Қолма- қолсыз ақша айналымының формаларының артықшылықтары мен кемшіліктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қолма- қолсыз ақша айналымының формаларының артықшылықтары мен кемшіліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
материал студенттерге керек, әсіресе 2,3 курс студенттеріне ақша, несие деген сабақтан керек болады, бұл материал оларға өзінің көмегін береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуекелова Ақниет, 3 курс, Экономика

Қолма- қолсыз ақша айналымының формаларының артықшылықтары мен кемшіліктері



Қолма- қолсыз ақша айналымының формалары


Артықшылықтары

Кемшіліктері

Аккредитив бойынша есеп айырысу


1. Өнім беруші көрсеткен қызметтер үшін қаражат алу кепілі;

2.Шарттың барлық тармақтарының сақталуын қамтамасыз ету;

3.Егер серіктес шарттың талаптарын орындамаса немесе мәміле жойылса, адам өз қаражатын толық көлемде қайтара алады;

4.Қаражаттың үлкен сомаларымен сенімді операциялар жасау. Бұл жеке тұлғалар үшін аса маңызды.

5. Сатушы тауарды жеткізу үшін қажетті соманы уақтылы төленетініне сенімді бола алады;

1.Көп кезеңді құжаттық мәміле жасау қажеттілігі;

2.Банк комиссиясын төлеу;

3.Бұрын қызметті пайдаланбаған адамдар оның механизмін зерттеуге көп уақыт жұмсайды.

Инкассо арқылы есеп айырысу


1.Банк операциясының қаржылық қолжетімділігі.

2.Құжаттар сатып алушыға төлем жасалғанға дейін берілмейді;

3.Күрделі емес құжат айналымы;



1.Қаражат жөнелтушінің шотында мәміленің барлық кезеңдері аяқталғанға дейін мұздатылады(тоқтатылады уақытша). Процедура ұзақ уақыт алуы мүмкін.

2.Алушы осы операция аясында тәуекелге барады. Мәміле аяқталған кезде ақша жіберушінің шоттарында болатынына кепілдік жоқ.

3.Өндіруші немесе жеткізуші мәміледе пайда болатын өнімді сақтауды қамтамасыз етуге қаражат жұмсауға мәжбүр болады.


Чек кітапшалары арқылы есеп айырысулар


1.Банктік шоттан қолма-қол ақшаның алынуына қатаң бақылау жасау (өйткені ақша алу тек чек бойынша жүргізіледі);

2.Қауіпсіздіктің өте жоғары дәрежесі (қажетті деректемелер, чек берушінің қолы және мөр бедері болмаған кезде банк ақшаны бермейді).

1.Қолма-қол ақша алу үшін банк комиссиясы түріндегі қосымша шығыстар;

2.Банкке бару және ақша қаражатын алу үшін қажет қосымша уақыт;

3.Чекті толтыру ережелері шамалы бұзылған жағдайда, бұл чекті банк төлеуге қабылдамайды.

Пластикалық карталар көмегімен есеп айырысулар


1.Ақшаны сақтау қауіпсіздігі өте жоғары.

2.Егер ақша жеткіліксіз болса, карточкамен төлеуге немесе банкоматтан қолма-қол ақша алуға болады.

3.Валюта айырбастау туралы алаңдамай саяхаттауға болады.

4.Карточка арқылы ұялы телефон шотын толтыруға, авиабилеттер сатып алуға, тауарлар мен қызметтердің ақысын интернеттен төлеуге болады.

1.Сауда және сервис орындарының барлығында да банк карточкасымен төлеуге арналған терминалдар жоқ.

2.Кейбір банктерде банкоматтар саны шектеулі, олар әрдайым карта иесіне ыңғайлы жерде орналаспайды.

3.Банкоматты пайдалану ерекшеліктерін түсіну, тауарларды банк карточкасымен төлеу көбінесе қарт адамдарға қиын.

Электрондық ақша аударымы түріндегі есеп айырысулар


1.Үйден жұмыс істеу мүмкіндігі;

2.Банк шоттары мен карталарын жасаудың қажеті жоқ;

3.Жедел операцияларды орындау;

4.Салыстырмалы түрде шағын комиссиялар;

5.Барлық әлемдік валюталарға қол жеткізу;

6.Аумақтық шекаралардың болмауы.

1.Шоттан ақша аудару немесе алу қиындықтары

2. Жүргізілген операциялар үшін банкке түрлі қосымша төлемдердің пайда болуымен байланысты шығыстардың ұлғаюы.

3.Интернетке тәуелділік: Интернет жоқ болса сіз оны пайдалана алмайсыз.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.00.2020
516
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі