2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / ҚазҰУ жастарының студенттік өмірі қызықты

ҚазҰУ жастарының студенттік өмірі қызықты

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚазҰУ жастарының студенттік өмірі туралы мақала. Кафедраның ұстаздар ұжымы дайындық курсының тыңдаушы жастарына сапалы біліммен саналы тәрбие беру жұмыстарын ұштастыра жүргізеді. Бізде білім алу үдерісі 9 айдың ауқымында, қысқа ғана мерзімде болса да, тыңдаушылардың уақыты қызықты өтеді: олар кафедра, факультет, университет деңгейінде өтетін әртүрлі іс-шараларға белсене қатысады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ҚазҰУ жастарының студенттік өмірі қызықты


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында (мәліметпен толығырақ https://www.kaznu.kz сайтынан таныса аласыздар) қазақстандық жоғары оқу орнына түсу үшін Болон үдерісі бойынша оқитын шетел азаматтары және ҰБТ сынағына дайындалуға келген шетелдік қазақ жастарымен қатар отандық жастар да ақылы бөлімде де білім алады. Кафедраның ұстаздар ұжымы дайындық курсының тыңдаушы жастарына сапалы біліммен саналы тәрбие беру жұмыстарын ұштастыра жүргізеді. Бізде білім алу үдерісі 9 айдың ауқымында, қысқа ғана мерзімде болса да, тыңдаушылардың уақыты қызықты өтеді: олар кафедра, факультет, университет деңгейінде өтетін әртүрлі іс-шараларға белсене қатысады. республикалық, халықаралық деңгейде ұйымдастырылған спорттық, пәндік олимпиадаларға, өнер және шығармашылық байқауларға сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алып жатады.

Кафедрада «Қош келдің. Қазақстанға!», «Атамекен– алтын бесік», «Тәуелсіздік – тұғырым», «Әлемге ортақ мереке», «Армысың, әз Наурыз!» секілді т.б. ұлттық мерекелер мен халықаралық мейрамдарға, атаулы күндерге орай дәстүрлі салтанатты шаралар, концерттік бағдарламалар өткізіледі.

Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі саяси-қоғамдық тынысына, мәдениетіне, салт-дәстүріне бейімдеу және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, оларды құрметтеуге баулу мақсатына арналған әлеуметтік-тәрбиелік маңызы зор іс-шаралармен қатар тыңдаушыларды ғылым-білім жолына жетелейтін ғылыми семинарлар, вевинарлар, жас ғалымдар конференциясы ұйымдастырылады.

Ағымдағы оқу жылы шетелдік жастар үшін еліміздің әсем қаласы Алматыны таныстыруға арналған мәдени-танымдық саяхат сабағы мен кеңпейіл қазақ халқының қонақжайлылығы мен қайырымдылығын, ұлттық мәдениетін, өркениетті өмір тынысын тереңірек таныстыру мақсатында, Республика күнінің құрметіне орай «Қош келдіңдер. Қазақстанғаә атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылады. іс-шараны факультет , кафедра басшылығының жетекшілігімен ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының куратор-эдвайзерлері өткізеді.

Олардың жаңа таныстығы, жаңа достармен кездесуі, білім қуған ізденіс пен романтикаға толы қызықты да жарқын студенттік өмірлерінің алғашқы қадамы осылайша біздің кафедраның қыз-қыз қайнаған өнегелі тәлімінен басталады.


Әл-Фараби атындағы Қазақ үлттық университеті

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары

Наралиева Р.Т.,

Бегалиева А.К.

16 Қазан 2022
382
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі