
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ЖАҢА РӨЛІ
Абайдуллаева Айгуль Аманжоловна
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты
«Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м.,
Email: aigulya_1973@mail.ru
(Тараз, Қазақстан)
АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» «Институт профессионального развития по городу Алматы» ст. преподаватель кафедры «Педагогики и методики преподавания», м.п.н. Абайдуллаева Айгуль Аманжоловна
Email: aigulya_1973@mail.ru
(Тараз, Казахстан)
JSC "National Center for Advanced Training "Orleu" "Institute for Professional Development in Almaty" Senior Lecturer of the Department of "Pedagogy and Teaching Methodology", m.p.n. Abaidullaeva Aigul Amanzholovna
Email: aigulya_1973@mail.ru
(Taraz, Kazakhstan)
ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ЖАҢА РӨЛІ
Түйіндеме. Бұл мақалада қазіргі заман мұғалімі үнемі жаңашылдыққа ұмтылып, өз білімін жетілдіріп, заманауи әдістерді тиімді қолдана білетін шығармашыл, шешім шығара алатын тұлға болу керектігі және жаңа заманға сай жасанды интеллектіні меңгеру керек екендігі айтылған.
Түйінді сөздер: геймификация, креативтілік, бейімделгіштік, қосымша қойындысы, диаграмма, психология, дербестендірілген оқыту.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі күннен күнге өзгеріп жатыр. Ақпараттық технологиялардың дамуы, оқыту әдістерінің жаңаруы және оқушылардың қажеттіліктерінің өзгеруі мұғалімнің рөлін қайта қарауды талап етеді. XXI ғасыр мұғалімі тек білім беруші ғана емес, ол – оқушыларға бағыт беруші, ішкі уәжін арттырушы, жаңаша ойлауға баулитын және шешім шығаруды үйрететін тәлімгер болу керек. Заманауи мұғалімнің жаңа рөліне, оған қойылатын талаптарына және педагогикалық шеберлікті арттыру жолдары қарастырылған.
Бұрын мұғалімнің басты міндеті – оқушыларға білім беру, дайын ақпаратты жеткізу, бұл дәстүрлі оқыту болатын. Бірақ қазір бұл көзқарас өзгерді. Ақпараттың қолжетімділігі артқан сайын оқушылар оны өз бетімен ізденіп, үйрене алады. Сондықтан мұғалімнің рөлі "ақпарат берушіден" "бағыттаушыға" айналып, яғни сындарлы оқытуға көшу міндеттеліп отыр.
Қазіргі таңда мұғалімнің негізгі міндеттеріне тоқталып кетсем, оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауды үйрету маңызды, ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мен қазіргі заманға сай жасанды интеллектіні меңгеру қажет, өзін-өзі дамытуға және үздіксіз білім алуға баулу керек, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және эмоционалды интеллект пен коммуникативтік дағдыларды жетілдіру болып отыр.
Ал, заманауи мұғалімге қойылатын жаңа талаптарға тоқталсақ, цифрлық сауаттылықта IT құралдарды сабақта тиімді пайдалануға, әлеуметтік желілер мен интернетті білім беру мақсатында қолдануға баулу. XXI ғасыр ғылыми-техникалық прогрестің уақыты, сондықтан технология біздің өмірімізде маңызды роль атқарады. Оларсыз біз өмірімізді елестете алмаймыз. Мысалға Canva.com бағдарламасына тоқталатын болсақ, ол әлеуметтік медиа иллюстрацияларынан басып шығару макеттеріне дейін графикалық дизайн элементтерін жасауға арналған онлайн қызмет. Бұл бағдарлама 2012 жылы Австралияда құрылған. Canva-ға кіру үшін акаунт арқылы тіркеліп, Google басу арқылы кіресіз. Canva-да әртүрлі мақсаттарға арналған шаблондар бар. Олар: фотоколлаж портрет жасау үшін, документ, интерактивті тақта, презентация, әлеуметтік желі, білімді дамытатын Canva, видео, сайт құру, плакат түрлері, сертификат, открытка, резюме жасау тағы да басқалар өте көп. Осылардың барлығы негізгі беттегі сәйкес бөлімде қол жетімді. Қажет болса, макет ішіндегі барлық элементтерді ауыстыруға болады. Қажет болмаса, мәліметтерді алып немесе коллекциядан жаңа белгішелер қосуға болады, бұл Сіздің қиялыңызға байланысты. Содан кейін Сіз үлгіні тікелей редакторда өзгертуіңізге болады. Сіздің таңдаған нұсқаңыз ұнамаса, үлгілер мәзірін ашып, кез келген үлгіні қолдана аласыз. Canva-да кескіндермен жұмыс істейтін көптеген құралдар бар. Canva-да кез келген нысан, ол мәтін, сурет немесе бейне болсын, мөлдір етіп жасауға болады. Бұл параметрлерді реттеу үшін жоғары оң жақ бұрышында арнайы белгіше бар. Оны басқаннан кейін жүгірткі пайда болады, оның көмегімен таңдалған элементтің мөлдірлігі керемет болады. Кірістірілген жинақтағы бейнелерден таңдауға және файлдарды компьютерден енгізуге болады. Бейне тым ұзақ болса, оны кіріктірілген құралды пайдаланып кесуге болады.
Canva-ның тағы бір өзгешелігі, ол графиктерді құру және өзгерту мүмкіндігі. Сіз өзіңізге ұнайтын кез келген пішінді таңдай аласыз, деректерді енгізе аласыз және түстерді реттей аласыз. Диаграмманы кірістіру үшін әдетте Қосымша қойындысында орналасқан Диаграммалар бөліміне өту керек. Дайын дизайнды Canva қызметінен экспорттаудың екі жолы бар – оны құрылғының жадына жүктеп алу немесе кез келген әлеуметтік желіге жіберу. Жүктеп алу үшін көптеген танымал форматтар ұсынылады. Осылайша Canva-да жұмыс істей отырып, Сіз кәсіпқой болмайсыз, бірақ тапсырманы мүмкіндігінше қысқа мерзімде және қиындықсыз жасай аласыз.
Содан соң, креативтілік және бейімделгіштікте оқыту әдістерін жаңарту және заманауи тәсілдерді енгізу, тәжірибелік және интерактивті сабақтарды ұйымдастыру және әр оқушының жеке ерекшелігін ескере отырып, оқыту әдістерін бейімдеу қажет. Қазіргі білім беру жүйесінде креативтілік пен бейімделгіштік маңызды рөл атқарады. Заманауи тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың жеке қабілеттерін дамытуға болады. Оқытуды жаңартуда интерактивті оқыту, тәжірибелік сабақтар, дербестендірілген оқыту, цифрлық технологияларды қолдану, кері байланыс және рефлексия сияқты әдіс-тәсілдерін қолдану тиімді болады.
Кері байланыс және рефлексия – оқушылардың өз жетістіктерін бағалауына мүмкіндік беру және мұғалімнің бейімделуіне жағдай жасау. Кері байланыс – оқу үдерісінің қалай жүріп жатқандығы жөнінде түсінік береді. Мақсатқа жету деңгейін анықтауға, оқу міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Педагогтерді білім алушылардың жетістігі мен проблемалары жөнінде хабардар ететін құрал. Белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну, игеру, онымен келісіп, келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы пікір, баға беру, жауапты реакция болып табылады. Кері байланыс сабақтарда мынадай бағыттарда жүзеге асады: педагог-білім алушы, білім алушы - білім алушы, педагог-білім алушы, білім алушы - білім алушы. Кері байланыс ауызша, жазбаша формаларда жүзеге асырыла береді. Кері байланыстың түріне қарамастан педагог білім алушының жасаған жұмысын «жақсы» деп атап өтуі, қате көп болған жағдайда білім алушыға жұмыстарын немесе жұмыс қорытындыларын жақсарту үшін нақты ұсыныстар беруі керек.
Ал, «Рефлексия» сөзі латын тіліндегі «reflexio» – «артқа қарау» деген ұғымды білдіреді. Адам мұнда өзінің ішкі дүниесін жан-жақты қарастырады, яғни өзін-өзі зерттейді. Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады. Рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады, әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне «сырт көзбен» қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады, болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды. Рефлексия сыни ойлау арқылы жүзеге асырылады, өйткені мұнда дайын жауап жоқ, оны іздеу керек, іздену қажет, жобалау мен жоспарлау керек, болжам жасап, жаңалық ашу қажет. Рефлексия күмәндану мен терең ойлануды қажет етеді, мұнда өз әрекеттеріңді, ойларыңды, ұстанымдарыңды жан-жақты қарастыру керек, өзіңе өзің толассыз түрде сұрақтар қойып, оларға жауап табуға ұмтылу. «Мен кіммін? Қандаймын? Не істеп жатырмын? Осы әрекеттерімнің мақсаты қандай? Мен қалай әрекеттенудемін? Бұл маған не береді? Мен мұны қалай қолданамын? Маған мұны қалайша өзгертуге болады? Енді не істеймін?» Бұл сауалдарға ол өз алдында бүкпесіз шындық тұрғысынан адал түрде жауап береді, басқа да сұрақтарды туындатып, оларға да жауап іздейді. Адамның өзімен өзі жасаған диалогы осылайша жалғаса береді, тіпті үздіксіз сипат алады. Білім алушыларды әр сабақта рефлексия жасауға үйрету керек. Рефлексия жасай алмайтын білім алушы өзінің өзгерістерін де байқамайды.
Рефлексияда білім алушы өзінің қалай үйренгендігін (үйренудің қадамдарын, әдіс-тәсілдерін) талдап, оларды түсінуге тырысады. Ол өзінің атқарған әрекеттерін зерделеп, олардың берген нәтижелерін нақтылайды, оларды қалайша жақсарту болатындығы туралы ойланады. Мұндай зерттеу жұмысы білім алушыға жасалынған іс-әрекеттерін талдап, оларды бағалау мүмкіндігін беріп, оны сонымен бірге болашақтағы үйрену амалдарын жоспарлап, өз білгендерін арттыруға ынталандырады.
Интерактивті оқытуда геймификация, топтық жұмыстар, миға шабуыл әдістерін қолдану арқылы оқушыларды белсенді қатысуға ынталандыра аламыз. Интерактивті оқыту әдістері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сыни ойлау дағдыларын қалыптастырады. Бұл тәсіл оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына, өзара әрекеттесуіне және ақпаратты терең меңгеруіне мүмкіндік береді.
Тәжірибелік сабақтар – зертханалық жұмыстар, тәжірибелер, шынайы жобалар арқылы теорияны практикамен ұштастырамыз. Тәжірибелік сабақтар – оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдануға, дағдыларын жетілдіруге бағытталған сабақ түрі. Бұл сабақтарда оқушылар нақты тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін тереңдетеді. Мұғалімнің басты мақсаты – оқушыларға білімді тек түсіндіріп қана қоймай, оны қолдану қабілеттерін дамыту болып табылады. Тәжірибелік сабақтар оқушыларға тек теориялық білім беріп қана қоймай, сол білімді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді. Олар оқу материалын жақсырақ түсініп, өз дағдыларын нақты тапсырмаларды орындау арқылы жетілдіреді.
Дербестендірілген оқыту – әр оқушының оқу қарқыны мен қабілеттеріне сай оқыту әдістерін бейімдейді. Дербестендірілген оқыту оқушының жеке қабілеттерін, қажеттіліктерін және қызығушылықтарын ескере отырып, оқу процесін икемді түрде ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Бұл тәсіл әрбір оқушының білім алуын тиімді етіп, олардың өздігінен білім алу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Цифрлық технологияларды қолдану – білім беру платформалары, онлайн-курстар, VR/AR технологиялары арқылы оқу процесін жаңғыртады.
Ары қарай, көшбасшылық дағдыларын қалыптастыруда, олардың болашаққа деген сенімін қалыптастырып, топтық жұмыстар жасату арқылы, топ арасынан лидерлерді ауыстырып отырып көшбасшылық дағдыларын дамыту. Көшбасшы - әлбетте, өз саласының білгір маманы, сонымен қатар, өзге саладан да хабары бар жан. Ол ұжыммен жұмыс істей білуі керек. Қол астындағы адамдардың пікірімен санаса біледі, бар пікірлерден сөздің тобықтай түйінін шығара біледі. Яғни, үлкен жауапкершілігі бар, бойында сабырлылық қасиетін қалыптастыра білетін адам. Көшбасшылықты дамытудың бір жолы - сыни тұрғыдан ойлану. Сын тұрғысынан ойлану шығармашылыққа жетелейді.
Сондай-ақ, эмоционалды интеллект және психологиялық қолдау оқушылармен сенімді қарым-қатынас орнатуға, олардың психологиялық жағдайына көңіл бөлуге, эмпатия мен толеранттылықты дамытуға көмектеседі. Эмоционалды интеллект түсінігі қоршаған ортадағы адамдардың эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне икемделу арқылы тұлғаның тиімді қарым-қатынас құра білу қабілетін қамтиды. Яғни, эмоциямызды басқара білу. Мысалы, ашуланғанда сабыр ете білу. Ашудың өкінішке алып барар салдары болатынын сезе біліп, дер кезінде тоқтата білу. Мұндай қабілеті төмен адамдар өмірде үлкен қиыншылықтарға соқтығысуы мүмкін. Ал, өз эмоциясын уысында ұстайтын адамдар өмірдегі қиыншылықтар мен келеңсіз жайттардан жол тауып, шыға біледі екен.
Жаңа заманның талаптарына сай болу үшін мұғалім үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруы керек. Кәсіби дамудың бірнеше жолдары арқылы, халықаралық тәжірибелерді зерттеу және үздік әдістерді қолдану, онлайн курстар мен вебинарларға қатысу, ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізу, әріптестермен тәжірибе алмасу және командалық жұмысты дамыту.
Қорытындылай келе, жаңа заман мұғалімі – жай ғана білім беруші емес, ол бағыттаушы, көшбасшы және мотивация көзі. Оның негізгі міндеті – оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, оларға рефлексия жасауға үйрету, шығармашылық қабілетін дамытуға, қандай жағдай болмасын шешім шығара алуға, өмір бойы білім алуға ынталандыру. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі үнемі жаңашылдыққа ұмтылып, өз білімін жетілдіріп, заманауи әдістерді меңгеруі тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Тойбазарова Н.А. Интербелсенді оқыту технологиясы. Оқу құралы. – Нұр-Сұлтан: «Тұран-Астана» унив. баспасы, 2019.
-
Әлімов А. Интербелсенді әдістерді ЖОО қолдану. Оқу құралы. – Алматы баспасы, 2009.
-
Canva бағдарламасы арқылы жұмыс жасау жолы: ttps://youtu.be/nQ9-ZNoIdak?si=pGUGF1Ph2I_tf_ve
-
Кері байланыс және рефлексия: https://images.app.goo.gl/Ev4NZRJLh2EQc7zz7
Краткое содержание. В статье говорится, что современный учитель должен быть творческим, принимающим решения человеком, который постоянно стремится к инновациям, совершенствует свои знания, может эффективно использовать современные методы и должен владеть искусственным интеллектом в соответствии с требованиями современной эпохи.
Ключевые слова: геймификация, креативность, адаптивность, дополнительная вкладка, диаграмма, психология, персонализированное обучение.
Abstract. This article states that a modern teacher should be a creative, decision-making person who constantly strives for innovation, improves his knowledge, effectively uses modern methods, and master modern artificial intelligence.
Keywords: gamification, creativity, adaptability, additional tab, diagram, psychology, personalized learning.

