Материалдар / Қимыл- қозғалыстарды, ырғақты би қимылдары арқылы, музыканың көмегімен орындауға қалыптастыру.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қимыл- қозғалыстарды, ырғақты би қимылдары арқылы, музыканың көмегімен орындауға қалыптастыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Эстетикалық талғамға үйрету, физикалық дамыған тұлғаны қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Сәуір 2021
1227
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ритмика сабағында, музыкалы-ырғақты жаттығулар арқылы, оқушылардың қабілеттерін жетілдіру»

Оқытушы Токтамысова Дамен Айтказовна.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «Аягөз аудандық өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны хореография бөлімінің мұғалімі.


Хореография бөлімі

Ритмика пәні

Сынып

2

Сабақтың тақырыбы:

«Ритмика сабағында, музыкалы-ырғақты жаттығулар арқылы, оқушылардың қабілеттерін жетілдіру»


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қимыл- қозғалыстарды, ырғақты би қимылдары арқылы, музыканың көмегімен орындауға қалыптастыру.

Дамытушылық: Есту қабілетін дамытып,ырғақ сезімін жетілдіру, жылдамдыққа, баулу. Қозғалыстар мен дене қимылдарының өз ара сәйкес үйлесілімділігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Эстетикалық талғамға үйрету, физикалық дамыған тұлғаны қалыптастыру

Сабақтың көрнекілігі:

таяқшалар, обруч, қол орамал.


Сабақтың түрі:


бекіту сабағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру.


ІІ. Дене қыздыру жаттығулары:


- Мойын, бастың және иық қимылдары.

Бастапқы қалып: аяқ қосылып тұрады VІ қалыпта, қолдарды белге төрт саусақты алға, бас бармақты артқа қаратып қоямыз.Ішті тартып, иықты түсіріп, басты көтеріп тұрамыз. Санаймыз «бір » дегенде бас төмен түседі « ге» бастапқы қалыпқа оралады,

«екі» дегенде артқа шалқаяды, «ге» бастапқы қалыпқа келеді. «үш ке, төрт ке» қайталанады. Келесіде «бір» дегенде бас оңға бұрылады, « ге» бастапқы қалып, «екі» дегенде солға бұрылады «ге» бастапқы қалыпқа оралады. «үшке , төрт ке» қайталанады. Басты айналдыру қимылы «бір» дегенде бас оң жақ иыққа жатқызылады, «ге» төмен, «екі»дегенде сол жақ иыққа, «ге» шалқаяды. Қайталау сол жақтан басталады. Иық қимылы «бір» дегенде екі иық көтеріледі «ге» түседі «екі ге, үш ке, торт ке» қайталанады. Оң иықпен «бір» жоғары көтеріледі, «ге» түсіріледі, «екі» сол иық көтеріледі, «ге» түседі, «үш ке, төрт ке» қайталанады.Келесіде екі иықты алға және артқа айналдыру қимылы орындалады.


ІІІ. Арқаны тік ұстауға қалыптастыру жаттығуы:






Арнайы таяқшаны қолдану арқылы орындалатын жаттығу, ол арқаны тік ұстауға қалыптастырады. Бастапқы қалып екі аяқты қосып тұрамыз, таяқты екі ұшынан ұстап, қолымызды төмен түсіреміз, басты көтереміз, иықты түсітеміз. «бір» дегенде қолымызды кеуде тұсына әкелкп, таяқшаны кеудеге қоямыз, «ге» жоғары көтереміз, «екі» дегенде аяқ ұшына көтерілеміз, тізені жазып, аяқтың өкшесін жоғары көтеріп, тартылып тұрамыз да, «ге» бастапқы қалыпқа ораламыз. «үш ке, төрт ке» қайталаймыз.

Келесі жаттығу алға созылу жаттығуы. Бастапқы қалыпта тұрып, «бір» дегенде оң аяқпен алға аттаймыз,тізені бүгіледі, сол аяқ артта аяқ ұшына қойылады,тізе тартылады, дене алға еңкейеді, қол таяқпен бірге алға созылады, «ге» бастапқы қалыпқа ораламыз. «екі ге» сол аяқпен дәл осылай қайталаймыз, «үш ке, төрт ке» басынан бастап қайталау. Келесіде бастапқы қалыпта тұрып, «бір» дегенде оң аяқты тізеден бүгіп жоғары көтереміз (пассе) аяқ ұшын тартып, кеудені арқаны тік ұстаймыз, «ге» бастапқы қалыпқа оралып, «екі ге» сол аяқпен қайталаймыз, «үшке, төртке» басынан бастап қайталау.

Тік арқаны қалыптастыруға арналған жаттығу түрінің бірі таяқша ұстаған қолдар арқылы өту. Мұндағы басты мақсат арқаны тік ұстау. Бастапқы қалып таяқша ұстаған қолымызды төмен аяқ ұшына қарай түсіреміз. «Бір ге» оң аяқпен таяқша үстінен алға қарай аттаймыз, «екі ге» сол аяқпен аттаймыз «үш ке, төрт ке» тақша ұстаған қолымызды артқа созамыз, арқаны жазық үстаймыз. Келесі де, таяқша арқылы алға аттап қайталаймыз.


ІV . Шеңберде орындалатын жаттығулар:


Шахмат ретін сақтаған қалыпта, ирек жүріс арқылы үлкен шеңберге өтеміз.

- аяқ ұшымен жүру

- өкшеге ауысу

- аяқ үшын алға созу арқылы жүру

- аяқты артқа тізеден бүге жүгіру

- Секіру ( подскок) қимылы

- «шоқырақ» (голоп) қимылын шеңбер ішне және шеңбер сыртына қарап орындаймыз.Денемізді тік ұстап, ішті тартуды ұмытпаймыз. Музыканы тыңдап, қимылдарды музыка ырғағына сәйкес орындаймыз.


V.Музыкалық сүйемелдеудің орташа және тездетілген жылдамдықта бір уақытта шапалақтау арқылы қарапайым ырғақты суреттерді орындау:













Жаттығуды орындамас бұрын, музыка ырғағы бірде баяу, бірде тез, бірде оданда жылдам орындалатынын еске түсіреміз. Сендердің міндеттер, сол музыка екпініне шатаспай ілесіп, қимылды дәл орындау.Олай болса бір-бірімізбен жұптасып, қарама –қарсы қарап, тұра қалайық. Бастапқы қалып, қолдарымызды белге ұстаймыз, аяқ қосылып тұрады. Жаттығу оң аяқпен оңға қадам жасаудан басталады. «Бір» дегенде оң аяқпен оң жаққа қарай қадам жасалады, «ге» сол аяқ оң аяқтың жанына келеді. «екі» дегенде қайтадын оң аяқпен оң жаққа қадам жасалып, «ге» сол аяқтың өкшесі қойылады, Қол белде, белден оң жаққа қарай бүгіліп, жұбымызға қарай бет бұрып тоқтаймыз. Келесі де, «үш» дегенде сол аяқпен сол жаққа қадам жасаймыз, «ке» оң аяқ сол аяқтың жанына келеді, «төрт» дегенде тағы бір қадам жасалып, «ке» дегенде бастапқы қалыпқа ораламыз.

Ары қарай жұбымыздың қолынан ұстап, «жай-жа», «тез-тез» «жай» қимылын орындаймыз. Келесіде қол ұстасқан қалыпта, «бір» дегенде жарты шеңбер жасай оң жаққа бір қадам, «ге» сол аяқ оң аяқтың жанына қойылады, «екі» дегенде оң аяқпен қадам, «ге» сол аяқтың өкшесі қойылады жұптар бір-біріне қарай қиғаштай тұрады. Сол жаққа қарай, сол аяқпен қайталанап барып, бастапқы қалыпқа оралады. Одан кейін жұптар «бір» дегенде қос алақандарын тізелеріне соғып, «ге» екі алақандарымен, бір-бірінің алақандарына шапалақтайды, «екі» дегенде қайтадан екі тізеге соғып, «ге» дегенде оң қолдарының алақандарын тү»істіре шапалақтайды. «үш» дегенде қайтадан екі тізеге шапалақтап, «ке» екі алақандарына шапалақтап, «төрт» дегенде екі тізеге

. Қадамдап жүру – марштауға үйрену:


Кеңістікті бағдарлауға арналған жаттығуларды орындаймыз. Бастапқы қалып, төрт-төрттен қатар түзеп тұрып, музыка басталғанда маршпен үлкен шеңберге құраймыз, сендерге берілетін тапсырма арақашықтықты сақтау, шеңберді бұзбай шығару, шеңберден екі қатар құрау, екі қатардан, екі жаққа кетіп , төрт-төрттен шығып төрт қатар құрап, шахмат қалпын сақтап бастапқы қалыпқа ораламыз.

VІІ. Келесі орындайтын едендік жаттығуларды обруч пайдаланып жасаймыз.




  • Бастапқы қалып, обручты қолға алып, жоғары көтеріп ұстап, аяқты созып, денені тік ұстап, басты жоғары көтеріп отырамыз. «бір ге, екі ге, үш ке» кеудемен тізенің үстіне жатамыз ( книжка) «төрт ке» тұрамыз. Бірнеше рет қайталаймыз

  • Аяқты екі жаққа ашып, аяқ ұшын созып, денені тік үстап, обручты алдыға ұстап отырамыз. «бір ге, екі ге, үш ке» оң жаққа оң иықпен жатамыз «төрт ке» тұрап, қайтадан сол жаққа бастаймыз.

  • Ішпен жатамыз екі аяқты да обручқа іліп алып, «балық» қимылын орындаймыз

  • Обручты алға көтеріп, «крокадил» қимылын орындаймыз

  • Обручты да, екі аяқты да көтеріп ішпен тұрамыз.

VІІІ. Кеңістікті бағдарлауға арналған «Хоровод» биі орындалады.


  • Үлкен шеңбер

  • Екі шеңбер

  • Қатарға тұрып екі жаққа өту

  • Екі қатар құрау

  • Төрт қатарға тұрып

  • «Жұлдызша» жасау

  • Екі-екіден айналу

ІХ. Қазақ биінің қол қимылдарына комбинация.


  • Жалын

  • Толқын

  • Үкі

  • Құс қанаты.

Жалын: Бастапқы қалып аяқты қосып тұрамыз, қолдарымыз бірінші қалыпта алақандар бір-біріне қарсы қарап саусақ ұштары тиіп тұрады. «бір» дегенде оң қол жоғары көтеріледі «ге» қайтадан бастапқа қалыпқа келеді, «екі» дегенде сол қол көтеріледі де «ге» бастапқы қалыпқа оралады. «үш ке, төрт ке» қайталанады.Бас және көз қолмен бірге қимыл жасайды.

Толқын: Бір –біріне жұптаса қарап тұрып «бір ге, екі ге, үш ке» дегенде сол жаққа қисая оң аяқтың өкшесіне тұрып, сол қолды оң жақтан сол жаққа қарай толқындатып, «төрт» дегенда айналдырып барып аяқтаймыз. Қимыл сол жақтан оң жаққа қарай қайталанады.

Үкі: Сол қолмен белден ұстап жұптасып, оң қолымызбен жоғары үшінші қалыпта « бір ге, екі ге» қолды көтереміз, білезіктен айналдырамыз, «үш ке, төрт ке» түсіреміз. Аяқ қимылы аяқ ұшында жүрумен орындалады. Қолдарды ауыстыру арқылы қимыл қайталанады.

Құс қанаты: Жұптар жазылып алға қарап тұрып, екі қолды да жоғары көтере «құс қанаты» қимылын орындаймыз. Қолдар «бір ге, екі ге» көтеріледі, «үш ке, төрт ке» түседі.

Осымен балалар бүгінгі сабағымыз аяқталды. Бүгінгі сабақта біз өткен сабақтарды қайталай отырып, үйренген қимыл-қозғалыстарды нақтылап орындап шықтық.

Х. Қорытынды:



Сабақта біз нені меңгердік?


  1. Арқаны тік ұстауды.

  2. Сапта дұрыс арақашықтықты сақтай аламыз

  3. Берілген ырғақ пен қарқындылықта жаттығуларды орындай аламыз.

  4. Қадамдап жүру кезінде кеңістікті меңгердік.

  5. Қазақ би қол қимылдары түрлерін орындай аламыз.

Бағалау. Поклон.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!