Қазіргі заман
мұғалімі
“Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен
де қымбат,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі” –деген ұлы ұстаз Ыбырай
Алтынсариннің айтқан осы бір сөзі қанша уақыт өтсе де өз мағынасы
мен мәнін жоғалтқан жоқ. Қазіргі дәуірде жас ұрпаққа білім беру-аса
маңызды мәселелердің бірі. Жастардың білім алуға мол мүмкіндіктері
туып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін білім саласын өркендетіп,жас
ұрпақты мол біліммен сусындататын,терең біліммен қаруландыратын
жан-жақты,шебер,қазіргі ақпарат құралдарын меңгерген,әмбебап
мұғалім қажет. Жаңашыл ұстазі оқушыға терең біліммен қатар,саналы
ұлттық тәрбие де беруі керек. Нағыз мұғалім шәкіртін
ойландырып,толғандырып,алған білімін іс-жүзінде қолдана алатын
дәрежеге жеткізуі тиіс.
.Бүгінгі басты міндет-рухани
байлығымызды үйрете отырып,әр баланың қабілетін,талантын ашу.Осыған
үлкен жауапкершілікпен қарай отырып өз оқушыларыма ақын-
жазушылардың шығармаларын неғұрлым көп жаттатуды,үйретуді қолға
аламын. Мен оқу үрдісінде ұлттық ой-пікірді қалыптастыруға көп
көңіл бөлемін. Тәрбие-білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін
іздеп,ұтымды іс-тәжірибелермен ұштастыра жүргіземін. Білім мазмұнын
байыту,жетілдіру,оны жүзеге асыру-қазіргі басты мақсаттардың бірі.
Қазіргі жаңа технология-жеке тұлғаны дамытуға негізделген мақсатты
педагогикалық жүйе. Шәкірттердің терең білім алуына,ой-өрісінің
дамуына білімді өз белсенділіктерімен,талабымен саналы игеруге
ықпал ету-жаңа технологияның басты белгілері болып табылады.Қазіргі
білім заманының басты талабы жас ерекшелігіне қарамай ұстаздар жаңа
педагогикалық технологияларды меңгеруі қажет.
Кемел ұстаз
ғана
өз
ұлтының
жанашыры болатын
оқушыларды тәрбиелей алады,
жүрегіне жол табады. Осы
бағытта тағыда не істер едік
деген ой туады Оқушыларға
ұлы ойшыл, данышпан
бабаларымыздың
Әл-Фараби,
Қожа Ахмет Иассауи,
Асан Қайғы,
Қорқыт
аталарымыздың
ой
–пікірлерін өмірге
деген қөзқарастарын
оқып,
үйреніп,
тәрбие алуына
бағыт
нұсқасақ, дана Абайымыздың сөзін
жаттатсақ мақсатымызға жетеміз
Ал қазақ
халқының
ұлтшылдығын
сақтап
қалған
Төле би,
Қазыбек
би, Әйтеке
билердің
өмірі мен
өсиет
сөздерін
үйрету
арқылы
тапқырлыққа, бірлікке,
татулыққа
үйретеміз
Сол үшін
қазіргі мектепте білім алып
жатқан
ұл –
қыздарымыздың
көңілдеріне білім
нәрін егіп, ата-
анаға, елге, жерге,
Отанға
қызмет етуі тиіс екен жан
жүрегіне жеткізетін,өз ісінің шебері болуы керек деп білемін. Жан
шебері өмір
сүру
қағидаларын
сөзбен емес, алдымен ісімізбен
көрсететін
ұстаз болуымыз керек.
Сөзі мен ісі
басқа
ұстаздарды
ұл –
қыздары
ұлықтамайды, керісінше жаман
тәрбие алып
шығады. Тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйіні өткеніміздің тарихын білетін,инновацияны
игерген,жаңа технологияны меңгерген,қоғам дамуына ілесе
алатын,қандай жағдай болса да мамандығын тастап кетпейтін,бала
жанының инженері болғанда ғана нағыз осы заманның мұғалімі деп
айтуға болады.Адам өмірінің жолын қалаушы жан екенімізді
ұмытпауымыз керек.
Мұнайлы
ауданы
№14 орта мектептің қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі
Педогог-
зерттеуші
Есенгалиева Гүльнар
Жұбатхановна
.