақытта өзінің жақсы қасиет, қабілеттерін саналы түрде дамытып, жетілдіруден жалықпайды. Жеке тұлғаның өз «менін» қалай көрсете білуі, оның қаншалықты саналылығын және жетілу деңгейін байқатады. Педагогикалық рефлексия – бұл тек өзіне және өзінің іс — әрекетіне баға беру ғана емес, сонымен бірге педагогикалык, қарым – қатынасқа түскен өзге жандардың да өз — өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау, өзін — өзі тану, өзінің әлсіз жақтары мен потенциалдық мүмкіндіктерін аша білу үшін қажет. Өзіндік талдау жасаудың маңызы мұғалімнің мінсіздікке жетуге ұмтылу факторы ретінде қаралатындығында. Өзін — өзі тексеру деп мұғалімнің өз іс -әрекеті мен жалпы педагогикалық қызмет құбылыстарын салыстыра отырып, өзінің педагогикалык, қызметіне жасаған талдауын айтуға болады. Өз қызметіне талдау жасап отыру мұғалімге қызмет бабында туындап отыратын қиындықтарды сезініп, оларды шешудің мақсатқа жеткізер кәсіби жолдарын табуына көмектеседі. Қиындықтар мұғалімнің дайындық сипатының жеке ерекшелігіне, оның кәсіби бағыттылығына, сынып пен жеке балалардың ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық процестің кез келген буынында пайда болып отырады. Қиындықтардың туу себептерін анықтай білу — мұғалімге өзінің педагогикалык қызметінің барысында өз білімін жетілдіру мен өзін — өзі тәрбиелеу жолдарын белгілеуге жәрдемдеседі.
Педагогтың өз бетімен білім жетілдіру қызметі әр түрлі мазмұндық және функционалдық құрамдас бөліктерден тұрады. Мазмұндық құрамдас бөлікке жалпы мәдениеттілік, пәндік, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік жағынан өз білімін көтеруі жатады. Педагогтың жалпы мәдениеттілік білім көтеруі жалпы педагогикалық құндылыққа толы ақпаратты қабылдау, соған ие болуға арналған. Ал, өз білімін педагогикалық – психологиялық жағынан жаңа әдебиеттермен тереңірек танысып, оқып үйрену болып табылады. Осы бағытты арнайы зерттеу мен одан алынған нәтижелерге сүйене отырып, бұл аспектінің білім көтерудің өте бір әлсіз буыны екеніне көзіміз жетті.
Арнайы құзыреттілік — өзінің кəсіби дамуын жобалай білетін қабілеті. Əлеуметтік құзыреттілік — кəсіптік қызметімен айналысу қабілеті. Білім беру құзыреттілігі — педагогикалық жəне əлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті. Ендеше, құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Білім алушылар педагог қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтарымыз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы: ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы — бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім — қазіргі білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нəтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шəкіртті оқытуда, білім беруде, тəрбиелеп өсіруде белгілі бір құзыреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
Кəсіби құзыреттілікті қалыптастыру — кезеңдік үдеріс, яғни педагогикалық іс-əрекетте үнемі кəсіби шеберлікті арттыру қажет жəне аталған сатылар əрдайым қайталанады, бірақ жаңа сапада. Өзін-өзі дамыту үдерісі биологиялық, əлеуметтік жеке тұлғалық ерекшеліктерге байланысты, ол жеке өмірін саналы ұйымдастырса, өзіндік дамуында қамтиды. Кəсіби құзыреттілікті қалыптастыру үдерісі əлеуметтік ортаға тəуелді болып келеді, сондықтан орта кəсіби өзіндік дамуды ынталандыруы қажет.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Қазақстан Республикасы Президентіның Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 2010, 30 қаңтар.
2. Устемиров К. Кәсіби педагогика негіздері.- Алматы, 2007.
3. Бақытбекқызы Л. Кәсіби даму. Педагогикалық әдеп
/видеоайдар Ustaz tiltgi You Tube канал, 06.04.2021.
4. Педагогикалық шеберлік орталығы www.cpm.kz
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз