«Қош келдің ,
Наурыз!»
Наурыздың танымдық және
тәрбиелілік мәні.
Мақсаты:ұлттық дәстүріміз бойынша
өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін , табиғат пен адамның
байланысын , салт-дәстүрін , өз ұлтына деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Қазақтың әдет-ғұрпын , тіліміз
бен дінімізді құрметтеуге , имандылыққа
тәрбиелеу.
Кіріспе
сөз.
Мұғалім:Құрметті оқушылар , қонақтар ,
бүгінгі «Қош келдің , Наурыз!» атты тәрбие сағатын мерекелеріңіз
құтты болсын деп бастай отырып , сөз кезегін оқушыларға
берейік.
1-жүргізуші:Құрметті қонақтар , сіздер
бүгінгі Наурыз тойына арналған мерекеге қош
келдіңіздер!
Балаларыңыздың мерейлі
мерекесіне , шаттық тойына сіздер де ортақ
болыңыздар!
2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар , оқушылар
, ұстаздар , келіп отырған қадірлі қонақтар , сіздерді келіп жеткен
көктем мейрамы 22-наурыз күнімен
құттықтаймыз.
1-жүргізуші:
Ұлыс күні
кәрі-жас
Құшақтасып
көріскен.
Жаңа ағытқан
қозыдай
Жамырасып
өріскен.
«Сақтай гөр» деп
терістен,
«Кел , таза бақ , кел!» десіп
,
«Ием , тілек
бер!» десіп,
Шалдар бата береді –дей келе
сөз кезегін Даниярға береміз.
Данияр:Наурыз (Орысша – «март» ,
парысша «нау»-«жаңа» және «руз»- «күн»),яғни «жаңа күн» деген
ұғымды білдіреді.
Наурыз айының 22 жұлдызында
күн мен түн теңеледі.Сонымен қатар , кейбір ғалымдардың пікірі
бойынша , яғни б.з.д 2 мыңжылдықтан бастау алады.Наурыз мерекесін
тойлау дәстүрі дүниежүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс салтында
бағзы замандардан орын алған.Бұл мейрамды гректер «патрих» ,
бирмалықтар «су мейрамы» , тәжіктер «гүл гардон» - «бәйшешек» ,
хорезмдіктер «наусарджи» , татарлар «нардуган» , буряттар «сагаан
сара » , соғдылықтар - «наусарыз» , армяндар - «навасарди» ,
чуваштар - «норис ояхе» деп атайды.
2-жүргізуші: «Наурызды» ұлттық мереке
ретінде атап өтетін елдер тобы ұсынған болатын.Ал 2010 жылдан
бастап , БҰҰ бас Ассамблеясының шешімі бойынша «Наурыз мейрамын»
Дүние жүзінің БҰҰ-на мүше елдердің бәрі де «Халықаралық мереке»
ретінде тойлау туралы қарар қабылданды.Енді бұдан былай 21-22
наурыз
«Халықаралық мереке ретінде» ,
тойланатын бүкіл шығыс әлемі , Түркі дүниесі үшін өте зор жетістік
болып отыр.
1-жүргізуші: Қазіргі
кезде тілімізде «ну орман » ,
«нулы жер-сулы жер»деген сөз тіркестері кездеседі.Ал, «рыз»деген
сөздің бастапқы мағынасы ырыс деген ұғымнан алынуы да
мүмкін.Сондықтан да «наурыз»деген сөз парсы сөзі емес,өзіміздің «ну
ырыс»-ырыздығы мол дегенді аңғартады деген пікірлер де
кездеседі.
2-жүргізуші:Ал
халайық,тұрмайық,
Әндетейік,жырлайық!
Ортамызды
ашайық,
Ырыс тілеп бұл
жылға,
Жырдан шашу шашайық. Ән
орындалады. (Данияр)
1-жүргізуші:
Қош келдің , Қоян жылы
төрлет.
Наурыз елімнің бақ-береке ,
ырыс мейрамы.
Жаңа жыл есігімізден
жақсылық болып енсін!
Қадамыңа нұр жаусын, Қоян
жылы.
Жанар.Шын мәнінде,кейбір мәдениет
танушылар наурыздың мерекелік сипатын нақтылай түсетін үш мәнді
ерекше атап көрсетеді.Олар:Құбылыс басы,жыл басы,маусым
басы.
Құбылыс дегеніміз-үннің,түстің
және дәннің үйлесімділігінің көрінісі.Ғарыш кеңістігіндегі кез
келген табиғи құбылыстар осы арада,наурыз ұғымына «әз»сөзінің
қосылуы да наурыз кезінде үш күн «әз»жүретініне байланысты
айтылады. «Әз»дегеніміз-ол алланың қасиетті толқыны,бір уіл дыбыс
деседі.Оны ешкім естімейді.Ол үнді тек қана қой сезеді екен.Өйткені
қойдың жұмақтан түскені белгілі.Адамдар «әздің келгенін қой арқылы
ғана сезеді» «әз»өтіп бара жатқан сәтте қойдың бәрі де жусамай
басын көтеріп,тұрған жерінде қимылдамай тұрып қалады екен.Ал, жер
бетіндегі жасыл желектің бәрінің де тамырына нәр тарайды деген ұғым
қалыптасқанын жазады.Бұл ұлы күнді мойындаудың бір көрінісі болса
керек. «Әз болмай,мәз болмайды»деген қаннатты сөздің мәні де көп
нәрседен хабар береді. «Әз»деген арап сөзі қазақша «ардақты»,
«бағалы», «құнды», «жарқын» деген ұғымды
білдіреді.
2-жүргізуші:
Армысыңдар,
халайық,
Бармысыңдар ,
халайық.
Наурыз тойын жұп
жазбай
Жылда қарсы
алайық
Жайнатамын бар
гүлді,
Сайратамын
бұлбұлды
Төгілтіп
ән-жырымды
Мейрам етем бұл
күнді.Сөз
кезегі Манатта.
Манат.Наурыздағы тағы бір құбылысы
табиғи түске байланысты айтылады.Бұл табиғи түс жеті түрлі бояумен
көрініс береді,Аспан әлеміндегі көктемнің алғашқы көрінісі
кемпірқосақ құбылысынан айқын байқалады.Кемпірқосақ сөзінің түпкі
мағынасы «көпірқосақ»дегенннен алынған деген деректер
бар.
Наурыз айында табиғаттың өзі
де түрлі түске боялып,жер беті құлпырып кететіні де белгілі.Ежелгі
түсінік бойынша әрбір түстің өзіне тән сипаты бар.Мысалы,жасыл түс
балауса балғындықты білдірсе,ақ түс кемелдіктің, қартаюдың белгісі
болып саналады және т. б.
1-жүргізуші: Береке,бірлік болсын
деп,
Би билейік
жаңаша.
Күшейтіп
бірлік,білімді,
Ән айтайық
тамаша.
Салт- дәстүрмен
жарасса,
Қайта құрып
жаңаша,
Жарыса өнер
көрсетіп,
Той тойлайық тамаша. Сөз
кезегі Айзат өзіңде.
Айзат.Наурыз мерекесін «Ұлыстың ұлы
күні»деп ұлықтаудың да өз мәні бар.Ертедегі Қытайдың тарихи жазба
деректерінде наурызға-Ұлыстың ұлы күні деп түсініктеме берілгеніне
белгілі ғалым Ақселеу
Сейдімбек жазған. «Ұлыс»деген сөз «Ұлы
мемлекет,қуатты мемлекет»деген ұғымды білдіреді.Мысалы,тарихта Жошы
ұлысы,Ақсақтемір ұлысы деген сөз тіркестері кездеседі.
«Наурыз»деген сөз мемлекеттің ең елеулі күні деген сөздің баламасы
ретінде де қолданылады.Сондықтан да,наурыз мерекесінде айтылатын
тілектерде «Ұлыс оң болсын», «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын»сөздері
көбірек айтылады.Наурыз мерекесінде айтылатын жырларды «Ұлыс кұні
қазан толса,ол жылды ақ мол болар»деген жолдар
кездеседі.
2-жүргізуші.
Қыс өтіп қар
кетті,
Жырлайық жаз
жетті.
Мейрамы
ежелден,
Құтты болсын бұл
Наурыз.
Гүлназ.Наурыз мерекесінің ерекше
тәрбиелік мәні зор дәстүрінің бірегейі табиғат тазалығын
сақтау,табиғатқа аялы алақан, жүрек жылуы арқылы қамқорлық жасау
екенін атап өткен жөн.Аула,ауыл маңы тазартылып,айналаға сая болар
ағаш отырғызу,бұлақ көзін ашу,өзен көлдердің маңын тазарту
шараларына еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қол ұшын
беріп,құлшына кіріседі. «Көзіңді қалдыр бұлақ көзін аша жүр,ізіңді
қалдыр-жақсылық мұра шаша жүр,өзіңді қалдыр-бақша өсіріп жаса нұр»,
«бір ағаш кессең,оның орнына он ағаш отырғыз»және тағы басқа
даналық сөздер осы наурыз мейрамымен байланысты
айтылады.
1-жүргізуші:
Әнім де саған,биім
де,
Құт қонақ өзің
үйімде.
Қуаныш сыйлар
еліме,
Күлімде,
наурыз,күлімде.
Өнерлі,өршіл
өренді
Халық жақсы
көреді.
Мың бұралған
бишіге
Енді кезек
берілді. Би
.Қыздар
2-жүргізуші:
Түйе сеніп бойына
,
Қалған ұмыт
жылдардан.
Жатпа қарап мойыма
,
Тайма именіп
ділмардан. Сөзді
Әсетке береміз.
Әсет. Наурыз мерекесінің табиғат пен
тамырлас екенін «Құс қанаты»деп аталатын
көктемнің алғашқы күндері жауып,тез арада еріп кететін қарды
айтатынын және сол мезгілде жылы жақтан ұшып келе жатқан жыл
құстарының қанаттарының ызғарымен байланыстыра айтылуында табиғат
құбылыстарын халқымыздың жіті бақылай алатындығын аңғартады.Құс
қанаты деп аталатын ұлпа қардың «жапалақтап»жаууы деген сөз
тіркесіндегі жапалақ құсына теңеуінде де шындықтың ұшқыны
байқалады.Бұл жерге қабалақтап түсіп жатқан қардың жапалақтың
ұшып-қонуына ұқсас болатынын меңзеп тұрғанын аңғартуға
болады.
1-жүргізуші:
Ашық болсын қас
қабақ,
Таспен атқанды аспен
ат.
Бейтаныс та,таныс
та
Бүгін төрде бас
қонақ.
Арпа, бидай, тары
бар,
Қатық малта,ағы
бар.
Ішілетін,жейтінін,
Бұл көжеде бәрі
бар.
Ошақта көп шоқ
әлі,
Астан үлкен ешкім
жоқ,
Қазан аузы жоғары. Сөз
кезегі Динарада.
Динара:Наурыздың ерекше белгісі
дәм,тағам арқылы көрініс береді.Сондықтан да наурыз көженің жеті
түрлі тағамның қосындысынан жасалуының да өз мәні
бар.
Оны әр үй жеті түрлі дәмнен:
сүт, ет, су ,тұз ,тары ,құрт ,жеміс ,тағы сол сияқты тағам
түрлерінен жасап , оған қазы , шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып ,
мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады.Наурыз көженің
дәстүрлік , мерекелік , ұлттық тағылымы өте зор.Ол барлық адамдарды
жомарттыққа , ізгілікке , ұйымшылдыққа , татулыққа , бірлікке
шақырады.
2-жүргізуші:Наурыз мейрамы табиғаттың
нағыз түлейтін,жаңаратын,құлпыратын мейрамы болғандықтан наурыз
мейрамында барынша табиғатта жанашырлық танытуымыз
керек!
Уа, табиғат,тылсымыңа таң
қалам,
Қызығыңа,құмарыңа
қанбағам.
Жалғасын деп
дәстүрімді,салтымды,
Мені артына қалдырған ғой жан
бабам.
1-жүргізуші:
Көктем,наурыз және табиғат
деген ұғымдар аса қасиетті де,қастерлі ұғымдар.Мұның бәрі де
табиғаттың ұлы заңдылықтарына бағынады. Оған қарсы тұру адамзат
үшін аса қастерлі де қауіпті.
Табиғатқа бағыну керек
емес,
Табыну
керек!
Оның суығына
тоңып,
Ыстығына күю
керек.
Ең бастысы -сүю
керек!
Аймара
Атадан қалған
аманат,
Ырысты мекен жерім
бар.
Қандырған елді
қанағат
Теңізім,өзен,көлім
бар.
Даламның төсін
уламай
Былғамай мөлдір
суымды
Заһарлы қалдық
жинамай,
Келімсек,әкет
пұлыңды.
Тауым мен далам
киелі,
Былғама
қоқыс,кұліңмен.
Халқымның таза
жүрегі,
Ертеңің қамдар
бүгіннен
Ақлима:
Табиғатта жарасымды бәрі
де,
Әр жәндіктіңәуені шақ
әніне.
Алғыр
адам!
Ойың кетті
әріге,
Мынау ғажап
әлемнен
Біз ұғынар ұлылық көп әлі
де,
Алғыр
адам!
Ойың кетіі
әріге,
Әміріңнен шықпайтындай бәрі
де,
Әйткенменен табиғаттың
өзінен
Біз үйренер ұлылық көп әлі
де.
Асанәлі.
Табиғатқа керегі тек
тазалық,
Табиғаттың тағдырын көп
жазалық.
Отандастар ойланайық
бәріміз,
Табиғатты ұстау керек таза
ғып!
Мәди.
Сүт наурыз, айран Наурыз ,
сайран Наурыз,
Қоңыржай қарт көңілді қайран
Наурыз.
Сән берген кең өлкеме өзің
ғана,
Әр келген қадамдарды
мейрамдаңыз.
Әлішер:
Құт Наурыз , құда Наурыз , ана
Наурыз ,
Сен балғын , біз сенен
балалаумыз .
Әр үйден көже ішеді , О ,
қызық –ай,
Дәу ана, дәу балалар және дәу
қыз.
Назгүл:
Әр үйге кіріп шығып жүрсің
Наурыз,
Солмайтын жұр қолында гүлсің
,Наурыз.
Мен қалай мәз болмаймын кең
өлкеме,
Көктемді ертіп келіп жүрсің ,
Наурыз.
Нұрболат:
Шалқытып мерекеде ән
салайық,
Өнерпаз өрендерге
тамсанайық.
Аңыз бен ертегідей бізге
жеткен,
Құрметті Наурызды қарсы
алайық.
Әділ:
Наурыз тойы –
салтымыз.
Аман болсын
халқымыз.
Ұлыс оң
болсын,
Ақ мол
болсын.
Құт-береке
кетпесін
Диқаншы мен
малшыдан.
Бақыт ашып
қақпасын,
Мәңгі бақи
жаппасын.
Пәле жала
қазақты
Іздесе де
таппасын.
Қорытынды:
Көктем туып , наурыз мейрамы
атап өтіліп жатқан кезде де оның тағылымдық әрі танымдық және
тәрбиелік мәнін жас ұрпақтардың санасына сіңіру ұстаздардың басты
парызы екендігін естен шығармайық. Ұлттық ұғымдар ұлттық сананың
ірге тасы , түп қазығы екендігінде естен шығармайық. Ұлттық ұғымдар
ұлттық сананың ірге тасы , түп қазығы екендігінде үнемі есімізде
сақтауға тиіспіз.
Ұлттық ұғым-ұлтымыздың сан
ғасырлық ұраны ,
Қастерлеуге міндеттіміз ұлттық
асыл мұраны.
Ұлттық сана нәр алатын ұлттық
дана ұғымды,
Біліп өссін ұлттық әрбір ұрпақ
–ұланы.